Оқу тәртібінің саясаты. 3 страница

Мидағы қозу мен тежелу бiр-бiрiмен байланысты өтедi. Қалыпты жағдайда мидағы қозу мен тежелу дәл қажеттi сәтте организмнiң қызметiн не үдетiп, не баяулатып отырады. Тежелу екі түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және iшкi немесе шартты тежелу.

Адамдарда да жануарларда да әр белгі, зат, сыртқы орта құбылыстарына талдау, түзілу процесі жүреді. Бұл бірінші сигналдық жүйе деп аталады. Ал адамның жоғарғы нерв жүйесінің ерекшелігі: сөз сигналдарының пайда болуы. Ол ми қыртысының әрекетіне жаңа қыртыс болды. Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғарғы нерв қызметінің топқа бөлінуі әрине шартты ұғым. Әр адамның жүйке жүйесі туа біткен ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне байланысты. И.П.Павлов келесі көрсеткіштерді негіз ете отырып, адамдардың жоғарғы жүйке қызметін 4 топқа бөлді. Көрсеткіштер: күш, ұстамдылық, қимыл. Топтар: 1) Күшті, ұстамсыз, тежелуден қозу процесі басым — холерик; 2) күшті, ұстамды, нерв процестері жылдам — сангвиник; 3) күшті, ұстамды, нерв процестері баяу — флегматик; 4) әлсіз, нерв жасушалары тез әлсізденеді — меланхолик.

Ми қызметінің жан-жақтылығына шартты рефлекстің маңызы зор. Ми қыртыс іші, қыртыс-қыртысасты байланыстары арқылы жүйке орталықтары бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі. Бұл жайлы А.А.Ухтоминский өз көзқарасын тұжырымдаған: ОНЖ-нің әр бөлігінің жүйке элементтері бірігіп, белгілі бір жағдайды шешу үшін бір уақытта қызмет жасауға жұмылдырылады. Оны доминанттық қозу ошағы деп атайды. П.К.Анохиннің концепциясы бойынша: әр уақытта рецепторлар, мидың нерв элементтері, атқарушы органдар бірігіп күрделі функционалдық жүйе құрады.

Бақылау сұрақтары:

1 Шартты рефлекстердің туындай механизмін сипаттаңыз.

2 Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстен айырмасы.

3 Шартты рефлекстің биологиялық маңызы. Шартты рефлекстің пайда болу шарты.

4 Динамикалық стереотип.

5 Жоғарғы нерв қызметінің түрлері.

6 Жоғарғы нерв қызметінің түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық көзқарас.

5-6-Дәріс тақырыбы:Мидың интегративті қызметі және мінез-құлықтың бейімделуінің жүйелілігі

Мақсаты: Мидың интегративтік қызметінің физиологиясымен таныстыру.

Жоспар:

1 Орталық нерв жүйесіндегі интегративті процестер психикалық қызметтің негізі.

2 Екінші сигналдық жүйенің дамуы — баланың тіл қызметінің негізі.

3 Ұйқы және сергектік.

4 Мотивация мен эмоция.

5 Қабылдау мен зейін.

6 Ес.

Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.Жоғары жүйке әрекеті адам организінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс көру, гиппоз т.с.с. ми сыңарларының негізгі қызметі болып саналады.
Адам мінез-құлқа мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппоктар секліді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын.
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) «Интеграциялаушы» деп аталатын қызметтері сенсорлық сигналдарды тікелей өңдеумен немесе қозғалу және вегетативтік орталықтарды басқарумен байланысты емес. Олар ұйқы-ояу күй циклі, сана, сөйлеу мен ойлау, ес және эмоция сияқты құбылыстардың негізін құрайды. Аталған қызметтер негізінен алдынғы (ақырғы) мидың екі ірі бөлігінде – лимбиялық жүйе мен жаңа қыртыста (неокортексте) шоғырланған деп есептеледі. Бұлардағы жүріп жатқан физиологиялық процестердің мәнісін, табиғатын түсіндіруге жасалған көптеген ғылыми талаптардың бір парасы шартты рефлекстер туралы іліммен («жоғары нерв әрекетінің физиологияс» деген атпен кеңестік физиологиялық мектепте кең қолдауға ие болған) тығыз байланысты.

Психикалық процесстердің мида орналасқан белгілі орны жоқ. Олар мидың иерархиялық жүйесінің жұмылдыра қызмет етуі арқылы жүзеге асады. Қабылдау — хабарды қабылдап, талдап, ықшамдайтын, өңдейтін күрделі процесс. Нәрестенің қабылдауы ассоциативтік аймақтар арқылы жүзеге асады. 5-6 жаста қабылдау қарқынды жүреді. Назар — тәрбие беру, оқыту, үйрету үшін қажет. Ол ми қыртысының белсенділігін арттырады. Бұл процеске ретикуляциялық формация, лимбикалық жүйе, ми қыртысының маңдай бөліктері қатысады. Ниет (мотив) - адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс - әрекетіне байланысты психологиялық көңіл – күйі. Қажеттілік - адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады. Олар мазмұнына, нақты мақсатына қарай айқын ниет және көмескі ниет болып бөлінеді. Ниеттердің бір – бірімен алмасу адамның қағамдық – тарих

Эмоция – толғану, сезім, көңіл-күй деген мағына береді. Эмоцияның жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Эмоциясыз, сезімсіз ізденушілік болмайды.

Зейін сөзі сонымен бірге ой–санамыздың белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.
Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой – сананы қажетсіз объектке бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығып нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қай заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.

Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:

· а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;

· ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;

· б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.

Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:

· 1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс — сары);

· 2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);

· 3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ — қара; ұзын — қысқа).

Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі,эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамныңақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері арнайы аспап — мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің есте берік қалуы деп аталады. Мұндай жағдайда осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес деп аталады. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес “шұғыл” ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деп аталады. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты болуы. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:

· 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;

· 2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;

· 3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;

· 4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;

· 5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.

Есте сақтаудың тиімді әдісі қажетті материалдарды жаттап алу. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін мнемоника (жаттап алу амалы) деп атайды. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз жүзеге асады. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Адам оған өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртады. Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық пайда болады. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған нәрсе бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты — адамның әр түрлі іс-әрекеттері. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек. Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психология және нейропсихология бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан зерттеу қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда.

Ес — ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Еске сақтау физиологиялық тұрғыдан 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау, мезгілінде қайтадан жаңғырту. Физиология мен психология ғылымдары организмнің әрекеттік қалпы туралы ұғымды кеңінен пайдаланады. Өйткені адамның әртүрлі іс-әрекеті өрісіндегі еңбегі мен тәлімінің сәті, денсаулығы, көңіл-күйі оның әрекеттік қалпынан тәуелді келеді.
Көбінесе әрекеттік қалып орталық жүйке жүйсінің бедерсіз белсенділігі арқылы анықталады. Мұны И.П. Павловтың айтуынша, үлкен ми сыңарлары қыртысының тонусы немесе оның қозғыштық қасиеті көрсетеді. Ал организмде орталық жүйенің бедерсіз белсенділігін жүрек соғуының жиілігі, қанның қысымы, тыныстың жиілігі мен тереңдігі, ЭЭГ – ның өзгерістері сияқты физиологиялық, мінездік және психологиялық деңгейден тұрады. Әрекеттік қалып өз заңдылығы бар психофизиологиялық құбылыс, ол ерекше әрекеттік жүйе құрылысының негізін құрайды.
Адамның әрекеттік қалпын физиологиялық әсерленістің қозғалтқыш, вегетвтивтік және электроэнцефалогиялық көрсеткіштері арқылы анықтайды. Қозғалтқыш көрсеткіштің ішінде ісқимыл белсенділігі, белгілі бір мерзімдегі оның қарқыны мен сапасы, бұлшықеттердің бедерсіз тонусы бар. Вегетативтік көрсеткіштері ретінде тыныс, жүрек-тамыр жүйелерінің әрекеттік өлшемдер, тері-Гальвандық рефлексі қолданылады. ЭЭГ - әсерленістері альфа ырғақтың сипаты, электр белсенділігінің жиілік спектрі арқылы байқалады.
Осы көрсеткіштердің көмегімен организмнің әрекеттік қалпын, ырықсыз сезім, бағдарлама-зерттеу іс-әрекетін, сергектік-ұйқы оралымын анықтауға ьолады. Сергектік-ұйқы оралымы негізін гомеостаздық механизмдер құрады. Әрекеттік қалып ұйқы мен сергектік күйдің алмасуы мен кезектесуі арқылы жүзеге асады.
А) Сергектік.
Адам организмінің әрекеттік қалпының бірі – сергектік, ол ұйқымен қосылып, ұйқы-сергектік циклын құрайды.
Сергектік кезінде адам өзінің тіршілік бағдарламасын іске қосады. Мұқтаждық мотивациялық сүлбілерге сәйкес мінезін ұйымдастырып, қоршаған ортамен белсенді түрде өзара әрекеттеседі.
Сергектік біртекті жағдай емес. А.М. Вейн сергектікті мінез белсенділігінің деңгейіне, ықыластың шоғырланысына, вегетативтік белсенділікке қарай үш әрекеттік қалыпқа бөледі – ынталы сергектік, әлсіреген сергектік, шын сергектік. Ұйқвнвң алдында болғандықтан, сергектік кезіндегі дене мен ой істерінің толықтығы, зорлану, әсіресе эмоциялық түрткілердің көлемі ұйқыға зор әсер етеді.
Ұйқыдан сергектікке көшу организмдегі биохимиялық өзгерістер арқылы болады. Әрі қоршаған ортаның тітіркендіргіштер ықпалынан немесе ми қыртысы, гипоталамус пен торлы құрылым арасындағы әрекеттік қатынастың өзгеруінен туады.
Сергектік қалпын талдағыштар мен қимыл-әрекеттер белсенділігінің артуымен сипатталады. Ол организмнің сыртқы және ішкі ортасының көптеген түрткілерінің салдарынан белгілі бір уақытқа созылады.
Адамда сергектік кезінде әртүрлі психикалық іс-әрекет – байсалды сергектік, зейін, белсенді қимыл, мақсатты іс-әрекетті қамтамасыз ететін эмоциялық қозу немесе әлсіреу байқалады. Осы құбылыстың әрқайсысы орталық жүйке жүйсінің нақтылы әрекеттік қалпымен байланысты болады.
Белсенділіктің елеулі айырмашылығы бар екі түрін бөледі. Біріншісіне жүйенің қызметінен туатын бағдарламалық әсерленісті жатқызады. Екіншісі - әрекеттік қалыптың ауытқуларын қамтамасыз етуші және баяу әсерді реттеуші жүйенің жұмысына байланысты. Қысқа мерзімді белсенділік процестері әрекеттік қалыптың баяу өзгерістері бедерінде күшейіп кетеді. Оған ұйқы, байсалды сергектік, қырағы назар, стресс әртүрлі әсер етеді.
Б) Ұйқы.
Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (момфазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалық) ұйқы деп атайды. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұны кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда ұйқы кезінде кейбір процестердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.
Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты физиологиялық, гипноздық, наркотктік, ауытқулық және шартты рефлекс.
Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктеріннің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады.
И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік туғызады. Қорғаныстық тежелу – үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен қатар, Павлов ішкі тежелу мен ұйқы өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша біртекті құбылыстар деп тұжырымдады. Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу – жеке зоналарға бөленген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы – ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. И.П. Павлов ұйқының тежелуге ауысатындығын, ал ішкі тежелудің (әсіресе кешігетін түрі) жануарларды ұйықтататындығын анықтады.
Ұйқы мен сергектіктің алмасуы – тарихи қалыптасқан ырғақ. Мұнда адамның ұйқысы түнгі кезеңен және қараңғылықпен, ал сергектік – күндізгі кезеңмен және жарықпен сәйкескеліп отырады.
Бұлай бөлінудің негізінде белгілі физиологиялық түрткілер, яғни тіршіліктік және биохимиялық көрсеткіштердің заңды тәжірибелері жатыр.
Адамның аса жоғары жұмыс қабілеті, дене температурасы, қаң қысымы, катехоламиндер мен кортикостероидтар түзілуі ең көп деңгейіне жететін тәуліктік кезеңіне сәйкес келеді. Әрбір адамда мұндай жұмыскерлік кезеңдер тәуліктің әрбір мезгілінде байқалады. Сондықтан адамдардың еңбек істеуін дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек.
Ұйқының мерзімі мен сапасы сергектік кездегі бастан өткізген оқиғалар мен әрекеттерден тікелей тәуелді. Жағымды өткізген күн қалыпты ұйқыға барлық жағдай жасайды. Сонымен бірге жағымды және жағымсыз сезімдердің сай келуі, болып жатқан оқиғаларға шаттана қарау – ұйқы үшін өте маңызды.
Қалыпты ұйқыға ой және дене жұмысының орынды үйлесуі, ұйқының өз салт-жоралары алдын-ала жағдай туғызады. Бір мезгілде жататын және тұратын дағдылар ұйқы мен сергектіктің дұрыс режимі қалыптасуына әсерін тигізеді. Қалыптасқан режимнің уақытша және сирек бұзылуы ұйқыға қатерлі зарар етпейді.
Ұйқы организмді сақтау және оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік (терапия) жиі қолданылады.
В)Түс көру.
Түс көру – бұл адамның қоршаған ортамен қатысынан қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылқаулар айтарлықтай толық тұс көрмейді. Бұл түс көрудің ми қыртысы арқылы болатындығын дәлелдейді.
Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі – жүйкелік іздер теориясы. Егер М.И. Сеченов түс көруді «үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған қисындауы» деп есептесе, И.П. Павлов бойынша, «түс көру көбінесе ескі тітіркендірулерден қалған ізден туады». К. Юнгтың айтуынша, «түс көру – ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттің қалдығы және өткен күннің ой әсері мен көңіл-күйі». Түс көру барлық адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді.
Жылдам ұйқы және онымен байланысты түс көру ортаға психикалық бейімделуде өте маңызды рөл атқарады. Ұйқының породоксальды фазасы бір жағынан мидың жоғары белсенділігін жүзкгк асырады, ал екінші жағынан оның бедерсіз күйінде басқа да мотивацмялық процестер тудырады.
Физиологиялық көзқарас бойынша, түс көрудің себептері – сергектік жағдайдғы психикалық іс-әрекетті іске қосатын материялық құбылыстар.
Ал З. Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйсінің жеңе алмайтын инстинкті (ырықсыз сезімді) іс-әрекетінен туады.
Адамның түстеріне жасалған талдау түс көрудің негізінде зерде іздерінің, эмоциялы өңделген оқиғалардың сөзсіз мәні барлығын дәлелдейді.
Гионопедия (түсінде үйрету). Адам өзінің онсыз да қысқа өмірінің үштен бірін ұйқыда өткізеді. Сондықтан бір кезде уақытты ұтымды пайдалану үшін, ұйқы кезінде оқыту кеңінен тарады. Алайда, арнайы зерттеулер жаңа материалды ұғыну қабілеті және оны кейін еске түсіру тек сергек ұйқының немесе мүлгудің кезінде мүмкін екенін көрсетті.
Демек, нәтижелі гипнопедия ұйқы кезінде кезінде емес, шындығында сергектік күйде, не қалғу кезінде болады. Ал терең ұйқы жағдайында ешқандай үйрету мүмкін емес. Өйткені ұйқының негізгі бір мақсаты – сергектік жағдайда қабылданған мәліметті өңдеу. Егер ұйқы небір материалды оқығаннан соң келсе, ол есте сақталады. Жаңа материалды жаттағаннан кейін 8 сағат жарамды ұйқы болса, оны еске түсіру толық және анық болады.
Түсінде оқыту кезінде ұйқы шала, сергек болғандықтан адам жиі оянуға мәжбүр болады. Демек, бұл пайдалы болмайды, өйткені қалыпты ұйқы адамның жұмысқа қабілеттілігі бұрынғы жағдайына келуі үшін қажет. Сондықтан қазіргі кезде гипнопедия жиі қолданылмайды.
Г) Гипноз және иландыру.
Гипноз дегеніміз иландыру арқылы жасанды түрде туатын адамның ерекше рухани күйі. Оның мәнісі жағынан әдеттегі ұйқыдан өте көп айырмашылығы бар.
Гипнозды үш сатыға бөледі. Сомнелеция (ұйқышылдық) – адам ауызша иландыруға әлі де қарсылық етуі және көзін ашуы мүмкін. Гипнотакция немесе жеңіл ұйқы (транс) – қол-аяғы қозғалмайды – каталепция, көзін аша алмайды, илануға бейім, бірақ гипноздан шыққанда амнезия (ұмыту) байқалмайды. Сомнабулизм (терең ұйқы) – гипноз жасаушыға толық бағынумен сипатталады және оянғаннан кейін адамдар бәрін ұмытып қалады.
Сонымен гипноз құбылысының ұйқы мен сергектіктен өзгешелігі онда қабылданған мәліметтер іріктеліп барып өңделеді. В.М. Бехтеревтің айтуынша, гипноз – санаға ену немесе оған, әдетте, қабылдаушы кісінің еркінсіз және ықыласыңсыз, әрі көбінесе иландыруға ұғымсыз көрінетін бөтен ойды дарыту.
И.П. Павловтың пікірі бойынша, гипноз кезінде сөз ми қыртысына, оның тежелуі мен тонусы төмендеген жағдайда әсер етеді. Бұл жағдайда ми қыртысыда пайда болатын қозу толқыны теріс индукция арқылы мидың көрші жерлерінде тежелу құбылысын тереңдетеді. Сондықтан сөз гипноз кезінде сыналатын адамға әдетте тыс күшті ықпал жасайды да, ұзақ із сақтайды, себепті гипноздық иландырудың емлеу нәтижесін қамтамасыз етеді.
Иландыру – адамдардың өзара бір-біріне ықпалы, адамдардың өзара қатынасының нормасы – ол адамды бала кезден иландыратын ақиқаттар. Адамзат қоғамында әрбір сөз, ой, пікір, сана кеңінен тарайды және иландыру кезінде көптеген адамдарға дайын рухани байлықтарды пайдалануға мүмкіндік туғызады. Әртүрлі иландырудан басқа, өзін-өзі иландыру болады. Мұнда санаға тек бір жағдай емес, сонымен бірге шартты түрде эмоциялық әсерленушілік енеді.
Жалпы барлық адамдардың гипноз ықпалына 20% - оңай, 55% - орташа, ал 25% - қиын көнеді. Гипнозға қабілеттілікке жоғары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшеліктері ықпал жасайды. Мәселен холериктер, меланхолик және флегматиктер.
Ауызша иландыру арқылы жоғары жүйке қызметін өзгертуге болады. Гипноз кезінде иіс, дәм сезудің, көрудің сапасы, қарқыны мен мерзімі өзгеруі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер гипнозбен иландыруды науқастарды емдеу шаралары ретінде жиі қолданылады. Сонымен қатар әртүрлі эмоциялық жағымды немесе жағымсыз, парасаттық өнегелі немесе әсемдік (эстетикалық) сезімдерге иландыруға болады.
Гипноздық жағдайда адамның қимыл әрекеті және ойлау қабілеті өзгереді. Алайда ол бұл жағдайда «бұйырғанмен» жөнсіз немесе өнегесіз қылық жасамайды.
Бүгінге дейін гипноз бен иландыру тетігі толық ашылған жоқ. П.В. Симоновтың пікірі бойынша, гипноз ұйқылы тежелу немесе ұйқы мен сергектік арасындағы күй емес, бұл сергкетіктің бір түрі. Жалпы алғанда, гипноз бен сергектіктің айырмашылығы – ми құрылымдары арасында өзге әрекеттік байланыстардың пайда болуында. Басқа әрекеттік байланысты ауыстырып қосу, ми аймақтары қызметінің салыстырмалы қарым-қатынасы үзілу арқылы жүзеге асырылады.
Сөйтіп, сергектік күйден гипнозға ауысу ұйқының жеңіл сатысында (сомнолеция) ми құрылымдарының қарым-қатынасын үзіп, сергектіктің әрекеттік себептестік байланыстарын әлсіретеді. Бұл кейбір (шамасы лимбияда) жүргізгіш (тригерлік) тетіктер қозуынан мидың өзара бірігіп әрекеттесуін қайта ұйымдастыруға әкеліп соғады.
Гипнозды көбінесе адам психикасының жұмбақты құбылыстарына жатқызады. Оған парапсихологтар зерттейтін әртүрлі экстрасенстік түйсіктер, телепатия, сәуегейлік, проскопия (зерделік), болжампаздық (біреудің болашақ ойын немесе оқиғаларын сезу), психокинез («ой күшімен заттарды орнынан қозғалту» қабілеті), парадиагностика тағы басқалар қосылады.

Наши рекомендации