Тақырыбы: Мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау

Жоспары:

1. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы

2. Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері

3 Тәрбие сағатының формалары

Лекция мақсаты:мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, формалары туралы білім негіздерімен қаруландыру, талдау жүргізу.

Лекция мәтіні (қысқаша):

Жоспаржасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытыда көптеген шараларды белгілеу. Дәлелденген нақты жоспар әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспардың түрлері:

Ø Мектептің 3-5 жылға арнлаған перспективалық жоспары;

Ø Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;

Ø Әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;

Ø Қоғамдық ұйымдардың жоспары.

Мектептегі тәрбиежұмыстарының негізгі бағыты оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы олардың өмірдің маңызды жақтарына қатынасын қалыптастыру:

— адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы (ноосфера);

— қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, өндірістік, т.б. – әлеуметгік ортасы);

— психологиялық орта (саналылығы, тәртібін дұрыс басқара білу, ойлаудың интуициялық механизмдері, табиғи болмысы, дарыны, қабілеті, т.б.).

Сыныптағы тәрбие жұмысын барлық сынып жетекші ұйымдастырады және жүргізеді. Ол сыныптағы оқушылар ұжымын топтастырады және тәрбиелейді, сыныптың оқу жоспарына жауап береді. Сынып жетекшісінің негізгі міндеті-оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен тәрбиелеу, оқушыларды сыныптан тыс оқу, тәрбиелік іс-әрекеттің әралуан түріне тарту. Оның назары, сыныптағы оқу жұмысын ұйымдастыру, білім сапасын арттыру мәселелеріне де көбірек көңіл бөліп отырады.

3. Жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұйымдастыра құру одан да қиындық туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Жоспар жарты жылға не тоқсанға арнап жасалынады. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар – оқушылар ұжымының айнасы. Ол сынып жетекші мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.

Мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе тәрбие сағаты. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда, талғамдарын тәрбиелеуде, мінез-құлықтарын қалыптастыруда, елжандылығын тәрбиелеудегі негізгі жұмыс формасы болып табылады. Сынып сағаты аптаның белгілі бір күні өтеді.Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарына сәйкес ұйымдастыру формасы мен әдісі таңдалады. сынып сағатын дайындау жұмысына оқушыларды қатыстырған маңызды. Оқушылар қабырға газетін шығарады, альбом дайындайды, өткізу орнын әзірлейді, бағдарламасын құрады.

Сынып сағатын іш пыстыратын бірқалыпта өткізбей, алдын-ала балаларды не қызықтыратынын зерттеп білген дұрыс. Ол үшін сұрау, сауалнама жүргізуге болады. Тәрбие сағатын ұйымдастырудың әртүрлі жолдары бар:

1. Пікірталас

2. Әңгіме

3. Саяси хабарлама

4. Үйірмелер мен клубтар

5. Конференциялар

6. Кездесулер

7. конкурстар

8. Сынып жиналысы

Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, пікір алмасуға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз бетінше ойлай білуге үйрету. Пікірталас табысты өтуі үшін алдын-ала дайындық жасалады: пікірталас өтетін күні, тақырыбы мен жоспары, талқыланатын сұрақтар, өтетін орны анықталады. Пікірталасты жүргізушілерге де үлкен мән беріледі. пікірталастың ережесі жасалады.

Әңгіме ең жиі қолданылатын формалардың бірі, әсіресе этикалық тақырыптар жиі қоданылады. Мұғалім үнемі өзі сөйлемей, оқушыларға да сөйлеуге мүмкіндік бергені жөн. Әңгіменің тақырыбы, мазмұны оқушыларды қызықтыратындай, әрі көкейкесті болуы керек. Әңгіме барысында өмірден мысалдар келтіруге болады.

Саяси хабарлама оқушыларды еліміздегі және шетелдегі маңызды оқиғалармен таныстырады.

Үйірмелер мен клубтарға оқушылар қызығушылықтарына қарай қатысады.

Конференциялардың оқырмандар конференциясы және тақырыптық конференция деген түрлері бар. Оқырмандар конференциясы белгілі бір жазушының шығармашылығымен танысуға, оқылған кітапты талқылауға бағытталады. Оқырмандар конференциясы оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелейді, оқылған кітапты талқылауға, бағалауға, пікір айтуға үйретеді.тақырыптық конференция белгілі бір нақты тақырыпқа арналады. Онда бірнеше баяндамалар тыңдалып, талқыланады. Конференциялар өтетін орын алдын ала дайындалып, безендіріледі. тақырыпқа сай қанатты сөздер ілінеді, қабырға газеттері шығарылады, кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Кездесулер еңбек, соғыс ардагерлерімен, атақты адамдармен өткізіледі. Сынып жетекшісі алдын-ала қонақпен кездесіп, оған кездесудің мақсатын, бағытын, оқушылардың жасы мен ерекшлеліктерін айтады. Сол сияқты оқушылардың қызығушылығын оятып, қонақ жайында құнды мәлімет береді. Кездесу уақыты, орны дайындалады.

Конкурстар оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, қабілеттерін жетілдіреді, жауапкершілігін дамытады, белсенділігін арттырады. Алдын-ала конкурстың түрі, қатысушылар, оларға қойылатын шарттар, қазылар анықталып, жоспары құрылады, сұрақтар мен тапсырмалар дайындалады.

Сынып жиналысы - оқушылардың өзін-өзі басқаруының жоғары органы болып табылады. Оның негізгі міндеті - сынып өмірін ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелерді шешу. Сынып жиналысында сынып белсенділері тағайындалады, оқу, спорт, мәдени секторлар тағайындалады, ұжым алдында тұрған міндеттер талқыланады. Сынып жиналысының хаттамасы толтырылады:

Наши рекомендации