Лекция. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері

Ф-ӘД-001-026

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР кафедрасы

«Педагогика» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

ТҮРКІСТАН

Оқу әдістемелік кешен ҚР БҒМ «___»_______ж № ___ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, университеттің жұмыс оқу жоспары, пәннің оқу бағдарламасы (хаттама № 1, «03» 09. 2012 ж.) негізінде дайындалған.

Оқу әдістемелік кешенді құрастырғандар: п.ғ.д., профессор А.Усманов, п.ғ.к., доцент Мелдебекова Ү, п.ғ.к., доцент Рысбекова А, п.ғ.к., доцент Искакова Ф, аға оқытушы Г.Д. Ашикбаева, аға оқытушы Л.Қ.Рысбекова

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҚТАРЫ

лекция. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері

Жоспар:

  1. «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері
  2. Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы.
  3. Педагогика тарихының зерттеу мәселесі, мақсаты мен міндеті

Лекция мақсаты:

Студенттерге «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері, педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы, педагогика тарихының зерттеу мәселесі, мақсаты мен міндеті туралы түсінік беру.

Лекция мазмұны:

1. «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері. Қандай да болмасын ғылым салаларының пайда болуы және дамуы қоғамның өмірлік қажеттілігінен туады. Мысалы, химия, физика, биология - өзімізді қоршаған табиғатты тану ғылымдары ретінде, философия экономика негіздері - қоғамдық құбылыстарды, психология – жеке тұлғаның санасы мен мінез – құлық ерекшеліктерін тану қажеттілігінен пайда болды.

Философиялық ой – пікірлерден бастау алаған педагогика тарихы тәрбиеге байланысты бірте – бірте жинақталған теориялар мен қағидалар және фактілерді ой елегінен өткізіп, тәрбиенің мәнін даму заңдылықтарын түсіндірудің басты құралы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды жан – жақты зерттеудің ғылыми және әдістемелік негізіне айналды.

Педагогика тарихы өткен дәуірде қол жеткен тәжірибелерді зерттеп, пайдалануға үлкен мән береді.

Педагогика ғылыми пән ретінде қоғамдық құрылыс пен өндірісті сақтап дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты мақсатты түрде неғұрлым нәтижелі даярлауға деген қоғамның қажеттілігінен туған.

Мұндай маңызда да күрделі мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда.Осы тұрғыдан алып қарасақ, еліміздің оқу – ағарту, білім беру ісінің тарихында хранологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды. Демек, оқу – ағарту мен білім беру тарихи бетін ашып беретін, оның теориясын жасайтын пән педагогика тарихы. Дәлірек айтсақ, педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың, содан туындайтын оқу – ағарту ісінің дамуын зерттейтін ғылым.

Өткен дәуірде алдыңғы қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесіне көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды.

Педагогика тарихының дамып жетілуі - ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилон, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдерінің еңбектерінде саясат, тәрбие мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлермен жалғасын тапты.

Педагогика тарихынан туындайтын тәрбие – белгілері тарихи жағдайларда ғана көрініп және жойылып отыратын басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда ол демек, тәрбие мәңгі бақи категория қатарына жататындыға ғылымда анықталып отыр. Сонау орта ғасырда адамзат ілімінің молаюын, ақыл – парасатының жетілуін, оқу –ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтауда, орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі – тәрбие, оның теориясын жасаушылырдың төлбасы - Әбу Насыр Әль- Фараби болды.Фараби ғылымды жіктеуде педагогиканы азаматтық ғылымға жатқызды. Фарабидің оқу – тәрбие, білімнің теориясының негізінде салғанын «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты еңбегінде айқындала түскенін, ағылшын социалист утописі Томос Мордың (1478-1535) өз тәжірибесінде қалай пайдаланғанын анық көреміз.

Педагогика тарихынан белгілі болғанындай, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие, оқу, еңбектің жемісі деп қарастырды. Жүсіп Баласағұн ХI ғасырда Фараби ілімін жалғастыра отырып, өзінің «Құтты білік» дастанында отбасы тәрбиесінің негізін салды. Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати « Тарихи Рашидиде», Қадырғали Қосымұлы Жалаири «Жылнамалар» атты еңбегінде, Орта Азия ғұламалары Әлішер Науаи; Омар Хайям еңбектерінде бір ғана еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәні, оның адамгершілік, ақыл – ой тәрбиесімен негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті.тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, ХII ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында да, қазірдің өзінде философтардың қай – қайсысы болмасын тәрбие мәселесінен айналып өтпейді. Осының өзі педагогика тарихының проблемасының қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.

Мұндай тәрбиелік тағылымдар мен педагогикалық ойлар және оқу үрдісінің үлгілі тұжырымдары күні бүгінге дейінгі әлеуметтік – қоғамдық дәуірде ұштасып, өзінің тарихи шешімін тауып отыр.

Қоғамдық өмірдің оқыту және тәрбие теориясы мен практикасы сияқты ең қажетті құбылысына бұл қағиданың тікелей қатысы бар.

Педагогика тарихы зерттегеніндей, педагогиканың өзі ғылым ретінде философиямен бірдей деңгейде келеді. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Френсис Бэкон (1501- 1626) 1623 жылы өзінің «Ғылымның қадір – қасиеті және жетілуі» трактатын жазды. Бұл еңбегінің ол ғылымдарды жіктей отырып, педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде қарастырды. Сол кездің өзінде – ақ педагогиканың өзінің статусы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592 - 1670) еңбегінде беки түсті. Оның «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» атты еңбектерінде педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасы тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның басты мәселелерін шешіп берді.

Педагогика тарихында ХII- ХХ – ғасыр аралығында оқу – тәрбие мәселерінің өрбуі мен шешілуі ұлы өзгерістер әкелді. Педагогикалық теорияны дамытушы педагогтар қатары әр елде өсті. Әсіресе, Ресей озық педагогикалық ойдың отанына айналды. Олар : К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов, В.И.Водовозов, Л.И.Толстой , 60 жылдары орыстың революционер педагогтары Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов сынды педагогтар педагогиканың демркратиялық бағытта дамуына және халық оғарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екенін дәлелдеді.

Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырай да сол дәуірдің – қазақ даласына одақтас елдердің озық мәдениеті иен ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің жаршысы болды.

Демек, Қазақстандағы педагогикалдық ой – пікір ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы, түптеп алғанда қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік – саяси, философиялық және этикалық көзқарастармен өзекті байланыста дамып жатты.

1999 жылы жазылған «Әйел - жұмысшы» атты алғашқы еңбегімен Ресейдегі жұмысшы әйелдердің тұрмысын, өмірін ашық көрсеткен, көрнекті педагог – Н.К.Крупская бала тәрбиесіне сол кездің өзінде жаңаша қарады.

Осы кезеңдерді көрнекті педагог А.С.Макаренкоөзінің «Ұстаз дастан», «Мұнара үстіндегі ту», «Қиын бала тәрбиесі» атты ұғым мен тәрбиенің жаңа сипаттағы мазмұнды да құнды түрін енгізді.

1910 – 1930 жылдар арасында Қазақстан педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов елеулі педагогикалық еңбектерімен көзге түсті. А.Байтұрсынов қазақ тілі білімінің негізінде, мектепке арнап қазақ тілі оқулықтарын жазды. М.Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты қазақ тіліндегі тұңғыш оқулығымен, баланы бесіктен бастап тәрбиелеу жөнінде ұсыныстар енгізіп, әдестемелік құралдар жазудың үлгісін көрсетті.Сондай – ақ, жазушы ретінде мектептің ұйымдастыру ісін, мектептің алғашқы қадамдарын шығармашылығына пайдаланды. Ж.Аймауытов «Жантану». «Педагогика» оқулықтары арқылы психология мен педагогикалық пәнаралық байланыстың негізін салды. Педагогикағылымына С.Аспандияров, Х.Досмұханбетов, С.Әлжанов, Б.Қожахметов, Т.Тәжібаев сынды көрнекті педагогтар оқу – ағарту ісін ұйымдастыруда елеулі еңбек етті.

1.2 Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары: Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту методикасы, кәсіптік – техникалық білім беру педагогикасы, әскери педагогика, мәдени – ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс – еңбек педагогикасы пайда болды.

Мектепке дейінгі педагогика үйелмендегі, балалар бақшасындағы, демек, мектепке жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді.

Мектеп педагогикасы кіші, орта және жоғары жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.

Педагогика тарихы – педагогиканың өз бетінше жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту үшін өткен кезеңдердегі педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Міне, осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелелерін озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болды.

Педагогика тарихы пәні басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Өйткені, адамды жан – жақты жәке және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олардың бәрі - философия ғылымы.

Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.

Педагогика тарихы ғылыми философиялық білімдерді басшылыққа алып, тәрбиенің және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады.

Педагогика тарихы нақты тарихи нмәселелерді зерттеп, жинақтауға социология ғылымының маңызы зор. Социология ғылыми әлеуметтік ортаның адамға ықпалын, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады. Жас ұрпқты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика тарихы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді социология ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.

Педагогика тарихы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет – ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық – экономикалық формацияда оқу мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін педагогика тарихы сол формациядағы халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылыми еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады. Әсіресе, жинақталған материалдар алғашқы қауымдағы тәрбиенің шығуын және оның кейбр жақтарын дәлелдеуге көмектеседі.

Педагогика тарихы бүгінгі ғылыми зерттеудің тек объектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.

Наши рекомендации