Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу-ағарту мекемлерінің жаңа типтері.

Ағарту кезеңі тәрбие мен білім берудің прогрессивті реформаларын ұсынды - ол білім алуға барлық адамдардың тең құқықтығы және қоғам қажеттілігіне сай тұлғаны тәрбиелеу идеясы. Оны іске асыру үшін бүкіл қоғамды өзгерту және жалпыұлттық мектеп жүйесін құру қажет болды.

Бұл идеяларды іске асыруға бағытталған әр түрлі типтегі мектептер мен білім беру жобалары пайда болды.

1791 жылы Францияның құрылтайшы жиналысы халықтық білім беру жүйесін ұйымдастырудың жоспарын құрастырды. Оның авторы Ш.М.Талейран (1754-1838) болды, оның атымен бұл жоба Талейран жобасы деп аталды.

Талейран жобасы бойынша мектептің төрт сатысы құрылды:

1. Бастауыш оқу орындары (оқу, жазу, француз грамматикасы және әдебиеті, математика, география және геометрия)

2. Орталық қалалардағы 7-жылдық мектептер (логика, математика, латын және грек тілдері, физика, жаратылыстану)

3. Орталық қалалардағы арнайы оқу мекемелері: медициналық, әскери, заңгерлік, діни.

4. Институттар

Мектептің басты мақсаты – жасөспірімдерде инициативаны, еркіндікті, білімқұмарлықты ояту. Оқу орындары зайырлы болады деп жоспарланғанмен, онда «дін қағидалары» міндетті түрде оқытылуы керек болды.

Талейран жобасы сол кезде Францияны баурыған революция рухына сай болмағандықтан, оның жобасының консервативтік сипатта болғандықтан: әйел адамдардың білімі бастауыш біліммен шектелуі, діни білім міндеттілігі, бастауыш білімнің ғана тегіндігі, сондықтан ол іске аспады.

1792 жылы Францияда білім беру жүйесінің жаңа жобасы - Кондорсе жобасы жасалды. Оның авторы экономист, саясаткер Ж.А.Н.Кондорсе (1743-1794).

Оқу мекемелерінің барлық сатылары тегін болу керек еді, бірақ білім алу міндетті емес болды. Жалпы алғанда Кондорсе жобасы сол заман ағымына сай демократиялық болды. Оның жобасының ерекшеліктері: діни білімнің жойылуы, білім алу тегін, әйел адамдар мен ер адамдардың білім алуға тең құқықтығы. Бірақ білім беру комитеті бұл жобаны қолдамай, басқа жобаны қабылдады – ол Годен жобасы, ол конфессиялық білім беруді жоюмен шектелген болатын. Сөтіп 1792 жылы барлық діни мектептер жабылды. Ал 1795 жылы Францияда жаңа мектеп жобасы Дону жобсы қабылданды, ол бойынша қарапайым халыққа шектеулі мектептер ғана ашылды және оларда элементарлы білімдер – оқу, жазу, есептеу үйретілді, сонымен бірге оқушылардың үштен бір бөлігі оқуын төлеу тиіс еді.

Кондорсе жобасы қабылдамағанмен, оның прогрессивті демократиялық идеялары мектеп реформаларын жасаушы басқа педагогтардың еңбектерінде өз орнын тапты.

XVII ғ. ортасында мектептік білім беруде өзгерістер жүріп жатты, жаңа типтік мектептер пайда болды. Бірінші және екінші сословиенің білім беру масштабтары кеңейе түсті, үшінші сословиенің шамалы бөлігі білімге қол жеткізді.

Діннің білім саласында үстемдігі сақталғанымен, католиктік және протестанттық шіркеулердің бәсекестілігі жағдайында оқу мекемелерінің қызметінің сапасы жақсарды. Мектептік білім беру жүйесінде оқу мекемелерінің негізгі түрі – классикалық типтегі мектептер болды.

Мектептің дамуына сол кезде бірнеше факторлар тежеу жасады, ол қарапайым халық үшін мектептердің, оқу құралдарының және мұғалім кадрларының жетіспеушілігі.

Бастауыш білім беру мектептерінің дамуына жаңа серпіліс берген Германияның, Англияның, және Солтүстік Американың Реформация қозғалысының өкілдері еді.

Германияда Реформация өкілдері Готтық мектеп жарғысын жасады, ол Коменский мен Раткенің прогрессивті педагогикалық идеялары негізінде құрастырылды. Жарғы бйоынша білім беру үш сатылы болды: бастауыш, орта, жоғары.

Англияда англикандық шіркеудің ұрандарымен кедейлерге арналған жексенбілік және мейірімділік мектептері ашылды, бірақ олардағы білім берудің деңгейі төмен болды.

XVII-XVIII ғғ. толық орта білім де өзгеріске ұшырады. Он,дай білім берудің негізгі түрі классикалық типтегі мектеп болды: Германияда – қалалық (латын) мектебі және гимназия, Англияда – грамматикалық мектептер, Францияда – колледж. Ал 1700 жылы Солтүстік Америкада орта білім берудің жаңа оқу мекемелері – академиялар пайда болды.

Жалпы алғанда осы кезеңде Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада білім беру жүйесінде біршама позитивті тенденциялар байқалды: білімнің шамалы деңгейде тегін болуынан қарапайым халықтың білім алуға қол жетімдігінің болуы, діннің білім саласына әсерінің азаюы, гуманитарлық, әсіресе, жаратылыстану пәндерінің кеңеюі, жаңа типті оқу мекемелерінің пайда болуы. Қорыта айтқанда Реформация мен Ағарту өкілдері білім беру жүйесін демократизациялау мақсатына біршама жетті деуге болады.

Ян Амос Коменскийдің (1592—1670) педагогикалық теориясы. XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралыгындағы Өмірінен қысқаша педагогиканың негізін қалаушы, ұлы мәлімет.

Я А Коменскийдің славян педагогы Ян Амос Коменскии 1592 жылы көзқарасы 28 мартта туды. Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор ұлт-азаттық гусит қозғалысының әсері әлі де бар еді. Соның ықпалымен шаруалар мен қолөнершілердің қалың бұқарасы демократияшыл көзқарастағы адамдардан «чехтық» немесе «Богемалық туыстар» атты қауымдарын (община) құрды. Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ал өзі кейінірек сол қауымның кесемі болды. Қауымның көмегімен ол латын (орта) мектебін, кейіннен университетті бітіреді. Мұнан соң священник болып сайланады, орнымен бірге қауымның «туыстық» мектебін басқарды.

1620 жылы чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ел үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылды және барлық семьясынан айрылды.

Отанынан айрылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Қауым мүшелерімен ауыр азапта одақтас болған Коменский мұнда да өзінің педагогикалық қызметін тоқтатқан емес: «туыстық мектепті» баскарды, қажырлы түрде ғылыми-педагогикалық жұмыс жүргізді. Ол 1631 жылы «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» Деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады. Келесі жылы Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан «¥лы дидактика» еңбегі жазылып бітті.

«¥лы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті үйьшдастыру мәселелері зерттелді.

Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен айналысты. 1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей «чех туыстық» қауымының басшысы болып сайланды.

Осы жылдары оның «Әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы, «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары» және «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» деген педагогикалық шығармалары аяқталды. «Әлемді суреттеп бейнелеу» өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклопедиялық кітап XIX ғасырға дейін балаларга арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді.

1656 жылы швед-поляк соғысы кезінде «чех туыстығының» ең ақырғы панасы Лешко қаласы өртеиді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның «¥лы дидактикасы» 1957 жылы осында бастырылды.

Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Наарденде қайтыс болды. Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік формацияларының, аралығында өмір сүрген Коменскийдің көзқарасы сол дәуірлердің ерекшеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.

Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикаеына XVI—XVII ғасырдағы жаңа философияның (Джорданно Бруно, Галилей, Леонардо да-Винчи т. б.), әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561—1620) философиясының әсері болды.

Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар да болды, дидактиканың принциптерін материалистік сенсуализм тұрғысынан тусіндірді. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды. Коменский ақиқаттың бір саласы — логикалық, оның көзі — діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет деді.

Коменский көзқарасының жаңа бағыттарына Қайта өркендеу дәуіріндегі гуманизмнің әсері күшті болды. Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін «адамгершіліктің шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Коменский адамға, оның ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, адам ақылы «ақиқатында бүкіл дүниеде зор» деген тұжырымға келді. Коменскийдің мұндай гуманизмі адам жөніндегі орта ғасырлық көзқарасқа тікелей қарама-қарсы еді.

Сондай-ақ ол өзінің «Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы» деген шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық қүрылысты әшкереледі. Байлығы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай бөлінбейтін, біртекті, жалпыға бірдей ана тілінде оқытатын мектепті талап етуінен де Коменскийдің демократизмі айқын байқалды.

Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр жақты және дәлелді сынға алуының қоғамдық зор мәні болды. Әсіресе оның халықтың төменгі тобының мектепке қолы жетпей отырғандығын, осының арқасында халық арасындағы көптеген таланттар мен дарындардың көзге түспейтіндігін, мұның мемлекет тағдырына зияндылығын көрсетті, мектеп құрылысын қатаң сынады, бұл сол кездегі демократиялың топтардың қоғамға наразылығын туғызды. кес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуга бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді.

Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада «табиғатқа сәйкестік принципі» деп аталды.

Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатынасты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің, білімнің және оқытудың жалпы принциптерін іздестірді.

«Табиғатқа сәйкестілік принципі» оқудағы схоластика мен догматизмге ңарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге ңарама-қарсы оңытудың бала табиғатына, оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті.

Оның ойынша адам аңылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны — мектеп. Мектеп — «барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін» адамгершіліктің шеберханасы. Коменскийдің ойынша, мектеп — оқушылардың «адамгершілігін», «ақылық» тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық.

Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-бірімен байланысты қүрылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.

1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде — «Ана мектебі».

2) б-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі.

3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін — әрбір қалада латын мектебі (гимназия).

4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен байланысты болды; сүйтіп, Коменский XVII ғасырдың өзінде бір тексті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.

Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да, біліммен қаруландыру жағынан да оқудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.

Коменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып тұрған кезде, бастауыш мектептің (элементарлық) ана тілінде болуын талап етті. Бұл мәселеде ол өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана беріледі, тек осылай ғана балалардың ақыл-ойын одан әрі дамыту міндетін жемісті шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенді. Коменский мектепке ана тілін кеңінен ендіру және оны дамыту жолында қажымас күрес жүргізді. Басқа тілді меңгеру сол ана тілінің көмегімен жүруге тиіс деген пікір ұсынды: «Алдымен, әрине, ана тілі, содан кейінгі ана тілінің орнына жүретін, атап айтқанда, көрші халықтың тілі» («¥лы дидактика», ХХIX тарау),— деді.

Коменский мектеп білімінің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан-жақты білім беруге шақырды.

¥лы педагог жалпы білім негіздерімен қарулану керектігін ескертті. Оның ойынша қай тіл, қай ғылым мен өнер болса да әуелі қараиайым элементтерден бастап оқытылуы керек делінді.

«Біз білім саласындағы тамаша атаулының бәрі ақыл арқылы енгізілуін тілейміз»,— деген. Латын мектебінің (гимназия) оқуына: физика, география, тарих пәндері енгізілуі тиіс. Бұл пәңдер бір-бірімен байланысты түрде берілгені жөн»,— деді.

Коменский өзінің тамаша шығармасы «¥лы дидактиканы» барлық халық жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды.

«¥лы дидактиканың» мұқабасындағы толық аты бұл әйгілі еңбектің мақсаты мен мазмұнын түгелдей ашып берді.

Коменский мектеп үшін жалпы программалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады.

«Жұрттың бәрін қалайша арнаулы бір кітаптан оқытуға болар еді» деген сүраққа ол әр ғылым мен өнер-білім саласы бойынша оқу кітаптары болу керек деп жауап берді. Ол оқулықтарға қойылатын талаптар арқылы дидактика мәселелерін анықтады. «Мұндай кітаптарды жеңілдік, тиянақтылық және ықшамдылық жөніндегі принциптерімізге сәйкес барлық мектептерге арнап шығару керек; олардың баяндалуы толық, негізді және дәл, яғни бүкіл дүние жүзінің дәл суреті сияқты болуға тиіс. Менің айырықша тілейтінім, талап ететінім мынау ғана: ол кітаптар түсінікті және жеңіл тілмен жазылып, оны пайдаланған шәкірттер барлығын, тіпті мүғалімнің көмегінсіз-ақ, өздері түсінетіндей дәрежеге көтерілетін болсын».

«Ұлы дидактикада» төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді:

1- Қалай жақсы оңытып, тәуір оқуға болады.

2. Оқыту мен оқудың жеңілдігі.

3. Оқыту мен оқудың негізділігі.

4. Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.

Коменский өмірге жаңа келген адамның ақылын жас ұрық тұқыммен салыстырады да, оны дамытса, адамның дүниеде түсініп танымайтын нәрсесі жоқ деп тұжырым жасайды. «Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне 1 қойылатын басты-басты дидактикалық талаптар баяндалды. Олар:

1. Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.

2. Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.

3. Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік).

4. Аның пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.

5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.

6. Бала табиғатын ескеріп отыру; қалаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.

7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қатыстырып оқыту.

Коменский «¥лы дидактикасында» педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын жаңа дидактикалық принциптерді анықтады. Оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, окудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы.

Коменскийдің көрсеткен бұл дидактикалық принциптері оның педагогикалық жүйесінде бір-бірімен өзара тығыз байланысып отырды.

Ол көрнекілік принципін психологиялык, талаптармен байланыстырды. 1. Дүниетаным әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы қүрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керөк.

2. Ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді.

Түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; тікелей сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.

Сонымен бірге Коменский осы көрнекілік принципіне байланысты мынадай ескерту жасады: дүниеде сезім мүшелері тікелей қабылдай алмайтын нәрселер бар (мәселен, аспан әлемінің денелері және жер астындағы нәрселер немесе басқа елдерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар т. б.). Бұларды оқытуда Коменский айналадағы заттарды негізге алып, солармен салыстыра отырып оқыту керек деді. Көрнекілікті іске асырудағы оның ұсынған құралдары: заттар, сол заттардың суреттері, модельдері т. б.

Алған білімнің тиянақтылығы женіндегі мәселе — Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.

Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді деді Коменский.

Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұскаулар ұсынды. «¥лы дидактиканың» XXI тарауы «Өнер-білім әдісіне» арналған. Мұнда оқу, жазу, ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты бірқатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам «практикалық дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс», «қандай да болсын кызмет, әрекет үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі қажет», «жаттығу жұмысын оқушылар өнер-білімді толық меңгергенше жүргізу керек»,— деген өте орынды пікірлер айтылды.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «нақтылыдан абстрактылыға», «жеңілден ауырға» қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды.

Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оку күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып класс-сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтагы тәртіп т. б.). ¥лы педагогтың мұғалімдерге қалдырған өшпес есиеттерінде: бүкіл педагогикалық процестің жастарды оқуға қызықтыра тартатындай болып үйымдастырылуы, оқу баланың жас ерекшелігіне сай құрылып, қарапайым, балаға жатық болу қажеттігі қарастырылды. Әрине, бұл ұсыныстар орта ғасырлық мектептің дәстүрімен бүтіндей қайшы болды.

«Ұлы дидактиканың» XXVI тарауында мектеп тәртібі және тәрбие мәселелері қаралды. Адам-гершілік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде Коменскийдің діни бағыты өте айқын байқалды. Бірақ тәрбиенің бұл саласынан да құнды пікірлер қалдырды.

¥лы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі - эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептеді.

Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кіші пейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.

Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлер айтты. Оның үлкен еңбегі сонда, ол — орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады, сонымен бірге мұғалім оқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деді. Бұл туралы оның мынадай пікірі бар. Егер егістікті отамайтын болса, егіске қауіп төндіретін арамшөп өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп отырылмаса, жабайыланады. Бұл пікірден мектепте ұрып-соғып жазалау орын алсын демеген, мұғалімдер де, оқушылар да сергек және бірін-бірі қадірлеп отыратын болсын, тәртіптің улгісін мұғалімнің өзі көрсетіп отырсын деген сез аңғарылады. Бірақ Коменский квзқарасының екі жақтылығы сол, ол ұрып-соғып жазалауды дінге байланысты жағдайларда қолдануды жақтады.

Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептеді. Оның ойынша, мұғалім — «мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі».

Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген пікірді айта келіп: «Оларға (мұгалімдерге — Ң. Б.) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмак емес»,— деді.

Коменскийдің балаларға қандай гуманистік және оптимистік көзқараспен қарағанын оның мына сөздерінен айқын көреміз.

«Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дүрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы — біздің колымыздағы нәрсе». Сонымен адам баласы орта ғасырлың идеологияның шырмауынан шыға бастаған айрықша идеялар алғашқы рет зор күш ретінде баяндалып, ғалыми тұрғыдан қорытылды.

Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол «тәрбиенің Галилейі» деген әділ атаққа ие болды. Жаңа ғылым мен философияның ізімен жүре отырып, ол алғашқы рет дидактиканың жүйесін құрды, оған зор мәні бар тың идеялар енгізді. Коменский мектеп оқушыларының оқуына жаңа, әр салалы, ғылыми, реалды білімді енгізуге тырысты, ол табандылықпен мектеп өмірінің барлық күн тәртібін өзгертуді талап етті. Қысқасы, дидактиканың негізгі принциптерін зерттеу Коменскийдің атымен байланысты, сондықтан ол қазіргі дидактиканың атасы болып есептеледі.

Славян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектері дүние жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик-оқытушы, өз дәуірінің мектептері мен мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін дарындылықпен қорыта білген жаңашыл-педагог болды. Бірнеше елдің тілдерінде аударылған Коменскийдің оқулықтары XVII ғасырдың өзінде көп елдерге кеңінен тарады, олар 150 жыл бойы бастапқы оқытудың ең жақсы оқу кітаптары ретінде басқа прогресшіл педагогтарға үлгі болды.

Коменский Россияға XVII ғасырдың аяғында-ақ белгілі еді. XVIII ғасырдың екінші жартысында оның оқулықтарын Москва университеті және басқа ғылыми орындар бірнеше рет кайта бастырып отырды.

Коменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады. Қазақтың тұңғыш демократ-педагогы Ы. Алтынсарин де және оның замандастары болған басқа халықтардың Гогебашвили, Чавчавадзе сияқты прогресшіл педагогтары да өз еңбектерінде Коменскийдің идеяларын насихаттап отырды.

Бірақ орта ғасырлық дәстүрлердің ұзақ уақыт тәрбие мен мектеп өміріне кең түрде қатаң үстемдік кұруына байлаиысты, Коменскийдің жаңашыл педагогикалық идеялары мектеп тәжірибесіне тым шабан, ескі мектеппен тірескен күрес үстінде еніп жатты. Сөйте тұрса да Коменский жаңа заман педагогикасының қалыптасуында, әсіресе дидактиканы дамытуда, өте зор тарихи роль атқарды.

Джон Локктың (1632—1704) педагогикалық көзқарастары.XVII ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел еді, дворянствоның біраз тобы мұнда өз мүдделерін өрлеу жолындағы капитализмнің мүдделерімен ұштастырды.

XVII ғасырда Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық революция болды. Бұл революция феодалдық құрылысда қарсы бағытталды да жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен буржуазиялық үстемдіктің орнай бастағандығын көрсетті. Бірақ бұл революцияның ерекшелігі сол — ол буржуазиялық революциялардың бастамасы еді, сондықтан ол іри бастаған феодалдық қоғамның негізінде дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, пролетариат та жоқ еді. Революция буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. XVII ғасырдың ортасында, революция кең етек ала бастағанда, оған қарсы реакцияның шабуылы басталды.

Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси-әлеуметтік, философиялық және педагогикалың көзқарастарының қалыптасуына әсер етті.

Ф.Энгельстің айтуынша, Джон Локк «1688 жылғы таптық ымыраның перзенті». К. Маркс Локкты бүкіл сипаттамаларымен жаңа буржуазияның өкілі болды деді.

Джон Локк буржуазиялық семьяда өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап, сонда сабақ берді, кейіннен жаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зерттеді.

Локктың философиялық көз-қарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясын зерттей отыра, Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты.

Өзінің «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе» (1690) деген негізгі философиялық еңбегінде елестеулер мен идеялардың адамның туысынан пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бала жаны, оның ойынша, табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады.

Елестеулер біздің санамызга түйсінулер және сезім мүшелері арқылы пайда болады. Демек, дүниені біліп танудағы басты құрал — біздің түсініктеріміз бен сезім мүшелеріміз. Осылай дүниетаным мәселесінде Локк материалистік сенсуализм жолын ұстады.

Локктың осы сенсуалистік философиясындағы материалисті көзқарастар феодалдық аристократия идеологтары айтқан гедеялардың және адамгершілік қасиеттерінің туа бітетікдігі екеніндегі, мемлекет билеу қабілетінің туғаннан болатындығы жөніндегі дәлелдеріне қарсы бағытталды. Идеялардың туысынан пайда болмайтындығы жөніндегі Локктың ойлары адамның дамып жетілуіндегі тәрбиенің мәнін жоғары бағалауға мүмкіндік берді.

Идеялардың туа пайда болуы жөніндегі теорияны Локктың сынауы осы мәселелердегі материализм мен идеализмнің арасындагы күреске дұрыс ықпал етті. XVIII ғасырдағы материалистер өз күрестерінде Локктың пікірлеріне арқа сүйеді. Осылай Локк көзқарастарының сол кезде прогресшіл мәні болды:

Бірақ Локк табанды материалист бола алмады. Оның философиясы дуалистік (екі жақтылық) ерекшелікте еді. Оның ойынша, сыртқы тәжірибемен бірге ақылдың өзіндік әрекеті болып саналатын ішкі тәжірибе де болады. Объективтік дүниенің; біздің санамызда елестеуі ақиқат-шындық бола алмайды деш куәнданды ол.

Локк өзінің саяси көзқарастарында өз заманындагы буржуазияның өкілі екендігін көрсетті. Ол Англиядағы жаңа мемлекеттік құрылысты теориялық жағынан негіздеуге тырысты.

Локк өзінің педагогикалық көзқарастарын «Тәрбие жөніндегі ойлар» (1693) және «Ақылды тәрбиелеу туралы» деген еңбектерінде баяндады.

Ол адамның туысымен бірге бітетін идеяларға қарсы шыға отыра, адамды қалыптастырудағы, оның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші мәнін мойындады. Он адамның тоғызы тәрбие арқылы жетіледі деген қорытындыға келді.

Локктың ұсынған тәрбиесінің мақсаты — өз ісін ойластыра отырып сантықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін қамтамасыз ете алатын үстем таптың жас өспірімін тәрбиелеу. Сөйтіп Локк тәрбие арқылы қарапайым адамдардың балалары емес, дворян балаларын жетілдіруді, тәрбие арқылы оларға буржуазиялық пысық іскерлік сапалар мен ерекшеліктер сіңіруді арман етті. Демек, Локк ұсынған тәрбиенің негізінде Англия үкіметінің басына келген жаңа буржуазияның болашагы — үстем таптың жас өспірімін қалыптастыру мақсаты болды.

Локктың ойынша, бұл үстем таптың жас өспіріміне тәрбиенің бір ғана саласы емес, оған дене және адамгершілік тәрбиелері берілуге тиіс.

Локк оқу-тәрбие жұмысының мектепте жүргізілуіне қарсы болды. Оның дәлелінше, мектеп — балаларды теріс және келіссіз тәрбиелейтін ұя, сондықтан буржуазия табының перзенті үй тәрбиесінен етуге тиіс, себебі өз кемшіліктері бар үй тәрбиесі мектептің беретін білімдері мен дағдыларынан да артық деп есептеді. Ол өз заманындағы аристократиялық семьялардың тәжірибесіне сүйене отыра, буржуазия табының перзентін тәрбиелеуді жақсы даярлығы бар тәрбиешілерге жүктеуді жақтады. Сөз жоқ, Локк ұсынган тәрбиені ұйымдастыру жолдарының өрісі тар болды: ол буржуазия табының перзентін семьяда ғана тәрбиелеуді және тәрбиені гувернерлік түрде ғана жүргізуді көздеді. Мұнан, әрине, Локктың буржуазия идеологы екендігі айқын көрінеді.

Локк дене тәрбиесін басқа тәрбиелердің негізі деп есептеп, оның мәнін жоғары көтерді. Ол «мықты денеде мықты рух»,— болады дей отыра, дене тәрбиесінің өз заманына сәйкесті жүйесін ұсынды. Бала денесін ерте жастан бастап шынықтыру керек, оның денесіндегі бостық, сылбырлықтар жойылуы тиіс. Локк баланы ауа райының барлық түріне үйретудің, қатаң режимге қалыптастырудың қажеттілігін көрсетті. Баланың ішетін тамағы мен киетін киімі жөнінен де құнды кеңестер ұсынады.

Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі,— деді Локк,— баланы ерлікке және табандылыққа үйретуге әсер етеді.

Локк адамгершілік тәрбиесін кеңірек қарастырды. Ол адамгершілік қасиеттер мен сапалар ретінде адамдардағы кіші пейілділікке, ұстамдылыққа, сақтыққа және әділеттілікке ерекше мән берді. Осы қасиеттер мен сапалардың барлығы ақылға бағындырылуы қажет. Бірақ Локктың түсінігіндегі ақылдылық Коменскийдің ұсынған жоғары және кең ұғындағы ақылдылық дәрежесіне жете алмады. Локк түсінігіндегі ақылдылық құр тәжірибеге сүйенді, тар практикалық шеңберде ғана болды. Сөйткенмен де Локктың педагогикалық пікірлерінде гуманизм және адамды сыйлап құрметтеу элементтері орын алды.

Локктың ойынша адамға қажетті тағы бір сапа — мінез-құлықтағы мәдениеттілік. Дөрекілік, мысқылшылдық, әдепсіздік, кекшілдік — мінез-құлық мәдениеттілігіне сыйыспайтын қасиеттер деп есептелді.

Локктың дәлелінше, адамгершілік тәрбиесінің нақты тәсілдері мен құралдары мынадай принциптерге негізделуі тиіс:

1) табиғатқа сәйкестілік;

2) бала табиғатын жете зерттеу және балаға даралық қатынас орнату;

3) тәрбиедегі қаталдықты балаға сүйіспеншілік білдірумен ұштастыру. Локк балалардың табиғатын терең және ұқыпты түрде зерттеуге және

тәрбиенің олардың мінез-құлқын жүйелі түрде байқауға негізделу қажеттілігін баса айтты. Балаларды зерттеп білудің негізінде балалардың табиғи ерекшеліктерін, талаптары мен талғамдарын, қызығушылықтарын дұрыс пайдаланудың, соларға дер кезінде арқа сүйей білудің қажеттілігін көрсетті.

Локк тәрбиедегі қаталдықты балаларға сүйіспеншілікпен қарау, оларға жақындық сезім білдірумен байланыстыру II принципін ұстанды. Бала өзіне жылы, нәзік мерейлілікті, сүйіспеншілікті, сүйкімді қатынастарды талап етеді, бірақ бұл қатынастар ұстамдылықпен, байсалдылықпен, белгілі мөлшермен ұштасуы тиіс. Балада жас кезінде-ақ тәртіптілік қалыптасуы тиіс деді.

Локк ата-аналар мен балалардың арасында мейлінше туыстық, шынайы достық қатынастардың болуын жақтады. Сіздің балаңыз Сізге өз сырын іркілмей айтып, Сізден ақыл-кеңес алатын болсын деді ол. 1

Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен құралдары:

1) үлгі-енеге көрсету,

2) әдеттендіру,

3) балалармен пікір алысу және олардың әуестенушілік ынталарын

ңанағаттандыру,

4) намыс және теріс ұғымдарына назар аудару.

Локк бала табиғатының ерекшеліктерін негізге ала отыра, баланың айналасын қоршаған өмірден алатын үлгілер мен өнегелерінің мықты тәрбиелік ықпалы болады деп есептеді.

Баланың айналасын қоршаған ортаның тәрбиелік әсері кездейсоқ процесс емес. Оны да басқарып бағыттаған және Сондықтан балаларға көзге түсетіндей үлгі-өнегелер көрсету керек, оларға қандай нәрселерге үйренуді, қандай нәрселер ден сақтануды үйрету керек. Локктың ойынша, үлгі өнегелер қарағанда тәрбие ісіндегі құрғақ сөз, жалаң үгіт, өсиеттер дәрменсіз болады.

Балаларды жағымды әдеттерге тәрбиелегенде ұрысып зекірмей, еппен келу керек.

Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады. Оның ойынша, балалар бостаншылықтан гөрі, өктемдікті сүйеді, бұл көптеген теріс әдеттерге негіз болады, сондықтан балалардың үстемдікке, деспотизмге ынтызарлықтарын басып, оларды аластап жою қажет деген пікірде болды.

Оқудың мазмұнын да Локк «буржуазия табының перзенті» тұрғысынан шешті. Буржуазия табының мүддесін көздегеніне оның мына сөздері дәлел: «Оқудың мақсаты — білім, ал білімнің мақсаты — тәжірибе немесе басқаларға білім беру». Локк практикалық мәні жоқ, құрғақ, схоластикалық білімдерге қарсы болды.

Бірақ Локк бұл мәселеде үнемі буржуазия табы перзентінің ғана мүдделерін көздеумен болды, сондықтан оған берілетін білім оның практикалық істерін дұрыс құра білуге, айналасын қоршаған өмірден дұрыс бағыт алуға, өздігінше ойлауға, кез келген қиын жағдайлардан дұрыс жол табу мақсатында болды.

Оқытудың әдістері жөніндегі мәселелерді қарастырғанда Локк ең бірінші орынға баланың ойлауын тәрбиелеуді қойды. Бұл жөнінде өзінің «Ақылды тәрбиелеу туралы» және «Оқу туралы» атты еңбектерінде бірнеше нақты кеңестер ұсынды.

Ол ойлау операциясының саласы — жинақтап топшылау жөніндегі мәселені көтере отыра, жинақтап топшылауды деректермен және қорытындылаумен байланыстыру жөн деді.

Өздігінше ойлау дағдыларына үйрету — Локктың оқыту әдістерінің негізгі принциптерінің бірі. Демек, Локк құр жаттауға қарсы келді, ол ойлауды дамытатын методиканы жактаушы болды. Құр жаттап оқу есті де, ақылды да дамыта алмайды, сондықтан мақсатты түрде балаларды өздігінше ойлау жұмысына үйрету қажеттігін дәлелдеді.

Жалпы алғанда Коменский сияқты Локк та окуды күшпен зорлап жүргізуге қарсы болды. Оның ұсынған методикасының мәні — балалардың білімге деген ынтасы мен сүйіспеншілігін дамыту.

Сонымен Локк балаиың дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру қабілеттіктерімен өздігінше ойлауын дамыту, оның рухани және дене шынықтыру жөніндегі тәрбие жүйесік зерттеді. 1688 жылғы таптық ымыраның перзенті болуына байланысты, оның адамгершілік жөніндегі түсініктері білім мен тәрбие кеніндегі идеялары сол өз заманының рухына жауап бере калыптасты.

Бірақ Локктың теориялық пікірлері, әсіресе оның орта ғасыр мектебін сынауы педагогикалық ғылымның дамуына әсер етті, европалық елдердің алдыңғы қатарлы педагогтары оны қолдады. Оның тәрбие жөніндегі пікірлері оқу мен тәрбиені тәжірибеге және балалардың өміріне негіздей жүргізудің қажеттілігін дәлелдеді. Коменский мен Локктан іріктелген педагогикалық мұра буржуазиялық революция кезеңінде зор маңызға ие болды.

Жан Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы.Атақты француз жазушысы, ағартушы философы және педагогы, ХҮІІІ ғасырдағы революция қарсақындағы буржуазиялық интеллигенцияның тамаша өкілдерінің бірі - Жан Жак Руссо.

1712 жылы 28 июньде Женевада сағатшының семьясында туған. Өзі дүниеге келген күні шешесі қайтыс болады да өмірінің бастапқы кезінде ғана әке тәрбиесін көреді. Балалық шағы тым ауыр жағдайда өтеді, жүйелі білім беретін еш бір оқу орнында оқи алмайды, 16 жасынан бастап ауыр өмір салдарынан ел елді кезушілік жолға түседі, Франция мен Швейцарияны бірнеше рет шарлап, әр түрлі мамандықта кәсіп ететді. Бірақ бұл жылдар болашақ атақты ойшы және қайраткер үшін зор өмір мектебі болған еді.

Отыз жасында Руссо Парижға келіп, онда сол кездегі француз интеллигенциясының ең алдыңғы қатарлы өкілдерімен (дидро, Даламбер, Вольтер т.б.) танысады.

1749 жылы Дижон академиясы «Ғылым мен өнер прогресі мінездің жөнделуіне немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?» деген тақырыпта конкурс жариялаған болатын. Руссо Дидроның кеңесімен осы тақырыпта еңбек жазады, онда ол табанды түрде әлеуметтік теңсіздікке, аристократтар мен арамтамақтарға, феодалдық қоғамның мәдениетіне, халыққа ешбір көмегін тигізе алмай отырған ғылымына қарсы шығады. Еңбек зор табысқа ие болып, бірінші сыйлыққа бағаланады.

1754 жылы Руссоның «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» деген екінші кітабы, 1761 жылы «Жаңа Элоиза» атты романы, ал бір жылдан кейін «Қоғамдық шарт» деген атақты шығармалары жарық көреді.

1762 жылы Руссоның «Эмиль, немесе тәрбие туралы» деген романы басылып шығады. Бұл шығармада Руссо іріген феодалдық қоғамның шырмауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын көрсетті.

Соңғы шығарма автордың есімін дүние жүзіне танытты, бірақ ондағы жаңа адам жөніндегі, оның тәрбиесі туралы пікірлері король чиновниктерінің, әсіресе дін иелерінің ызасын туғызды.

Париж парламенті «Эмильді» өртеу жөнінде қаулы қабылдайды да, кітапты үкімет қарақшылары қаланың бір алақында өртейді. Руссоның өзі Швейцарияға кетуге мәжбүр болады. Қуғын көреді, тек 1776 жылдан бастап Англияға ғана уақытша паналайды, осында «Насихат» деген ең соңғы өмірбаяндық шығармасын жаза бастайды. Тек 5 жылдан кейін ғана денсаулығы әлсіреп, көңілі қайтқан Руссо өз Отанына оралады, бірақ онда да басқа фамилиямен тұруға рұқсат алады. Ол 1778 жылы Париж түбінде қайтыс болады.

Француз буржуазиялық революциясы кезінде оның ең революцияшыл партиясы якобинцілер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне «Бұл жерде табиғат пен шындықтың адамы жатыр» деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен швейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшыға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де Руссоға ескерткіш орнатылған. Кейін оның аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.

Руссоның көзқарасы. Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екіжүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиеден шыққан Руссо қарапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.

Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. «Қоғамдық шарт» деген шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніндегі бұрыннан ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы - «Адамдардың табиғи жағдайының болуы» дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бір бірімен тең және бостандықта болуы тиіс, ал олар кейіннен өздерінің «табиғи праволарын», еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызамен тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын, әшкереледі: халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдық шарт негізінде адамдардың өзі қалаған, халыққа қызмет ететді деп сенген үкіметті, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдық шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметтің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді.

Әрине, бұл ойлар көркем әдеби түрде баяндалған корольды тайдыру және феодалдықты жою жөніндегі жігерлі ұран еді.

Руссо адамды адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық, теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты социалистік құрылыс емес еді, ол ұсақ жеке меншіктілердің, жер иелерінің және қол өнершілердің қоғамдық құрылысы еді.

Көзқарастарының осындай тар мағыналылығы мен тапшылығына байланысты Руссо адамдарды табиғатпен жақындасуға, мешеу ауылшаруашылығы мен қол өнерге шақырады. Осылай ол мәдениет пен техниканың прогресшілдік сипаттарына түсіне алмады, сөйтіп оның көзқарасының тұйықтығы байқалды.

Тәрбиенің мақсаты мен сипаты. Жан Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы «Эмиль» атты романында баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле отыра зерттеп, өз заманының арнасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.

Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін, кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды.

Ал азғындаған феодалдық қоғамда мықтылар басқа адамдар еңбегін пайдалануда, нағыз ерікті адам - өз еңбегімен өмір сүрушілер ғана. Мұнан шығатын қорытынды - өз еңбегінің жемісімен өмір сүретін, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей де , қорғай да білетін адамдарды тәрбиелеу.

Демек, Руссоның педагогикалық концепциясының негізіне феодалдық әдет ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, Руссоның педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі, терең адамшылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуына болды.

Осындай келелі міндеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе феодалдық қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы қойылған, сондықтан жаңа тәрбие табиғатқа сәйкес, баланың табиғи дамуын ескеріп, оның жас ерекшеліктеріне лайықталып, жүргізілуі тиіс. «Табиғат балалардың кәмелетке жеткенше бала болуын талап етеді», дейді Руссо.

Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары - баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін дамыту, тәрбиенің негізіне айналуға тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын ұқыпты түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып толғануына жөн сілтейтіндей жағдайлар жасай білу ғана тиіс. Сөйтіп, Руссо жаңа тәрбиені балаға үстемдік етуге, оның еркінің дамуына, тек зәбірлік жасауға тырысатын феодалдық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды.

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері:

Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:

1-кезең - баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі;

2-кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі;

3-кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі;

4-кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және негізгі түрде жүргізуді ұсынды.

Баланың жетілуінің әр дәуірін Руссо өзінің саяси және философиялық пікірлерімен тығыз байланысты қарастырды.

Екі жасқа дейінгі бала тәрбиесінің негізі дене тәрбиесі болуға тиіс. Бұл дәуірде тәрбиешілердің баланы табиғат кеңшілігінен тым алшақ ұстауға тырысатындығына, табиғи жетілуіне кедергі жасайтындығына қарсы болды. Руссо: «Қаршадайынан ақ баланың еркіне қиянат келеді, ал оған сол еркіндікті беру қажет. Оның денесінің өсуіне мүмкіндік беріңдер, табиғатқа кедергі жасамаңдар», -- деген талап ұсынады. Келесі дәуірде де (2-ден 12 жасқа дейін) баланың денсаулығын шынықтыруды жедел түрде жүргізе беру қажет, бірақ бұл кезде тәрбиешінің негізгі міндеті - баланың сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру. Руссоның кеңесі бойынша , бала өзінің керегінше, өз бетінше әр нәрсенің көлемі мен салмағын өлшесін, санаумен де айналысып, нәрселерді өзара салыстырсын. Бірақ, оның дәлелінше, бұл кезеңде баланы оқуға баулудың , кезде бала ешбір адамгершілік, ешбір абстрактылық ұғымдарға да түсінбейді деп есептеді ол. Бірақ, Руссоның ойынша, бала өте маңызды бір идеяны - жеке меншік идеясын толық меңгере алады деді. Әрине, бұл жерде Руссо педагогикасының буржуазиялық ерекшелігі айқын байқалады.

Романда 12 жастағы тәрбиеленуші Эмильдің денесі шынығып, өзін өзі билеу дәрежесіне де жеткен, маңызды оқиғаларды байқай алады, сыртқы сезімдері арқылы өзін қоршап тұрған дүниені де түсінеді, сондықтан оның (12-15 жастар аралығында) ақыл ой және еңбек тәрбиесі басталады.

Ақыл ой тәрбиесі мен білім беру мәселелерінде Руссо ең алдымен дінге негізделген шіркеулік мектептермен күресе отыра, білім мазмұнының түпкілікті жаңаруын талап етті. Оқу пәндерін іріктеп таңдауда негіз болатын нәрсе - баланың қызығушылығы, талабының болуы. «Бұл не үшін қажет?» деген сұрақтарға жауап бере алатындай болуы тиіс. Бала психологиясына жетік Руссоның көрсетуінше, баланың ынтасы, қызығушылығы ең алдымен өзінің айналасын қоршаған дүниеге, байқағанына бағытталады, сондықтан ең алғашқы пәндер география, астрономия, табиғаттану болуы керек. Мұнан кейін Руссо осы пәндерді оқытудың ерекше бір методикасын құруды ойластырды, ол методика оқушылардың оқиғаларды өздігінше бағдарлап, түсіне білуіне негізделді. Руссо шығармаларында оқушыларды ғылыми шындықты ашушы, тіптен компасты ойлап шығарушы т.б. осы сияқты зерттеуші ретінде суреттеді. Бұл жерде Руссоның осындай бала табиғатын тым асыра дәріптеушілігін ескермегенде, бала дербестігін дамыту әдісі арқылы схоластикалық мектептің методикасына оның күшті тойтарыс бергенін көреміз. Оның оқу методикасындағы негізгі өсиеттері: бала ойға салып ұғынбайынша, ештеңені де жаттатпау, бүкіл білімді баланың өз бетінше бақылап, ой таразысына салуы арқылы меңгерту деген мәселенің төңірегінде болды.

Наши рекомендации