Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар. Автомобиль тарихынан
Мәтін.
Автомобиль тарихынан
Автокөлік (лат.- жеңіл қозғалатын) немесе арнайы жабдықтарды тасымалдауға арналған, өз моторының күшімен жүретін доңғалақты машина.
Адамдар ерте заманнан бері аттың көмегінсіз өздігінен жүретін жүк таситын арбаны ойлап шығаруды армандады. Олар жүк таситын арбаға желкен де орнатты. "Автомобиль" грек тілінде "өздігінен жүретін" деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш 1770 жылы француз инженері Н.Ж.Кюньо өздігінен жүретін арбаны ойлап шығарады.
Ағылшындар бумен жүретін автобустарды ойлап шығарады. Бірақ олармен жүру өте қауіпті, әрі ыңғайсыз болатын.
ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары бензинмен жүретін автомобильдер шыға бастады. 1885-1886 жылдары неміс механиктері К.Бенц пен Г.Даймлер бензинмен жүретін арба жасап шығарады, ал оның жылдамдығы сағатына 15 шақырым ғана болады.
1894 жылы Францияда алғашқы автомобиль жарысы өтті. Мәреге бензинмен жүретін он үш автомобиль келді.
Осыдан кейін автомобиль жасау өндірісі Европада және Америкада жылдам дами бастады. Францияда "Рено", "Пежо", "Отомобиль", Италияда " Фиат", Америкада "Форд" фирмалы автомобильдерді көптен шығара бастады. Оларды сыртқы түрлері, конструкциялары өзгерсе де, моторы өзгеріссіз қалды. Алғашқыда жолаушыларды тасымалдауға да арналды.
Қазіргі уақытта сағатына 200-300 шақырым жүретін немесе 180 тоннадай жүк тасымалдайтын жеңіл және жүк автомобильдері сол баяғы тұңғыш жасалғандардың "ұрпақтары" деуге болады. Автомобиль жасау өнерінің қаншама дамып, өркендеп кеткенін осыдан білуімізге болады.
- Мәтіннің екінші абзацындағы сөйлемдерді буынға бөліп, буын түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
- Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп, сөздердің морфологиялық (сөз құрамдық) жігі мен буын жігінің арасындағы айырмашылықты көрсетіп, түсінік беріңіздер.
- Орыс тілінен енген сөздердегі екпін түсіп тұрған буындарды анықтаңыздар, оларға қосымша жалғап, сол буындардағы екпіннің сақталу, сақталмауын түсіндіріңіздер.
СӨЖ-ге арналған бақылау тапсырмалары:
Қазақтың төл сөздерiнiң буын жөнiндегi ерекшелiктерi. Буын түрлерi. Сөздердiң буын жiгi мен морфемалар жiгiн ажырата бiлу. Буын өзгерiсi. Сөздердiң буын жiгiнiң жазбаша, ауызша түрiнiң кейде сәйкеспейтiндiгi. Дауыс ырғағы және кiдiрiс. Қазақ тiлiндегi дыбыстық (фонетикалық) құбылыстар, оның түрлерi: протеза, эпентеза, элизия, аферезес, метатеза, гаплология. Дыбыстық үнем.
Ндестік заңы
Сөйлеу процесінде бір дыбыс екінші бір дыбысты, бір буын екінші бір буынды, бір түбір өзіне жалғанатын қосымшаны, бір сөз, екінші бір сөзді өздерінің соңғы дыбысындай етіп үйлестіруді, ұйқастыруды, қиюластыруды талап етіп тұрады. Мысалы: экскурсияға көп оқушы жаналыпты дегенде Одыбысының ықпалымен пдыбысы б-ға айналып тұр. Сол сияқты ақ лақ дегендел дыбысының әсерінен қ дыбысы ғ-ға айналып тұр (ағ лақ). Сондай-ақ, сағызға сөзіндегі –ға қосымшасы да, мектепке сөзіндегі –ке қосымшасы да – барыс септік жалғауы. Бірақ қосымша бұл екеуіне екі түрлі жалғанып тұр. Өйткені сағызсөзінің соңғы буыны ғыз-жуан, буын, сондықтан келесі – ға бунын да жуан болу керек, ал мектепке сөзініңі соңғы буыны да жуан болу керек, буын, сондықтан келесі –ға буыны да жуан болу керек, ал мектепке сөзінің соңғы «теп» буыны жіңішке, оған жалғанатын қосымша –ке- де жіңішке. Сонымен бірге, бұл сөздердің соңғы дыбыстары бірде ұяң (з), бірде қатаң (п) болумен байланысты барыс септігінің алғашқы дыбыстары да бірде ұяң (б), бірде қатаң (қ) дыбыстарынан басталып тұр.
Жоғарыда көргеніміздей, дыбыстар ықпал еткенде, бір жақты ғана емес, бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал жасайды. Үндестік заңы дауысты дыбыстармен де, дауыссыз дыбыстармен де байланысты болады. Дауысты дыбыстармен бірге сөз болатынын ескерген жөн. Өйткені, дауысты дыбыстар қазақ тіліндегі буынның түрін белгілейді. Сондықтан дауысты дыбыстармен байланысты үндестік заңы ғылым тілімен сингармонизм деп кейде буын үндестігі деп те атайды.
Дауыссыз дыбыстардың үндесуінде әңгіме тек қана жеке дыбыстардың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал жасауы жайында болады. Сондықтан, дауыссыз дыбыстармен байланысты үндестік заңын ғылыми тілмен ассимиляция немесе дыбыс үндестігі деп сатайды.
Сөйтіп, көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады.
Сингармонизм
(Буын үндестігі)
Сингармонизм – герктің «зyn» - «бірге» және «harmoni»- «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады. Мысалы:
Жуан сөздер | Жіңішке сөздер |
балалар қалалар қызылдау | жерлерді ініміз күнделік |
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингармонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы,: ба-ла-лар, жазу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз т.б.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буынын да жіңішке немесе сөздің соңғы буынын жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы, өн-ер-ші-лер-ге, ән-шә-лер, үй-де-гі-лер-іміз, т.б.
Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында х, қ, ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады. Мысалы: хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап т.б.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Мысалы, апрель-ге, роль-дер, рояль-ға, нуль-ге.
2. Рк, нк, ск, кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Ескерту: мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады:
-мен (бен-пен): қалам-мен, ағаш-пен
-паз: әсем-паз; өнер-паз;
-қор: пәле-қор;
-дік (нікі, тік); колхоз-дікі;
-кер: жұмыс-кер;
-кеш: арба-кеш;
-хана: шебер-хана;
-күнем: пайда-күнем.
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингармонизм заңына бағынбайды. Мысалы, кі-тап-тар, пи-о-нер-лер.
Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда соңғы буынның әуеніне қарап жалғанады. Мысалы, депутат-тар-ға, пио-нер-лер-ге, қызмет-ші-лер-ге т.б.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік о, ү, ұ, ө, дыбыстарынан кейін келетін езулік ы, і, е дыбыстарын айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады. Оған:
1. Алғашқы буындағы о немес ұ дыбыстары екінші буындағы ыдыбыстары екінші буындағы ы дыбысын ұ-ға айналдырады. Мысалы: орын – орұн, құлын- құлұн.
2. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы і дыбысын ү-ге айналдырады. Мысалы, көрік – көрүк, күдік – күдүк.
1. Мұны жинақтап, мына секілді схемамен көрсетуге болады. 1. Жуан дауыстының еріндікке алмасуы: о-ы-ұ, ұ-ы-ұ.
Орын-орұн, құлын-құлұн.
2. Жіңішке дауыстының еріндікке алмасуы:
а) ө-і-ү, ү-і-ү.Көрік-көрүк, күндік-күндүк;
ә) ө-е-ө, ү-е-ө, Өлең-өлөң, күрек-күрөк.
Езулік дыбыстарының еріндікке алмасуы тек қана айту нормасына жатады, жазуда оны елемейміз.
Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі
(ассимляция)
Ассимляция – латын тілінің аssimilato «ұқсату», «ұқсасу» (уподобление) деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.
Сөз ішінде немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы екі түрде болуы мүмкін.
1. Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіндей етіп толық игеріп, түгелдей еліктіреді. Мысалы, жазса, сүзбе, сөздерін алсақ, С дыбысы З дыбысын толық игеріп, айтуда жасса, сүссе болады. Сөз-шең, жұмыс-шы сондай-ақ, сөшшең, жұмышшы болып айтылады. Мұны тіл білімінде толық ассимляция дейді.
2. Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты ғана игереді, яғни ұяң дыбыс болса, өзіндей ұяң дыбысты қатаң дыбыс болса, өзіндей қатаң дыбыстың болуын қалап тұрады. Мысалы, қаз-ға, тас-қа, қыз-дар, этаж-ға. Сондай-ақ, бұл- құбылыс сөз тіркестерінен де байқалады. Мысалы: Ақ бала, ақ ешкі тіркестері айтуда ақ пала, ағ ешкі; жанқалта, шекара сияқты біріккен сөздердің арасындағы дыбыстар өзара бір-біріне ықпал жасап, жаңғалта, шегара болып айтылады. Мұндай құбылыс жартылай ассимляция делінеді.
Сөздің соңғы дыбысының қосымшаның басқы дыбысына немесе қосымшаның басқы дыбысының сөздің соңғы дыбысына; яғни алдыңғы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа, керісінше, кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуіне ықпал жасауына қарап (жаз-ғы, жаз-са, жас-са)дыбыс үндестігін ілгерінді және кейінгі ықпал деп екіге бөледі, тіл білімінде алғашқысын прогрессивтік, соңғысын регрессивтік ассимляция дейді.
Айман Мұсаходжаева
Өрімдей он жеті жасында Белградта, сосын бірінен соң бірі қызықтыра жалғасып, 1981, 1983, 1985 жылдары Италия, Жапония, Финляндияда өткен скрипкашылар бәйгесінде жүлде алып, қазақ мәдениетінің әлемге әйгілі бола қоймаған осы бір тармағына ғажайып үлгі салды.