Дәріс 6. Этика мен этикет түсініктері
Дәріс мақсаты:Түсініктердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Этика мен этикет түсінігі
2. Басшы мен қатардағы қызметкер арасындағы қарым-қатынас этикеті.
3. Бизнес этикеті
Этика –мораль туралы білім.
Этикет - қоғамда қабылданған, қалыптасқан адамдардың тәртібі мен қарым-қатынастары туралы ережелер.
Қазіргі кездегі этикет өткен заман дәстүрлерінен іріктелген дүние. Оның құрамындағы көптеген ережелер көп ғасырлар , мыңжылдықтар бойы сүзгіден өткізілген, талай шыңдалудан өткен.
Тарихшылардың пайымдауынша, ең алғашқы этикет туралы кітап Египетте б.д.д. 2350 ж бұрын жазылған. Атауы «Наставления по поведению» (Тәртіпті болу ережесі). Өкінішке орай ол кітаптың мазмұны туралы ешқандай мәлімет сақталмапты.
«Этикет» сөзінің өзі бертін келе ХУІІғ.пайда болған. Ол французша «жазу», «қандай да бір церемонияны (рәсімді) өткізу тәртібі» дегенді білдіреді.
Европа түсінігіндегі «этикет» жағымды, силастық мағынадағы қарым-қатынасқа түскен адамыңның мансабы, әлеуметтік жағдайы қандай болса да және әйел жандарға деген ілтипат, жасы үлкендерге құрмет көрсету. Бұл европалық барлық елдер, ұлттар үшін жазылмаған ереже.
Этикеттің негізгі принциптері:
· Адамгершілік пен гуманизм;
· Қимыл-қылықтардың қажеттілігі,
· Тәртіптің әдемілігі мен эстетикалық тартымдылығы,
· Халық дәстүрлерін сақтау.
Қазіргі этикет адамның тұрмыстағы, қызметтегі, қоғамдық орындардағы, көшедегі, қонақтағы әртүрлі ресми шаралардың (қабылдау, церемониялар,келісімдік кездесу) барысындағы қарым-қатынас тәртібін реттейді.
Этика – мәдениеттілік көрсеткіші. Ал мәдениет ұлт деңгейінде қалыптасады. Сондықтан этикет те ұлттық ерекшеліктерге ие.
Мысалы Европада қара түс қайғыны білдіретін түс ретінде қабылданса, Қытайда керісінше ондайды ақ түс білдіреді. Қытайлықтар әйелді қолтықтағанды, сүйгенді «шеннен шыққандық» деп қабылдайды.
«Әр елдің иті басқа, түсі қара қасқа» деген осы. Бұдан туындайтын мораль: Әр дәстүр ерекшеліктерін түсіне қабылдап, келеке етпеу, силау қажет.
Шығыс мұсылман халықтарында ежелден келе жатырған этикет суннат талаптарына (священный обычай-әулиелік дәстүр) сай әдептілік кодексі мен шариғат ережелеріне (мұсылмандық шарт) негізделген. Қоғамдық өмірде кездесетін этикеттің негізгі түрлері:
· Аулаішілік (придворный) этикет- монархтар этикеті;
· Дипломатииялық этикет – дипломатиялық қатынастарда;
· Әскери этикет,
· Жалпыадамзаттық этикет,
· Бизнес этикет (соңғы онжылдықтарда қалыптасып келе жатырған этикет).
Бизнес этикет туралы.
Бұл этикетсіз фирмалар, банктер, жеке кәсіпкерлер арасындағы қатынастарды елестету қиын. Бүгінгі күні миллиондаған тонна мұнай, металл рудалары ауызша келісім арқылы ел асып іске жаратылып жатыр. Бизнестік қарым қатынаста әуелгі кезде көп мемлекеттерде алдау-арбау сияқты келеңсіздіктер де орын алды. Бірақ бизнес, адамдар арасындағы маңызды сфера ретінде жалпыға ортақ принциптер мен нормаларды сақтауды талап етті.Уақыт өте-келе адал болудың тиімді екені дәлелденді. Қазіргі кезде іскерлік әлемінде фирма , немесе жеке адамдар, мамандар туралы оң пікірлер уақытша ұтқызатын өтіріктен тұрпақты түрде табатын пайдаң қымбат дегенге тоқтады.
Гарвард университетінің профессоры Карре бизнес этиквсының ережелерін спорт ойындар ережесімен салыстырып түсіндіреді. Спорт ойындарына қатынасушылар үшін ойын ережелері бәріне бірдей. Егер ойын барысында қайсыбірі ойын ережесін бұзса, төреші-орбитр не спортсменді, не команданы штрафпен жазалайды. Бизнесте де солай.
Келісім шартқа отырарда алдау, сөзге тұрмау , тиянақсыздық оған үлкен шығын әкелетіні ескерілсе, онда кезкелген шартты бұзу оны сенімнен шығарып, келісім бұзылып, клиентін жоғалды, түбі банкротқа түсумен аяқталады.
Бизнестің оның ойынына қатыспайтындардың (қоғамның) алдында да міндеті бар. Кәсіпкеродің этикалық нормалар туралы түсінігі бойынша қабылдаған шешімдері қоғамда қабылданған ережелермен шиеленіспей, сәйкестікте болуы керек.
Фирмалардың көпшілігі өз қызметкерлеріне арналған этика кодексін дайындайды, бұл өз кезегінде сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
АҚШ-тағы дәстүр бойынша кәсіби бизнессмендер тобы бірігіп, бизнес қызметкері этикасының кодексін құрастырады. Бір жағынан қарасақ, кезкелген бизнес табысын молайту үшін қандай да қыйтұрқылыққа баруға, әртүрлі кедергіні аттауға дайын болатыны белгілі. Бірақ этика талабы оны адамгершілік жолды ұстауға бағыттайды. Ал бизнестің этикасы осы қарама-қайшылықты реттеуге бағытталған.
Мысалы АҚШ-та БАҚ-та этика мен бизнес ара қатынасына байланысты мәселелер жиі көтеріліп тұрады. Спортсмен не белгілі ақтер қайсыбір товарды жарнамалауға қатыса отырып, өзі сол товарды пайдаланбаса бұл этика талабына қайшы әрекетке барғаны. Осы сияқты пікірге дәрігердің рецепке өзі басшылық ететін аптеканың қымбат дәрісін көрсетуді де алуға болады.
Ал сапа стандартын бұзу, жарнамаланған товардың қасиетінің шындыққа жанаспауы өте қатты сынға ілігіп, фирманы банкротқа әкелуі әбден мүмкін.1987 жылы Форд компаниясы автокөліктің жанармай құятын бактегі жіберген дефектісі үшін 125 млн доллар айыппұл төледі.
Сонымен іскерлік әлеміндегі қарым-қатынастағы этика бірқатар талаптар мен кепілдіктерді сақтауды талап етеді. Олар:
· Тұтынушылармен қарым-қатынаста: товар мен қызмет сапасының жарнамадағы шынайылығын қамтамасыз ету;
· Фирма қызметкерлерімен қарым-қатынаста: еңбек жағдайы мен жалақыны мезгілінде беріп тұру, ұжымда оң моральдық климат орнату;
· Серіктестермен қарым-қатынаста: келісім шартты, мойныңа алған міндеттерді толық орындау;
· Бәсекелестеріңмен қарым-қатынаста: іс-әрекетіңнің анықталған ережелер шеңберінен шықпауын қадағалау;
· Қоғаммен қарым-қатынаста: қоғамдық пікірмен қасарысудан қашық болу;
· Мемлекетпен қарым-қатынаста: салықтарды толықтай төлеу, қабылданған заңдарды сақтау, экология стандартына бағыну.