В.П. Симонов. Педагогический менеджмент. Учебное пособне. М., 1997.

В.П. Симонов. Педагогический менеджмент. Учебное пособие. М., 1997-264 с.

2.Педагогика.Учебноепособие.В.А.Сластенин,И.Ф.Исаев,А.И.Мищенко,Е.Н.Шиянов.-М.:Школа-Пресс,1997

Тақырып бойынша сұрақтар:

1 Оқытудың нақты нәтижелерін анықтау педагогикалық практикадағы қандай маңызды мәселелермен байланысты?

2 Дәстүрлі бес балдық бағалаулар жүйесінің кемшілігі неде?

3 Қандай мәселе дәстүрлі «ББД» ұғымын нақтылау мен анықтауды қажет

етеді?

4 Білім беру үрдісі тиімділігін бақылау негізіне білімділіктің қандай көрсеткіштері алынған?

5 Білімділік дәрежесі қалай анықталады?

6 Білім беру іс-әрекетінде тиімділікті анықтаудағы жалаңдық қалай тұжырымдалады?

7 Оқушылардың фактілік білімділігін бағалауда қандай ұғымдар ендіріледі?

8 Білім беру үрдісі тиімділігін бағалаудағы жалаңдықтарды болдырмаудың қандай негізгі жолдары бар?

9 Мұғалімдерді аттестациялауда қандай өзгерістер қажет?

10 Мұғалім іс-әрекеті тиімділігін диагностикалау мен бағалаудың қандай жақтары баса назар аударуды қажет етеді?

Практикалық тапсырмалар

І-тапсырма Білімділік дәрежесін сипаттайтын ұғымдар мәнін анықтау

Білімділік мазмұнын талаптар деңгейі мен балдық бағалар бойынша сипаттайтын параметрлер төмендегі кестеде (20-кесте) келтірілген.

Баллдық бағалар 1-талаптар деңгейі(жоғары) 2-талаптар деңгейі (орта) 3-талаптар деңгейі (төмен)
    Ббсм Дбб Ббсм Дбб. Ббсм Дбб
«5» 100%-ға дейін 64%%-ға дейін 36%-ға (1,5есе) 36%%-ға дейін 64%-ға (2,8есе)
«4» 64%%-ға дейін 36%%-ға дейін 28%-ға 1,8есе) 16%%-ға дейін 48%-ға (4есе)
«3» 36%%-ға дейін 16%%-ға дейін 20% (2,25есе ) 4%-ға дейін 32%-ға (9 есе)

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, балдық бағалардың сыртқы сипаты өзгермесе де оның мазмұны сәйкес білімділік дәрежесінің мазмұны көп өзгереді. Мысалы, «үш» бағасы екінші деңгейде өзінің мазмұнын бірінші талаптар деңгейімен салыстырғанда 2,5 есе (білімділік дәрежесі16% және 36 %) азайтады, ал бірінші және үшінші деңгейлерді салыстырғанда өзгеріс 9 есеге артты (36% және 4%). Бағалар мазмұны екінші талаптар деңгейінде аз өзгереді, ал «бес» бағасы шамамен 1,5 есе (100 % білімділік дәрежесі және 64%) өзгереді, сол себепті білім беру іс-әрекетіне формальды қарайтын мұғалімде «бестіктер» көп болуы байқалады.

Бұл кестедегі мәліметтер бойынша оқушылардың алған бағаларының мазмұны мен мұғалімнің талаптар деңгей: арасындағы байланысты бейнелейтін сызбаны салуға болады.

В.П. Симонов. Педагогический менеджмент. Учебное пособне. М., 1997. - student2.ru

Сур.

Сызбадан көріп тұрғанымыздай мұғалімнің оқу іс-әрекеті ұйымдастырудың жоғары тиімділігі бірінші талаптар деңгейімен анықталады, ал екінші, үшінші деңгейлерге өтуі іс-әрекеттің жалпы тиімділігінің сыртқы көрсеткіші өзгермесе де төмендеуін көрсетеді.

Орындаңыздар:

1 Кесте бойынша балдық бағалар мен білімділік дәрежесіне қатысты мазмұнға сәйкес параметрлерді салыстырындар. Қандай қорытынды жасауға болады?

2 Неге формальды жұмыс істейтін мұғалімде де бестіктер саны көп болады?

3 Оқушылардың алған бағалары мазмұны мен талаптар деңгейіне бейнелейтін сызбаны талдаңдар.

2-тапсырма Білімділік дәрсжесі көрссткіштерін анықтау әдістемесімен танысу

Бір мезгілде мұғалімнің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тиімділігінің фактілік көрсеткіші болып табылатын оқушылардың білімділік дәрежесі көрсеткіштерін анықтау әдістемесін талдайық.

Бірінші (жоғары) талаптар деңгейінде Эф келесі формула бойынша анықталады:

Эфі = К5+0.64хК4+0.36хКз)/N<1

Екінші (орта) деңгейде сол Эф көрсеткіші талаптар деңгейінің төмендеуі жағына қарай ығысу құбылысын ескере отырып келесі формуламен анықталады:

Эф2 =( 0,64 х К3+ 0,36 х К4+ 0,156 х К3)/N<0.64

Үшінші (төменгі) деңгейде Эф көрсеткіші анықталу формуласы:

Эф3 = (0,36 х К5+ 0,16 х К4+ 0,04 х К3) / N<0.36

Орындаңыздар:

Формулалар мазмұны бойынша олардың мәнін ашатын тұжырымдар жасаңыздар.

3-тапсырма. Екі мұғалімнің бір топтағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

нәтижелерін салыстыру

Егер мұғалімнің оқу іс-әрекеті тиімділігі мен оқушылардың білімділігінің фактілік деңгейін бағалау негізіне 20-кестенің 6,7 және 8 бағаналарында бейнеленген формалды көрсеткіштерін (үлгерім %, орташа балл және «4» пен «5»-ке үлгерушілер проценті) алатын болсақ, онда биология пәні мұғалімі, химия пәні мұғаліміне қарағанда тиімсіз жұмыс істейді. Мұндай тұжырымды 9 және 10 бағандар мәліметтерін салыстыру арқылы жасауға болады.

Бірақ 9 жэне 10 бағандар келесі парадоксті көрсетеді: биология пәні мұғалімі өзінің тобының білімділігін жоғары деңгейіге көтереді, бұл оның химия пәні мұғалімі іс-әрекетіне қарағанда тиімдірек екенін көрсетеді.

Орындаңыздар:

1. Кестенің сандық мәліметтері қалай алынған?

2.Үлгерім проценті мен оқыту тиімділігі көрсеткіштері арасында неге сәйкессіздіктер байқалады?

Өз бетінше орындалатын тапсырмалар

1. Білімділік денгейін анықтау әдістемесіне қатысты материалды конспектілеу.

2. Педагог іс-әрекеті нәтижелілігі критерийлері маңызын анықтау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

В.П. Симонов. Педагогический менеджмент. Учебное пособне. М., 1997.

2 Общая педагогнка. Учебное пособие. /Под ред. В.А. Сластещгаа: в 2ч. М.,2003. 4.2.

3 И.А.Зимняя. Педагогическая психология,Учебное пособие. Ростов н/Д., 1997.

Наши рекомендации