Жеке-дара және комиссиялық сараптама

Сараптаманы сарапшы жеке-дара не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады.Комиссиялық сараптама күрделi сараптамалық зерттеулер жүргiзу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бiр мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргiзедi.Есiнiң дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн кемiнде үш сарапшы тағайындалады.Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді тәуелсіз және дербес түрде толық көлемінде жүргізеді. Сараптама комиссиясының мүшелерi алынған нәтижелердi бiрлесiп талдайды және ортақ пiкiрге келгенде қорытындыға не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарға қол қояды. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда, олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бiр бөлiгi жеке қорытынды бередi не пiкiрi комиссияның басқа мүшелерiнiң қорытындыларына сәйкес келмеген сарапшы оны қорытындыда жеке тұжырымдайды.
Кешендi сараптама iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлi білім салалары негізінде зерттеу қажет болғанда тағайындалады және оны түрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыреті шегінде жүргізеді.Кешендi сараптаманы бір сарапшы өзінің түрлi сарапшылық мамандықтар бойынша зерттеу жүргізуге құқығы болған жағдайда жүргізе алады.Кешендi сараптаманың қорытындысында әрбiр сарапшының қандай зерттеудi, қандай көлемде жүргiзгенi және оның қандай түйіндерге келгенi көрсетiлуге тиiс. Әрбiр сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлiгiне қол қояды.Сарапшылардың әрқайсысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортақ түйінді (түйіндерді) тұжырымдайды. Ортақ түйінді (түйіндерді) алынған нәтижелердi бағалауға құзыретi бар сарапшылар ғана тұжырымдап, қол қояды. Егер комиссияның түпкiлiктi түйінінің немесе оның бiр бөлiгiнің негiзі сарапшылардың бiрi (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактiлер болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетiлуге тиiс.

Қосымша және қайталама сараптамаларҚорытындының анықтығы немесе толықтығы жеткіліксіз болған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттігі туындаған кезде қосымша сараптама тағайындалады.Қосымша сараптама жүргізу нақ сол не өзге сарапшыға тапсырылуы мүмкін.Сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткiлiктi түрде негiздi болмағанда не оның түйіндері күмән туғызған не сараптаманы тағайындау мен жүргізу туралы процестік нормалар елеулi түрде бұзылған жағдайларда, дәл сол объектiлердi зерттеу және дәл сол мәселелердi шешу үшiн қайталама сараптама тағайындалады.Қайталама сараптама тағайындау туралы қаулыда алдыңғы сараптаманың нәтижелерімен келіспеу себептері келтірілуге тиіс.Қайталама сараптама жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргiзген сарапшылар қайталама сараптама жүргiзген кезде қатысып, комиссияға түсiнiктемелер бере алады, бiрақ олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.Қосымша және қайталама сараптамалар жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары берілуге тиіс. Екінші немесе реті бойынша келесі сараптама олардың біреуі – қосымша сараптамаға, ал өзгелері қайталама сараптамаға жататын бірнеше негіздер бойынша тағайындалса, осындай сараптама қайталама сараптама жүргізу қағидалары бойынша жүргізіледі.

Ылмыстық іске куәгерлердің қатысу кезіндегі құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктерін негіздей отырып көрсетіңіз.

Қылмыстық қудалау органы осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу әрекетiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адам куәгер болып табылады.Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi және осы Кодекстің 90-бабынасәйкес өздеріне қарсылық білдірілуге жатпайтын, iске мүдделi емес және қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсiз кәмелеттiк жасқа толған азаматтар ғана куәгер бола алады.Тергеу әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.
Куәгердiң:
1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға;
2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға;
3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысуға;
4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге;
5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алуға;
6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқығы бар.
5. Куәгер:
1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келуге;
2) тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысуға;
3) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыруға;
4) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеуге;
5) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi.
Дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн куәгерге осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

Наши рекомендации