Дәріс тақырыбы : Балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтары
Пән туралы мәліметтер
Мақсаты: Баланың жалпы дамуы мен өсуінің заңдылықтарын, сәби және мектепке дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері қарастырады. Мектепке дейінгі ұйымдардың күн тәртібін құру принциптері. Көру, тыныс алу, ас қорыту мүшелері мен дауыс аппараты және сүйек-бұлшық ет жүйесі гигиенасы. Мектепке дейінгі ұйым гигиенасы. Балалардың киімі және аяқ киімі, төсек орны және жабдықтарының гигиенасы оқытылады.
Курстың міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін меңгерту;
- Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
- Болашақ мамандарға жалпы организмнің жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Пререквизиттер:Анатомия, Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы.
Постреквизиттер:Жалпы психология, Дефектология.
Студент жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәнінің педагогикамен, валеологиямен, жалпы физиологиямен тығыз байланстылығымен танысады.
Мектеп жасына дейінгі бала ағзасының ішкі және сыртқы құрылысы мен қызметі, жас ерекшеліктеріне сай даму динамикасы жөнінде терең мағлұмат алады
3. Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).
Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
Й тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Оқыту әдістемесі:
Оқыту дәріс, практикалық сабақ түрінде өтеді. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, тесттерді орындау , ауызша сұрау түрінде, жеке семестрлік тапсырмалар оларды қорғау түрінде жүзеге асады. Берілген мәліметтерді талдау әдістері, ұйымдастыру, эмпирикалық, интерпритациялау әдістері қолданылады.
Курстың мазмұны
Бірінші апта
№1 дәрістің тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі балалардың педиатриясы және гигиенасы пәні
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың педиатриясы және гигиенасы пәнінің мақсаты, міндеттері
2. Мектепке дейінгі гигиена және педиатрияның даму тарихы
3. Зерттеудің негізгі кезеңдері
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың педиатриясы және гигиенасы пәнінің мақсаты- студенттердің бойында бала ағзасының өсуі мен дамуын, гигиеналық таалаптарын, ауырудың алдын алу және ауырған балаларға күтім жасау бағытындағы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің міндеті - баланың жас ерекшелігіне қарай ағза дамуының ерекшеліктерін меңгерту; бала ағзасындағы бұзылыстар мен ауру түрлерімен танысу; бала денсаулығына күтім жасау негіздерімен танысу. Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің «Жастықтың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас. М. В. Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер И. И. Бецкой, Н. И. Новиков Россиядағы халықтың, соның ішінде балалардың денсаулығын жақсатуды жақтады. А. Н. Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды жоюмен, оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұңтаздайлығын арттырумен байланыстырады.Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі проблемаларын экспиременттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулыф құралдар басып шығару тек Петербург дәрігерлік – хирургиялық академиясында гигиена кафедрасы ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А. П. Доброславин (1842 – 1889) басқарды.А. П. Доброславин гигиенаның басты мақсаты «қоғамдық іс - әрекеттің әр түрлі жағдайларында, организмдегі физиологиялық тепе – теңдік заңдарын зерттеу және организмнің өндіргіш күштерінің сақталуы мен дамуы ең қолайлы жағдайларын зерттеу»деп есептеді.Бала организмінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін Россияда бірінші рет Петербург дәрігерлік – хирургиялық акдемиясындағы балалар кафедрасының меңгерушісі, профессор Н. П. Губдобин (1860 – 1906) зерттей бастады. Оның тәжірибесі «Балалар жасының ерекшеліктері» (1906) кітабында қорытылады, ол кітап балалар анатомиясы мен физиологиясы жөнінде Россияда бірінші еңбек болып саналады. Балаларды шынықтыруға, мектептегі оқу режиміне және басқа мәселерге ғалым үлкен мән берді.Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сиппатайды. Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, саналық өзгерістердің көрсеткіші. Адам организмінде бүкіл организмнің қанша өмірі болса, сонша өмір сүретін көбеймейтін клеткалар болады. Оларды ұзақ жасайтын клеткалар деп атайды. Олар – нерв жүйесінің клеткалары. Бұл клеткалар организммен бірге туады, ал оның өсіп жетілуі процесінде ол белгілі шекте тек көлемін ғана ұлғайтады әрі функциясы жетіле береді. Егер бұл клеткалар өлсе, олардың орнына жаңалары пайда болмайды.
№1 практикалық сабақтың тақырыбы: Бала ағзасының жалпы даму заңдылықтары
1. Бала организмінің өсу және даму заңдылықтары туралы түсінік.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың педиатриясы және гигиенасы пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
1- СОӨЖ тақырыбы:Денсаулық негіздері
1. Денсаулық және оның түрлері, денсаулыққа баға беру
2. Денсаулыққа зиянды әсер ететін ішкі және сыртқа факторлар
Есеп беру түрі: баяндама оқу
СӨЖ тапсырмалары:
Мектеп жасына дейінгі балалардың педиатриясы және гигиенасы пәніне қатысты әдебиеттерді зерттеу.
Есеп беру түрі:Картотека құрастыру
Әдебиеттер (негізгі, қосымша)
1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
9. Сәтбаева Х.Қ. Адам физиологиясы – А., 1983
Екінші апта
Дәріс тақырыбы : Балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтары
1.Баланың жас ерекшелігіне сай дамуына сипаттама беру.
2.Сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезең.
Балалардың өсіп-жетілуін қадағалау.Оқушылардың өсіп-жетілуін сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша жылына бір не екі рет қадағалайды. Өсіп жетілу көрсеткіштердің алу процесі антропометрия (гр. антропос. – адам, метрео - өлшеймін), көрсеткіштердің өзі - антропометриялық немесе негізгі деп аталады.Антропометриялық көрсеткіштері бойынша оқушылар денесінің жетілуін бағалау – бойын, салмағын, кеуде қуыстарының шеңберлеріне қосылған үстемдерді есептеу, осы көрсеткіштердің аудан, облыс, республика бойынша орта мәліметтерін салыстыру жолымен жүргізіледі.Негізгі өлшеулердің техникасы мен методикасы белгілі білім мен ептілікті талап етеді. Сол сияқты құралдардың дәлдігі, қызметкерлердің ұқыптылығы мен ықыластылығы, өлшеу ережелерін сақтай білуі қажет. Мысалы, кеуде қуысының шеңберін өлшеуді тек жалаңаш қалпында жүргізеді: бойды тұрған күйде аяқ киімсіз (парта таңдау үшін бой аяқ киіммен өлшенеді) бой қолдары түсірілген және бой өлшегіштің платформасында өлшейді. Мұнда бала қолдары түсірілген және бой өлшегіштің пленкасында үш нүктемен: өкшемен, бөксемен және жаурын аралығымен жанасып тік тұруы керек. Баланың басы, көз шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шеті горизонталь бір сызықтың бойында жатқан кездегі қалыпта болуы қажет.Салмақты дәлдігі 50 г дейін болатын иінді системалы ондық медициналық таразыларда өлшейді. Балалар мен жасөспірімдерденесінің дамуы туралы толытырақ ұғым алу үшін кеуде қуысының шеңберін және қол динамометрімен саусақтардың қысу күшін өлшейді.Антропометриялық мәліметтер оқушының жеке дамуының арнаулы картасына жазылады, ол мектепте немесе емтиханың жеткішектер кабинетінде сақталады. Мәліметтер статистикалық әдістермен өңделеді және солардың негізінде дамудың пропорциональдығы туралы соңғы жорамалдар мен қажетті қорытындылар жасайды. Бойдың өсуі салмақтың өсуіне жеткізеді. Балалардың сүт тістері тұрақты тістерге ертерек ауысады, жыны-стық жетілуі тезірек басталады және аяқталады.Осы уақытқа дейін жалпы қабылданған акселерация теориясы (тезірек даму) жасалған жоқ, көптеген гипотезаларға қарамастан, шартты түрде оны төрт негізгі топқа бөлуге болады.
1. Физикалық-химиялық гипотезалар қазіргі балалар күннін, радиоактивті және электромагнитті радиациялардың өте күшейген әсеріне ұшырайды деп есептейді.
2. Нутритивті гипотезалар – тұрмыс жағдайларының өзгеруін, соның ішінде жануардан шығатын майлар мен белоктарды пайдаланудың көбеюі есебінен балалардың тамақтарының жақсаруына, анасы мен баланың тамағы құрамына витаминдердің қосылуын ескереді. Балалар ауруларын төмендеткен педиатрияның, гигиенаның т.б. табыстарына белгілі маңыз беріледі.
3. Гетерозийлер – гетерозистің биологиялық цикльді өзгерістерінің нәтижесі, әлеуметтік, діни және ұлт аралық шекараларды бұзуға әкелген, өмірдің қоғамдық өзгерістері мен байланысты. Бұл осыған дейін оқшауланған адам топтары арасында некелесудің географиялық мүмкіндігін кеңейтті, тұқым қуалаушылықтың тез өзгеруіне және дамудың жылдамдауына әкелді.
4. Урбанизация гипотезалары – қалалардың тез дамуы және село халқының қалаларға ауысуымен, қала өмірінің барлық комплексінің, сол сияқты кино, радио, теледидардың баланың нерв системасына қоздырушы әсер етуімен байланысты.
№2 практикалық сабақтың тақырыбы:Антропометриялық өлшемдер
- Антропометриялық өлшемдер, оған қандай өлшемдер жатады?
- Соматометрия, физиометрия, самотоскопиялық өлшемдер деген не ?
2-СОӨЖ тақырыбы:Дамудың жеделдеуі
1.Өсу мен даму акселерациясы
2. Акселерация теориялары
Есеп беру түрі:Ауызша жауап беру.
СӨЖ тапсырмалары:
Эксперименталдықкөрсеткіштердің статистикалық өңделуі
Есеп беру түрі: тәжірибе қорытындысын талдау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша)
1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
Шінші апта
№3 Дәріс тақырыбы:Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулық жағдайы
1.Баланың дене дамуының негізгі және қосымша көрсеткіштері
2.Мектепке дейінгі кезеңдері бала бойындағы өзгерістері
1.Адам ағзасының, жеке мүшелерінің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа сай физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жалпы биологиялық ұғымдар.Онтогенез – ағзаның ұрық пайда болған кезеңнен бастап биологиядық өліміне дейінгі дамуы. Ол пренатальды (дүниеге келгенге дейін) және постнатальды (дүниеге келіп биологиялық өлімге ұшырағанға дейін) болып екіге бөлінеді. Филогенез – жалпы түрдің эволюциялық (тарихи дамуы).Ағзадағы жасушалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Ағзаның негізгі үш дене көрсеткіштері бар: бойы, салмағы және кеуде щеңбері. Даму – сапалық көрсеткіш. Ағзаның дамуы - сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, ағза мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Өсу мен даму процестері гетерохронды (бір мезгілді емес, әр уақытта) өтеді. Тұқым қуалаушылық (жағымды, жығымсыз). Акселерация – қарқынды даму (1935ж. неміс ғалымы Кох). Ретардация- дамудың баяуларнуы. Рухани денсаулық – ол адамдардың ақпаратты қабылдау қабәлеттәләгә мен мотивациялық әс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді.Егер денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10 % - денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықтылып отыр. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы организмді табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т.б. кезінде), сол сияқты лабораториялық жағдайларда зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында, тканьдерінде, мүшелерінде және системаларында жүретін процестердің табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі: электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т.б. әдістер қолданылады.
№3 практикалық сабақтың тақырыбы:Қозғыш ұлпалар физиологиясы.
1.Қозғыш ұлпалардың жалпы қасиеттері
2.Тітіркендіргіш түрлері.
3-СОӨЖ тақырыбы: Қозғыш ұлпалардың қасиеттері.
1.Тітіркендіргіштің түрлері.
2.Жүйке талшығының физиологиялық қасиеттері
Есеп беру түрі; ауызша жауап беру
СӨЖ тапсырмалары:Қозудың жүйкеден өту заңдары.
Есеп беру түрі: баяндама
Әдебиеттер (негізгі, қосымша)
1. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
2. А.К.Великанова «Практические занятие по возрастной физиологии и школьной гигиене».
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьная гигиена. М., 1983.
Төртінші апта
№ 4 дәріс тақырыбы :Жүйке жүйесінің гигиенасы
1.Жүйке жүйесінің дамуы мен күтімі
2.Ұйқының гигиеналық ұйымдастырылуы
Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - нейрондардың жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестердә сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Оған жүйке түйіндері мен гангли жатады. Нейрон - ол жүйке жасушасы. Нейрон арасын нейороглия толтырады. нейрондар пішіні мен көлемі жағынан әр түрлі. Ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін аксон деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды. Қозу серпінісін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды. Жүйке талшықтарының майлы жұмсақ қабықтарының болу-болмауына байланысты миелинді және миелинсіз деп ажыратады. Нейрондар барлық клеткалар сияқты ішкі және сыртқы орта факторларының әсеріне тітіркенгіш келеді, яғни тыныштық күйден әрекет күйіне көшеді. Нейронның тітіркендіргіші басқа нейрондардан немесе рецепторлардан келетін жүйке импульстары болып келеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына қарай бірнеше түрлері бар: механикалық, температуралық, электрлік, химиялық. Қозу дегеніміз организмнің сыртқы ортаның тітіркендіргішін қабылдап, оған күшті қозу арқылы жауап беру қасиетін айтады. Тірі ағзада ұлпаларды 2 бөледі.. қозғыш ұлрпалар (жүйке, бұлшықет, секреторлы жасушалар), қозбайтын ұлпалар (шеміршек, дәнекер ұлпасы, тері эпителиі). Тітіркендіру әсерінен қозғыш ұлпаларда қозу процесі туады. Бір жасушадан екінші жасушаға қозу тек бір бағытта ғана жүреді, аксоннан жасуша денесіне және басқа нейронның дендритіне. Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қазмет жасушасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнайы орын. Синапс ұғымын физиолоогия ғылымына енгізген ағылшын ғалымы Ч. Шерингтон болатын Бір нейрон денесіндегі синапстар саны 100 немесе оданда көп болады. Синапс құрылымы күрделі, ол екі мембранадан түзілген: пресинапстық және постсинапстық, аралығында синапс саңылауы болады. Синапс түрлері: нейронаралық, ет-жүйкелік. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды, жүйке бүршігінде медиаторлар болады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат медиаторлардың қатысуымен өтеді. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок- рецептор орналасқан. Синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның постсинапстық рецепторы - холинрецептор болады.