Taқыpыбы: ОТБАСЫНДАҒЫ СҮЙІСПЕНШІЛІК
Мақсаты: «Сүйіспеншілік» ұғымы туралы дүсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;
- сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
- сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Шаттық шеңбері Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы сөздер айтып амандасады. Әнгімелеу Тәрбиеші балаларға В. Сухомлинскийдің «Бір ананың жеті қызы»әңгімесін оқып беріп, сұрақтар қояды. Бір ананын жеті қызы В. Сухомлинский Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетті. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғаңдарын айта бастады. - Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым, -деді біріншісі. - Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім, - деді екіншісі. - Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым, - деді үшіншісі. - Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын, - деді төртіншісі. - Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің, - деді бесіншісі. - Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым, - деді алтыншысы. Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқкиімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді. • Қыздар анасына өз сүйіспеншіліктерін қалай білдірді? • Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қашан білдіресіңдер? | Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы сөздер айтып амандасады. - Сәлеметсін бе, Нүркен, сен сүйкімдісін. - Сәлеметсін бе, Әлия, сен қайырымдысың. - Сәлеметсін бе, Жәния, сен ақылдысың. - Сәлеметсін бе, Жандос, сен сабырлысың. - Сәлеметсін бе, Жанар, сен мейірімдісің... |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Педагог тақырыпты жан-жақты түсіндіру үшін отбасына байланысты төменде берілген мәтіндерді қосымша пайдалануына болады. Халықта «Ұяда не көрсен, ұшканда соны ілесін»деген сөз бар. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқаңдарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді. Өзіммен-өзім Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздеріне ең жақын, суйікті отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз алдарына елестетеді. Өз отбасылары туралы ең қымбат, ғажап сөздерді айтып, өз ойларымен бөліседі. Дәптермен жұмыс Мына суреттердегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Суреттерді бояңдар. Сергіту сәті Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қөзғалыстар жасалады. Атамның алып күрегін, Ауланың қарынд күредім. Әжеме мен құдықтан Су әкеліп беремін. Еденді де жуамын, Шаң-төзаңды қуамын. - Отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік. Қорытындылау - Балалар, бүгін біз сүйікті отбасы, отбасы мүшелері туралы жақсы, жағымды сөздер айттық. Шығармалар арқылы әркімнің отбасы болатынын, отбасы - мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің, қамқорлықтың, әдептіліктің ортасы екенін танып білдік. | Менің апам А. Бақтыгереева Мені жақсы көреді, Күндей күліп келеді. Көп ертегі біледі, Маған айтып береді. Мен гүлдерді жұлмаймын, Торғайларды кумаймын. Айтқан сөзді тындаймын, Апашымды сыйлаймын. Өзіме Ұқсайды түсі. Бірақ Жоқ Аузында тісі. Бұл кім? Бөтен? Бұл - менің Бөпем. -Отбасы - ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | Жүректен жүрекке Балалар шеңберге жиналып, Н.Әлімқұловтың «Балалы үй - базар»өлеңінің бір шумағын қайталайды. Біздің үйден ән тарап Думандатар өмірді. Біздің үйде салтанат, Біздің үйде көңілді. |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:Мәдениеттілікті,кішіпейілдікті,адамгершілікті білуі тиіс.
Tүciнiгi:Отбасындағылардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін
Kөpceтe бiлyi: Отбасы мүшелерін сыйлауды.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.
Бiлiм бөлімдері : Өзін өзі тану.