Мектеп пен сыныптағы мәдениет.
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Мұғалімнің кәсіби бағдары
Лекциялар жинағы
Тараз 2016ж
Лекция 1
Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
1.Бірлескен және топтық жұмыс.
2.Топтарда жұмыс жүрізу әдістемесі.
3. Білім беру порталымен танысу.
4.Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару.
5.Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу.
6.Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары.
Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет? «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не?
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Бірлескен оқудың мәні Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. 3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
•Ынтымақтастық •Өзара әрекеттестік
Топта жұмыс істеу не үшін қажет?
•Топты ұйымдастыру ережесі •Топтарда жұмыс істеу ережесі
Топтарды қалай ұйымдастыруға болады? •Топтың саны •Топтағы жұмыс нәтижесі
Топтағы бірлескен жұмыс
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. 5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбықұрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Лекция 2
Мектеп пен сыныптағы мәдениет.
1.Сыныпты қадағалау әдістемесі.
2.Мұғалімдерге нені білу міндет?
3.Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.
Мектеп атмосферасы оқыту және оқу үшін қажетті алғышарттарды қамтамасыз ететін өзгерістерге неғұрлым қабілетті физикалық және психологиялық мектеп аспектілерін көрсетеді. Мектеп атмосферасын мектеп ортасының төрт аспектісі тұрғысынан қарастыруға болады:
Қоршаған ортаның физикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және оқу (танымдық) факторлары мыналар болып табылады:
Оқытуға ізетті және ықпал етуші физикалық орта | Оқытуды қолдайды | Оқытуға кедергі жасайды |
§ Мектеп мекемелеріне оқушылардың шектеулі саны ғана сыяды | § Мектеп мекемесіне оқушылардың көп саны сыяды | |
§ Оқушылар қауіпсіздікте болады және мектеп ішінде өздерін қауіпсіз сезінеді. | § Оқушылар дәлізде, демалыс бөлмелерінде, асханада және ойын алаңдарында басқа оқушылардың тарапынан соққыға ұшырайды. | |
§ Сыныптар жинақталған. | § Сыныптар жинақталмаған. | |
§ Сыныптар мен алаңшалар таза әрі жақсы жағдайда ұсталады. | § Сыныптар мен алаңшалар кір, аса жарық емес және нашар жағдайда. | |
§ Шу деңгейі төмен. | § Шудың деңгейі жоғары. | |
§ Нұсқау беруге және қызмет етуге арналған алаң тұтынушыларға лайықталған. | § Сабақтар оны өткізуге лайықталмаған бөлмелерді өтеді және оқушылар аса көп. | |
§ Штат жеткілікті әдебиетпен және мектепке қажетті жабдықтарымен қамтылған. | § Сыныптар жасырылған, тексеруден қорғаулы. | |
§ Әдебиеттер мен мектепке қажетті жабдықтар жеткіліксіз. Жеткізу бөгелуде. |
Қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікке оятатын әлеуметтік орта | Оқытуды қолдайды | Оқытуға кеергі жасайды |
§ Өзара әрекеттестікті ынталандырады. Мұғалімдер мен оқушылар белсенді қарым-қатынаста болады. | § Өзара әрекеттестік шектелген. Оқушылар мен мұғалімдер бір-бірімен сөйлеспейді. Мұғалімдер бір-бірінен алшақ. Оқушылар өздерін бір-бірінен алшақ ұстайды. Ата-аналар тең серіктес ретінде қарастырмайды | |
§ Мұғалімдер алқалы жұмыс істейді. Оқушылар тобы әртүрлі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқыту үдерісінде серіктес болып табылады. | § Барлық шешімдерді орталық әкімшілік немесе басшылық ата-аналардың қатысуынсыз қабылдайды. | |
§ Шешім алаңшада тікелей мұғалімдердің қатысуымен қабылданады. | § Оқушылардың пікірі қызметті анықтау немесе сыныптағы және жалпы мектептегі проблемаларды шешу кезінде ескерілмейді. | |
§ Мұғалімдер құрамы оқушылардың ұсыныстарын белсенді түрде қабылдайды; оқушылар шешім қабылдауға қатыса алады. | § Басынулар мен дау-дамайлар қаперге алынбайды. | |
§ Мұғалімдер құрамы мен оқушылар даудың алдын алуды үйренген. |
Ұжымшылдық және өзін-өзі сыйлау сезіміне ықпал етуші аффективті орта | Оқытуды қолдайды | Оқытуға кедергі жасайды |
Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі сыйластыққа, қолдаушылыққа, жауаптылыққа құрылған. | Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі көбіне өте аз және қашық. Кейбір оқушыларға көп көңіл бөлінеді, ал сонда басқаларының қызығушылығы қалыс қалады | |
Оқушылар мұғалімі мен ұжымына сенеді. Мұғалімдер мен оқушылар бір-біріне достықпен қарайды. | Оқушылар мұғалімдерінің олардың қызығушылығына әрекет еткендерін көрмейді | |
Мектеп түрленуге ашық және барлық мәдениетке құрметпен қарайды | Мұғалімдер мен оқушылардың моральдық деңгейі төмен | |
Мұғалімдер мен оқушылар мектеп жетістігіне жеке үлесін қосатынын сезінеді. | Мұғалімдер мен оқушылар өздерін жеткілікті еш бағаламайтынын сезеді. Оң әрекеттері үшін ынталандыру жоқ. | |
Бірыңғай қоғамдастық сезімі бар | Мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар өздерін біртұтас сезінбейді. | |
Ата-аналар мектепте өздеріне жылы шырайды сезінеді | Ата-аналарды балаларының «қиын мінез-құлқы» үшін кінәлайды. |
Оқытуға және өзін-өзі іске асыруға оятатын академиялық орта | Оқытуды қолдайды | Оқытуға кедергі жасайды |
Салмақ академизмге түседі, бірақ та зият пен оқытудың кез-келген түрі қолдауға ие болады. Баланы оқытуға ықпал ететін кез келген әдіс қолданылады. | Қолданылатын әдістер әртүрлі емес. Академиялық маңыздылығы төмендетіледі және марапатталмайды. | |
Барлық оқушылардан жоғары нәтижелер күтіледі. Мұғалімдер табысқа жеткені үшін әрқайсысын ынталандырады. | Күтілетін нәтижелер төмен. | |
Прогресс үнемі қадағаланады. | Бағалау төмен немесе жүйелі емес | |
Бағалау нәижелері бірден оқушылар мен ата-аналарға хабарланады. | Бағалау нәтижелері өте аз талқыланады. Оқушылар алынған нәтижелерді қалай пайдалануды білмейді. Ата-аналар оқушылардың мәрелік бағаларын көрген кездерінде академиялық қиындықтарға ұшырайды. | |
Бағалау нәтижелері оқыту үдерісі мен оқу мазмұнына баға беру және қайта құру үшін қоланылады | Нәтижелер жақсарту мен дамытуда пайдаланылмайды. Оқушылар мен мұғалімдер бұрынғы сәтсіздіктерді үнемі қайталайды. Марапаттау мен мақтау сирек. | |
Мұғалімдер білімді әрі сенімді | Мұғалімдер сенімсіз әрі дайындықсыз |
Лекция 3