Арым-қатынас құрылымы мен функциялары

Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.

Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады.(И.А.Зимняя, А.А.Леонтьев). Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті; б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.

Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

Оқытушы өзінің студенттермен жұмыс стилін талдай отырып, ең ұтымдысын таңдайды. Ол үйренушілердің жеке ерекшеліктерін, нақты бір жағдайларды, оқу тобы ұжымының деңгейін ескереді.

Мынадай сұрақ туындайды: оқытушы тәрбиелік-қатысымдық функцияны жүзеге асыру үшін қандай жеке кәсіби қасиеттерді бойына сіңіруі керек? Алдымен перцептивті қасиеттерді атаймыз: “1) үйренушінің ойлану, ойлау процесін қадағалап отыру, оны қолдап, ынталандырып отыру; 2) эмпатия – біреудің (үйренушінің) орнына өзін қоя білу, оның мақсатын, уәжін түсіне білу қабілетінің болуы белгілі бір дәрежеде үйренушінің істерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеп, эксперименттер жүргізген Дж. Л. Морено эмпатияны “бірін-бірі сезіну” деп атаған; 3) үйренушінің жетістіктеріне үлкен әріптесінің, досының тілектестігі, қамқоршылыдығы ұстанымы; 4) педагог ретінде өз іс-әрекетіне үнемі қатаң көзқараспен қарап, оқу процесінде қажетіне қарай түзетулер енгізіп отыру” Морено Дж.

39. Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері және педагогикалық жетекші стиль.Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.Автократиялық стильді қолдануында құрылған оқу орнында “мектеп-фабриканың” белгілері болады, ал демократиялық бағытталған оқу орнында “мектеп-отбасының” белгілері болады, бірақ қазіргі кезге дейін педагогикалық жүйелердің артықшылықтары анықталған жоқ : “мектеп-фабрикаларда” әдетте үлгерім жоғары, ал “мектеп-отбасында” қатысушылардың мазасыздығы төмең, микроклиматы жақсырақ болады.Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды. Психолог М.И. Лисина “Қарым–қатынасты – ортақ нәтиже мен шешімге жету мақсатында орындалған екі не одан да көп адамдардың өзара байланысы ” деп түсіндірсе, ал, К.К. Левин қарым – қатынастың бірнеше тәсілдерін көрсетті:.Әміршілдік қатынас– қол астындағылармен қатал қатынаста болу. Бұл жағдайда олар тек орындаушылар рөлін атқарады, қандай да болсын шешім қабылдауға қатыспайды;.Демократиялық қарым-қатынас, ол ұжым алдындағы міндеттерді талқылап бірлесе шешім қабылдауға мүмкіндік тудырады;.Либералды қатынас – жетекшілікпен ғана шектеледі. Бұл жағдайда талап қоюшылық, бір жүйе байқалмай әркім өз бетінше жүреді.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, яғни қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез – келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатал, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сенімсіздікке әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.

Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.

Алымдар ойлары

М.В.Сименованың пікірінше, коммуникативтік біліктілік педагогтың кәсіби қарым-қатынастың тиімділігінің деңгейін және қарым- қатынас мәдениетін, педагогикалық технологиясын, перспективті біліктілігінің қалыптасуын сипаттайды. Сонымен қатар зерттеуші-ғалым қарым-қатынасты педагогтың басты құралы деп, педагогикалық қарым-қатынас жалпы психологиялық заңдылықтармен тығыз байланыстағы, адамның өзгелермен байланыс жасауымен бір түрі болып саналатын, коммуникативті, интерактивті және перцептивті компоненттерден құралатын өзіндік ерекше қасиеті бар қарым-қатынастың спецификалық формасы, деп санайды.

А.Б.Ынтықбаева болашақ педагогтың коммуникативтік іскерліктерін, дағдыларын қажетті сезімі мен көңілін білдіре алу, оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас орната білу, проблемалық іспен айналасу, оқушылармен ортақ тіл таба алу қасиеттері арқылы көрсетеді, дейді. Ал А.А.Леонтьев мұғалімнің коммуникативтік біліктіліктерін ерік жігерлілік қасиеті ретінде қарастырып, оған өзінің мінез-құлығы мен жүріс-тұрысын қадағалау іскерлігін, өзінің ықылас көрсетуін, қадағалай білуін, адамдардың жүзіне қарап, көңілін таба білуін, оқушымен дұрыс, әрі тартымды байланыс жасай білу іскерліктерін жатқызады.

Ж.Р.Бәшірова коммуникативтілік біліктілікті жалпы педагогикалық біліктіліктің құрамына жатқызады. Коммуникативті біліктілік тұлғааралық қарым-қатынас нормаларын меңгеруді, ықпалдасуға әзірлікті, өзін-өзі мен өзіндік рефлексия тетіктерін меңгеруді, өзін-өзі танып білуді (самопознание), өзін-өзі объективті бағалау сияқты тұлғалық сапаларды біріктіреді. Коммуникация – қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейді.

Келесі заңдылықтың табиғи арнасы ежелгі дәуірден бастау алады. Мәселен, ежелгі софистердің пікіріне жүгіне айтар болсақ, даналыққа ұмтылушы талантты ұстаз үш түрлі қасиетке ие болуы тиіс:

1) ойлана білу; 2) өз пікірін үйлесімді айта білу; 3) өз міндетін жақсы атқара білуі керек. М.М.Сперанский кімде-кім адамдармен істес болғысы келсе, «жақсы ойлана білуі өз алдына, одан да жоғары ғажап сөйлей білуі тиістігін» жазады.

Алғашқы кезекте педагогикалық іс-әрекеттің барысында шешендік өнердің элементтерінің практикалық тұрғыда қолдану мәселесі ойлантады. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы шешені, шешендік өнер теоретигі Цицерон «ақын болып туады, шешен болып шығады» деп ақылдық тума талантқа, ал шешендік көп оқып, ізденіп, көп сөйлеп жаттығушылыққа байланысты деген. Осыған байланысты ата-бабаларымыздан қалған «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады,» — деген, сөзі бар емес пе еді. Демек, тілді әлеуметтік құбылыс десек, ол адамның қоғамда біртіндеп әлеуметтенуі арқылы тілдік ортаның әсерімен жүзеге асады. Цицерон айтқандай шешендік өнерді жетілдіруге әдістемелік білік-дағдылар жүйесін жете меңгеру арқылы өтуге мүмкінідік береді,-деп тұжырымдайды А.Қыдыршаев

Е.Нусубалиева шетелдік ғалымдардың пікіріне сүйене отырып мәдени коммуникативтік қарым-қатынас шеберлігінің мынадай факторларын анықтаған болатын, олардың бір қатарын атап өтер болсақ: түрлі мәдениет үлгілеріне бейімделу, қарым- атынасты жеңілдету қабілетінің болуы, мәдени эмпатия, мәдени өзара қарым-қатынас, тұлғаның өзін және мәдениетті сезінуі, этноцентризмнің болмауы. Оқушыларды мәдени коммуникативтік қарым- қатынас тәжірибесіне оқыта отырып біз олардың адами қасиеттерін, ізгілікке деген азаматтық ұмтылыс, әдіскерлігін; өзгенің сезімін бағалап, жағдайын түсіне білуге, яғни жалпы айтқанда мәдениеттілікке тәрбиелей аламыз.

Психолог Б.Ф.Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтауда оның қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық, регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық. Психологтың пікірінше, бірігіп жасалған әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да қатысымдық екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің) қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады.

З.С.Смелкова аффектілі-қатысымдық функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған “тәрбиелеуші-қатысымдық” функцияны ұсынады [1].

40-42.(қайталанған) Такт- бұл адамдармен қарым-қатынасты реттеуге көмектесетін жағымды категория болып табылады. Гуманизм қағидасына негізделе отырып, әдептілік, мінез-құлық, жүріс, тұрыс өте қиын және қарама-қайшылықты жағдайларда адамдарға деген құрмет, ізеттің сақтауын талап етеді.

Педагогикалық такт- мұғалімнің кәсіби санасына, шеберлігінің бөлігі. Педагогикалық такт жалпы такт түсінігінен мыналар арқылы ерекшеленеді: мұғалімнің жеке, өзіндік қасиетін (әдептілік, құрмет, балаға деген мейірім, кішіпейілдік) белгілейді. Сонымен педагогикалық такт- бұл оқытушы мен оқушының орынды іс-әрекетіндегі педагогикалық өлшем бірлігі, қарым-қатынастың өнімді стилін құра білу шеберлігі. Педагогикалық такт оқушылармен қарым-қатынасқа түсу барысында сыйлай отырып, мұғалім балаларға құрмет көрспетуге міндетті. Педагогикалық такт- мұғалімнің салмақты, байсалды мінез-құлқынан көрініс табады. Педагогкалық такт – мұғалімнің мінезіндегі жоғары гумандылық, оқушының қасиетін құрметтемеу, әділдігі және әрекетіндегі балаға, ата-аналарға, еңбек бойынша әріптестеріне қатысты шыдамдылығы мен өзін-өзі ұстай білуінің сана-сезімдік өлшемі; педагогикалық этиканы іске асыру формаларының бірі. Мұғалімге такт сабақтың барлық этабында қажет. Әсіресе, оқушылардың білімін бағалау, тексеру кезінде көңіл аудару керек. Мұнда такт оқушының жауабын тыңдауға шеберлігін білдіреді: жауаптың формасына мазмұнынына көңіл аудару, қиын оқушыларға төзе білу. Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такт.

Қорыты айтқандамұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгергенғ өз ұлтының әрі дүниежүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.

Этика- мораль туралы ғылым. «Этика» терминін б.з.б. 4 ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті. Этика – педагогтің ерекше бір қасиеті. И.Е. Синица «педагогтік этика және педагогтік шеберлік» деген еңбегінде: «Педагогтік этика – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Қай-қай мамандықтыңда белгілі бір айрықша белгісі болатынын өздеріңізде білесіздер. Ол белгілі адамның үйреншікті әдісінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқау мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен, оның педагогтік әдісіне жатады. Әнші үшін үн, ал мұғалім үшін педагогтік әдеп сондай қажет» , - дейді.

Педагоикалық әрекет этикасы жай ғана сыпайылық білдіру ғана емес, ол шығармашылық, ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлық тың, саналы іс-әрекеттің, білімділікпен іскерліктің жиынтығы.

41.Пед катынас. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қағам дамуымен байланысты. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына мақыштанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Педагогикалық қарым-қатынас өте күрделі процесс. Тәрбие әдістері педагогикалық қарым-қатынас арқылы іске а ады. Оған көптеген адамдардың қатынасы балаға ықпалы жатады. Ұстаздық қызмет ұстаздық қызметті ұйымдастыру, балаларды ұжымда тәрбиелеу, балалардың өзара қатынасы бала тәрбиесіндегі қолданатын әдіс, тәсілдері, құралдары болып табылады.

Шындығында, педагогикалық қатынас ұстаздың шәкіртке қатынасты дұрыс жүргізу үшін ынта керек. Ынта дегеніміз – белгілі бір іске адамның ықыласпен кірісіп, оны нәтижелі орындауы, алдына қойған мақсатты жете түсінуі. Ұстаздың ынтасы оқу-тәрбие процесінде дамиды.

Ұстаздық педагогикалық қатынасты жүргізу үшін бейімділік керек, яғни мұғалімдік мамандыққа бейімділік, балалармен қарым-қатынас жасау, олармен ойнау, жұмыс істеу процесінде білінеді. Педагогикалық қатынасқа ұстаздың қабілеті де керек. Елгілі іске бейімділік және адамның қабілетіне байланысты. Ал жеке адамның белгілі іс әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық асиетті қабілет дейді.

Сонымен, педагогикалық қатынас жасау ұстаздың балаға сүйіспеншілігі, қызметіне ынтасы, бейімділігі, қабілеті, ұстаздық нышаны, дарындылығы болуы керек.

Наши рекомендации