Нормативті қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
$$$ Кітап, мұғалім сөздері қандай тәсіл арқылы жасалған?
A)лексикалық тәсіл
B)синтетикалық тәсіл
C)синтаксистік тәсіл
D)морфологиялық тәсіл
E)синтаксистік- морфологиялық тәсіл
$$$ Қай жақтың қолдану аясы кең?
A)1 жақ көпше түрі
B)2 жақ
C)1 жақ
D)2 жақ сыпайы түрі
E)3 жақ
$$$ Атжақты, қойкөзді, көпбалалы сөздері қалай жасалған?
A) тіркесу арқылы
B)қосарлану арқылы
C)бірігу арқылы
D)кірігу арқылы
E)қысқару арқылы
$$$ Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз?
A)ішкен-ді
B)орманды
C)қызды
D)сөйледі
E)ақылды
$$$ Жекіру одағайларын табыңыз.
A)моһ-моһ, құрау-құрау
B)тәйт, тек, жә
C)алакай, пәлі
D)әттең, қап
E)шүу
$$$ Жедел өткен шақтың жұрнағы жалғанған сөзді табыңыз.
A)барды
B)ақылды
C)қызды
D)келеді
E)ойнайды
$$$ Толымды сөйлемді табыңыз.
A)-Япырмай, ә?
B)Қарындасым, атыңыз кім?
C)Түн. Музыка. Ыстық ауа.
D)Кім жазды? – слесарь Лапшин.
E)Сырдың суы ышқынып ағады.
$$$ Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
A)Біз машинадан түсіп амандастық.
B)Маған тұруға тура келді.
C)Әбіштің оқшау ойларын Абайдың ұққысы келеді.
D)Мұны айтпауыма болмай қалып еді.
E)Көмірді қайламен қазу керек.
$$$ Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A)Түндік әлі ашылған да жоқ еді.
B)Бізді күткен шығар.
C)Қар әлі борап тұр.
D)Білмегенді сұраудан арланбау керек.
E)Бұйырса, биыл аламын.
$$$ Атаулы сөйлемді табыңыз.
A)Байлау осы болды.
B)Боран. Қар бораны емес-ау, қан бораны.
C)Оқуға түскеніне бір жыл болған еді.
D)Ұялғаннан үндей алар емес.
E)Қазір тіпті жақсы болды ғой.
$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты табыңыз.
A)-Уа, жөніңді айтшы, кімді аттың?-десіп тұра берісті.
B)Мен терезені қақтым, ол үндемеді деді.
C)Әй байғұсым-ау, не болған өзіңе дедім.
D)Қарынбай апалақтап қалды.
E)Сен өзің әрі кетші?- деді наздана.
$$$ Толымсыз сөйлемді табыңыз.
A)Ол терезені қақты.
B)Ол маған үнсіз қарай береді.
C)Аналардың емеурінін сезді.
D)Оның даусы естілер-естілмес екен.
E)Марат биыл келмейді.
$$$ Басыңқы сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін табыңыз.
A)бәрін үйрену
B)білген жақсы оқуға кел
C)жақсы оқушы
D)бақытқа кенелу
Е)жүрегі айну
$$$ Басыңқы сыңары сын есімнен болған сөз тіркесін табыңыз.
A)жеті күн
B)оқыған бала
C)айтқан дұрыс
D)оның сабағы
E) бәрін үйрену
$$$ Басыңқы сыңары сан есімнен болған сөз тіркесін табыңыз.
A)мұғалімнің сабағы
B)жырла бүгін
C)алты сағат
D)атадан алтау
E)менің көршім
$$$ Басыңқы сыңары есімдіктен болған сөз тіркесін табыңыз.
A)барлық ауыл
B)жырла бүгін
C)бес апта
D)менің балам
E)шыдамсыздауы менмін
$$$ Басыңқы сыңары үстеуден болған сөз тіркесін табыңыз.
A)келгені кеше
B)биыл түсті
C)биік белес
D)ол кетт
E)алыс жалау
$$$ Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін табыңыз.
A)ұзақ сөйледі
B)білімді азамат
C)айтқан адам
D)қалжыңбас кісі
E)жүрексіз жан
$$$ Бағыныңқы сыңары сын есімнен болған сөз тіпкесін табыңыз.
A)сүйкімді қыз
B)жегенге жақсы
C)әдебиет пәні
D)әңгіме айтылды
E)бала бақша
$$$ Бағыныңқы сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін табыңыз.
A)ұзақ айтысты
B)сұлу қыз
C)көп күлді
D)пікір айтты
E)төмен қарады
$$$ Бағыныңқы сыңары еліктеуіш сөзден болған сөз тіркесін табыңыз.
A)жүдеу жан
B)сылқ-сылқ күле бастады
C)ақылшы адам
D)үшінші қатар
E)өнім алу
$$$ Бағыныңқы сыңары үстеуден болған сөз тіркесін табыңыз.
A)бастаған Сәуле
B)жалқау бала
C)биылғы өнім
D)екінші қатар
E)әңгімеге ұласты
$$$ Бағыныңқы сыңары есімшеден болған сөз тіркесін табыңыз.
A)көрген адам
B)алмас қылыш
C)тәтті тамақ
D)адал дос
E)менің бақытым
$$$ Күрделі есім баяндауышы бар сөйлемді табыңыз.
A)Оның көзі бір ашылып, бір жұмылды.
B)Сиыр – төрт жүз, жылқы – мың үш жүз.
C)Аумаған Жақып пен Құнанбайдың өзі десек те болғандай.
D)Олар сөйлесті, әзілдесті, күлісті.
E)Марат Назым мен Қамарға ызалана қарады.
$$$ Күрделі етістік баяндауышты табыңыз.
A)Орал оқуға биыл барады.
B)Алматы - әсем қала.
C)Онды онға көбейтсе, жүз.
D)Бәкен орнынан ұшып тұрды.
E)Мынау тұрған – оқу ғимараты.
$$$ Сан есім мен етістіктің тіркесінен жасалған күрделі баяндауышты табыңыз.
A)Ол сөзді мына Ербол екеуіміз бес минут айттық
B)Жүгеріден мол өнім алдық
C)Оған қызыға қарады
D)Оқас бұрыннан көп сөйлейтін
E)Мақал – сөз мәйегі
$$$ Сөйлемнен өздік есімдігі мен етістіктің тіркесінен жасалған күрделі баяндауышты табыңыз.
A)Өкінетін мен емес.
B)Отыз үшке бөлінеді.
C)Жәнібек өзі туралы айтты.
D)Ар жақ – қазақ даласы.
E)Жұрт арасында толқулар барын сіз өзіңіз де білесіз.
$$$ Сөйлемнен күрделі сын есімнен болған күрделі бастауышты табыңыз.
A)Ана – бұлақ, ата – бәйтерек.
B)Ата көрген оқ жонар.
C)Алдында үш аттам жерде бір құла қасқа кетіп барады.
D)Бұлар бұрыннан таныс кісілер.
E)Әкесінің бір арманы осы еді.
$$$ Сөйлемнен күрделі сан есімнен болған күрделі бастауышты табыңыз
A)Ұмытпасам, қырық үшінші жыл еді.
B)Ол сөзді Сәуле бастан еді.
C)Бұл аңыз былай болған екен.
D)Жетпіс беске бөлінеді.
E)Бүгін айтпаса болмайды.
$$$ Сын есімнен болған баяндауышты табыңыз
A)Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік.
B)Бірақ өткіміз келмейді.
C)Ол қызара бастаған – Алпамыс.
D)Биыл келмесіне сенгісі келмейді.
E)Биік үйлер көп салыныпты.
$$$ Сан есімнен болған баяндауышты табыңыз
A)Өсекті соғып отыр.
B)Біз жирма төртпіз.
C)Екеуміз жолға шықтық.
D)Жарыстан үшінші рет орын иемденуі еді.
Е)Бірінші сыныпқа мұғалім болып орналасты.
$$$ Көңіл-күй одағайларын табыңыз.
A)мыңқ-мыңқ
B)көс-көс
C)әй, тәйт
D)қош-қош
E)алақай, әттең
$$$ Есімдіктен болған баяндауышты табыңыз
A)Есіктің алдында отырған бірталай адамдардың өзі осы.
B)Жұртпен тегіс амандасты.
C)Қандай қоғамдық жұмыс атқарып едіңіз.
D)Құрдастарыңыздың аты-жөнін білдік.
E)Еңбек етсең, емерсің.
$$$ Үстеуден болған баяндауышты табыңыз
A)Жоғары қараса, басы айналады.
B)Соңғы сөздерін күбірлеп айтты.
C)Жолынын қақпалап әкетпек болды.
D)Майбасар Дәркембайды енді таныды.
E)Олардың қаладан келгені кеше.
$$$ Күрделі сын есімнен жасалған анықтауышты табыңыз.
A)Ортадағы қоңыр төбел үйден төрт-бес жігіт шықты.
B)Өзінше қарап тұр.
C)Шетінен сөзуар жігіттер.
D)Екі жас жігіт шай ішті.
E)Жүрегінің түгі бар екен.
$$$ Сан есімнен жасалған анықтауышты табыңыз
A)Батыр туса ел ырысы.
B)Терлеп-тепшіп тамақ жеді.
C)Арық малдарын сатты.
D)Ботакөздің үш ағасы бар.
E)Даладан жүгірп кірді.
$$$ Есімшеден жасалған анықтауышты табыңыз
A)Құнанбай ұзақ сөйлейді.
B)Асан сабақ оқиды.
C)Жыбырлаған жан жоқ.
D)Орнынын ұшп тұрды.
E)Осы үйдің иесі Жәнібек кірді.
$$$ Есімдіктен жасалған анықтауышты табыңыз
A)Сапар екінші рет алдап кетті.
B)Қол-аяқтары ұзын екен.
C)Әбіш бұл айтқанынын да тез қайтты.
D)Биыл мектепті бітіреді.
E)Досы көпті жау алмайды.
$$$ Есім сөзден болған баяндауышты белгіле
A)Ол кешке келіп еді.
B)Дала тіршілігі енді басталды.
C)Ауыл әлі ояна қойған жоқ
D)Ердің сыншысы – ел.
Е) Елге қайтуға мүмкіндігім бар.
$$$ Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз
A)қорқыныш ұялады
B)Әсия қостады
C)қатты жүгірді
D)алақаны ысыды
E)өмірдің кілті
$$$ Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз
A)қаланың баласы
B)жүрегі айну
C)аты шығу
D)зарыға күту
E)төртінші қатар
$$$ Сөйлемнен қаратпа сөз қатысқан сөйлемді табыңыз
A)Серік, Нұржан, сендер өз үйлеріңе баратын шығарсыңдар?
B)Үйлеріңде неше жансыңдар?
C)Басы қатты болса, аяғы тәтті болады.
D)Жүрегі сыздап, басы ауырып жүрген адам көрмедім.
E)Сен мені кім деп жүрсің?
$$$ Жақсыз сөйлемді табыңыз
A)Істің ақ-қарасын айыру керек.
B)Өзі биыл қатты азып кеткен.
C)Жаңа үйге кіргені биыл ғой.
D)Жеті рет өлшп, бір рет кес.
E)Асан, сен нағыз доссың.
$$$ Есімшеден болған бастауышы бар сөйлемді табыңыз
A)Бекболаттар Дүрімбай аулына кетті.
B)Шешінген судан тайынбас.
C)Сөз естілмейді, үн естіледі.
D)Бас инженер аяңдап жарық көшемен жүріп келеді.
E)Төбе шашы тік тұрды.
$$$ Матаса байланысқан сөз тіркесін табыңыз
A)ашы тер
B)ағаш төсек
C)алтын сандық
D)жүкаяқтың үсті
E)бес сом
$$$ Матаса байланысқан сөз тіркесін табыңыз
A)алыс жол
B)жер ошақ
C)ауыр қылмыс
D)болат пышақ
E)батырдың жүрегі
$$$ Етістікті тіркесті табыңыз
A)бақытты шақ
B)алтын сағат
C)үшінші апта
D)жымия күлді
E)бұрынғы заман
$$$ Сөйлемдерден есім баяндауыш қатысқан сөйлемді табыңыз
A)Айнала аппақ болып тұтасып алған.
B)Дәмелі оянып кетті.
C)Мынау отырған ауыл – Оразбай ауылы.
D)Мағаш екеуі көпиен оңаша әңгімелесіп келе жатқан
E)Мен сған ескертпей келуші болма дегенім қайда.
$$$ Сөздердің байланысу түрі нешеу?
A)бесеу
B)екеу
C)үшеу
D)он
E)сегіз
$$$ Сөздердің байланысу тәсілі нешеу?
A)үшеу
B)алтау
C)жетеу
D)тоғыз
E)төртеу
$$$ Жақсыз сөйлемді табыңыз
A)Алыстан машина келе жатыр.
B)Есікті қатты жаппа.
C)Маған биыл Алматыға бару керек.
D)Шілденің ыстық күні.
E)Таң бозарып атты.
$$$ Толымды сөйлемді табыңыз
A)Үйіне қалай жетті, солай мұрттай ұшты.
B)Кітап оқуды өзім де жақсы көремін.
C)Адыр-адыр елсіз дала.
D)Палаткалар апрып тігеміз.
E)Баланы оқытпаса болмайды.
$$$ Мезгіл пысықтауышты табыңыз
A)қиын тағдыр
B)жымиып
C)арғы бетте
D)қыстыгүні
E)баланың ісі
$$$ Қаратпа сөз қатысқан сөйлемді табыңыз
A)Жабай жауап қайтара алмады.
B)Жә, өкпелемей-ақ қой.
C)Қап, не дедің сен бала?
D)Уа, туған жер, аша бер құшағыңды!
E)Ойбай, мынауы несі?
$$$ Сын есімнен болған толықтауышты табыңыз
A)Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ..
B)Ас иесімен тәтті.
C)Менің тағдырым ғой, бұл.
D)Жылқыда өт жоқ.
E)Елім менің жерге бай.
$$$ Жайылма сөйлемді табыңыз
A)Сен ерте кел.
B)Таң атып келеді.
C)Қыс ерте түсті.
D)Құнанбай үндемеді.
E)Әбіштің оқшау ойларын Әбіштің ұғына түскісі келді.
$$$ Атаулы сөйлемді табыңыз.
A)Айбаршаның тұрмысқа шыққанына үшінші жыл.
B)Поезға шығарып салды.
C)Су жылы екен.
D)Неге сонша мұңайдың?
E)Қыс. Түн. Қақаған аяз.
$$$ Сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілімді не дейміз?
A)синтаксис
B)морфология
C)лексика
D)фонетика
E)морфонология
$$$ Сөйлем синтаксисі нені қарастырады?
A) Тіл дыбыстарын.
B)Тыныс белгілерін.
C)Сөз таптарының ерекшеліктерін.
D) Сөйлемнің құрылу принциптерін, құрамын, түрін.
E)Қосымшалардың тіркесуін.
$$$ Құрамын өзгертіп айтуға келетін тіркесті қандай тіркес деп атаймыз?
A) дара тіркес
B)тұрақты тіркес
C) еркін тіркес
D)күрделі тіркес
E)оңаша тіркес
$$$ Құрамын өзгертіп айтуға келмейтін болатын тіркесті қандай тіркес деп атаймыз?
A)етістікті тіркес
B)тұрақты тіркес
C)есімдікті тіркес
D)дара тіркес
E)еркін тіркес
$$$ Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұруы арқылы байланысы қай байланысу формасы болады?
A) жанасу
B) қабысу
C)қиысу
D)матасу
E)меңгеру
$$$ Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі не?
A)үндестік заңы
B)дыбыс
C)сөз табы
D)тыныс белгілері
E)сөз
$$$ Біріккен зат есімдерді табыңыз
A)қайнаға, белбеу
B)ел-жұрт
C)пединститут
D)ҚазҰПУ
E)күн тәртібі
$$$ Қосарланған зат есімдерді табыңыз
A)ақыл-айла
B)көкпар
C)сары май
D)педучилище
E)қолқанат
$$$ Тіркескен зат есімдерді табыңыз
A)кеңшар
B)бала-шаға
C)мая-мая
D)күн тәртібі
E)жанұя
$$$ Қысқарған зат есімдерді табыңыз
A) ауыл шаруашылығы
B)құрт-құмырсқа
C) ҚазҰУ
D)бәйшешек
E)оқу орны
$$$ Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақты табыңыз
A)өтірікші, қателік
B)тарақ
C)бітеу
D)тілек
E)сыпырғыш
$$$ Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақты табыңыз
A)мүмкіндік, тіршілік
B)тілші, үгітші
C)тіршілік, адамшылық
D)кешірім, бұрғы
E)орындық, қателік
$$$ Синонимдік қатарды көрсетіңіз
A)тұшыну, түшкіру
B)сабырсыз, мазасыз, шыдамсыз, тағатсыз
C)дәрменсіз, әлжуаз, әдепсіз
D)ауыр-жеңіл
E)оқы, жүгір,сана
$$$ Синонимдік қатар түземейтін сөздерді көрсетіңіз
A)алыс,жақын, қашық
B)жаңағы, әлгі
C)ескі, көне
D)жабайы, тағы
E)жайылым, өріс
$$$ Қайталама қос сөзді табыңыз
A)жоғары-төмен
B)биік-биік
C)ақ-қара
D)ата-ана
E)бұлбұл
$$$ Қосарлама қос сөзді табыңыз
A) кімде-кім
B)тау-тау
C)алыс-бөтен
D)топ-топ
E) ағайын-туған
$$$ Жалқы есімді табыңыз
A) Мерзім
B)Кітапхана
C)Желтоқсан
D) Аманжол
E)Жануар
$$$ Жалпы есімді табыңыз
A)Мемлекет
B)Қазақстан
C)Абай жолы
D)Еңлік-Кебек
E)Атырау
$$$ Көптік мәнді есімдерді табыңыз
A)қыздар
B)балалар
C)ұн,жел
D)жануарлар
E)кітаптар
$$$ Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз
A)апай, көкетай
B)тоқылдақ, жайдақ
C)сағыныш, күйініш
D)сүзгіш, тұтқыш
E)егіншілік, малшылық
$$$ Туынды сын есімді табыңыз
A)қалың
B)қара
C)сары
D)жұқа
E)ұйымшыл
$$$ Туынды сын есімді табыңыз
A)аласа
B)сөзшең
C)тік
D)жылы
E)сұр
$$$ Негізгі сын есімді табыңыз
A)ақ
B)бойшаң
C)бастапқы
D)күзгі
E)ауылдық
$$$ Негізгі сын есімді табыңыз
A)тар
B)алғыр
C)ашпалы
D)жазғы
E)сөзуар
$$$ Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз
A) шығыңқы
B)жабық
C) икемді
D)күлдіргі
E)тебеген
$$$ Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз
A)сенгіш
B)қашық
C)жылауық
D)салбыраңқы
E)инбатты
$$$ Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз
A)гүлді
B)ауызғы
C)төменгі
D)күлдіргі
E)сулы
$$$ Күрделі сын есімді табыңыз
A)шұбар ала
B)тар
C)кең
D)ұзын
E)сары
$$$ Жай шырайды табыңыз
A) кішірек көйлек
B)үлкенірек үй
C) жақсы бала
D)тап-таза ауа
E)ең қиын есеп
$$$ Салыстырмалы шырайды табыңыз
A)бойшаңырақ жігіт
B)қызыл сия
C)тым қатты
D)аса үлкен бөлме
E)биік тау
$$$ Күшейтпелі шырайды табыңыз
A)тұп-тұнық су
B)жақсы жолдас
C)адал махаббат
D)кішілеу кісі
E)қамыс құлақ
$$$ Асырмалы шырайды табыңыз
A) ыстық сезім
B)қадірлі жан
C)семіз мал
D)нағыз достық
E) ең қадірлі жан
$$$ Дара сан есімді табыңыз
A) он бір
B) мың, жетпіс
C)жиырма екі
D)жүз бір
E)бес жүз
$$$ Күрделі сан есімді табыңыз
A)мың
B)жүз алпыс бес
C)жүз
D)жиырма
E)қырық
$$$ Есептік сан есімді табыңыз
A)екеу, алтау
B)бір, екі
C)төртінші
D)мыңдаған
E)он-оннан
$$$ Реттік сан есімді табыңыз
A)үшеу
B)мың
C)жүз шақты
D)оныншы
E)бестен екі
$$$ Жинақтық сан есімді табыңыздар
A) мыңыншы
B)алпыс алты
C) төртеу
D)бес-бестен
E)елудей
$$$ Топтық сан есімді көрсетіңіз
A)жиырма-отыздан
B)онннан екі
C)бесінші
D)жетеу
E)жиырма сегіз
$$$ Болжалдық сан есімді табыңыздар
A) атадан алтау
B)бесінші қатар
C)он күндік
D)қырықыншы жыл
E) елудей бала
$$$ Бөлшектік сан есімді табыңыз
A)үштен екісі
B)он-оннан
C)бірінші
D)бесеу
E)жүз елудей
$$$ Жіктеу есімдігін табыңыз
A)бұл, сол
B)мен, біз
C)кім,не
D)өзің
E)біреу
$$$ Сілтеу есімдігін табыңыз
A)біреу, бірдеңе
B)біз, сендер
C)барша, түгел
D)мынау, әне
E)өзі, өздерің
$$$ Сұрау есімдігін табыңыз
A)қайсы, қайда
B)мынау, әне
C)біз, сіздер
D)әлдене, әлдекім
E)күллі, бүтін
$$$ Өздік есімдігін табыңыз
A) мына, осынау
B)кім, қашан
C)барлық, түгел
D) өзім, өздерің
E)мен, сен
$$$ Белгісіздік есімдігін табыңыз
A)сіз, біз
B)өздері, өзің
C)қалай, қай
D)мынау,сонау
E)біреу, бірдеме
$$$ Болымсыздық есімдігін табыңыз.
A) өзі, өзім
B)барлық, бүкіл
C) ешкім, ештеңе
D)қашан, қалай
E)олар, сен
$$$ Жалпылау есімдігін табыңыз
A)барша, түгел
B)ешқашан, ешқандай
C)өздері, өзім
D)біз, сендер
E)қалай, қашан
$$$ Жалаң етістікті табыңыз
A)оқы, сабала
B)жәрдем ет
C)жүгіріп келдім
D)аласал
E)ішіп қой
$$$ Түбір етістікті табыңыз
A)айла, баула
B)айт, бар
C)ойла, терле
D)жоғарыла, оңғар
E)ұртта, емде
$$$ Есім негізді етістікті табыңыз
A)қарастыр
B)сабала
C)тізбеле
D)тізеле
E)алыңқыра
$$$ Етістік негізді етістікті табыңыз
A)иықта
B)арқала
C)түрткіле
D)ойлан
E)арашала
$$$ Күрделі етістікті табыңыз
A)айта сал
B)жаққыз
C)қамалды
D)сөйлестір
E)бөлмеле
$$$ Сабақты етістікті табыңыз
A)жүгір, жат
B)жүр, кел
C)күл, кір
D)төз, тұр
E)мүжі, айда
$$$ Салт етістікті табыңыз
A)жасыр, жама
B)шеш, ки
C)кір, жет
D)тоқы, іш
E)болжа, басқар
$$$ Негізгі етісті табыңыз
A)бар, кел
B)айтыс, көріс
C)төрлет, ойнат
D)жуын, оран
E)барғыз, айтқыз
$$$ Ортақ етісті табыңыз.
A)апарыс, салыс
B)оқыт, төрлет
C)көрін, сұран
D)айт, апар
E)ішкіз, білгіз
$$$ Өзгелік етісті табыңыз
A)қамалды, жиналды
B)келіс,қарас
C)оян, қуан
D)сөйлеткіз, жинатқыз
E)баста, таста
$$$ Өздік етісті табыңыз
A)айтқыз, барғыз
B)жуын, оран
C)білдір, алдыр
D)барыс, қарас
E)сепкіз, еккіз
$$$ Жіктелетін көсемшені табыңыз
A)-ғалы
B)-ып
C)-гелі
D)-ғанша
E)-генше
$$$ Жіктелмейтін көсемшені табыңыз
A)-п
B)-ып
C)-ғанша
D)-а
E)-е
$$$ Қалау райды табыңыз
A)барғым келеді
B)мен барсам
C)сен келсең
D)мен барамын
E)біз барайық
$$$ Шартты райды табыңыз
A)жүріңдер
B)ішкім келеді
C)сен айт
D)бара сал
E)мен барсам
$$$ Негізгі үстеуді табыңыз
A)күліп-ойнап
B)ілгері-кейін
C)әрең-әрең
D)әдейі
E)анда-санда
$$$ Туынды үстеуді табыңыз
A)біздіңше, жаздай
B)ерте, кеш
C)нақ,дәл
D)әбден, мүлде
E)дереу, әрең
$$$ Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз
A)Батаменен ер көгерер
B)Білім іздеген өсер
C)Құрғақ қасық ауыз жыртады
D)Телі мен тентек қайда да бар болатын
E)Шалдың мазасын алдық білем
$$$ Есімше тұлғасында тұрған сөзді табыңыз
A)қарайып
B)қарайтын
C)қараса
D)қараман
E)қарас
$$$ Инотнация арқылы байланысты табыңыз
A)Мақпал - әнші
B)Мақтан қума
C)Мен көрдім
D)Ұзын қайың
E)Бригадирмен кездесу
$$$ Тұрақты тіркесті табыңыз
A)сәлем бер
B)келіп отыр
C)ашық ауыз
D)айтар сөз
E)жазғы көйлек
$$$ Көңіл-күй одағайын табыңыз
A)моһ-моһ
B)айт
C)тек
D)сөйтіп
E)алақай
$$$ Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз
A)Қарақұс – жыртқыш құс
B)Көк алманы алма
C)Ел үмітін ер ақтар
D)Көппен көрген ұлы той
E)Көңілі бұлақтай таза
$$$ Синоним сөздерді табыңыз
A)әдемілеу, сәндеу
B)ар, намыс, ұят
C)ақ, қара
D)әрең, жаяу
E)батыр, шымыр
$$$ Синоним емес сөздерді көрсетіңіз
A)алданыш, алжапқыш
B)арман, қиял
C)арнайы, әдейі
D)ауыр, зіл
E)сыйлық, жүлде
$$$ Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз
A)қызыл
B)онсегіз
C)күшті
D)бауырсақ
E)биыл
$$$ Тасымалданбайтын сөзді табыңыз
A)М.Дулатов
B)Барлық
C)Бауыр
D)Ақтару
E)Басшылық
$$$ Сын есімнен жасалған күрделі сөзді табыңыз
A)қатты күлу
B)үйге келу
C)кең маңдайлы
D)жүгіріп келу
E)алысқа қарау
$$$ Туынды етістікті табыңыз
A)олар, біздер
B)жүрді, алды
C)айқайлап жіберді
D)қыста, кеше
E)басқар, ұшта
$$$ Демеулік шылауды табыңыз
A)туралы, және
B)-ау, -алайда
C)-ақ, -ау
D)да, де
E)-ма, -ме
$$$ Тәуелдік жалғауы қай тіркесте
A)Көңілсіз емеспін
B)Жаңа келдім
C)Бар ма еді?
D)Көңілсіз кезеңдерім
E)Жаңа әнді айттым
$$$ Антонимдес сөз тіркесін табыңыз
A)жақсы жар, жаман жар
B)семіз адам, ауру адам
C)туған өлке, алыс өлке
D)жат жұрт, қалың жұрт
E)өткір пышақ, өткір сөз
$$$ Диалект сөзді табыңыз
A)бәтеңке
B)шәугім
C)ғарыш
D)ар
E)бағдаршам
$$$ Дұрыс жазылмаған сөзді табыңыз
A)лестіру
B)ілгіш
C)лайық
D)рас
E)лашық
$$$ Дыбыстық еліктеуішті табыңыз
A)қисалаң
B)ілгіш
C)саңқ
D)ербең
E)мылжың
$$$ Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз
A) өнер тапқыш, жүрек жарды хабар
B)күй табақ, жаны ашу
C)көк жиек, ашық хат
D)қыз қуу, тұсау кесер
E) халық аралық, мұра жай
$$$ Көмекші есімдерді табыңыз
A)кім
B)шыны
C)біресе
D)маңы
E)дейін
$$$ Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз
A)-паз, -қор
B)-ны, -нан
C)-лар, -лер
D)-ау, -еу
E)-дық, -дік
$$$ Кейінді ықпалды табыңыз
A)Қандағаш
B)Үмітбек
C)Әншінің әні
D)Жеңіл-желпі
E)Көкшетау
$$$ Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз
A) Гауһардай
B) Күләнға
C)Әншіміз
D)Жұмысшы
E)Құлақдар
$$$ «Гүріл» деген сөз қай сөз табынан жасалған
A)етістіктен
B)зат есімнен
C)одағайдан
D)үстеуден
E)шылаудан
$$$ Ортақ етісті табыңыз
A)барды, апарды
B)сөйлетті, алдырды
C)таранды, сыланды
D)шешілді, тұрғызылды
E)жазысты, айтысты
$$$ Жалғаулық шылауы бар сөйлемді табыңыз
A)Әсет тез киіне бастады.
B)Бетінің әрі тая бастады.
C)Асан малға икемді болып өсті.
D)Ажар-әнші әрі күйші.
E)Әкесі балсының ұқыпты екеніні сезе бастады.
$$$ Еліктеу сөздердің көбінесе қай сөзбен тіркесетінін табыңыз
A)көмекші етістік
B)зат есім
C)сан есім
D)үстеу
E)есімше
$$$ Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз: Жұқа кітап
A) жалғау
B)септік жалғау
C) орын тәртібі
D)дауыс ырғағы
E)шылау
$$$ Атаулы сөәйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз:
Шаңқай түс. Жайлаудағы ауыл.
A)біріккен сөз
B)сөз тіркесі
C)туынды сөз
D)қысқарған сөз
E)күрделі сөз
$$$ Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын табыңыз:
Уа, туған жер, аша бер құшағыңды!
A)2, 3 сөз
B)5, 6 сөз
C)2, 6 сөз
D)4, 5 сөз
E)1, 2 сөз
$$$ Қысаң дауыстылары бар сөзді табыңыз
A)әділет
B)іңкәр
C)жауырын
D)ғылыми
E)төсек
$$$ Кейінді ықпалды табыңыз
A)Ақ лақ
B)Қамысбай
C)Қара қой
D)Арбакеш
E)Ала кел
$$$ Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A)қан қақсатты
B)көзді ашып-жұмғанша
C)қой аузынан шөп алмас
D)төбе шашы тік тұрды
E)қызыл алма
$$$ Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөзді табыңыз.
A)Сен баласы ма едің соның?
B)Мен кітап алғалы әдейі келдім.
C)Біз өтетін өзеннің ағысы қатты, алайда терең емес.
D)Жақсымен жолдас бол, жақсы жүр.
E)Жәкем қуанғанынан жылап жіберді.
$$$ Архаизм тіркесті табыңыз
A)жол жүрді
B)күпі киді
C)сөз құдіреті
D)қиын сөз
E)жазық дала
$$$ Ашық буынды сөздерді табыңыз
A)баланы алу
B)бетті басу
C)баланы бақ
D)баланы апар
E)баланы бер
$$$ Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңіз
A)18 кг
B)сушы
C)суық
D)бастық
E)алаула
$$$ Жазылу мен айтылуында сәйкестік бар сөзді табыңыз
A)құйын
B)ұлық
C)құын
D)қанат
E)жанбады
$$$ Сөздердің дұрыс айтылу ерекшелігін көрсететін сөздікті табыңыз
A)этимологиялық сөздік
B)түсіндірме сөздік
C)орфоэпиялық сөздік
D)синонимдер сөздігі
E)антонимдер сөздігі
$$$ Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз
A)жұмыскер
B)балықшы
C)ерегіс
D)қақпан
E)еліктеуіш
$$$ Сын есім қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз: Еркін - сабағын жақсы оқитын бала.
A)баяндауыш
B)бастауыш
C)анықтауыш
D)толықтауыш
E)пысықтауыш
$$$ Жинақтық сан есімдерге тән жұрнақты табыңыз
A)-дай, -дей
B)-ау, -еу
C)-ыншы, -інші
D)-даған, -деген
E)-лап, -леп
$$$ Сілтеу есімдігін көрсетіңіз
A)үшеу
B)санау
C)сонау
D)кейбіреу
E)бәрі
$$$ Есімшелі сөзді табыңыз
A)жазғалы, оқыпты
B)барар, қайтқан
C)төрттен бір
D)айта бер
E)шығып кет
$$$ Жалғаулық шылауы бар сөйлемді табыңыз
A)Күндіз де, түнде де қасынан шықпады
B)Үсен топты бастап келеді
C)Жел қатты күшейе түсті
D)Біздің ауыл сулы жерде
E)Жеті рет өлше
$$$ Тіл білімі саласына жататын термин сөзді анықтаңыз
A)сөйлем
B)рельеф
C)синус
D)асфальт
E)интернет
$$$ Орфографиялық принципке бағынған сөзді табыңыз
A)өнөр
B)жұлдұз
C)бүлүк
D)еңкею
E)өндүрүс
$$$ Жазылуы мен айтылуында өзгеріс бар сөзді табыңыз
A)сары
B)бала
C)қанат
D)бағалы
E)жүзік
$$$ Кейінді ықпалды табыңыз
A)ағашпен
B)жұмысшы
C)төрттік
D)әнші
E)ағаттық
$$$ Біріккен зат есімді табыңыз
A)белбеу
B)ата
C)бала-шаға
D)бес күндік
E)сары май
$$$ Қосымша қанша болатынын көрсетіңіз
A)7
B)4
C)9
D)5
E)2
$$$ Болымсыздық есімдігін табыңыз
A)ешқайсысы
B)бүкіл
C)биыл
D)бәріміз
E)түгел
$$$ Мөлшер үстеуін табыңыз
A)жоғары, биік
B)алды, арты
C)соншалық, онша
D)лажсыздан, өзінше
E)тіпті, өңкей
$$$ Қарсылықты жалғаулықтар қатарын көрсетіңіз
A) я, немесе
B)мен, бен, да, де
C) әйтпесе, бірақ, дегенмен
D)сондықтан, сол себепті
E)егер, онда
$$$ Негізгі еліктеу сөзді көрсетіңіз
A)кілтің
B)сымпың
C)быжың
D)шіңк
E)торсаң
$$$ Еркін сөз тіркесін табыңыз
A)алтын сағат
B)қырық пышақ
C)аузын ашпау
D)зар қақсау
E)арам қол
$$$ Көңіл-күй одағайы бар сөйлемді табыңыз
A)Пай-пай! Күннің жаууы-ай!
B)Кел, балалар, оқылық..
C)Балам, қайда зытып барсың?
D)Келгенің қандай жақсы болды!
E)Жауыннан бұрын кетіп қалмаған екенбіз.
$$$ Синонимдік қатар құрамайтын сөздерді табыңыз
A)солу, сему
B)сағыну, жүйелену
C)сирек, селдір
D)сүйір, үшкір
E)енді, қазір
$$$ Антонимді табыңыз
A)азшылық-көпшілік
B)топ-топ
C)бақа-шаян
D)қыбыр-жыбыр
E)жоғары-биік
$$$ Тарихи сөзді табыңыз
A)шрифт, лифт
B)балапан, құс
C)баспа, көрме
D)бағдарлама, бағдаршам
E)нөкер, ауылнай
$$$ Кәсіби сөзді табыңыз
A)командир, солдат
B)ауыл, қала
C)танап, көшет
D)онбасы, жүзбасы
E)операция, хирургия
$$$ Кірме сөздерді табыңыз
A)қой, лақ
B)қасық, құлып
C)қасқыр, түлкі
D)бақыт, дүние
E)күзем, жазғытұрым
$$$ Кірме сөздерді табыңыз
A)бөшке, кереует
B)жер, жаз
C)алыс, жақын
D)сары, жасыл
E)жүз, жиырма
$$$ Тура мағынадағы сөзді табыңыз
A)иненің көзі
B)матаның көзі
C)адамның көзі
D)істің көзі
E)көз болу
$$$ Омонимді табыңыз
A)Жиегі жайдақ айдын көл.
B)Ауыл отырған жайдан асықпай жайлап аттанды.
C)Бар ғалам бір жақ, өзі бір жақ..
D)Жерің шалғай, сөзің жалған бола ма?
E)Жайлауға ел қонды.
$$$ Тұйық буынды сөзді табыңыз
A)қаз
B)оқ
C)қала
D)әже
E)баспана
$$$ Тасымалданбайтын сөзі бар сөйлемді табыңыз
A)Осы адам үш жүз түрлі шөп жинады.
B)Мұқанның жасы отызда.
C)Биыл тауық жылы.
D)Ертең ауылға қайтамыз.
E)Қалаға үшінші ғана келуім.
$$$ Сөзді біркелкі жазудың тәсілдерін белгілерін анықтайтын ережені анықтаңыз
A)морфология
B)фонетика
C)стилистика
D)синтаксис
E)орфография
$$$ Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз
A)дұрыс
B)әркім
C)ашша
D)құлын
E)ақ лақ
$$$ Ілгерінді ықпалды табыңыз
A)жұмыскер
B)ақ ешкі
C)жұлдыз
D)жазушылар
E)ұшқышсың
$$$ Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз
A)еңбегімен бағаланды
B)есіктен кіру
C)жүрегі алқынды
D)қыз бен жігіт
E)мен азатпын
$$$ Септеулі сын есімді табыңыз
A)Мейірімсіздердің жолын кесу керек.
B)Сүйікті апасы келді.
C)Екі-екіден отырыңдар.
D)Қызылдар қырғыны.
E)Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді.
$$$ Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз
A)жандар
B)құлдар
C)діндар
D)сардар
E)алдар
$$$ Тоғыспалы ықпалды табыңыз
A)бас қою
B)тас салу
C)бас салу
D)тас жол
E)құлақшын
$$$ «Соң»,«бұрын» шылауын меңгеретін септікті табыңыз
A) барыс септік
B) шығыс септік
C)көмектес септік
D)атау септік
E)жатыс септік
$$$ Көмекші етістіктен келген еліктеуішті табыңыз
A)қызы қарап тұр
B)анда-санда келеді
C)алба-жұлба
D)жалп- жалп етті
E)баласы ішіп болды
$$$ Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз
A)отырған сияқты едім
B)әуел бастан
C)айлакер түлкі
D)әшкере ету
E)әлжуаз бала
$$$ Жалқау ұғымындағы тұрақты сөз тіркесін табыңыз
A)жұмған аузын ашпады
B)жер тепкіледі
C)шөп басын сындырмау
D)бүйрегі бүлк етпеді
E)аузына құм құйылды
$$$ Сөйлемдегі бастауыш қандай есімдіктен жасалып тұр:
Бұл – барлық адамның және бүкіл дүниенің символы
A)болымсыздық
B)белгісіздік
C)сұрау
D)өздік
E)сілтеу
$$$ Сөйлем түрін анықтаңыз: Рахия жымиды
A)жалаң
B)жайылма
C)жақсыз
D) құрмалас
E)атаулы
$$$ Сөйлемдегі ойға айтушының түрліше көзқарасын білдіретін сөзді көрсетіңіз
A) қыстырма сөз
B)төл сөз
C)төлеу сөз
D) қаратпа сөз
E)одағай сөз
$$$ Төл сөзге тән анықтаманы табыңыз
A)біреудің қанатты, өнегелі сөзі
B)екі адамның сөйлескен сөзі
C)біреудің сөзін жеткізушінің сөзі
D)сөзі біреудің өзгертілмей айтылған сөзі
E)біреудің сөзінің мазмұны
$$$ Қойылмаған тыныс белгісін табыңыз: Алынған заттар орындық, тақта, стол сынып бөлмелеріне сән бергендей.
A)сызықша
B)үтірлі нүкте
C)қос нүкте
D)көп нүкте
E)леп белгісі
$$$ Ауыспалы мағынада қолднылып тұрған сөзді табыңыз
A)ақ қағаз
B)ақ мата
C)қара бояу
D)қара шаш
E)істің ақ, қарасы тексерілді
$$$ Көмекші есімді тіркесті табыңыз
A)бақытты балалық
B)қала арасы
C)ала жаздай
D)сексен сом
E)бейбіт өмір
$$$ Күшейтпелі шырайда тұрған сын есімді табыңыз
A)қып-қысқа
B)аласа
C)биік
D) көгілдір
E)аласалау
$$$ Күрделі етістікті табыңыз
A)жүгір
B)қатты жүгірді
C)әрең берді
D)жүгіріп келеді
E)келу-кету
$$$ «Дүрсіл» сөзінен қандай туынды сөз жасауға болады?
A)етістік
B)қыстырма
C)шылау
D)одағай
E)сан есім
$$$ Қиыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз
A)жақсы жігіт
B)ауылға бару
C)оқушының кітабы
D)қызық кітап
E)мен сөйлеймін
$$$ Жаңа сөз жасаушы тәсілді көрсетіңіз
A)септік жалғау
B)тәуелдік жалғау
C)жұрнақ
D)түбір
E)жіктік жалғау
$$$ Көсемшенің жұрнағын табыңыз
A)-дың, -дың
B)-хана, -стан
C)-ған, -ген
D)-ып, -қалы
E)-жан, -тай
$$$ Бұйрық райды табыңыз
A)барғыз, тұрсын
B)айтсам, сөйлесең
C)барғым келеді
D) барғайсыз
E)жазамын
$$$ Шартты райды табыңыз
A)көргім жоқ
B)айтқыз, шапқыз
C)кірсе, білмесем
D)түсемін, ойлаймын
E)айтпа, сөйлеме
$$$ Шығыс септіктің жалғануы арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз
A)шетінен, ежелден
B)менен, сенен
C)ретімен, түнімен
D) алда, артта
E)солай, тікелей
$$$ Жатыс септіктің жалғануы арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз
A)осынша, мұншалық
B)шетінен, шалқасынан
C)бүгін, биыл
D)лезде, артта
E)жөнсіз, есепсіз
$$$ Сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулерді табыңыз
A)таңертең, бүгін
B)кешке қарай
C)алақан
D)төтенше
E)өзінен-өзі
$$$ «қатар», «бірге» шылаулары қай септіктегі сөздермен тіркеседі?
A)барыс
B)көмектес
C)табыс
D) жатыс
E)атау
$$$ «шейін», «таман» шылаулары қай септіктегі сөздермен тіркеседі?
A)көмектес
B)атау
C)шығыс
D)барыс
E)табыс
$$$ «сайын», «туралы» шылаулары қай септіктегі сөздермен тіркеседі?
A)атау
B)шығыс
C)барыс
D)табыс
E)жатыс
$$$ Шектік демеуліктерді табыңыз
A)бұрын, гөрі
B)сайын үшін
C)туралы, секілді
D)таман, тарта
E)ақ, ғана
$$$ Есімді тіркесті табыңыз
A)ұйқылы-ояу
B)сабаққа бардық
C)жақсы оқыды
D)қатты шаршау
E)білімді азамат
$$$ Етістікті тіркесті табыңыз
A)білімді азамат
B)қу орны
C)сабаққа бару
D)алтын жүзік
E)сары ала қаз
$$$ Атаулы сөйлемді табыңыз
A)Қыс.Түн. Аяз.
B)Марат, Ербол, бері келіңдер.
C)Бұл жүрген сен бе, Әбіш?
D)Биыл қар қалың жауды.
E)Мен олай ойламаушы едім.
$$$ Күрделі зат есімді табыңыз
A)күн тәртібі
B)құрылысшы
C)терезе
D)жұртшылық
E)тарақ
$$$ Тіркескен зат есімді табыңыз
A)бала-шаға
B)алты-жеті
C)ата-ана
D)оқу орны
E)топ-топ
$$$ Біріккен сөздерді табыңыз
A)балықшы, қасапшы
B)бүгін, биыл
C)мая-мая
D)биік, жоғары
E)ары-бері
$$$ Тәуелдік септеуді табыңыз
A)көп күту
B)менің қалам
C)баласын шақыртып алды
D)үлкенді сыйлау
E)жақсымен жолдас болу
$$$ Шұғыл дауыссыздарды табыңыз
A)с,з
B)ф,в
C)т,қ
D)ш,ж
E)ж,һ
$$$ Қатаң дауыссыздарды табыңыз
A) п,ф, қ, т
B)о, ұ, ы, а
C)е, ә, ү, і
D)б, в, г, д
E)р, л, м, н
$$$Үнді дауыссыздарды табыңыз
A)ы, ұ, ү
B)б, г, ж
C)с, т, к
D)у, м, н
E)ш, с, з
$$$ Етістіктен зат есім жасап тұрған жұрнақтарды табыңыз
A)жарма, күзем
B)арбакеш, құмдақ
C)тарсыл, гүрсіл
D)үгітші, өсекші
E)іскер, дәрігер
$$$ Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтарды табыңыз
A)шірік, бітік
B)жерлес, орталық
C)шығыңқы, көтеріңкі
D)сөйлеуік, сұрауық
E)білгіш, тапқыш
$$$ Тәуелдік жалғауының ІІ жағында тұрған сөзді табыңыз
A)апасы
B)бақытым
C)күшіміз
D)қағазың
E)сезімдері
$$$ Жалпы есімді табыңыз
A)Құлагер
B)Қазақстан
C)Қобыланды батыр
D)Баян
E)Кітап
$$$ Есептік сан есімді көрсетіңіз
A)он сегіз
B)екінші
C)біреу
D) ондаған
E)бес-бестен
$$$ Толық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздерді анықтаңыздар
A)етістік
B)зат есім
C)сын есім
D)есімдік
E)шылау
$$$ Еліктеуіштен жасалған зат есімді табыңыз
A)ырыл
B)таныл
C)жазыл
D)айыл
E)асыл
$$$ Етістіктің нақ осы шағын көрсетіңіз
A)айтқысы келді
B)білмек болды
C)оқып отыр
D)бірге оқыған
E)түскісі келеді
$$$ Шылауы бар сөйлемді анықтаңыз
A)Үй айналып жүгір(ме)
B)Көкті жұл(ма)
C)Cабақ басталды(ма)
D)Қолыңды аузыңа сал(ма)
E)Нанды шаш(па)
$$$ Байырғы қазақ тілінде қанша дауысты бар?
A) 9
B)12
C)15
D) 18
E)26
$$$ Реттік сан есімдердің қайсысы орфография ережесіне сай жазылған?
A)ХХІ-ғасыр
B)ХХІ ғасыр
C)21 ғасыр
D)21-ші ғасыр
E)ХХІ-ші ғасыр
$$$ Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз
A)Қарагөз
B)Итпай
C)Түлкүнү
D)Бірқазан
E)Арғыгүні
$$$ Орфоэпия бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз
A)күрек
B)күлкү
C)құлақшын
D)құлақдар
E)сәнқой
$$$ Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз
A)Оражжан
B)Мұратбек
C)Башшы
D)Сөшшең
E)Жаңғожа
$$$ Дауыссыздар жасалу орнына қарай қалай жіктеледі?
A)қатаң, ұяң, үнді
B)шұғыл, ызың, қысаң
C)ерін, тіл, көмей
D)тіл алды, тіл ортасы, діріл
E)еріндік, езулік
$$$ Ауыспалы мағынада қолднылып тұрған сөзді табыңыз
A)қараңғы қазақ
B)қараңғы түн
C)қараңғы бөлме
D) қараңғы үңгір
E)дала қараңғы
$$$ Әр сөзі қандай сөзбен бірге жазылады?
A)әр сенбіде
B)әр уақыт
C)әр күн
D)әр кез
E)әр қашан
$$$ Архаизмдерді табыңыз
A)қорамсақ, көнек, талыс
B)тыңдарман, көрермен
C)кеуірт, күкірт
D)түбір, қосымша
E)атыз, қауашақ
$$$ Орыс тілінен енген кірме сөзді табыңыз
A)атыз, көсек
B)абдыра, аймақ
C)перде, таразы
D)сот, жәшік
E)мектеп, емтихан
$$$ «Ит арқасы қиянда» тұрақты тіркесіне синоним тіркесті көрсетіңіз
A)жақсы ит өлігін көрсетпейді
B)ит байласа тұрғысыз
C)ит өлген жер
D)ит жоқ жерде шошқа үреді
E)ит өмір
$$$ Мағынасы тұрпайы сөздерді жұмсартылып айтылу құбылысы не деп аталады?
A)жаргон
B)табу
C)метафора
D)синоним
E)эвфемизм
$$$ Академик В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасын нешеге бөледі?
A) үшке
B)алтыға
C)сегізге
D) онға
E)екіге