Дәріс 1.Этика ұғымы және оның заты.
Дәріс мақсаты: Этика ұғымының пайда болу кезеңін анықтап білу.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Этика түсінігі.
2. Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
3. Қазіргі этика теориялары.
1. Этика түсінігі.
Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.
Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді. Мысалы, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай.
Адамның өзге адамдарға деген шынайы силастығының сыртқы көрінісінде, оның көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез – құлықтықтық мазмұнға ие болғанда ғана шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткішін тануға болады.
Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі туралы екі жарым мың жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын ережесінде» «Басқалар өзіңе қандай қарым – қатынаста болсын десең, өзің де басқаларға сондай қарым – қатынаста бол» делінген. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық этиканың қарым – қатынастағы маңызды құптарлық құптарлық кредосы болса , сондай дәрежеде жасандылық, мәнерлілік пен жалғандылық этиканың айыптайтын маңызды кредосы қатарына жатады..
Бізге. әсіресе, бұл кредолар қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ( басқаға риясыз көмек көрсету) ұғымы келмеске кеткен сияқты.
Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшеліктерімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары паайда болды.. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі.
Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым.
Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда басқалармен бірігіпөмір сүре алатын қарым – қатынаста бола алу қабілеті. Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлға мен қауымның, адаммен азаматтың арасындағыізгілікережелерінің жиынтығы.
Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель(б.д.д.384-322ж.ж.). Ол адамзат тарихында алғашқы болып адам дамуының барлық жағын қамтитын философия жүйесін құрған грек философы.
Этика деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан. Ол ғылым бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:
1.Этикалық ізгіліктер.
2.Дианоэтикалық ізгіліктер.
Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық, батылдық, шыншылдық.
Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі: Ақыл мен парасат.
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады. Солмораль адамзатпен қабысып, тұтасып бірігіп этиканы құрайды.
2. Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан. Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Этика Грек тілінен аударғанда «Әдеп» дегенді білдіреді.
Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді. Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды.Мысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің (Әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымның) мүшесі болу керек деп білді.
Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.
Аристотель Этикасында «Құба төбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өиткені Аристотельдің айтуынша адам ізгілікке екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана жетеді – деген екен.
Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені, Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.
Жалпы Антикалық этикаға байланысты адамға тиесілі негізгі 3 мұрат бар деп есептеген. Олар:
1. Адам мен Полистің бірлігі.
2.Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейлінше сену.
3. Эвдомоманы, яғни «бақытты» адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану.
Азіргі этика теориялары.
Қазіргі этика адамзат тарихының ежелгі кезеңімен өте тыгыз байланысты. Қазіргі кезде этиканың ең басты пәні Мораль.Ол күнделікті этикетпен тығыз байланысты.
Коптеген философиялық,теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады.Олар: Достық, Махабат, Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық, ұят, абырой, парыз, Әділеттілік бақыт.
Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады.Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады.Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады.Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары,Министрлер,Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін,құқық, өнер сияқты Моральда қғамдық сананың бір формасына айналды.Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.
Қазіргі біздің қоғамда Этика дін мен де тығыз байланысты.Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастыратын өлшемдерінің Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті,бейбітшілікті кеңінен марапаттайды.
Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады.Мысалы: Бақыт дегеніміз бұқара санасында бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.
1.Бақыт дегеніміз – жолы болып жұлдызы жаңғандық.
2.Бақыт дегеніміз – Қуаныш, Ләззат және жан қызығы.
3.Бақыт дегеніміз – Ең жоғарғы ізгілікке қол жеткізу.
4.Бақыт дегеніміз - өз-өзіңе,жалпы өмірге көңілі толған төрт құбылаң түгелдік күйі.
Бақылау сұрақтары:
1. Этика дегеніміз не?
2. Этика бойынша ізгіліктің қандай түрлері бар?
3. Антикалық этикада неше мұрат анықталған?
4. Әдеп дегеніміз не?
5. Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)