Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың жолдары мен маңызы

Жоспар

1.Бастауыш сыныптарда қолданылатын көрнекi құралдардың негiзгi түрлерi.

2.Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың жолдары мен маңызы.

1.Математиканы оқытуда көрнекілік принциптерінің ролі ерекше. Көрнекі түрде оқыту- оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.

Математика сабақтарында көрнекілік принциптерін жүзеге асыра отырып, бір жағынан, оқушылардың қабылдауына сүйенсе, ал екінші жағынан, олардың түсініктеріне (ұғынуына) сүйенеді. Бірінші жағдайда көрнекі құралдар қажет, екінші жағдайда көрнекі құралдарды қолданбауға болады, мұнда балалардың бұрыңғы тәжірибесін, олардың бұрыннан жинақталған түсініктерін белсенділікпен жұмылдыру қажет болады. Мысалы, балаларды үшбұрышпен таныстыра отырып, мұғалім сондай формалы фигуралардың негізгі белгілерін (3 бұрыш, 3 төбесі, 3 қабырғасы) көрсететін модельдерін пайдаланады. Сонымен бірге мұғалім балалардың қандай нәрселердің формасы үшбұрыш тәріздес екенін естеріне түсіртеді. Сөйтіп математиканы оқытуда оқушылардың тікелей қабылдауы мен түсініктері үйлестіріле пайдаланылады.

Математика сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістік және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік береді.Көрнекі оқу құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөлу қабылданған.Математика сабағында пайдаланытаны табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, кубиктер т.с.с. жатады.

Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетілеті: нәрселер-картинкалар, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері , нәрселердің немесе фигуралардың кескіндері салынған таблицалар. Суретті көрнекі құралдардың екінші бір түрі шартты (символдық) құралдар болып табылады: математикалық символдардың (цифралар, амалдар таңбалары, «>», «<», «=» қатынастары таңбалары), схемалық суреттер , чертеждер. Суреттік көрнекі құралдарға сондай-ақ экрандық көрнекі құралдар да жатады, олар: оқу фильмдері, диафильмдер, диапозитивтер.

Оқытудың көрнекі және техникалық құралдарын қолдану ақпаратты тиімді игеруге жағдай жасап қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттырады; олардың теорияны практикамен, өмірмен байланыстыру қабілетін дамытады; техникалық мәдениет дағдысын қалыптастырады; ұқыптылық пен байқағыштыққа тәрбиелейді; оқуға деген қызығушылығын арттырады және оны мүмкін етеді.

Әр түрлі пәндерді оқу үрдісінде пайдаланылатын көрнекіліктің өзінше нақты ерекшеліктері, түрлері бар.Шынайы немесе табиғи көрнекілік. Оған жататындар: табиғи құбылыстар мен объектілер, яғни нақты өмірде кездесетіндер. Мысалы, оқыту үрдісінде биология сабағында өсімдіктер мен жануарлар, физикада электродвигательдер көрсетіледі.

Бейнелеу көрнекілігі. Оған жататындар: қандай да бір техникалық қондырғының үлгісі, моделі, стенділер, әр түрлі экранды құралдар (оқу фильмдері, диафильмдер, т.б.), графикалық оқу құралдары (плакаттар, сызбалар, кестелер, суреттер және т.б.). Бұл түрде оқыту үрдісінде пайдаланылатын көптеген көрнекі құралдар жатады.

Көрнекіліктің ерекше түріне сөздік-бейнелік көрнекілікті жатқызуға болады. Бұл түрге шынайы сөзбен суреттеу немесе қызықты оқиғалар туралы әңгімелер жатады, мысалы, тарих пен әдебиетті оқығандағы әртүрлі дыбысты құралды (бейнемагнитофон жазбалары).

Көрнекіліктің тағы бір түріне оқушыларға кейбір көріністерді практикалық көрсету жатады: дене тәрбиесі пәнінде физикалық жаттығулар орындау, еңбекке баулу сабағында құралдармен жұмыс істеу, нақты практикалық операцияларды орындау.

Жоғарыда аталған көрнекіліктің негізгі түрлерінің бәрі тағы бір өзгешелеу ішкі көрнекілік деп аталатын түрмен жиі толықтырылады; яғни оқыту үрдісінде оқушыларға қайсібір көріністі, құбылысты елестету ұсынылғанда, олардың бұрыңғы тәжірибелеріне сүйену арқылы атқарылады.

Ал, көрнекілік туралы Л.И.Фридман өзінің көзқарасын былайша тұжырымдайды:

- көрнекілік нақты нысанның, заттың немесе құбылыстың қандай да бір қасиеті немесе сапасы емес ол осы объектілердің психологиялық бейнелерінің ерекшелігі мен қасиеті;- жеке адам үшін олардың қарапайымдылығы мен түсініктілігінің көрсеткіші;

- адам санасында қалыптасатын бейненің көрнекілігі мен көрнексіздігі көптеген себептерге тәуелді. Олар- таным қабілетіне, даму деңгейіне, қызығушылығы мен бейімділігіне, қажеттілігі және қалауына байланысты болып келеді.

Көрнекіліктің құралы ретінде түрлі модельдер қарастырылады. Л.И.Фридман модельдердің олардың құрастырылған затына қарай былайша жіктеп көрсеткен.

 
  Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың жолдары мен маңызы - student2.ru

Модельдердің көрнекілігі негізделетін басты заңдылық: заттық және идеалды (бейнелік және таңбалық-символикалық) модельдер модельденуші объектінің көрнекі бейнелерінің алдын-ала ұғымдық модельдерде (қандай бір құбылыс, процесс немесе заттың теоралық сызба-нұсқасын) құрастырылуы.

Мұғалімнің оқыту процеіндегі міндеті- балалардың анық естіп, қабылдау мен сөйлеу қабілетін дамыту. Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны ерекше зор. Көрнекі құралды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлегенін естіп қабылдайды.

Сабақтарда көрнекілікке қойылатын талап: оқушы сөзді немесе оның бөлшектерін (әріптерді, буындардағы морфемаларды) анық көретін болуға тиіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әрәптә қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдылануы керек. Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет.

Ендеше «көрнекілік» деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуларды да қамтиды.

Көрнекі құрал жасап қолдануда мұғалімдер төмендегідей талаптарды ескергені жөн:

1. Көрнекі құрал оқу бағдарламасына сәйкес орындалуы керек;

2. Әр көрнекті құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратындай дәрежеде болуы тиіс;

3. Көрнекті құралдар эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздеп, балалардың талғамын өсіретіндей әсем, ұқыпты, тартымды орындалғаны жөн;

4. Көрнекті құралдар жүйеленіп жинақталған күйінде пайдалануға дайын тұруы тиіс;

5. Материал шамадан тыс берілмеуі керек;

6. Оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды, сондай-ақ мәтіндерді таблицаларда берудің қажеті жоқ;

7. Таблицаларда қажетті тұлғада берілген сөздерден басқа, іріктеп алынған (түсіндірілетін тұлғаны анықтай түсетін) мысалдар беруге болады;

8. Таблицаның көмегімен үйретінлген сөз, буын, морфема, әріп таблицада бөлініп, ұқсастықтары мен ерекшеліктері басқа бір элементпен салыстырыла көрсетілуі тиіс.

2.Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге негізделеді. К.Д. Ушинский көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді сынады. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған ұғым, түсінік есінде соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады. Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек деген К.Д. Ушинский. Сабақта көрнекіліктің түрлерін пайдалану жолдарына көрнекілік түрлері көруге , естуге негізделген сызба, кесте, плакат, фотосуреттер, макеттер телехабарлар, оқу фильмдері, мультфильмдер, деректі фильмдер т.б.
Қазіргі техниканың дамуына орай кодоскоп,диафильм,диопозитив күйтабақ сияқты техниканың орнына компьютер ноутбук, интерактивті тақта т.б. жаңа заман талабына сай құралдар мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылу жағы айтылды.

Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.

Оқылатын материалды көрнекі құралдармен иллюстрациялау арифметикалық оқытудың бірінші күнінен бастап барлық оқу жылдарында қолданылып отырады. Баланың санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталады. Баланың көз алдынан құстың, қоянның, мысықтың, тағы сол сияқты суреттері өтеді. Бұл суреттер белгілі жолмен құралып, бірінші ондық сандарының әрқайсысын кескіндейді. Көрнекі құралдар арқылы балалар амалдың идеясын да түсінетін болады, мысалы, тәрелкедегі сүтті жалап жатқан екі мысыққа үшінші бір мысық жүгіріп келе жатқанын көргенде, бала барлығы неше мысық деген сұрауға жауап беру үшін, 2+1 керек деген ой келеді.

Көрнекі құралдарды әр-түрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті пайдалануды көрсету керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек.

Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдарды оқушылардың оқу процесіндегі ролін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу процесіндегі роліне қарай екі үлкен топқа бөліпқараймыз. Заттың-бейнелік көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың құралдары: суреттер, фотосуреттер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи объектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыларға өзара жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар: схемалық көлемді объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдарды қолданудың осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуды тиімді түрде жүргізуге, сондай-ақ сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың зейінін бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдарды тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір-бірімен араласып , біте қайнасып жатады.

Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады.

Жоғарыда айтылып өткендей оқыту процесінде бір-бірімен тығыз байланысты оқулықтардың, көрнекі құралдардың және оқытудың техникалық құралдарының тұтас жиынтығы пайдаланылады. Олардың ішінде ең маңыздылардың бірі - әр сыныпқа арналып жеке-жеке басылатын «Дидактикалық материалдар». «Дидактикалық материалдар» ең алдымен курс бойынша орындалатын жаттығулар мен сабақтарда орындалатын әр түрлі жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімге елеулі көмек көрсетеді. Сонымен бірге, сабақ үстінде топтық немесе жеке-дара жұмыстар орындағанда, үлгерімі төмен немесе жақсы оқитын оқушылармен жеке жұмыс жүргізгенде, бақылау жұмысын ұйымдастырғанда; сондай-ақ оқушылардың әр алуан категорияларымен жұмыс істегенде «дидактикалық материалдар» кеңінен пайдаланылады. Оқушылар сабақта, ойын үстінде, ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Оларды ұштап, жетілдіріп отыру мұғалімнің міндеті деп білеміз. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда баланың ой-өрісін дамытып, бағдарламада өтілген негізгі материалдарды практикада қолдана білуіне, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыруына, өткен материалды өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде дидактикалық ойынның мәні зор. Сабақта өтілген метериалға сәйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді.

Математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы – ұстазы. Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге байланысты.

Наши рекомендации