Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда қарапйым математикалық түсініктерді қалыптастыру құралдары

Мектепке дейінгі мекеме жұмысында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда келесі құралдар пайдаланады:

-оқу іс әрекетіне арналған дидактикалық материалдар комплекті; -өз бетімен ойнауға және оқу іс-әрекетіне арналған құралдар; -тәрбиешілерге арналған әдістемелік құралдар (Оқу іс-әрекеттерінін жобалары)

-дидактикалық ойындар мен жаттығулардың жиынтығы; -жанұяда математиканы мектепте меңгеруге көмектесетін оқу-танымдық оқулықтар.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда пайдаланатын оқыту құралдарының орындайтын функциялары: -көрнекілік принципті қамтиды;

- түсінікті формада абстракциялық математикалық ұғымдарды түсінуге биімдейді;

-балаларға математикалық түсініктер пайда болғанда әрекет жасай білу тәсілдерін меңгеруге көмектеседі;

-балаларда сезімдік қабылдау тәжірибесін жинақтауға көмектеседі;

-тәрбиешіге балалардың оқу - танымдық әрекетін ұйымдастырып басқаруға көмектеседі, жаңа білімді меңгеруін дамытады;

-балалардың математика оқу іс -әрекетінде және одан тыс уақытта өз беттімен танымдық әрекетін дамытады;

-тәрбиешінің ақпараттық, коммуникативтік, проблема шеше білу құзыреттілігін дамыту жағдайын дамытады;

-оқыту процесін жаңғыртады және дамытады.

Сонымен қатар қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқыту құралдары тәрбиеші мен балалар әрекеттерінде қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда маңызды функция атқарады. Теория мен практиканың өзгеруіне байланысты олар өзгеріп отырады. Негізгі құралдар болып оқу іс -әрекетіне арналған дидактикалық материалдар комплекті келеді:

-қоршаған ортаның тірі объектілері: тұрмыстық заттар, ойыншықтар, ыдыстар, табиғи материалдар т.б

-заттар суреттері (түрлері);

-графикалық және схемалық құралдар: логикалық блоктер, фигуралар, карточкалар, сызбалар, модель.

Оқыту құралдары оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалық мазмұнның шешуге көмектеседі. Көрнекі дидактикалық материал оқытуды ұйымдастырудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын анықтауға негізделіп, келесі талаптарға сай болады: ғылымилық, педагогикалық, эстетикалық, санитарлық-гигиеналық, экономикалық.

Негізінде көрнекі материалдың екі түрін қолданады: әрі (демострациялық) көрсетуге және балаларға жұмыстануға, соңымен қатар ұсақ (үлестірмелі) балаға үстел басында отырып тапсырма орындауда қолдану үшін.

Демострациялық материалға жататындар

-полотно, геометриялық фигуралар, цифрлармен және таңбалармен карточкалар, фланелеграф, мольберт, магниттік тақта, заттар комплектілері, карточкалар мен сызбалар, модель (сандар баспалдағы, күнтізбелік, т.б) логикалық блоктер, панно және математикалық есептерді шешуге арналған суреттер, дидактикалық ойындарға арналаған құралдар, приборлар (сағаттар, таразылар, шоттар, санау таяқшалар, цифорлар), т.б.

Магниттік және қарапайым тақта, фланелеграф, шоттар, қабырға сағаты, станционарлық демострациялық материал болып саналады.

Құралдар әдістемелік бөлмеде немесе бұрышта орналасады.

Үлестірме материалдары болып келетін:

- ұсақ заттар, көлемді және жазықтық, түстері бірдей және түстері әртүрлі, көлемдері мен формалары әртүрлі материалдар;

- геометриялық фигуралар, цифрлар мен таңбалар бейнеленген карточкалар, т.б.

- түстерімен бірдей және әр түрлі түсті, көлемімен әртүрлі көлемді және жазықтық геометриялық фигуралар;

- таблицлар мен моделдер;

- санау таяқшалары т.б.

Көрнекі дидактикалық материалдар көрсету үшін де және жаттығу үшін де пайдалануға болады.

Үлестірмелі материал көп мөлшерде болу қажет, әр балаға қажетті сан бойынша.

Әр түрлі пайдаланатын дидактикалық материал көркем безендірілген болу қажет.

Өз бетімен ойнайтын және оқу іс -әрекетінде пайдаланатын дидактикалық құраладар:

-арнайы дидакатикалық құралдар;

-түрлі дидактикалық ойындар: үстел үстінде ойнайтын баспа және заттар ойындары;

- А.А.Столярмен ұсынылған оқытатын, Б.П.Никитинмен ұсынылған дамытатын дидкатикалық ойындар, шашкалар мен шахматтар;

-танымдық математикалық материал: головоломкп, геометриялық мозайкалар мен конструкторлар, лабиранттер, қызықты есептер, т.б;

-бөлек дидактикалық құралдар: есептеу құралдары, цифрлар мен белгілермен кубиктер, балаларға арналған есептеу машиналары т.б;

-оқыту танымдық мазмұны мен оқулықтар және иллюстрациялар;

Осы құралдарды танымдық ойын әрекетінде пайдалану үшін оңай жерде орналасу керек.

Танымдық ойындар, жаттығулар, есептер, сұрақтар өз мамұны, формасы және дамыту мен тәрбиелеу жағынан түрлі болады. Балаларды қызықтырады және дамытады.

Олардың түрлері:

-геометриялық конструкциялар;

-логикалық жаттығулар;

-қасиеттерін табуға арналған есептер;

-лабиринттер -жаттығулар;

-жұмбақтар, тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар т.б;

Танымдық материалдың өзінің педагогикалық құндылығы бар, олар қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда дидактикалық құралдарды түрлендіруге жағдай туғызады.

Ол проблемалық жағдаяттарды тудыруға және шешуге, ақыл-ойын дамыту жолдарын, балалардың өзара және ересек адамдармен қарым-қатынасқа түсуіне жағдай туғызады. Танымдық математикалық материалға қойылатын талаптар:

- түрлі болу керек;

- жүйелі қолдануы;

- үйрету әдістері мен ізденушілік қабілеттерін ұштастыру;

- балалардың жалпы және математикалық дамуына ықпал жасайды;

- танымдық математикалық материал басқа да дидактикалық құралдармен ұштастырылуы керек.

Тәрбиешілерге арналған дидактикалық материал балаларды мектепке математиканы оқуға дайындық жұмысың жүргізуге көмектеседі.

Оларға қойылатын талаптар:

-нақты ғылыми - теориялық фундаментінде негізделеді;

-заман талабының дидактикалық жүйесіне сай;

-үздік педагогикалық тәжірибені ескеру;

-жұмыстануға ыңғайлы, нақты.

Оқу іс-әрекетінің жобасы – қысқа, мақсатын, мазмұнын ашатын, пайдаланатын құралдарды, технологиялар мен әдістерді белгілейтін, жүргізу мазмұнын ашатын құжат.

Наши рекомендации