Балада еріктің дамуы
Адамның ерік –жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс- әрекеттің нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар: біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамаға келу, кедергілерді жеңе білу, өзін -өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдық т.б.), екіншіден, адамгершіліке сыйымды ерікқимылдардың сапалпрына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары), үшіншіден, еріктің адамның дербестігіне байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақтылық т.б.) бөлінеді.
А)Тоқтамаға келгіштік. Тоқтамаға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын қыстау кезеңдерде қажжетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісінің азды көпті кемшіліктерін көре білуді оның ақыл ой парасатымен байланысып жатады.Біреу тоқтамаға келуге оншама көп қателіке жол бермейді, ал екінші біреуі көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре- сараңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі – жиі түрлі тоқтамаға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбнесе, орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік- жігерін жегідей жеп мұқалтады.
Ә)Табандылық. Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыныТұрсын Мынбаев Ұлы Отан соғысында екі қолынан бірдей айрылады да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмір сүріп, халқына пайда келтіру жағын ойлады. Ауруханада жатқан оның «қолынан» Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға адам өмірінің бағасын танып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақайымен жазу жазды. Қаламды аузымен тастап сурет салуға да машықтанды. Бір күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатына жету жолын бір табан жылжытқандай болды. Көп қажыр – қайрат жүмсап, талмай жаттығу нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқан, жеміс бағын да өсірген. Үш айлық шоферлер курсын бітіріп, машина жүргізуді де үйренген. Совхозда бухгалтер болып істеген. Осындай жауапты қызметте жүріп бір жағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. өз басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, «Өліммен беттескенде деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігінің, табандылығының арқасында өмір қызығын тартып отырған қарапайым еңбек адамының ерлік ісі ерекше жырланған. Сөйтіп, табандылық кісі таңдамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.
Баланы табандылыққа тәрбиелеуде педагог мына шараларды жүзеге асырып отырады:
1) Баланы жас кезінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенім арттырып отыру қажет;
2) Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге үйретілсін. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;
3) Баланы ұжымдағы ортақ мүдде үшін күресе білуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау – табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.
Б) Ұстамдылық. Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, істің тетігін аңғара отыра әрекет етеді. Жігер дегеніміз – құр тілекпен қанағаттану емес, бұл бір мезгілдік тілек те, тоқталыс та, тілектен бас тарту да ... Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз ешбір жігердің де болуы мүмкін емес.
Осындай қасиеттер адамның түрлі қиыншылықтарды жеңе білуге машықтануы, ауыртпалыққа шыдай, төзе білуі үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз ұшқалақтық, жеңілтектік, дегбірсіздік адамның қатты жігерленіп, іске белсенді кірісуіне кедергі келтіреді. Ал ерекше күш жұмсауды керек етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар деп айтуға да болмайды. Еріктің бұл сапасынсыз қарапайым жұмысты да нәтижелі орындау мүмкін емес.
Күшті ерік адамның осындай ауыртпалықты жеңіп отыруы өзін меңгере алу үстінде де мықтап шыңдала түседі, онан сайын қатайып, беки береді, яғни М.Горький айтқандай, «тіпті азғана өзіңді жеңу адамды зор қуат иесі етеді». Ұстамдылық өзін-өзі меңгере алу - адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттерді тәрбиелеу үшін адамгершілік принциптерін саналылықпен ұғынып орындап оыруға бой ұсыну, ұжым мүддесіне нұқсан келтіретін түрлі тғріс қылықтардан бас тарта білуге жаттықтыру, дүниетанымы мен сенімін, талғамын қалыптастыру, лайықсыз сезімдерді тежей білуге үйретіп отыру қажет.
В) Тәртіптілік пен жинақылық. Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Адам неғұрлым өз қылығының қоғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді. Жекешіл ұғымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекеттермен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.
Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа ұйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына «сіңіріп» отыру деген сөз.
Г) Ерлік. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет, сонымен қатар, ерлік –батылдық пен ұстамдылықтың табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінеді.
Сондықтан да ол адамның өз халқына Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кір жуып кіндік кескен жерін көздің қарашығындай сақтап, басқыншы жаудан асқан ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар көптеп кездеседі. Мәселен, Күлтегін, Едіге, Қарасай, Қобыланды, Ерсайын, Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Жанқожа, Кеңесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Амангелді Бауыржан т.б. секілді өр рухты, намысты қолдан бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батырлардың бейнелері қазіргі тәуелсіз елдің жас ұрпақтарына іздесе таптырмайтын өнеге.
Осы айтылған ерік сапаларымен әр адам өз басын тәрбиелей алады. Бастауыш сынып оқушыларын да осыған баулу қажет. Әрине, бұған мұғалімдердің дүрыс басшылығы керек. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскийдің жас кезінде өзін тәрбиелеудің мақсатында жасаған жоспары көңіл аударарлықтай. Ол жоспар мына төмендегідей:
1) Ерекше сабырлық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу;
2) Сөз бен істе әділ болу;
3) Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы;
4) Тоқтамға келе алу;
5) Өзінің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау;
6) Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбау, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу.
7) Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну, көрсе қызарлыққа салынбау.
8) Әр кеш өзің істеген ітке мұқият есеп беріп отыру.
9) Еш уақытта да өткендегі, не алда болатын ісіңмен мақтанбау.
10) Осы жоспарды ешкімге көрсетпеу. Балалардың бойына кез келген ерік сапаларын қалыптастыра беруге болмайтыны түсінкті. Ерік сапаларының мазмұны қандай, қоғамдық пайдалы әрекет жасауға бағытталған ба, әлде жеке қара басының мүддесін көздеуге бағытталған ба – міне, негізгі мәселе осында.
Егер бала түрлі кедергілерді, қиыншылқтарды жеңуде барлық күш- жігерін, тек өз мүддесіне , қара басына пайдаланатын болса, онда мұндайда көрінетін ерік сапаларын ешбір қоғамдық мәні болмайтындығы белгілі. Бұзақы адамның сотқарлығы, қоғам мүлкін тонаушы ұрының, жылпос айлакерлігі, қиқар адамның орынсыз қасарыспалығы жақсы ерік сапалары емес. Өйткені осы соңғы айтылғандар өзінің мазмұны жағынан ешбір адамгершілік қасиетке сиыспайтын сапалар. Сондықтан да адамдарға тән жоғары ерік сапалары туралы мәселе қойғанда әр уақытта да олардың моральдық салмағының қандай екендігін еске алып отыру керек.Әр түрлі ерік сапалары бір-бірімен байланыспайтын оқшау жатқан қасиеттер емес, барлығы да адам бойынан табылатын, оның жеке басының бағытына, дүниетанымы мен сеніміне, мінез бітістеріне, темпераментіне, қабілетіне тағы осындай психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше жағдай қабысып келіп отыратын сапалар. Бір адамның баснды ерік сапаларының бірнешеуі қиысып, келіп отырады. Мәселен, өртеніп жатқан үйдің ішінде қалған баланы алып шыққан адамның басынан батылдықты да, тоқтамға келгіштікті де, шапшаңдықты да, өзін меңгере алушылықты да байқау осы айтылған пікірге жақсы дәлел.
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының
Жалпы сипаттамасы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жас ерекшеліктері 6 жастан 10 жасқа дейін деп қазіргі кезде қарауға болады.
Мектепке дейінгі кезеңді алсақ, онда «ойын» негізгі әрекет екенін білеміз. Ал бастауыш мектеп оқушыларының мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, бастауыш сыныпты бітіргенге дейін оқу материалдары ұқсас келуі, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Сол себепті осы кезеңге «бастауыш мектеп жасы» деп бөлінуінің бірден бер себебі. Олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі. Дейтін Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға деген көзқарастары үлкен роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңде оқуға деген талабы өсіп, сыныптағы құрбыларымен қарым-қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамыиып, жаман-жақсыны айыра бастайды. Сонымен қатар әуелі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстіне мына сияқты қиыншылықтар кездеседі:
1. Режимдегі өзгерістер. Сабақтан қалмау. Сабақ үстіндк тыныш отыру, т.с.с. қиналады.
2. Мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, соны білмей қиналады. Бірақ, көп ұзамай бала үйреніп, жатырқауын тоқтатады.
Сонымен қатар бала, оқуға кіргеніне мәз болып, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде әке-шешесі баланы көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтан бас тартпауға, қиыншылықты жеңуге пайдасын тигізеді.
Оқу арқылы бала біртіндеп білім, дағды, икемділіктерді, тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары (ес, ойлау, қиял) эмоция, ерік-жігер т.б. процестері дами түседі.
Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятыны белгілі. Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну өте күрделі әрекет. Баланың білімге деген қызығушылығы тапсырманы біртіндеп қиындату қажет, себебі, азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады.
Бастауыш мектеп оқушыларының таным процесіне келсек, ол: қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану. Мектепке барғаннан бастап өзгерістерге ұшырай бастайды.
Қабылдауды алсақ,қабылдау қабілеті мектепке дейінгілерге қарағанда недәуір қалыптасып қалған,мектепке түскен 7 жасар баланың бойы әрі қарай өсе береді, салмағы артады, бұлшық еті дамиды, сүйегі қатая түседі. Біраз уақыт шаршамай жұмыс істеуге шамасы келеді, жүріс-тұрысы оңтайлана , жылдамдыққа бейімділігі бұрынғысынан әлдеқайда артады. Баланың үй іші жұмыстарын орындауға да шамасы келеді (үйді жинастыру, өсімдіктерді баптау). Осы жастағы балалар қимыл-қозғалысқа өте бейім келеді. Баланың осы табиғи қажетінің орындауына ылғи да мүмкіндік беріп отырған дұрыс. Оған үзіліс кезінде де, сабақтан келгеннен кейін де, сабақтан келгеннен кейін де жүгіріп ойнауына тыйым салуға болмайды. Мұғалім мен әрбір ата-ана 7 жастағылардың қимыл-қозғалыстарының әлі де болса, тәртіпке түспегендігін, ескеруі тиіс. Бұлардың жүрісі, мәнерлі қозғалыстары әбден оңтайлы, ширақ бола тұрса да, саусақтарының уақ еттері әлі де толық дамып жетіспеген. Сондықтан да олар дәл қимыл-қозғалыстарға шорқақ (инені сабақтай алмау, қайшы мен пышақты ұстаудағы епсіздіктер). Балаға саз бен пластилиннен мүсіндер жасату, сурет салдыру, доппен ойнату, ине , түйреуіш, пышақ, қайшымен жұмыс істеуді үйрету арқылы мұғалім оның қолының уақ еттерін шынықтыра түседі. Бірақ балаға тым ұзақ уақыт жаздырудың да қажеті шамалы.Бастауыш мектеп жасындағы балаларда миының дамуы да жедел жүріп отырады. Мысалы, 8-9 жаар балалардың миы анатомиялық жағынан ересек адамның миының структурасына жақындайды. Мидың маңдай тұсы жедел өседі, онда нервтік жаңа жолдар пайда болады. Жоғары нерв жүйесінің процестері нақтылана, тәртіпке түсе бастайды. Екінші сигнал жүйесінің мәні артады, мидың анализдік, синтездік қызметі күрделенеді, тежелу процесі (оның актив, шартты түрлері) нығая түсетін болады. Осы айтылғандардың бәрі оқушылармен оқу процесін күрделендіре жүргізуге болатындығын жақсы көрсетеді. Мектепке жаңадан түскен баланың психикасы алғашқыда әлі мектеп көрмеген баланың ерекшеліктеріне ұқсас болып келеді. Өйткені аз уақыт ішінде бала психикасында қауыртөзгерістердің пайда бола қоюы қиын. Дегенмен, мектеп есігін ашқаннан-ақ бала психикасы белгілі арнамен дами бастайды. Бала психикасының дамуында мектеп елеулі кезең екендігі даусыз.
Балаға әр кез тиісті нұсқау беріп отырмаса, онда арнайы түрде байқай алу, байқағыштық қасиет қалыптаспайды. Егер мұғалім баланың қабылдауын ұдайы бағыттап отырмаса, оның дамуы жүйемен жүріп отырмайды. Мысалы, балалрды экскурсияға шығарғанда, мұғалім осы арадағы көріністерді байқаңдаршы дер тапсырманы жиі берсе, олар көзіне не ілінсе, соны ретсіз айта береді. Кейін 2-ші экскурсияда мұғалім осы арада қандай өсімдіктер өседі екен, соны байқаңдаршы деп арнаулы тапсырма бергенде, балалардың жауабы нақтылана түсетін болады. Мұндай жағдайда оқушылар түрлі өсімдіктердің атын айтып береді, ол өсімдіктерді бұрын көрген өсімдіктермен салыстырады. Бақылаған заттың суретін салады. Мұндай әдіс затты жан жақты танып білуге мүмкіндік береді, оқушыларды байқағыштыққа үйретеді.
Заттың нақты бейнесіне сүйену-осы жастағы бала психикасының басты ерекшелігі. Сабақты үнемі көрнекілікке негіздеуге де болмайды. Сондықтан сөз бен көрнекілік ұштасып келгені дұрыс. Кіші сынып оқушылары оқығанын, көрген-білгенін есте жақсы сақтай алады. Олар көбінесе ашық боуялы, қимыл-қозғалысты, нақтылы нәрселерді ұмытпайды. Ол өзіне қажетті (әсіресе, ойынға байланысты) нәрселерді есніе сақтауға тырысады. Бірінші, екінші сыныпта оқушылар әдейілеп есте қалдырудың жолын білмегендіктен, олар материалды түгелдей жаттап алады. Мұндай жаттап-алушылық оқу тәсілін білмегендіктен, нені қалайша есте қалдыру қажетін сезінбегендіктен туындайтын қасиет.
Бірінші сынып оқушылары көбінесе, сабақта өздерін ұстай алмайды, кейде дауыстап сөйлеп жібереді, не қатты күледі, оның жылауы да мүмкін, басқа балалардың үстінен шағым айтқыш келеді. Кейбір мұғалімдер сабақ үстіндегі осындай айқай-шуды басамын деп балаларға ұрсып зекиді. Бұл-осы жастағылардың психологиялық ерекшеліктерін білмеуден туған қателік. Осындай қимыл-қозғалыстағы балаға мұғалім кейде: «Айтқанға көнбейтін қандай жаман баласың»-деп те ұрсады. Бұл да дұрыс емес. Мұның орнына мұғалім сабақ үстінде дұрыс отыруды, өзінің нұсқауын орындауды сол баладан байсалды түрде талап етсе, сөйтіп педагогтық тактіні сақтаса, бұл әдіс әлдеқайда тиімді болады. Мұғалім баланың білімін бағалауда өте әділ және өте әдіской болуға тиіс. Сабақты нашар үлгіретін баланы да көтермелеп, оның жақсы оқуға талаптана түсуіне жағдай жасауы қажет. Сынып ішіндегі қоғамдық жұмыстарды (санитар, староста, кезекші т.б.) балалардың икемділіктеріне қарай бөлу де өте ойластырылып істелгені жөн.
ОРЫТЫНДЫ
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю — ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру — бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. — Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. — Алматы, 1976.
3. Обухова Л.Ф Возрастная психология. — М., 1999.
4. Райс Ф. Психология подросткового и юнешеского возраста. — СП б., 2000.
5. Караковский В.А. О подростках. — М.: Педагогика, 1970.
6. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.
7. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. «Жаманнан жирен», «Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы». — Алматы: Мектеп, 1988.
8. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. — Москва: Просвещение, 1988.
9. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. — М.: Просвещение, 1988.
10. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и ученически коллективов. -М.: Просвещение, 1985.
11. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. — Алматы, 1977.
12. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. — Алматы, 1979.
13. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. — М.: Московский рабочий, 1988.
14. А.Г. Хрипкова. Ұл есейсе, қыз өссе. — Алматы, 1988.
15. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека «Актуальные проблемы педагогики и психологии». — М.: Знание, 1970. Вып.2.
16. ХарламовИ.П. Педагогика. — М.,1990.
17. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. — Алматы, 1991
ОСЫМША
Жаттығу – 1
Атауы: «Айырмашылықты тап»
Мақсаты: Заттардың арасындағы айырмашылықтарды таба білу, қабілеттердің даму деңгейін анықтау.
Түрі: диагностика
Көрнекілігі: Суреттер
Тапсырма: Балаға екі бірдей сурет көрсетіліп, айырмашылықтарын табу ұсынылады.
Қортынды:
Даму деңгейі:
Жоғары деңгейі - бала екі айырмашылықты дұрыс тапса.
Орташа деңгейі – бала бір айырмашылықты дұрыс тапса.
Төменгі деңгейі – бала тапсырманы орындай алмаса.
Жаттығу -2
Атауы: «Бұл не? Тап!»
Мақсаты: Балалардың қабылдау қабілетінің қандай деңгейде екенін анықтау.
Түрі: диагностика
Сабақ көрнекілігі: Суреттер арқылы.
Нұсқауы: Бұл әдістемені қолданар алдында балаға кейбір суреттердің бөліктері көрсетіледіжәне осы бөліктерарқылы суретті тұтас құрастырып табу керек. Осы әдістеме бойынша балаға қалған бөліктерді жауып, тек «а»бөлігін көрсетіп суретті назарына ұсынамыз. Бала 10 секунд ішінде суретті таппаса, онда басқа бөліктері көрсетіле беріледі. Баланың суретті табуға кеткен уақытын есептейді.
Бағалау нәтижесі:
10 ұпай – бала иттің суретін «а» бөлігі бойынша 10 секунд ішінде тапса.
7-9 ұпай – ала иттің суретін «б» бөлігі бойынша 11-10 секунд аралығында тапса.
4-6 ұпай – бала бұл суреттің ит екенін 21-30 секунд уақыт жіберіп, «в» бөлігін көрсеткенде тапса.
0-1 ұпай – бала 50 секунд уақыт ішінде де «а», «б», «в» бөліктерін қараса да, бұл иттің суреті екенін таба алмаса.
Қортынды:
Даму деңгейі бойынша:
10 ұпай - өте жоғары, 8-9 ұпай – жоғары, 4-7 ұпай – орташа, 2-3 ұпай – төмен, 0-1 ұпай - өте төмен.
Жаттығу-3
Атауы:Белгілерді қойып шық
Мақсаты:Зейіннің продуктивтілігі мен тұрақтылығын анықтау.
Түрі: диогностика
Көрнекілігі:геометриялық фигуралар
Нұсқауы:Балаларға сурет көрсетілген, онымен қалай жұмыстанатындығы туралы түсіндіріледі. Тапсырма бойынша жоғарыда көрсетілгенүлгілер бойынша әр төртбұрышқа, үшбұрышқа, дөңгелекке және ромбыға белгілер қойып шығу керек. Балаға екі минут уақыт беріледі. Зейіннің ауысуы мен бөлінуікелесі формула бойыншаанықталады.
S= (0.5N-2.8n): 120 мұндағы S – зейіннің бөлінуі мен ауысуының көрсеткіші.
N - екі минут ішінде белгіленген геометриялық фигуралардың саны.
n- тапсырманы орындау барысындағы қателер саны. Дұрыс қойылмаған немесе қойылмай кеткенбелгілер қате болып есептеледі.
Нәтижені бағалау:
10 балл –S көпсеткіші:1,00 үлкен
8-9 балл – S көрсеткіші 0,75 пен 1,00 аралығында орналасқан
6-7 балл – S көрсеткіші 0,50 ден 0,75 аралығында орналасқан
4-5 балл – S көрсеткіші 0,25 ден 0,50-дің аралығында орналасқан
0-3 балл – S көрсеткіші 0,00 ден 0,25 аралығында орналсқан.
Даму деңгейі:
10 балл – жоғары, 8-9 балл – ортадан жоғары, 6-7 балл – орташа, 4-5 балл – ортадан төмен,
0-3 балл – төмен.
Жаттығу-4
Атауы:«Есте сақта және нүктелерді орналастыр»
Мақсаты: Ересек топ балаларының зейінін анықтау.
Түрі: диогностикалық
Көрнекілігі:Карточкалар
Жүру барысы:
Бұл әдістеме бойынша кіші жастағы баланың зейінінің көлемін анықтауға болады. Бұл үшін төменде берілген суреттегі стимульды материалды қолдануға болады. Қаттамада 5 кіші тор көздерге нүктелер орналасқан. Бірінші тор көзде 2 саннан басталып, 5 санынан аяқталатын тор көздегі сандарды ретімен төмендегі бос тор көзге орналастырамыз.
Нұскауы: «Қазір біз сіздермен зейінге байланысты ойын ойнаймыз. Қазір мен саған нүктелер орналасқан сандарды көрсетемін. Ал сен, өзіңдегі бос тор көзге сол сандарды орналастырамыз», әрі қарай балаға әр тор көз 1-2 секунд аралығында 5 тор көзді нүктені көрсетіп отырамыз, оны тор көзге есте сақтап толтырады.
Қортынды:
Баланың зейінінің көлемі нүктелердің жоғары шегімен есептеледі.
Орташа ұпай.
5 ұпай – 5 нүктесі бар карточканы қабылдаған болса.
4 ұпай – 4 тен 5 нүктеге дейін қатесіз каточкаларды қабылдаған болса.
3 ұпай – 3 тен 4 ке дейін дұрыс қабылдаған болса.
2 ұпай – 2 ден 3 нүктеге дейін дұрыс қабылдаған болса.
0-1 ұпай – 1ден кем нүктелерді қабылдаған болса.
Даму деңгейі:
5 ұпай - өте жоғары, 4 ұпай – жоғары, 3 ұпай – орташа, 2 ұпай – төмен, 1 ұпай - өте төмен.
Жаттығу-5
Атауы:«Құлақ, мұрын»
Мақсаты:балалардың зейінді болуға тәрбиелеу, берілген тапсырманы нұсқау бойынша орындауға үйрету.
Түрі:Ойын түрінде
Өтілу барысы:
Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші құлақ- деп қолымен мұрнын ұстайды,ал мұрын- депқұлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде- құлақты, мұрын дегенде – мұрынды көрсету керек. Жүргізуші баланың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
Жаттығу-6
Атауы:«Не өзгереді»
Мақсаты:Заттардың арасындағы айырмашылықтарды таба білуге қабілеттердің даму деңгейін анықтау
Түрі:Ойын түрінде
Өтілу барысы:
Үстелдің үстіне үш, төрт ойыншық қойып, балаға оларды мұқият қарап шығуға мүмкіндік беріңіз (бір,екі минут). Содан кейін одан теріс қарап тұруын өтініп, ойыншықтардың біреуін алыптастаңыз. Сәби бері қарағанда, одан не өзгеріс бар екенін сұраңыз. Ойынды күрделендіруге болады, ойыншықтардың санын бес- жетіге дейін өзгерту, бір-біріне ұқсас ойыншықтарды қою. Мыс: бес ойыншықтың үшеуі бір-бірінен кішкене ғана айырмашылығы бар. Ойыншықтардың еш қайсысын алып тастамай, және тағы сол сияқты біріне-бірі кезектесіп тапсырма беріп, ойынды жарысқа айналдыруға болады.
Жаттығу-7
Атауы:«Зейінді бол»
Мақсаты:Зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту, зейін арқылы жеке басы мен ерік сапасын қалыптастыру
Түрі:Ойын түрінде
Өтілу барысы:
Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші әртүрлі қимыл қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталайды.Бірақ мен ескерткен қозғалысты, мысалы: «қосаяқтап секіру»қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалысты көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше реткөрсетеді.Қай бала шатасса сол ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады.
Жаттығу-8
Атауы:«Өз орныңды тап»
Мақсаты:Зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту, зейін арқылы жеке басы мен ерік сапасын қалыптастыру
Түрі:Ойын түрінде
Өтілу барысы:
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар.Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті.Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орнын шатастырып алмауы қадағаланады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Ес дегеніміз не? Оның адам өміріндегі алатын маңызы қандай?
2.Естің қандай түрлері не жатады? Ассоциация дегеніміз не?
3.Елес дегенді қалай түсінесің?
4.Баланың есі қандай жолмен дамиды?
Тапсырма
Балаға өзіне көрсетілген 10затты есінде сақтап қалу ұсынылды. Мысалы: қасық-шанышқы, сабын-жөке, карындаш-өшіргіш, қуыршақ-доп, шаңғы-шана. Осыдан кейін заттарды тасалап қойып, оларды атап шығуды сұрағанда, ол не себепті заттарды жұптап есіне түсірді?
Тапсырма
Екі оқушының қайсысы 57,37,17, сандарын естеріңде тиянақты сақтайды? Неге?
Біріншісі, сандарды бірнеше қайталап, жаттап алып есіне сақтайды. Екіншісі 57-ні әкесінің жасына,37-ні ағасының жасымен байланыстыруда
Зейінді дамыту. Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні дезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Бірақ мектепке дейінгі шақта зейінің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет оз зейінің меңгере білуінде, оны саналы түрде пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде, ықтиярлы зейінің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр. Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннің пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді. Ықтиярлы зейін үлкендердің баланы іс-әрекеттің жаңа түрлеріне тартуының белгілі бір құралдардың көмегімен оның зейінін бағыттап, ұйымдастыруының арқасында қалыптасады.
Зейінді нақтылы, дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарының басқа жан – жақты құралы -сөйлеу бар. Үлкендер баланың зейінің сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырылады. Қайсыбыр жағдайларды ескере отырып берілген іс-әрекеттердің баланың орындауы қажет екенін ескереді.
Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үш сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі бала зейіннің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналыды. Оқу сағаттарында пайдаланылатын ойын элементтері іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формалары жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
«Мен жеңімпазбын»
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны қатысушылардың санынан, 1 санға кем болу керек. Ойын тоқталып кеткенде балалар орын табуға тырысады, орынсыз қалған бала ойыннан шығады. Ең сонында қалған бала орындықтың үстіне шығып – «Мен жеңімпазбын» деп айту керек.
«Құлақ - мұрын»
Балалар шеңбер тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын дегенде құлағын ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсету керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.
Қорытынды: осы ойынды ойнау мақсатында балалардың бойында зейінін тұрақтылығын, ұжымшылдық қасиетін дамыттым.
3.«Шапалақты тыңда»
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар ләйлік (аист) сияқты бір аяғын көтеріп, қолдарын екі жаққа созып тұрады, екі рет соққанда бақа сияқты отырып секіреді, үш рет соққанда жүруін жалғастырады.
4.«Қанша дыбыс естідіңдер»
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, ал балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетіп немесе ауызша айтады.
5.«Айна»
Балалар екі-екіден бөлінеді: біреуі – жүргізуші, екіншісі бала. Жүргізуші белгілі бір қимыл қозғалыстарды көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын тура көргендей қайталап беруге тиісті. Содан соң екеуі орындарымен ауысады.
6. «Зейінді бол!»
Мақсаты: Ырықты зейінің дамыту.
Ойынның түрі: топтық
Ойынның жүргізілуі:Балалар шеңбер бойымен жүреді.Содан кейін жүргізуші қандай да бір сөзді айтады,ал балалар әрекетпен жауап береді.Мыс: қоян- секіреді, «жылқы», аяқтарымен еденді ұрады. «аист» бір аяғымен тұрады.
Естің дамуы. Мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен түсіру қабілеттігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімгі ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгібалалық шақ, көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады.бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады.
Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.
Белгілі бір материал төңірегіндегі баланың белсенді ақыл –ой-қызметімен байланысты ықтиярсыз есте сақтау мектепке дейінгі балалық шақтың аяғына дейін сол материалды ықтиярлы есте сақтауға қарағанда, жемістірек болып қала береді.
Мысалы, бейнеленген заттардың топтарына есте сақтау мақсатынсыз- ақ суреттерді әр орынға қойып шыққанда; оларды балалар естерінде жақсы сақтады, ал суреттерді есте сақтау мақсатымен қараған балалар мұндай нәтижеге жете алмады. Сонымен қабылдау мен бірқатар белсенді іс-әрекеттерін орындаумен байланыспаған ықтиярсыз есте сақтау ықтиярлы есте сақтау секілді онша жемісті болып шықпайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру иесінің ерекше түрі байқалады. Өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылдаған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдында қайтадан көріп тұрғандай болады және бәрін сипаттап бере алады. Эйдетикалық есжас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте озінің бұл қабылеттілігін жоғалтады.
«Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» - дегенде екі қолын айналдырады, «жер» - дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.
«Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады, бір біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған бір баладан сұрайды: «Айнұрдың сол жағында кім отыр, ал оң жағында». Немесе шеңбердегі тек бір бала ғана көзін жұмады, сол кезде жүргізуші бір екі немесе үш баланың жаймен орындарын ауыстыруға ұсынады. Көзін жұмған балаға көзін ашуға рұхсат берілген кезде өзгерістерді табуға тырысады.
«Орныңды тап»
Балалар шеңберге тұрады. Әр баланың өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан жағына тарап кетеді. Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайда шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.
Қиялды дамыту. Өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясы дамытудың бір желісі заттарды басқа балалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, матеметикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желісі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиялдағылар арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттардың қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай.
Мектепке дейінгі жастағы балардың қиялы көбіне ықтиярсыз келеді. Баланы толғандырған жағдай оның қиялының негізі бола алады. Т.Рибоның айтуынша,баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең-қиялдың тез дамитын уақыты.Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшілігіне байланысты.
Екінші кезең-қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдыретінің байқалуы.
1. Үшінші кезең-ойындағы рольдерге байланысты рольдерге байланысты өзгеруі;
2. Төртінші кезең-бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірбиені меңгерудегі алғы шарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялын маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасыуына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
- бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді;
- екінші дәрежеде баланың өткен тәжірбиесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар;
-үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы –ой –пікірден оның іске асуына байланысты.
В.С.Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс –әректтерін орындауынан ажыратылмайтындай.
Ықтиярлы,арнайы қиялдың дамуы да зейін мен естің ықтиярлы формаларының дамуы сияқты баланың мінез-құлқының сөзбен реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы үрдістің бір жағы болып табылады. Іс-әрекеттін жемісті түрлеріндегі мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады.
1.«Менің көңіл-күйім қандай»
Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тайып айтады (көңілді-көңілсіз, қорқынышты, ренжулі,...т.б.). сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.
2.«Теңіз жағасындағы түс»
Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады. (аудиожазба). Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар су асты тіршілігі болуы мүмкін.
3. «Қиял жалғасы»
Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек, т.б.)
Менің қиялым бойынша осы сызықтардың алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береде екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысты бірге талдайды.
4«Әріптер»
Мақсаты: қиялын дамыту
Ойынның түрі:топтық
Құрал-жабдықтар: қағаздар,түрлі түсті қарандаштар.
Ойын барысы:балалардан алфавиттегі әріптерді неге ұқсайтының сұрайды. Барлық әріптер қандай да бір нәрсеге ұқсайды.Мыс: «Г» әріпі кранға «О»-құтқару шенберіне ұқсайтынын айтады.содан кейін балалар әріпке ұқсас суретті салады.