Зертханалық жұмыстар
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№ | Тема | Кол-во часов | |||
лек | сем | срсп | срс | ||
Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуыньң жалпы заңдылыктары. | |||||
Жүйке жүйесінің физиологиясы мен гигиенасы және жас ерекшеліктері. | |||||
Жоғары жүйке әрекеті және оның баланың дамуы барысында қалыптасуы. | |||||
Сенсорлық жуйелердің физиологиясы мен гигиенасы және жас ерекшеліктері. | |||||
Ішкі секрециялық бездер жүйесінің физиологиясы. Балалар мен жасөспірімдердің жыныстық жетілуінің казіргі кезеңдегі ерекшеліктері және жыныстык тәрбиелеу. | |||||
Тірек-қимыл жүйесінің жас ерекшеліктері мен гигиенасы. | |||||
Ас корыту ағзаларының жас ерекшеліктері. Зат пен энергия алмасуы. Тағам гигиенасы. | |||||
Қанның, қан айналымының, тыныс алудың және сыртқа шыгарудың жас ерекшеліктері. | |||||
Оқыту-тәрбиелеу жағдайының окушылар денсаулығына әсері. | |||||
Мектептің гимараты мен оқу бөлмелеріне, ауа ортасына, жарықтандырылуына және құрал-жабдыктарына қойылатын гигиеналық талаптар. | |||||
Алты жастағы балаларды оқытып тәрбиелеудің және күн тәртібінің гигиеналық негіздері. | |||||
Балалар мен жасөспірімдерде саламатты өмір салтын калыптастыру негіздері | |||||
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Дәрістік курс
Апта | Тақырып | Әдебиеттер |
1. | Кіріспе. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы туралы жалпы түсінік Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы - педагогикалық ғылымдар жүйесінің құрамдас бөлімдері. Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәнін оқытудың мақсаты және міндеттері. Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасының педагогика және психология ғылымдарымен байланысы, оның оқу-тәрбие жұмысы мен еңбек тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудағы, оқушылар денсаулығын сақтап нығайту, денелік дамуын жетілдіру мен жұмысқа кабілеттілігін арттыру үшін маңызы. Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуының негізгі кезеңдері. Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы ғылымдарының Қазақстанда дамуы. | Н-1,2,3,4,5,6,7,12 Қ-2,4,5 |
2. | Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары Организмнің біртұтастығы. Организм және қоршаған орта. Организм қызметтерінің нейрогуморальдық реттелуі. Организмнің өсуі мен дамуы. Дамудың үздіксіздігі, әркелкілігі, ең маңызды жүйелердің дамуының озық жүруі және гетерохрония. Онтогенездің кезендерге бөлінуі, онтогенездің қатерлі кезеңдері. Денелік даму - денсаулық жағдайының және әлеуметтік байқуаттылықтың маңызды көрсеткіші. Оқушылардың денелік дамуының жағдайы мен оны анықтайтын әдістер. Акселерация, ретардация, реактивтілік пен резистенттік туралы ұғымдар. | Н-1, 4,5,6,7,8,10,12,13 Қ-2,4,5 |
3. | Жүйке жүйесінің фнзиологиясы мен гигиенасы және жас ерекшеліктері Жүйке жүйесінің құрылысы. Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу және психикалық қызметтерін атқару үшін организмнің реакцияларын ұйымдастырудағы рөлі. Жүйке ұлпасы. Нейронның кұрылысы мен касиеттері. Жүйке талшығының қасиеттері. Жүйке талшықтарының миелинденуіне байланысты жас ерекшеліктері. Синапстар, орталык жүйке жүйесіндегі (ОЖЖ) қозуды өткізу механизмі. Жүйке орталықтары және олардың қасиеттері. Рефлекс - жүйке әрекетінің негізі. Рефлекторлық доға. Рецепторлар. ОЖЖ-де қозу мен тежелу жэне олардың өзара әрекеттесуі. Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің кұрылысы мен функционалдық маңызы. Автономиялық жүйке жүйесі. | Н-1,2,3,4,5,19 Қ-2,4,5 |
4. | Жоғары жүйке әрекеті, оның баланың өсіп-дамуы барысында калыптасуы Ми кыртысының кұрылымдық және функционалдық ұйымдасуы. И.М.Сеченов жэне И.П.Павлов - жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізін калаушылар. Шартты рефлекстер туралы ілім. Шартты және шартсыз рефлекстердін ерекшеліктері. Шартты рефлекстердің пайда болуының механизмі. Шартты рефлекторлық әрекеттің жас ерекшеліктері. Жоғары дәрежелі шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің тежелуі. Шартсыз тежелу және олардың жас ерекшеліктері. Тежелудің қорғаныстық сипаты. Шартты тежелу. Шартты тежелу- Дің түрлері және балалардағы ерекшеліктері. Шартты тежелудің дамуы - тәрбиенің физиологиялык негізі. Бірінші және екінші сигналдар жүйесі, олардың өзара әрекеттесуінің жас ерекшеліктері. Баланың даму барысында сөздің сенсорлық және моторлық механизмінің тұрақтануы. Стереотиптердің сөйлеудің дамуы үшін маңызы. | Н-1,2,18,19,20 Қ-2,4,5,12,13,14,21 |
5. | Сенсорлық жүйелердің физиологиясы және гигиенасы Сыртқы ақпаратты кабылдауды ұйымдастырудың жүйесі. Организмнің сенсорлық жүйелері, олардың топтамасы. Сенсорлық жүйелердің құрылымы мен функциональдык жетілуі. Сенсорлық стимулдардың қарапайым белгілерін кабылдау және өмір сүрудің алғашқы жылдарындағы сыртқы стимулдарды кабылдаудың күрделенуі. Көру талдағышы. Көздің құрылысы мен оптикалық қасиеті. Аккомодация және оның жасқа байланысты өзгерісі. Көру өткірлігі. Алыстан көру және жакыннан көргіштік. Кеңістікті көрудің жас ерекшеліктері. Әр түрлі жаста жарықты және түсті сезгіштік. Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылыстарының алдын алу. Көру гигиенасы. Мектеп ғимаратын жарықтандыру. Сынып бөлмесінің жарықтандырылуын гигиеналық бағалау. Көру өткірлігін анықтау. | Н-1,2,3,4,5,6,7,15 Қ-2,4,9 |
6. | Ішкі секрециялық бездер физиологиясы. балалар мен жасөспірімдердің жыныстық жетілуінің қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері және жыныстык тәрбие Организм тіршілігін гуморальдық реттеу. Ішкі секреция бездері. Гормон- дар. Гипоталамус-гипофизарлык жүйе, оның ішкі секреция бездерінің қызме- тін реттеудегі маңызы. Шеткі эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметі. Балалық және жасөспірімдік шақтарда ішкі секреция бездері қызметінің бұзылыстары. Балалар мен жасөспірімдер арасында тараған йодтапшылығы және қант диабеті, олардың алдын алу. Жыныс бездері мен олардың организмнің дамуы, өсуі және жыныстык жетілуі үрдістеріндегі маңызы. Екінші реттік жыныстық белгілердің дамуы. Жыныстық жетілу: физиологиялық және әлеуметтік. Жыныстық тәрбиелеу - жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңыз- ды бөлімі. Медициналық-гигиеналык және жыныстық тәрбиелеудің қағида- лары, түрлері, амалдары мен әдістері. Аборт жасаудың зияны. Жыныстық тәрбиелеуді педагогтар, ата-аналар мен медициналық кызметкерлердің бірлесе жүргізуі. | Н-1,2,3,4,5,6,7,10,11,12 Қ-2,4,8,14 |
7. | Тірек-кимыл жүйесінін жас ерекшеліктері мен гигиенасы Адам каңкасы. Буындардың құрылысы мен қызметтері. Омыртқа жотасының иілімі, олардың қалыптасуы мен маңызы. Қаңқа сүйектерінің қалыптасуы. Ет жүйесі. Бұлшық еттің құрылысы мен қызметі. Ет салмағы мен ет күшінің жас ерекшеліктері. Қозғалыс дағдыларының дамуы, жасқа сай қозғалысты үйлестіруді жетілдіру. | Н-1,2,3,4,5, 16,17 Қ-7,11,12,17,18,19,20 |
8-9. | Ас қорыту мүшелерінің жас ерекшеліктері. Зат пен энергия алмасуы. Тағам гигиенасы Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Ауыз қуысындағы ас қорыту. Сілекей бездері. Ас қорытудағы ферменттердің қызметі. Тістер. Тістің алмасуы. Ауыз қуысы мен тіс ауруларының алдын алу.Қарындағы ас қорыту. Астың қорытылуындағы бауыр мен ұйкы безінің маңызы. Ішектің сіңіру және моторлық қызметі. Қорғаныс ас қорыту рефлекстері. Бала жасындағы асқорыту ағзаларының аурулары мен ішек құрттарымен күресу және алдын алу. Заттар мен энергияның алмасуы – организм тіршілігінің негізі. Негізгі алмасу туралы түсінік. Аноболизм мен катаболизм. Балалар мен жасөспірімдегі ақуыздың, май мен көмірсулардың алмасуының ерекшеліктері. Баланың өсуі мен дамуындағы судың, минералдық тұздардың, микроэлементтердің және витаминдердің маңызы. | Н-1,2,3,4,5,6,7,8 Қ-6,7 |
10. | Қанның, қан айналу, тыныс алу және сыртқа шығару жүйелерінің жас ерекшеліктері Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қызметтері. Қанның ұюы. Қан топтары. Қан аздылық және оның балалар мен жасөспірімдер арасында таралуының алдын алу. Қан айналу жүйесі. Жүректің құрылысы мен жұмысының жас ерекшеліктері. Жүректегі электрлік құбылыстар. Қанның тамырлармен қозғалысы. Қан қысымы және оның жас ерекшеліктері. Жүрек пен қан тамырларына жағымсыз әсер ететін факторлар. Жүрек – қан тамырлары ауруларының алдын алу. Тыныс алу ағзаларының құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. Тыныс алудың реттелуі мен оның жас ерекшелікреті. Оқу бөлімелеріндегі ауаның гигиеналық маңызы. Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы. Сыртқа шығару ағзалары. Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. Зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алуда жеке бас гигиенасының рөлі. Кіші мектеп жасындағы балаларда түңгі зәр ұстай алмау дерті, оның себептері. Терінің құрылысы мен қызметтерінің жас ерекшеліктері. Терінің тазалығы мен біртұтастылығының маңызы. | Н-1,2,3,4,5,7 Қ-2,4,5 |
11. | Оқыту мен тәрбиелеу жағдайларының окушылар денсаулығына әсері Денсаулык туралы, түсінік. Балалар денсаулығының көрсеткіштері Денсаулық топтары. Оқушылардың денсаулық жағдайының жұмысқа қабілеттілігіне әсері. Созылмалы аурулармен сырқат және жедел дерттермен ауырған оқушыларға арнайы жағдай жасаудың ерекшеліктері. Еңбек түрлерінің жасөспірімдердің денсаулық жағдайына әсері. Еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда окушылардың жасын, жынысын, денсаулығын және жұмыс кезіңдегі әр түрлі факторлардың (шу, діріл, шаң, т.б.) әсерлерін ескере отырып қойылатын гигиеналық талаптар. Жарақаттанулардың алдын алу. Жарақаттанғанда алғашқы жәрдем көрсету. Организмнің қорғаныс күштерін жоғарылату әдістері. Оқу-тәрбие мекемелерінің санитарлық жағдайының балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызы. Тұмаудың және жедел респираторлық аурулардың алдын алу. | Н-1,2,3,4,5,6,7 Қ-15,16,17 |
12. | Мектептің ғимараты мен оку бөлмелеріне, ауа ортасына, жарыктандырылуына және кұрал-жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп ғимараттары мен жақынаумағын жоспарлауға, оқу бөлмелеріне, ауасы мен жарыктандырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектепті жылыту мен жылыту жабдыктарына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп пен балалар мекемелерінің жиһазы мен құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар. Жиһаздарды орналастыру тәртібі, окушыларды отырғызу. Компьютерлік сыныптарда жұмыс жасауға қойылатын гигиеналық талаптар. | Н-1,2,3,4,5,6,7 Қ-2,4,5,7,9 |
13. | Балалар мен жасөспірімдерде саламатты өмір салтын қалыптастыру негіздері «Саламатты өмір салты» түсінігі. Саламатты өмір салтының әлеуметтік - педагогикалық негіздері. Қазіргі кезеңде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына әсер ететін негізгі қатерлі факторлар. Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы. Физикалық және психикалық денсаулық байланысы. Стресс және психологиялық денсаулық. Экология және салауатты өмір салты. Сау тағам - саламатты өмір салтының құрамдас бөлігі. Дене тәрбиесі мен саламатты өмір салты. Гиподинамия - әр түрлі аурулардың негізгі себептерінің бірі. Емдеу-сауықтыру дене жаттығуларының әдістері. Дене жаттығуларының жас ерекшеліктері. | Н-1,2,3,4,5,6,7 Қ-2,4,5 |
Зертханалық жұмыстар
Апта | Тақырыптың аты | Әдебиет |
1-2 | Балалар мен жасөспірімдердегі өсу мен дамуына өмір сүру жағдайларының әсері. | Н-1,2,3,4,5,6,7,12 Қ-2,4,5 |
3-4 | Балалардың орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу үрдістері және олардың бір бірімен әрекеттесуі. | Н-1, 4,5,6,7,8,10,12,13 Қ-2,4,5 |
5-6 | Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері | Н-1,2,3,4,5,19 Қ-2,4,5 |
Окушыларда көру және есту кызметтерінің бұзылуларының алдын алу. | Н-1,2,18,19,20 Қ-2,4,5,12,13,14,21 | |
Окушылардың қимыл белсенділігі және гиподинамияның зияны | Н-1,2,3,4,5,6,7,15 Қ-2,4,9 | |
9-10 | Мектеп оқушыларының тамақтануы мен оны ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. | Н-1,2,3,4,5,6,7,10,11,12 Қ-2,4,8,14 |
11-12 | Алты жастағы балаларды окытып - тәрбиелеудің және күн тәртібінің гигиеналык негіздері | Н-1,2,7,20 Қ-2,3,8,9 |
Балалар мен жасөспірімдерде семіздік пен қант диабетінің алдын алу. | Н-1,2,3,4,5,6,7 Қ-2,4,5,10,11,14 | |
14-15 | Окушылар арасындағы жаман әдеттердің (темекі тарту, спиртті ішімдіктер ішу, токсикомания, есірткі пайдалану) алдын алу мен күресу | Н-1,2,3,4,5,6,7,20 Қ-2,3,8,9 |
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Апта | Тақырып | Әдебиеттер | Бақылау түрі |
Физикалық даму - баланың денсаулық жағдайы мен әлеумеггік аманшылығының маңызды көрсеткіші. Оқушылардың физикалық дамуын анықтау. | Н-1,2,3,4,10 Қ-1,10 | Баяндама | |
Автономиялық жүйке жүйесінің бөлімдері мен қызметі. | Н-1,2,3,5 Қ-2,3 | Реферат | |
Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу. Оқу – тәрбие жұмысындағы эмоцияның рөлі. | Н-1,2,3,6 Қ-2,3,12,13 | Ауызша сұрау | |
Баяу және жылдам ұйқы, оның маңызы. Ұйқы мен сергу кезеңінің гигиенасы. | Н-1,2,3,4,6 Қ-2,11 | ||
Бас мидың ассиметриясы және «солақайлық» мәселесі | Н-1,2,3,4,6 Қ-5,7 | ||
Ұл балалар мен қыздарга жыныстық тәрбие беру. | Н-1,2,3,4,5 Қ-12 | ||
Кан және кан айналымының жастык ерекшеліктері | Н-1,2,3,4,6 Қ-6,10 | ||
Әртүрлі жас кезеңдеріндегі топтардың тамақтану мөлшері | Н-1,2,3,4,5 Қ-1,4 | ||
Оқушылардың дене сымбатын дұрыс қалыптастыруды тәрбиелеу | Н-1,2,3,5,6 Қ-6,10,11 | ||
Балаларды оқыту мен олардың назар аудару және еске сақтау үрдістерінің физиологиялық механизмдері. | Н-1,2,3, 5 Қ-1,9 | ||
Мектеп ғимараты мен жер тіліміне санитарлык- гигиеналық баға беру. | Н-1,2,3,4,6,10 Қ-1,9 | ||
Сынып бөлмесінің гигиеналық сипаттамасымен оку жиһаздарын орналастыру. | Н-1,2,3,4,6 Қ-1,9 | ||
Балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың алдын алуда оқу – тәрбие мекемелерінің санитарлық жағдайының маңызы | Н-1,2,3,4,6,10 Қ-1,9 | ||
Мектеп режиміне гигиеналық баға беру. | Н-1,2,3,4,6,7 Қ-1,9 | ||
Балалар мен жасөспірімдердін арасындағы гиподинамиянын алдын алу шараларында педагогикалық қызметкерлерінің ролі. | Н-1,2,3,4,10 Қ-1,10 | ||
7. СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
«Адам анатомиясы» курсы бойынша оқу сабақтарының формаларының бірі СӨЖ болып табылады. Оқу сабақтарының бұл формасы студенттерде теориялық ойлауды қалыптастыруға, заңдылықтар нормаларының мазмұны мен маңызын түсінуге және сараптай білуге үйретеді.
СӨЖ өткізу үрдісінде мынадай педагогикалық әдістерді қолдануға болады: топтық және жеке тапсырмалар; ойындар; демонстрация; дискуссия немесе пікірталас; ауызша сұрау; тренингтер; тестілеу.
Студенттерде СӨЖ орындау барысында СӨЖ тапсырмалары арқылы қажет жағдайларда алған білімдерін қолдануға мүмкіндік туады.
Әрбір студент өзіндік дайындалу кезеңінде СӨЖ жоспарының барлық сұрақтарын қарастыруы, есептер шығаруы және сабаққа дайын болуы қажет.
СӨЖ дайындалу барысында тақырыптың әрбір сұрақтары бойынша әдістемелік мақсатқа сәйкес теориялық, сонымен қатар нормативтік материалдарға қысқаша тезис түрінде жазба жасаулары қажет.
СӨЖ орындау немесе хабарлау реферат, баяндама, теориялық материалдарды жалпылау түрінде жазбаша орындалады және СӨЖ ережесіне сәйкес тыңдалады. СӨЖ жауап беру кезінде дәптердегі немесе рефераттағы тезистер мен жазбалардың маңызына көңіл бөлінеді.
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ