Отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеудің шарттары
Ата-ананың балалар тәрбиесі үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі
Ата-аналар А.С.Макаренконың «балаларды тәрбиелеу-біздің өміріміздегі ең жауапты сала...Дұрыс тәрбиелеу-бұл біздің бақытты қарттық шағымыз,жаман тәрбиелеу-бұл біздің келешек қасіретіміз,бұл біздің көз жасымыз,бұл біздің басқа адамдар алдындағы бүкіл ел алдындағы айыбымыз»деген пікірінің мағынасын түсінуге тиіс.Өз балаңның тәрбиесін жеке өз ісің ғана деп қарамау керек,қоғам алдындағы азаматтық борышыңды орындау деп қарау керек.Балаларын тәрбиелей отырып,ата-аналаркелешек еңбеккерлерді,азаматтарды,келешек әкелер мен аналарды қалыптастырады:бұл істің табысты болуынаолардың өздері ғана емес,тұтас алғанда қоғам мүдделі.Айрықшареттерде,ата-аналар балаларын тәрбиелеу үшін қажетті жағдай жасай алмаған кезде,оларға мемлекет көмек көрсетеді.
Педагогикалық білімАта-аналар тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін, оларды жүзеге асырудың жолдары мен амалдарын айқын түсінгенде семьядағы бала тәрбиесі ойдағыдай болуы мүмкін.Бұл семья мен балалар балабақшасындағы тәрбиелік ықпалдың бірлігін орнату үшін де қажет. «Өзің ата-аналық тілегінің қандай екені жөнінде өзіңе айқын есеп беруге тиістісің» -деді А.С.Макренко.Ол ата-аналар өз баласын кім етіп тәрбиелегісі келетінін айқын ұғынып алуға тиіс деп атап көрсетті.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін оны жақсы білу, жақсы түсіну керек,ал бұл үшін педагогикалық білім қажет.Бұл ата-аналардың баланың мінез-құлқын дұрыс талдап, оны тәрбиелеудің дұрыс жолдарын таңдап алуына көиектеседі.
Семья өмірін дұрыс ұйымдастыру
Балаларды тәрбиелеуде семья өмірінің жалпы уклады:жұбайлар теңдігі, семья мүшелерінің арасындағы дұрыс қарым-қатынас жалпы ізгі тілектестік, өзара құрметтеу және қамқорлық жасау,патриотизм,еңбек сүйгіштік атмосферасы, ортақ тәртіппен семья дәстүрі,ересектердің балаға қоятын талаптарының бірлігі маңызды роль атқарады.Семья өмірі материалдық (тамақ,киім,жылу т.с.с. жөніндегі) қажеттер ғана емес, рухани қажеттер де толығырақ қанағаттандырылып, дамып отыратындай етіп ұйымдастырылуға тиіс.
Ата-ананың беделі
Ата-ананың алдында беделі болуға тиіс,мұнсыз тәрбие мүмкін емес. Ата- ананың беделі неге негізделген? Ата-аналардың бұл жөніндегі түсінігінде қателер кездеседі.Олар жөнінде А.С.Макаренко ата-аналарға
арнап оқыған лекцияларында иландыра айтқан болатын.Ата-ана беделінің негізгі ата-ананың азаматтық келбеті,олардың өмірі,жұмысы,мінез-құлқы,өз отбасы үшінқоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну болып табылады.Еңбек пен қоғамдық қызметті отбасындағы міндеттермен ойдағыдай ұштастыратын,өз балаларының өміріне ықылас қойып,көңіл бөліп отыратын,олардың өмірі мен дамуына шебер әрі әдеппен басшылық жасап отыратын ата-аналар ең көбірек беделге ие болады-мұның анаға да,әкеге де бірдей қатысы бар.
Ата-ананың балаға дұрыс қөзқарасы
Ата-ананың балаға көзқарасы оған деген табиғи әрі тамаша махаббат сезіміне негізделген. «Махаббат-барлық асылдың,мерейлінің,құдыреттің,жылы мен жарқынның жасушысы»-деп жазғанды Ф.Э.Дзержинский.Бар әңгіме ата-ананың махаббатының шегінен асып кетпеуінде,оның баланың жеке басына деген талапкершілікпен және құрметпен ұштасуында.Баланы шексіз жақсы көріп,оның «Мен ананы жақсы көремін», «Бер», «Сатып әпер»деген тілектері мен талаптарының бәрін екі етпей орындай беру,оған ашықтан-ашық үздігіп тұру,оның білінер-білінбес қабілеттерін жер-көкке сыйғызбай дақпырттау-осының бәрі сәбиге зиян келтіреді,оны шәлкес,өзімшіл етеді,ерік-жігерін әлсіретеді.Балаға деген мұндай сүйіспеншілікті соқыр сүйіспеншілік деп атайды.А.С.Макеренко ата-ананың балаға бұлай қарауын «асып-төгілген махаббат» деп сипаттаған болатын.
Ата-ананың балаларға дұрыс қарауы еркелетуді,жұмсақтықты,аялауды баланың мүмкіншілігін,әсіресе жасын ескерктін қатаң дәйекті талапкершілікпен ұштастыра білуде.А.С.Макаренко ата-аналарға «баланы қалағаныңызша еркелетіңіз,қалжыңдаңыз,ойнаңыз,бірақ қажет болған кезде қысқа,бір-ақ рет тәртіп бере біліңіз...» деп кеңес айтқан болатын.Демек,ата-ананың балалармен қарым-қатнасы сабырлылықты,салмақтылықты,жылы жүзділікті шешімділікпен,іскерлікпен ұштастыратын болуға тиіс.Балаға дұрыс қарау дегеніміз-бала әлі кішкентай,әлі өмір тәжірибесі,білімі аз болғанымен,оны адам деп құрметтеу,оның ересектер назарында болу,олармен қатнас жасау,алуан түрлі іс-әрекет үшін өзіне жағдай туғыздыру правосын қадірлеу деген сөз.
Мектепке дейінгі мекемелердің отбасымен жұмыстағы міндеттері.
Отбасымен жұмыс-м.д.м тәрбиешісі мен басқа да қызметкерлері қызметінің маңызды да күрделі саласы.Ол мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
-балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату,
-ата-аналарға педагогикалық білім беру,
-отбасындағы тәрбиенің озат тәжірибесін зеріттеу және тарату,
-ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өмірімен және қызметімен таныстыру.
Балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату.
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін бүкіл жұмысы осы міндетке бағындырылған. Балаларды тәрбиелеудегі бірлік балалардың бойына дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді, дағдыларды,білімдерді,іскерліктерді меңгеру процесін тездетеді,балалардың алдында ересектердің-ата-аналардың тәрбиешілердің беделінің артуына көмектеседі.Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі мекеме жұмысы туралы хабардарлығы болып табылады.