Бастауыш, орта және жоғарғы мектептің даму тенденциялары.

Бастауыш Мектеп — білім беру жүйесінің алғашқы сатысы. 1917 жылға дейін Қазақстандағы білім берудің бағыттарына сәйкес Бастауыш Мектептердің құрылымдық жүйесі әр түрлі болды (қара Мектеп, Ауылдық мектептер, Бастауыш халық училищелері, т.б.). Олардағы оқу мерзімі 1—2, 3—4, 5—6 жылдық еді. 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Кеңес Одағы елдерінде жаппай міндетті бастауыш білім беру ісі қолға алынды. 1919 жылдан жұмыс істеген 2—3 жылдық Бастауыш Мектептер 1941 жылы 4 жылдық болып өзгерді 1960 жылдан бастап жаппай орта білім алуға көшу Бастауыш Мектептің құрылымдық жүйесін, негізгі мақсатын түбегейлі өзгертті. Бастауыш Мектеп жалпы білім беретін орта мектептің құрамындағы бастауыш сыныптарға айналды. Оқу мерзімі 3 жылдық болды. Кейбір аз қоныстанған елді мекендерде ғана Бастауыш Мектеп дербес күйінде қалды. Оқу жоспарына математика, табиғаттану, көркем жазу, ана тілі, орыс тілі,, еңбек пәндері енгізілді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ғылыми-техникалық жетістіктер, педагогикалық, психологиялық ғылымындағы іргелі зерттеулер ықпалымен Бастауыш Мектептің оқыту мазмұны күрделі өзгеріске ұшырады. 1990 жылдан бастап Бастауыш Мектептің жаңа оқу бағдарламалары жасалды. Оқу мерзімі қайтадан 4 жылдыққа ауысып, оқыту мазмұны тәуелсіздік рухының талабымен қайта жасалды. ҚР-ның “Білім беру туралы заңында” орта білім берудің сатылары: бастауыш (1—4 сыныптар), негізгі (5—9 сыныптар), жоғарғы (10—11 сыныптар) болып нақтыланды.Орта мектеп– жалпы не арнаулы орта білім беретін оқу орны. Орта ғасырлардағы еуропалық Орта мектептерде діни және “жеті салалық классикалық өнер” атты білім түрлері сатылана оқытылды. Қайта өрлеу дәуірінде қоғам дамуының жаңа талаптарына сәйкес түрлі типтегі гимназия, колледж, пансионаттар мен арнаулы (әскери) училищелер пайда болды. Орта ғасырлардағы Орта Азия елдерінде, оның ішінде қазақ даласында медреселер кең тарады. Соғыстан кейінгі жылдары жалпы білім беретін еңбек политехникалық мектептері, жалпы және арнаулы орта білім беретін техникумдар мен училещелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жалпы орта білім Орта мектептерде бастауыш, негізгі және жоғары сатылар бойынша, кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде күндізгі және кешкі оқыту түрінде беріледі. Кәсіптік мектептер мен колледждерде кәсіби біліммен қатар жалпы орта мектептің жоғары сатысының бағдарламасы да оқытылады.Жоғары мектеп – жалпы немесе арнаулы орта дәрежелі білім негізінде жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындарының жалпы атауы.Оларда әр түрлі өнеркәсіптер мен құрылыстар, жол қатынасы, байланыс бөлімдері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, т.б. салалардағы практикалық, педагогикалық немесе ғылыми қызметке мамандар даярланады. Жоғары мектепке университеттер, политехникалық және салалық (инженерлік, ауыл шаруашылығы, экономикалық, медициналық, заң, педагогикалық, көркемөнер, т.б.) институттар, академиялар, жоғарғы училищелер, т.б. жатады. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, беретін білімнің көлеміне, даярланатын мамандардың біліктілік деңгейіне қарамай, толық орта білім негізінде мамандыққа даярлайтын кез келген оқу орны Жоғары мектеп болып есептеледі. Сондықтан бірқатар елдерде Жоғары мектеп қатарына тек жоғары оқу орындары ғана емес, сонымен бірге техникумдар мен арнаулы орта оқу орындары дәрежесінде кадрлар даярлайтын оқу орындары да жатады.17 – 18 ғ-лардағы өнеркәсіп пен мәдениеттің зор қарқынмен дамуы университеттердің және маманданған жоғары мектептердің ашылуына ықпал етті 2001 ж. 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе берілді. Олар:1. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; 2.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;3. Қазақ ұлттық аграрлық университеті;4. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; 5.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;6.Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 7. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы8. Қазақ ұлттық музыка академиясы.

Азіргі оқу-тәрбие орындары. Қазақстан Республикасы Конституциясының білім беру жөніндегі аспектілері, Қазақстан Республикасының Білім заңы, Қазақстан Ресубликасының Жоғарғы білім беру Заңы, білім берудің мемлекеттік стандарттары.

ҚРның Білім беру туралы заң— республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң.1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.ҚР Білім туралы жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.ҚР жоғарғы білім беру жүйесіТәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).Мемлекеттік білім стандарты ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат, білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын қамтиды.Стандарттаусонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Атап көрсететін болсақ, олар:1) мектеп оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;2) көптеген мектептердің құқықтық дəрежесінің өзгеруі;3) тың оқу жоспарларының енгізілуі;4) мектептердің оқу пəндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы;5) баламалы оқулықтардың қосылуы;6) оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі жəне жіктемелі оқуға өту.

Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және оларды топтау. Тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары.

Оқытудың жеке тұлғаға бағдарланған технологиялары. Кез-келген оқыту технологияларының негізінде белгілі бір оқыту теориясы жатады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушылар білімінің дербес модельдерін іске асырудың бір мезгілде жүргізілуі. Бұл үшін әрбір оқушыға барлық оқу пәндерін меңгерудің өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі беріледі Жеке тұлғаға бағытталған білім беру технологиялары 3 топқа бөлінеді: * «Дәстүрлі мектеп технологиясы»- ББД (білім, білік, дағдыға) бағытталған технологиялар; * «Дамыту мектебі технологиясы» - құзыреттілікке бағытталған технологиялар; * «Әлеуметтік мектеп технологиясы»-әлеуметтік технологиялар.

(Т. Шамованың классификациясы бойынша)

Қазіргі таңда оқыту үрдісінде жеке тұлғаға бағдарланған төмендегідей білім беру технологиялары қолданылады.-В. Шаталовтың тірек белгілері негізіндегі оқыту технологиясы;-П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы; -В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;-Ш. Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы;-Л. Заньковтың және Д. Эльконин- В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;-В. Монаховтың оқыту үрдісін жобалау технологиясы;-М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы;-Ж. Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы; -Г. Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы т.б. Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған . Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:- ойын арқылы оқыту технологиясы;- проблемалық оқыту технологиясы; - тірек сигналдары арқылы оқыту;- деңгейлік саралап оқыту; - міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы; - бағдарламалап оқыту технологиясы; - оқытудың компьютерлік технологиясы; - дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы; - дамыта оқыту технологиясы; - модульдік оқыту.

Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметі. Ы. Алтынсариннің негізгі педагогикалық идеялары. Оқытудың дидактикалық негіздері. Ы. Алтынсарин мұғалім және оның дайындығы туралы қазақ халқының ұлы педагогының педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді.Балғожа би өзінің немересі Ыбырайды орысша оқытып, әкімдік қызметке даярлау мақсатында 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының жанынан қазақ балалары үшін ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға берді. Ыбырай 1857 жылы Орынбордағы жетіжылдық орыс-қазақ мектебін үздік бағамен бітіріп, әуелі атасы Балғожа биге хатшы, кейін Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылдан өмірінің ақырғы күніне дейін оқу-ағарту саласында аянбай еңбек етеді.Ауыл-ауылдарды аралап, халықтан қаржы жинап, Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда орыс-қазақ бастауыш мектептерін ашады. Қостанай, Торғай, Ақтөбе өңірінде қолөнер училищесін, қыздар пансионатын, Красноуфимскіде мұғалімдер мектебін ашып, бар күш-қайратын, ақыл-парасатын халық ағарту ісіне жұмсайды.Ы.Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне негізделген екі төл оқу құралын (“Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”) 1879 жылы жазып бастырып шығарды. Ол қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу ісіне ең басты мәселе деп қарады. “Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып-тәрбиелеу ісінен артық еш нәрсе жоқ”,— деп ой түйді. Хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципі көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту көзделді, үшіншіден, жастардың, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге тырысты. Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты — дәстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән-мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету болатын. Қазақтың салт-дәстүрін жан-жақты зерттеп, жинақтаумен бірге, әр ауыл мен болыс сайын мектеп ашып, мектеп жанынан монша, кітапхана салып, қайтсем қазақ елін мәдениетті елдердің қатарына жеткіземін деп арпалысқан Ыбырай “қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған халық, әттең, бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде, кейде күйінесің” деп, ел билеуші орыс әкімдеріне қатты реніш білдіреді.

А. Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі. А. Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық қызметі. А. Байтұрсынов бастауыш мектептің типтері туралы. Ана тілінде оқыту туралы. А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары.

Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. “Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды. Оның 1926 жылы Баку қаласында өткен түркологтардың Бүкілодақтық І съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол тілдерде қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше комиссияның жұмысын басқаруы, Қазақстан Оқу-ағарту халық комиссариатындағы, баспа ісін басқарудағы жұмыстары оның қоғамдық, мәдени-ағартушылық, ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын танытады.А.Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, оқулық ретінде ұсынды.А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан “Айқап” журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан “Қазақ” газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол өзінің 1913 ж. “Қазақ” газетінде жарияланған “Оқу жайы” атты мақаласында мәдениетті елдермен мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп, “Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба, откемелерді жүргізген ғылым” деп өнер мен ғылымның жасампаздық күшін паш ете келеді де, қазақтың басқа жұртқа жем болуының, теңдіктен құр алақан қалуының басты себебін А.Байтұрсынов оқусыз надан қалуынан деп санайды.Балаларға білім берудің бірінші сатысы- бастауыш мектеп. А.Байтұрсынов осы білім көзінің алғашқы сатысына ерекше назар аударады. «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 9 мамырдағы санында «Бастауыш мектеп» атты мақаласы жарияланды. Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болу керек деген мәселе қойып,сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай-жағдайы мәз емес екендігіне тоқталады.Қазақ бастауыш мектептерінде оқу бағдарламалары мен оқулықтардың, оқу құралдары, тіпті оқу тәртібі дегендердің жоқтығын,мұғалімдердің жетіспейтіндігін айтады. Ол бастауыш мектеп 5 жылдық болу керек дей келіп, халық сауатын ана тілінде ашқаны абзал, атап айтқанда, бастауыш мектеп 5 жылдық болсын, алғашқы 3 жыл ана тілінде, кейінгі 2 жылда орысша оқысын деген ұсыныс білдірген

М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі. М. Жұмабаевтың тәрбие мақсаты және тәрбие процесінің құрылымы туралы. М. Жұмабаевтың көзқарастарындағы халықтық принциптер.

М.Жұмабаев 1893жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында дүниеге келген.Орташа ауқатты отбасынан шыққан.Ауыл мұғалімдерінен хат танып, сауат ашады.Педагогикалық қызметі.1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді.1 922 жылы Ташкентке келеді де, орыс-қазақ тілдері мен әдебиеттерінен Қазақ-Қырғыз институтында сабақ береді.1927жылы Қазақстанға қайтып оралып мұғалімдік қызмет атқарады.1929жылы Қызылжар қаласында тұтқындалып, 10 жылға кесіледі.1936 жылы Қызылжарға келіп техникумда сабақ береді.1937 жылы желтоқсанның 30 күні Алматыда тұтқындалады.1938 жылы 19 наурызда халық жауы деген жала жабылып нақақтан атылады. Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады.«Педагогика» оқулығын ұлттық психология және тәрбие кітабы десе де боларлықтай.Өзінің «Педагогикасында» тәрбиені төрт түрге бөледі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі. «Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны.Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын»-дейді әдіскер педагог.Мағжан айтқандай тәрбиедегі мақсат-баланы ұстаздың дәл өзіндей етіп, қорқытып, тәрбиелеуінде емес, қазіргі және болашақ өмірге сайма-сай тәрбиелеуінде».Халық педагогикасын, ұлттық тәрбиесі Мағжан жалпы педагогикасының ең түпкі тамыры, негізі етіп қояды. Осыған орай ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы-ұлт тәрбиесі»-деп тұжырымдама жасайды.М.Жұмабаев әр ұлттың өз мектебі, өз тілі, төл оқулығы, мәдениеті мен тәрбиесі болу керектігін сол кездің өзінде меңзеген.

Наши рекомендации