Батыс Еуропа елдеріндегі ХІХ-ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие

Лекция жоспары:

1. Жалпы көзқарас. Философиядағы педагогикалқ ойлар.

2. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары.

3. ХІХ ғасырдағы педагогика классиктері.

4. И.Г.Песталоццидің және А.В. Дистервергтің педагогикалық теориясы мен әдістемесі.

Лекция мақсаты:

Студенттерге батыс Еуропа елдеріндегі ХІХ-ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие, мектептердің дамуының негізгі бағыттары, И.Г.Песталоццидің, А.В.Дистервергтің педагогикалық теориясы мен әдістемесі, ХХ ғ. бірінші жартысындағы педагогикадағы негізгі ағымдар туралы түсінік беру.

Лекция мазмұны: Мектеп тарихында негізгі күрт өзгерістер кезеңдері ХІХ ғасырдың соңғы үшінші жартысында ұлттық білім беру жүйелерін құруға мектептің өзін өзгертудің бағыттары мен жолдарын іздестіру болды. Бұл жылдар мектептерді басқарудың орталықтандыру мен қаржыландыру, бастауышқа білім беру мерзімін ұзарту, бастауыш пен орта звеноаралық қосымша мектеп құру сияқты өзгерістер мен белгіленді. Әр ұлттың білім беру жүйесінің өзінің мәселелері пайда болды.

АҚШ-та ауыл мектептерінің қаладан артта қалуы, орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларының уақыт талабына сай келмеуі;

Англияда - халыққа білім берудің ортақ болмауы, бұқаралық мектептердің көбейіп кетуі, бастауышта білім берудің утилитаризмдегі классикалық орта білімнің дәстүрленуі;

Германияда - оқыту мазмұны мен әдістерінде догматизммен верболизмнің сақталуы халық ағарту ісіне шіркеудің белсенді араласуы;

Францияда - басқа батыс Европа елдерінен кәсіптік білім беру саласында едәуір артта қалу.

Бірақ жалпы осы мемлекеттердің алдында бір-ақ мәселе тұрды. Мектепті дәуірдің экономикалық және саяси талаптарына сай ету.

Мектепті қайта құру жолдарын іздестіру адамға тәрбие мен білім беру мәселесін талқылау жағдайында өтілді.

ХІХ ғасырдың соңында Батыс Европаның күрделі мемлекеттерімен АҚШ-тың қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың өндірістік ғылыми техникалық қайта қалыптасуы мен әлеуметтік институттардың жетілуін талап ететін деңгейге жетуімен белгіленді. Мұндай жағдайларда қоғамда ертеректе байқалған дәстүрлі мектептің оқыту мен тәрбие іс-тәжірибелерінің жаңа экономикалық және саяси талаптарына сай еместігі айқындалады. Ең алдымен ескі мектептің балалардың белсенділігі мен өз бетінше ойлауына ықпал болды.

Жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген дамып келе жатқан өндіріс өзіне жаңа құрал-жабдықтарды қолдана алатын білікті жұмысшыларды қажет етті.

Мектеп ісі мен жаңа экономикалық жағдайлар арасындағы қарама-қайшылықты мектеп реформасын талап ететін педагогтық қозғалыстарды тудырды.

Қоғамдық көзқарасқа зерттеудің дәстүрлі обьектілері - мектеп пен отбасымен қатар оқушылардың еңбек қызметі, бос уақыты және қарым-қатынастарын зерттеу кіре бастады.

Бұл мектеп тәжірибесінің сипатын өзгертуге өз әсерін тигізетін сыртқы факторлар болды. Педагогикалық ғылымның дамуымен байланысты тағы да факторлар болады. Олар педагогикалық мәселелерді зерттеудің жаңа әдістерін позитивизмнің әсерімен енгізу, педагогикалық білімдердің салаларын дифференцияға тенденцияларды күшейту, түрлі философиялық-педагогикалық бағыттардың өкілдерінің өзара сынауын күшейту.

Мектеп қызметінің сипатын түбегейлі өзгертуге ұмтылған ХІХ ғасырдың соңындағы қоғамдық-педагогикалық ойлардың көптеген концепциялары мен ағымдары көбінше «реформаторлық педагогиканың» жалпы ұғымына енгізіледі.

Бұл ағымдардың арасында ең белгілі болған «ерікті тәрбие», «еңбек мектебі», «іс-әрекет мектебі» және т.б. жақтаушылардың қозғалысы. Қиындық келтіретін жағдай - осы барлық ағымдардың жіктеуі себебі, бұлардың концепцияларында ортақ және әрқайсысына өзіне тән ерекшеліктері бар.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін сақталынған терминалгиядағы жаңылыс (былық) педагогиканы басқа білім салаларымен ауыстыру болды. Сондықтан жоғарыда айтылған барлық реформаторық педагогиканың бағыттарын жалпы шартты түрде түсіну қажет. Бірақ педагог-реформаторларды біріктіретін негізгі ой-мектепті өздерінің алған білімдерін іс-жүзінде дұрыс пайдалана алатын іскер, бастамшыл және өз бетінше жұмыс жасайтын адамдарды даярлайтын орын ету.

ХІХ ғасырдың соңында барлық жерде мемлекеттік органдардың жалпы білім беретін мектептердің қызметінің түрін өзгерту және басқаруына қатысуы күшейтілді.

Дамыған ғасырдың соңында барлық Европа елдерімен Америкада міндетті бастауыш білім туралы заңдар шықты.

Англиядағы білім туралы заңдардың авторларының бірі. Г.Фарстер дамыған елдердің барлығының сол кездегі жалпы уайымын білдіреді. Оның айтуынша егер олар өз жұмысшыларын қараңғылықты (білімсіз) қалдырса және оларды кәсіптік қызметке даярламаса, онда бұл елдер әлемдік бақталастықта жеңіліске ұшырайды.

Жаңа адамды тәрбиелеу, оқушылардың арналуы және жалпы даму арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу, міндетті мектептегі оқушы санының өсу жағдайында оқушының жеке тұлғасының шығармашылық мүмкіндігін дамыту және оқу үрдісінің сапасын көтеру педагогикалық теория алдында жедел мәселе қойды -мектеп жүйесін өзгертудің тиімді жолдарын табу, білім, тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруын және мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін қайта қарау. Білім берудің мазмұны мен тәрбие әдістерін модернизациялау мәселесі классикалық және табиғи-ғылыми білім беру өкілдерімен қоса осы екі бағытты қосуға әрекет жасағандар арасында да қызу таластар туғызды. Педагогикалық пікір-таластың ортасында болды. Сол уақыттағы педагогиканың маңызды мәселелерін шешу үшін жаңа теориялық көзқарастар, білікті мамандар алдыңғы педагогикалық теория мен білім беру тәжірибесін қайта бағалау қажет болды. Пайда болған жаңа философиялық концепцияларға еліктеу педагогика мен мектеп тәжірибесі саласындағы реформаторлық қозғалыстың өзінде көзқарастардың әртүрлі болуына әкеліп соқтырды.

Наши рекомендации