Дәріс тақырыбы. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Педагогика тарихы ғылым ретінде. Оқу пәнінің мақсаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері. Педагогика тарихы адамтану ғылымдарының контексінде, басқа ғылымдармен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің заңдылықтары. Педагогика тарихының әдіснамасы, оның көздері мен әдістері. Педагогика тарихы мен қазіргі заман.
Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теориялық әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде.
Тәрбие мен мектептің ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін дамуы. Алуан түрлі тарихи кезеңдердегі педагогикалық идеялар мен теорияның генезисі. Педагогика тарихының қазіргі заманғы тенденциялары (бағыттары). Педагогика тарихындағы тарихи-педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты дерек көздері. Тарихи-теориялық зерттеу әдісі; педагогикалық ойларды, идеяларды және тарихи-педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдісі; математикалық және статистикалық әдістер
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2, 3, 5, 9, 10, 11,13, 47, 65.
Дәріс тақырыбы. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы
Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы қауымдағы адамдар – палеонтроптардың еңбек әрекеті.
Тәрбие формасы, алғашқы қауымдық жағдайдағы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы, алғашқы қауымдық қоғам, еңбек іс-әрекеті. Тас ғасыры мен Кайназой эрасындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы қауымдағы адамдар – палеонтроптардың еңбек әрекеті.Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы. Жанұяның пайда болуы. Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.
Еңбек: жеуге жарамды өсімдік теру, балық аулау, аңшылық, ошақ түтінін түтету, қарым-қатынас, дәстүрлерді, салтты үйрету, рәсімдеу салтын үйрету. Ұл-қыз еңбегінің бөлінуі, еңбек нәтижесінде тәрбиелеу, малға қарау, егіншілік, қол өнер, алғашқы жазу, үлгі арқылы оқыту, діни салт-дәстүр ережесімен танысу, ерекше қызмет ретінде тәрбиенің бөлінуі. Алғашқы жастар үйі. Дене және ой еңбегінің бөлінуі, от басы тәрбиесі, еңбекке баулу, тәртіп ережелері мен нормаларын түсіну, діни салтты үйрену, әскери тәрбие беру, оқуға, жазуға (пиктография) үйрету
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 6, 8, 10, 11, 15, 21, 22, 36, 45, 47, 65.
Дәріс тақырыбы. Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері
Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері
Таяу және Қиыр Шығыс (IV-III мың. б.э.д.) ежелгі өркениет мемлекетеріндегі мектеп. Месопотамия – адамзат мәдениетінің негізін салушы. Адамзат тарихындағы шумерлер. Шумерлердің ертедегі классикалық қалалары-мемлекеттері - Ур, Урук, Лагаш, Нипур, Умма және т.б. «Э-дубба» мектептерінің пайда болуы. «Сеннаар жерлері» мәдениеті: ескі күнтізбелер, өлшеу құрал-жабдықтарын ойлап табу, жазу мен іс жүргізу жұмыстарының пайда болуы. Вавилон ежелгі қолжазбаларының тәрбиелік құндылығы.
Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие. Израил-Иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Иран, Сирия мен Палестинадағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Қытайда педагогикалық ойлардың туындауы. Конфуцийдің педагогикалық ілімі.
Көшпенді өркениетінің ежелгі кезеңдегі тәрбие мен оқыту (III мың. б.э.д.). Көшпелі тайпаларды Қара теңізден Алтай тауларына дейінгі үлкен кеңістікке орналастыру есебінен этникалық атлас пен Евразияның мемлекеттік үлгісін өзгерту ерекшеліктері. Евразиялық континентте Ежелгі түркі тайпаларының көптүрлілігі (сақтар, үйсіндер, қаңлылар және т.б.). Көшпенді тайпалардың дене тәрбиесі мен әскери өнерін дамытудың ерекшеліктері. Еңбек іс-әрекетінің алуантүрлілігінің өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне ықпалы (металды өңдеу, құралдарды дайындау, үй шаруашылығын жүргізу, қолданбалы өнерді дамыту және т.б.). Отбасы тәрбиесінің негізі.
Токсарид пен Анахарсистің ғылыми еңбектеріндегі тұлға жөніндегі тұжырымдамалық идеялар. Афрасиабтың тәрбиелік идеясы. Патшайым Томиристің, Шырақ батырдың, Шу батырдың іс-әрекеттері және олардың жастардың патриоттық тәрбиесіне әсері. Оғыз ханның реформаторлық іс-әрекеті. Ғұндардың қолбасшысы Аттиланың тәрбиелік көзқарастары.
Антикалық әлемдегі білім беру мен педагогикалық ой-пікір (III-I ғ. б.э.д.). Ежелгі Грециядағы тәрбие мен педагогикалық ой-пікір. Спарта мен Афинадағы тәрбие. Эллинизм дәуіріндегі ағарту (III-I ғ. б.э.д.). Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі негізгі педагогикалық идеялар. Ежелгі Римдегі педагогикалық ойлардың көрнекті өкілдері Цицерон (109-43 жж. б.э.д.), Сенека (0к.4ж. – 65ж. б.э.д.), Квинтилиан және т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 5, 7, 8, 11, 15, 16, 24, 25, 26, 28, 35,47,65
Дәріс тақырыбы. Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырдағы Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие
Византияда үйде оқыту мен тәрбиелеу. Білім беру жүйесі (энкикилос пайдеусис): элементарлық, орта және жоғары. ''эллиндік білімді'' (паидея) меңгеру. Білімі жоғары Византия мемлекеті дүние жүзіне Антикалылық пен Ортағасырлықты байланыстырған көпір. Мәдениеттің сарқылмас көзі халықтық шығармашылығы. Византия мәдениеті мен педагогикалық ойлардың ерекшелігі. Византияда мәдениет пен ағарту дамуының негізгі кезеңдері. Византиядағы педагогикалық ойлар: В. Кесарийский, Иоанн Златоуст, Дамаскіден Мансур және т.б. Кавказ және славян халықтарының ағартуға Византиялық ықпал ету. Орта ғасырдағы Византиялық білімділіктің деңгейі. Византиялық эстетиканың дамуы. Византияның рухани мәдениеті. IV-V ғасырлардағы Византиядағы антикалық педагогикалық дәстүр. Византия өнерінде кешантикалық дәстүр. VIII-IXғ. Византиялық эстетиканың гүлдену кезеңі.
Орта ғасырда Индиядағы оқыту мен тәрбие. Білім берудің буддиялық жүйесі. Индиядағы мұсылман мектептері. Бабур (1483-1530) мен Акбардың (1542-1605) ағартушылық іс-әрекеті. Орта ғасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі. Конфуций ілімін қайта жаңғыртушылар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 6, 8, 10, 11, 12, 15, 19, 20.
№5 дәріс тақырыбы. Таяу Шығыста және Орталық Азияда Ренессанс және Алтын орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XII ғ.ғ.)
Мұсылман әлеміндегі мәдениеттің, білім берудің және педагогикалық ойдың дамуы.
Ғалым-энциклопедистер еңбектеріндегі тұлғаны үйлесімді дамыту бағдарламасы: әл-Киндидің (801-873) жоғары интеллект тұжырымдамасы, гуманист ғалым Ибн – Синаның (980-1037) жалпыны оқыту идеясы, әл-Газали (1056-59-1111) іліміндегі баланың өзін-өзі тәрбиелеуі.
Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл – Фарабидің (870-950жж.) педагогикалық тұжырымдамасы. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында қайырымды қоғамды тәрбиелеу мен бақытқа жетудің жолдары.
Орталық Азия мен Қазақстан территориясындағы Ренессанс. Әлемдік өркениет аясындағы «Қайта өрлеу» дәуірінің озық маңызы. Реснессанстық құбылыстардың алғышарттары: Орхон-Енисей жазуы. Орхон мен Таластың тасты қабырғаларында бостандықты сүйю мен патриотизм идеялары. Ежелгі түркілер – сақтар мен ғұн елдерінің мұрагерлері. Тәрбиені ұйымдастыру формалары.
Сырдария жеріндегі прогрессивті тәрбиелік идеялардың пайда болуы. Қорқыт Атаның (IX ғ.) ізгілік сипаттағы көзқарастары. Жүсіп Баласағұнның (XI ғ.) педагогикалық көзқарастарының жүйесі. Ойшылдың түркі тілінде алғаш жазылған «Кұтты білік» еңбегіндегі «Толық адам» ізгілік тұжырымдамасындағы дүниетанымдық ұстанымы. Махмуд Қашғаридің «Диуани лугат-ат-турки» алғашқы филологиялық еңбегіндегі «Жеті Ата» қағидасы. Қожа Ахмет Йасауи Хазрет Сұлтан (1105-1166) мұрасындағы әділдік пен адамгершілік – сопылық ілімінің негізі.
Омар Хайямның педагогикалық көзқарастары. Берунидің (973-1048) тәрбие туралы «Канон Масуда» монументалды еңбегі. Абулхасан Рудакидің (884-954) адамгершілікті жетілдіру бағдарламасы. Насыр Хосров, Саади, Кей-Каус және т.б. ойшылдар шығармашылығындағы тәрбиелік идеялар.
Ислам әлеміндегі білім беру жүйесі: китаб мектебі, мешіттердің рөлі, ағартушылық кружка-фикха және қалам, мектептер мен медреселердің дамушылық маңызы.
Алтын Ордадағы тәрбиелік дәстүрлер. Шыңғысхандықтардың білім беруді дамытудағы рөлі. Шыңғысханның «Ұлы Жасақ» - қоғамдағы заңдар жинағы мен тәрбие негізі. Шыңғысханның ағартушылық іс-әрекеті.Ойшылдар Сайф Сараи мен Ахмед Иугнекидің педагогикалық идеялары. Рабгузи мен Жамал Каршидің тәрбиелік көзқарастары.
Осман империясы кезеңіндегі педагогикалық ой-пікірлер. Осман империясындағы ағартушылыққа антикалық және Ислам мәдениетінің ықпалы. Ибн Рушд, Газали философиялық ілімдеріндегі тәрбие жөніндегі тұжырымдық идеялар. Дж.Руми, Хамза, Низами әдеби ескерткіштеріндегі тәрбиелік ойлар.
Ұсынылатын әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 10, 15, 18, 24, 26, 40, 47-65.