Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету

ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТМІ

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету - student2.ru СЕМЕЙ – 2009 жыл

ӘӨК: 373

ББК 74.202.4

А 45

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Едігенова А.Ж. – Семей мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты;

Аубакирова Р.Ж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:

Полупанова Н.В., Лель Г.В., Жумагулова С.С., Нурсеитова С.Г., Аскатова С.К., Тирская И.А.

ISBN 978 – 601 – 7044 - 98 – 5

Бұл құралда ЮНИСЕФ-тің қаржы және ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетуімен «Ерте көмек қызметі ерекше қажеттіліктері бар отбасыларын психологиялық-педагогикалық қамсыздандыру» жобасы аясында құрылған Семей қаласының №5, 9 балабақшалары лекотека мамандарының тәжірибесі жинақталған. Мамандар ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үрдісіндегі медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің және психофизикалық кемшіліктер коррекциясының алгоритмін сипаттайды.

Авторлар лекотека жағдайында ата-аналар және педагогтар үшін ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды дамытуға арналған жекелей бағдарламалар, бірқатар кеңес беру және нұсқаулар, сабақ конспектілерін ұсынады.

Құрал ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтарға арналған. Құрал ЮНИСЕФ Халықаралық ұйымның қолдауымен баспадан шығарылды.

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кәсіби көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесіне қызығушылық арта түсті. Бұл міндетті сәтті шешуге ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымы (ДДҰ), ақыл-ойдың артта қалуын ғылыми тұрғыда зерттейтін халықаралық ассоциациясы, ақыл-ойының дамуы артта қалғандарға қызмет көрсететін қоғамдардың халықаралық лигасы сияқты және т.б. халықаралық ұйымдардың қызметі ықпалын тигізуде.

Мәселенің көлемі және оны тиімді шешу қажеттілігін әлемдік, сонымен қатар республикалық статистика дәлелдеп отыр. БҰҰ эксперттерінің бағасы бойынша мүгедектер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулілер орта есеппен жердің тұрғындарының 10%, және 25% созылмалы ауруларға шалдыққан.

Зерттеушілердің бағасы бойынша таяудағы 10 жыл ішінде дамуында қиындықтары бар балалар санының көбеюін күту керек және бұл мәселенің Қазақстанға да қатысы бар. Әсіресе бұл мәселе экологиялық болып табылатын Шығыс Қазақстанда өте айқын көрінеді. Семей ядролық полигонындағы көп жылғы зерттеулер, Өскемен металлургиялық зауытындағы 1990 жылы болған соңғы апат аймақтағы экологиялық жағдайды күрделендіре түсті.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары батыс елдер дамуында бұзылулары бар адамдарды қоғамға интеграциялауға толық бағыт алынғанын хабарлап, дәстүрлі терминологиялардан бас тартты («есі ауысқан», «даун – баласы», «ақыл есі дұрыс емес» және т.б.). Кейбір елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Скандинавия елдері және кейіннен Ресейде) баланың дүниеге келген сәтінен бастап балаға және оның ата-анасына көмек көрсетуге бағытталған «ерте араласу» мемлекеттік бағдарламалары өңделген.

Қазіргі таңда демографиялық мәселе көптеген дамыған елдердің, соның ішінде Қазақстанның да әлеуметтік саясатында бірінші қатарда тұр. Бұл мәселе көптеген мамандар және шенеуніктер тарапынан басты болып есептеледі. Көп жағдайда бұл адамдардың дамуындағы өзгерістерімен, жаңа моральдық және әлеуметтік императивтердің пайда болуымен және күшеюімен шарттас. Сонымен қатар, өркениеттің жедел дамуы жағдайында адамға, оның ақыл-ой, адамгершілік, физиологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылайды, бұл өз тарапынан балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігін көрсетеді.

Қазіргі кездегі Қазақстандық қоғамдағы жеке тұлғаға деген қызығушылықтың жоғарлауы бала құқығы туралы мәселелерді қарастыруға, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік психикалық және медициналық-педагогикалық көмек көрсетумен және оны зерттеу мәселесіне байланысты жаңа мәселелерді белсенді қарауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің белгілі тәжірбиесі жинақталған. Оқыту бағыттары және жекелей дамыту бағдарламалары өңделуде, әртүрлі патологиялары бар - неврологиялық симптоматика, ерте жастағы аутизм, церебральды паралич, ақыл-ойдың артта қалуы, тіл мүкістіктері және басқа психофизиологиялық бұзылулары бар балаларға арналған реабилитациялық бағдарламалары жасалуда.

Біздің еліміз 1994 жылы БҰҰ бала құқығы туралы конвенцияны ратификациялады, мұнымен мемлекет барлық қажеттіліктері бар балаларға деген қатынасын саналы түрде сезінетінін декларациялады, баланың өмірге келген кезінен бастап және ата-анаға оқыту формасын таңдау құқығын беру жағдайында.

2002 жылдың 11-ші шілдеде №343 – ІІ «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық көмек көрсету» туралы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануымен байланысты әкімдік, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаменттерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталықтары ашылды. Қалаларда және аудан орталықтарында, ауылдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет, әлеуметтік психологиялық көмек көрсетудің бірқатар жүйесі қалыптасуда.

Өзгерістер кезеңінде Қазақстанда дамуында қиындықтары бар балаларға нәтижелі көмек көрсету формалары өзекті болып отыр. Мұндай балалармен жұмыс бірнеше бағытта жүзеге асырылады; медициналық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық. Олардың арасындағы байланыс ынтымақтастыққа негізделген, тығыз болуы керек, сол кезде ғана ол дамуында қиындықтары бар балаларға және олардың отбасына кепілді көмек көрсете алады.

Қазақстан Республикасында баланың физикалық және психикалық дамуын бақылаудың белгілі тәртібі бар.

Жанұялық дәрігерлік амбулаториялар (ЖДА) адамның, жанұяның денсаулық сақтау жүйесімен байланыс жасаудың бірінші деңгейі, ол адамдардың тұрғылықты жерлеріне және жұмыс орнына медициналық қызметті жақындата түседі. Алғашқы көмек барлық адамдарға арналған, және оның қызметкерлері әлемдік қорғанысы жоқ, бірқатар бағдарламалар бойынша әлемдік және медициналық қызмет көрсетілетін тұрғындармен жұмыс жүргізіледі.

Ерте көмек көрсетудің отандық жүйесін құруда Батыстық тәжірибені зерттеу өте маңызды, бірақ Қазақстан жағдайына сүйенетін отандық жұмыстарды назардан тыс қалдырмауы керек. Біздің елімізде мемлекеттік деңгейде сәбилердің жаңа туған кезінен бастап дамуында ауытқушылықты анықтауға мүмкіндік беретін және әрбір баланы оған қажетті медициналық-психологиялық-педагогикалық коррекциялық жұмыспен қамтамасыз ететін жүйені құру өте маңызды.

Балалар дамуындағы ерте коррекция бүкіл әлемде арнайы педагогика және психологиялық басты бағыттардың бірі болып табылады.

Л. Выготскийдің дамудағы оқытудың рөлі туралы ілімі қалыпты және аномальді балаларды оқытудың педагогикалық тәжірбиесі үшін үлкен маңызы бар. Аномальды балалардың дамуында оқытудың маңызы өте зор, себебі балалардың психикасының дамуы оқыту және үйретудің белгілі жүйесінде ғана жүзеге асады. Аномальды балаға қарағанда, қалыпты бала қоршағандармен әлеуметтік қарым-қатынас барысында көп тәжірибе жинайды. Сондықтан психикалық іс-әрекеттің күрделі түрлері аномальды балада педагогикалық ықпал етудің нәтижесінде қалыптасуы мүмкін, ол дамудағы ауытқушылықтарды жеңуге бағытталған.

Дамудағы дефектіні ерте анықтау және ауытқудың ерте коррекциясының маңыздылығы дәлелденді. Аномальды даму кезінде қозғалыс саласында әртүрлі деңгейдегі бұзылулардың болуы байқалады, бұл баланың тәжірибелік іс-әрекетін тарылтып, баланың өмірлік тәжірибесін таяздатады. Бала тілінің, қабылдауы, есте сақтауы, эмоционалды-еріктік саласының дамуына, тұлғалық дамуына нұқсан келеді. Сөздік қордың дамымауы тек қарым-қатынасты ғана емес, сонымен қатар белгілі бір деңгейде қабылдаудың және мақсатты бағытталған бақылаудың дамуын кешеуілдетіп, сөздік-логикалық есте сақтаумен ойлаудың дамуына кедергі келтіреді. Ойын іс-әрекеті және онда тәрбиеленетін баланы мектепте оқуға даярлап, оның тұлғасын қалыптастыратын ұжымдағы қарым -қатынас дағдылары дамымайды. Әрине, мұның барлығы әртүрлі дефектіде түрліше көрініс береді, бірақ барлық жағдайда белгілі бір дәрежеде осы кемшіліктерді әлсірететін, дамудағы екінші қайтара және одан кейінгі де ауытқулардың алдын – алуға мүмкіндік беретін ерте коррекциялық оқыту және тәрбиелеу қажет.

Бірқатар жағдайларда арнайы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу дамудағы бұзылулардың көрініс беруін алып және балалардың көпшілік мектепте оқытудағы қиындықтардың алдын - алуға мүмкіндік береді, мысалы бұл фонематикалық қабылдауы дұрыс дамымаған балаларға қатысты екендігі дәлелденді. Айқын көрініс беретін бұзылулар кезіндегі балалармен жүргізілетін ерте коррекциялық-тәрбиелік жұмыс олардың жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Осыдан ерте сәбилік және мектеп жасына дейінгі жастағы аномальды балаларды оқытумен тәрбиелеудің қажеттілігі туындап тұр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік интеграцияға құқығы халықаралық заңдармен расталған. Дегенмен, табиғат бойынша инертті қоғам мұндай балалардың әлеуметтік интеграциясына кедергі келтіруі мүмкін. Балаларды толық құнды дамыған және толық құнды дамымаған деп бөлу тек обьективті факторларға ғана емес, қоғамда ежелден қалыптасқан жағымсыз стереотиптерге негізделеді. Балалардың ұстанатын белгілі позициясына баланың қол жететін даму деңгейі тәуелді. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың мазмұнды және әржақты өмір сүру мүмкіндігі болуы қажет.

Бөлім 1

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету

Соңғы он жылдықта Қазақстан дамуында проблемалары бар немесе бұзылулары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыздандырудың әртүрлі технологиялары белсенді түрде ендірілуде. Мұндай көмекті ұйымдастырудың және мектепке дейінгі білім берудің формаларының бірі – Лекотека.

Лекотека – дамуында қиындықтары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандыру жүйесі. Лекотека жұмысының негізгі әдісі – ойын.

Лекотеканың мақсаттары:

- Балалардың тұлғалық дамуы үшін, қоршаған ортаға сәтті бейімделуі үшін жағымды жағдай жасау және оқу іс-әрекетінің алғы шарттарын қалыптастыру.

- Мектепке дейінгі жастағы ерекше қажеттілігі бар балалар отбасыларына психологиялық қолдау көрсету.

- Балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қабылдануына кедергі келтіретін психологиялық қиындықтарды шешуге ықпал ету, отбасында және басқада әлеуметтік топтарда бейімделуге көмектесу.

Лекотеканың міндеттері:

- психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларға лекотекада мақсатты бағытталған медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;

- ата-аналармен балаларды тәрбиелеу және дамытудың біртұтас жүйелі бағыттарын қамтамасыз ету мақсатымен серіктестік қатынас орнату;

- баланың ерекшеліктеріне байланысты жекелей сабақтардың бағдарламасын құруға мүмкіндік беретін ойын және ойыншықтарды қолдануға байланысты ата-аналар және педагогтарға әдістемелік нұсқауларды өңдеу үшін лекотека қорын пайдалану;

- баланың оқу іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастыру үшін жекелей техникаларды іріктеу;

- дамуында бұзылулары бар балалармен психокоррекциялық жұмыс жүргізу;

- ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу үшін адекватты құралдарды таңдау дағдысына үйрету.

Лекотека жағдайында балалар дамуындағы бұзылуларды ерте анықтау және түзету мүмкіндігі ауытқудың орнын толтыруға және бала дамуы үшін жағымды жағдай жасауға мүмкіндік береді.

«Лекотека» сөзі (Lekotek) швед сөздері «leko», яғни «ойыншық» және «tek» - «жиналыс», «жинақ» - сөздерінен шыққан. Алғашқы лекотека 1963 жылы Стокгольмде университет клиникасында ата-аналар мен педагогтардың бастамаларымен ашылды. Лекотеканың негізін қалаушылардың мақсаты ойын арқылы госпитализациялаудың психологиялық жарақаттау ықпалын жеңілдету.

Алғашқы америкалық лекотека 1980 жылы Иллинойс штатында мемлекет тарапынан қолдауға ие болған қоғамдық бастама ретінде ашылды. Алғашқы америкалық лекотеканың мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға және олардың отбасыларына мамандармен кездесу үшін жағдай жасау. Бүгінгі таңда америкалық лекотекалар мүгедектігі бар балалар отбасылық және қоғамдық өмірге тез бейімделуге мүмкіндік алатын білім беруші және белгілі қоры бар орталықтар болып табылады.

Лекотека – бұл құрылымдық қызмет атқарушы жүйе, лекотека қызметі автономды түрде, сонымен қатар білім беру мекемелерінің құрамында жүзеге асырылады; мектепке дейінгі мекеме; психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға арналған мекемелер; арнайы білім беру мекемелері.

Лекотека клиенттері - дамуында бұзылулары бар немесе айқын көрініс беретін психогенді бұзылулары бар балалар және отбасы мүшелері. Бала үшін білім алудың аз мөлшерде болса да мүмкіндігі маңызды фактор болып табылады. Лекотека мамандары жекелей бағдарланған коррекциялық дамыту бағдарламаларын жүзеге асырып, отбасыларын әртүрлі ойын үрдісіне психологиялық қамтамасыздандыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Қазақстанда туғаннан бес жасқа дейін және одан үлкен, дамуында мәселелері бар балаларға көмек мектепке дейінгі мекемеден тыс көрсетіледі. Бұл баланың әлеуметке қосылу мүмкіндігін төмендетіп, мектепте оқуы үшін қосымша қиындықтар туғызады. Мұндай балалардың ата-аналары баламен үй жағдайында қандай қарым-қатынаста болу керегін білмейді, бір нәрсені дұрыс істемей қаламыз деп қорқады, ең алдымен барлығын бірден өзгертіп, баланың денсаулығын түзеуге болатын жаңа емдеу тәсілі жөнінде ойлайды. Ата-аналар «баласын барлық мәселелерден, соның ішінде эмоционалды және әлеуметтік қиындықтардан құтқаруы қажет» мамандардың ойларына бағдарланады. Сөйтіп, біртіндеп ата-аналардың көмек көрсете алмауы, ата-ана және бала арасында кедергі туындайды. Балалар депривация күйінде болады (сенсорлық, педагогикалық). Мұндай балалармен өзара әрекеттесу өте күрделі. Осы үшін ерекше білімге қажеттіліктері бар балаларға мамандар коррекциялық көмек көрсететін лекотекалар құрылды.

Лекотека жағдайында баланы ойынға тартып, оны ары қарай дамытудың басты принципі баланың өз еріктілігі, сондықтан ересектер тарапынан баланы ойын іс-әрекетіне күштеуден бас тартқан жөн.

Лекотека жағдайында ересек адам ойын ортасын ұйымдастырушы, бақылаушы рөлін атқарады. Бала ересек тарапынан «ақымақ», «дөрекі» ойынды таңдауы мүмкін. Бірақ бұл баланың таңдауы, бұған ол құқылы. Бала өзі үшін еш мағынасы жоқ ойынды ойнамайды. Ересек балалармен серіктестік қарым-қатынас орнатқан соң ойынды қолдап, оның қатысушысы болу керек, егер ойын бір сарынды және мағынасыз болса оны өзгерту мүмкіндігін көрсету керек. Баланың ойынға және ойыншықтарға қатынасын көрсететін белгілерді қабылдай алу өте маңызды. Әсіресе баланың әрекеттеріне сын айтуға, бала ойынын негізсіз үзуге жол беруге болмайды. Баланың дамуы үшін оның ойнына немқұрайлы болуда қауіпті.

Баланың жекелей даму бағыты аурудың генетикалық себептері және ортасымен анықталады. Темперамент ерекшеліктері, бала психикасының күшті және әлсіз жақтары қоршаған ортасымен қарым-қатынасы барысында көрініс береді. Балаға тән мінез бітістерді байқай алу, түсіне алу іскерлігі ересектерге ырықсыз және ресми түрде қызықсыз ойынға итермелемеуге көмектеседі. Баланың функционалды құзыреттілігін бағалаудың бірінші кезеңінде қажетті ойыншықтарды іріктей алу маңызды болып келеді. Алынған мәлімет негізінде пара-пар ойын іс-әрекетін жобалау және ойыншықтарды дұрыс іріктей алуға болады.

Ойын ойнайтын кеңістіктің жабдықталуы дамудың қиындықтарына және бұзылулар сипатына байланысты жоспарланады. Ойын ортасы ұйымдастырылған болу керек, бұл баланың бейімделуін жеңілдетеді, тәртіпке үйретеді. Лекотека мамандары осындай сұрақтарды шешуде ата-аналарға көмек көрсетуге даяр.

Баланы дамыту және тәрбиелеу бойынша жұмыс мазмұны, оның психологиялық күйін және әрекет-қылығының коррекциясы баланың мүмкіндіктеріне байланысты мамандармен келісіліп, ұсынылған жекелей бағдарламалар және жекелей сабақтар негізінде жүргізіледі.

Лекотека жұмысын ұйымдастыруда баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып ойын және ойын материалдары қолданылады. Лекотекада баланың психофизиологиялық дамуы үшін ойыншықтар болу керек. Бұл зейін, ойлау, ес, қабылдау, қиял, шығармашылықты, қозғалыс белсенділігін дамыту үшін, эмоционалды күштенуді, қол білегінің моторикасын дамытуға арналған әртүрлі ойындар.

Жұмыстың негізгі түрлері жекелей және топтық ойын сабақтары, кеңес беру, тренингтер, сайыстар, ата-аналар тәрбиесімен алмасуға арналған дөңгелек үстелдер және т.б.

Лекотеканың кейбір жабдықтары ата-аналар және балаларына уақытша қолдануға беріледі. Ата-аналарға ойыншықтарды 10-14 күнге алуға мүмкіндік беріледі. Педагог ата-аналарға ойыншықты дұрыс таңдап алуға нұсқау бере алады.

Зерттеу және мәселені анықтау негізінде отбасын психологиялық қамсыздандыру жөнінде шешім қабылданады. Лекотеканың клиенті ретінде тек балалар емес, олардың ата-аналары болып табылады. Отбасымен жұмыс үйлесімділік және сыйластық атмосферасын құруға бағытталған, осының арқасында бала дамудың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Осындай мақсатпен ата-аналарға кеңестер және топтық тренингтер жүргізіледі.

Балалармен жұмыстың барлық формаларында ата-аналар белсенді қатысуы шарт.

Лекотекада жекелей ойын сабақтары аптасына екі рет өткізіледі. Ойын сабақтарының уақыттың шектеулері бар, бірақ олардың құрылымы және мазмұны әр баланың қажеттіліктеріне және ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Барлық берілулерді жалпылаудан кейін әрбір баламен коррекциялық жұмыстың бағыттары анықталады.

Жекелей сабақтар кезіндегі коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары:

1. Қозғалыстарды жетілдіру және сенсомоторлық даму:

- қол білегі және саусақтардың ұсақ моторикасының дамуы;

- артикуляциялық моториканың дамуы;

- қозғалыстардың жалпы дамуы.

2. Психикалық қызметтің жеке жақтарының коррекциясы.

- көріп қабылдау және тануды дамыту;

- көріп есте сақтау және зейінді дамыту;

- заттың қасиеттері туралы жалпыланған түсініктерді қалыптастыру (түс, форма көлемі);

- кеңістік ұғымдарын дамыту;

- уақыт туралы ұғымдарын дамыту;

- ес зейіні және есте сақтауды дамыту.

3. Ойлау түрлерін дамыту.

- көрнекі-әрекеттік ойлауды дамыту;

- көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту.

4. Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейту және сөздік қорын байыту.

- заттарды жекелей мүмкіндіктеріне байланысты топтастыра алу іскерлігі;

- сөздің нұсқау бойынша жұмыс істей алу іскерлігі, айтылған сөзді түсіну.

5. Эмоционалды-тұлғалық сала дамуындағы бұзылулар коррекциясы.

Жекелей ойын сабақтарына қосымша ретінде лекотека мамандары аптасына 1 – рет 2 – жастан кіші емес балалармен топтық сабақтар өткізеді. Ата-аналардың топтық сабақтарға белсенді қатысуы – міндетті шарт. Мұндай сабақтардың негізгі мақсаттары бала және ата-ана, балалар арасында, әртүрлі балалардың туыстары арасында, балалар және лекотека қызметкерлері арасында қарым-қатынастың және өзара әрекеттесудің туындауына ықпал ету. Топтық сабақтарда жаңа эмоционалды күйлер, еліктейтін қабілеттер дамуы үшін, құрбыларына мейірімді қатынас орнату, бірлескен ойын және өзара әрекеттесуді дамыту үшін, эмоционалды және әлеуметтік саланы, когнетивті дағдылар және өзіне қызмет көрсету дағдылары, белсенділігі және ынтасын жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасалады. Әдетте топтар пара-пар мәселелері және балалардың даму деңгейі бойынша қалыптастырылады - мұндай жағдайда бағдарламаларға осы топтың ерекшеліктерін және олардың дамуына қолайлы болып келетін жаттығу және ойындар енгізілуі мүмкін. Әртүрлі мәселелері бар балалардың, бір жасты балалардан тұратын топтар қалыптастырылуы мүмкін. Барлық осы жағдайларда топтарға дамуы қалыпты аға және апайларын енгізуге болады.

Топтық жұмысты ұйымдастырудың кейбір шарттары

- Сабақ аптасына бір рет 1,5 сағат көлемінде өткізіледі.

- Топтағы қолайлы болатын балалар саны 3 – 6 адам.

- Сабақ өткізілетін бөлмеде тұрақты аймақтар болады, бұл балаларға кеңістікте бағдарлануды жеңілдетеді.

- Сабақты өткізу кезінде отбасымен жұмыс істейтін екі маманның қатысуы тиімді (мысалы, психолог және педагог немесе дефектолог).

Топтық сабақтың құрылуының үлгісі:

Баланың келуі, бала және ата-аналардың еркін қарым-қатынасы. Құрылымдық сабақтың алдында балаға бөлмеге және басқа балалар қоғамына, ересектер ортасына бейімделуге уақыт беру өте маңызды.

Маман баланы ата-анасымен қарсы алады, сәлемдесу жүреді, мұнда баланы тек маманның өзімен ғана емес, лекотекадағы барлық ересектермен сәлемдесуге итермелейді. Сонымен қатар баланың есімі бірнеше рет аталуы қажет. Лекотека мамандары келесі жұмыстарды жүргізеді:

- қозғалыс координациясының дамуы бойынша;

- зейіннің дамуы және суретте қарастыра алу іскерлігін дамыту бойынша;

- сөздік қорын және тілдік қатынастың дамуы бойынша.

Стол басында ойын формасында бірқатар жаттығулар орындалады, олар бағытталған:

- естіп және естіп-көріп қабылданған, дауыстың шығуына байланысты шартты қозғалыс реакциясын қалыптастыруға;

- «көз-қол» координациясының, өзара әрекеттесудегі кезекті, бірдей заттарды түсі, формасы, саны бойынша сәйкестендіре алу іскерлігін дамытуға;

- еліктеу қабілеттерін дамытуға, айтылған сөзді түсіне алуын қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, балалармен қозғалыс ойындары, хоровод өткізіледі. Хоровод ойындары «Каравай», «Көпіршік үрлен», «Өрмекші» тіл және қарым-қатынастардың дамуына ықпал етеді, тілді сезіне алуды, кезекті сақтай алу іскерлігін қалыптастырады, көп қуаныш әкеледі.

Алдына-ала жоспарланған немесе жоспарсыз пайда болған үлкен доп, модулдерді қолданылатын ойындар енгізіледі.

Балалардың шығармашылақ қабілеттері драмматизация және ертегілерді қою көмегімен дамытылады. Балалар және ата-аналармен шағын таныс ертегілер ойнатылады.

Сонымен қатар, лекотекада сурет салу, ермексазбен жасау, аппликация үшін жабдықтар қажет. Балалар тобының құрамына, бағдарына және көңіл күйлеріне байланысты белгілі бір іс-әрекет түріне аз немесе көп уақыт бөлуге болады. Мұндай шығармашылық балалар тарапынан көп күш жұмсауды, ұзақ уақыт зейінін шоғырландыруды талап етеді.

Еркін ойында қажет. Балалар өз бетімен немесе ересектер, мамандардың қатысуымен ойнайды. Ересектер міндетті балалардың бір-бірімен ойынын және өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, заттарды, ойыншықтарды қолдануды ынталандыру, ойын әрекеттерін мадақтау.

Топтық сабақ қоштасу сөздерімен немесе қимыл қозғалыспен аяқталады.

Топтық сабақтар мазмұны, мақсаты, ұйымдастырылуы бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олар:

- бала дамуы және тәрбие мәселелеріне байланысты ата – аналар құзыреттілігін қалыптастыруға;

- балалардың тұлғалық дамуы және әлеуметтік бейімделуіне;

- өзара интеграция үрдістерін дамытуға бағытталу керек.

Мысалы: сабақ барысында:

1. Балаларда өзі туралы көзқарас қалыптасады, дене бөлшектерімен танысады, басқа балалармен әлеуметтік байланыс орнатылады.

2. Ана және баланың өзара әрекеттесуі ұйымдастырылады (бірлескен ойында ананың баланың ырқына көнуі эмоционалды қарым-қатынас, басқа балалармен бірлескен және өзбетімен ойынды дамыту жалпы және ұсақ моториканы, қабылдау, зейін, ойлау, тіл, әрекетті үлгі бойынша меңгеруді дамыту.

3. Ата-ана және балалардың өз беттілігі, ынтасы, ата-аналардың бір-бірімен және мамандармен қарым-қатынасы дамиды.

Лекотеканы ұйымдастыруда бірқатар принціптерді сақтау қажет:

- ата-ананың жекелей және топтық сабақтарға өз еркімен қатысуы.

- сабақтардың арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы іріктелген әртүрлі жабдықтармен, ойыншықтармен өткізіледі.

- сабақтың үнемі және жүйелі болуы.

Баланың сабақтың аяқталуы туралы шешім бірқатар жағдайлар бойынша қабылдануы мүмкін:

1. Ата-аналар сұранысының қанағаттандырылуы және балалардың белгілі бір даму деңгейіне жетудің негізінде.

2. Баланың мектепке дейінгі мекемеге ауысуы.

Ата-аналармен баланың болашағы туралы әңгіме жүргізіледі, мектепке дейінгі мекемеде немесе ата-ананың өзімен баланы қамсыздандыру туралы нұсқаулар беріледі. Лекотека мамандары әрбір баланың психофизиологиялық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасап, ерекше бала тәрбиесіне және оқытуда көмек көрсету қажет. Лекотека жағдайындағы коррекциялық көмек дамудағы ауытқушылықтарды жеңуді және мінездегі бұзылулардың, оқытудағы қиындықтарды алдын-алуды көздейді.

Бөлім 2

Наши рекомендации