Лекция №3. Психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңестің іс – әрекетін ұйымдастыру

Дәріс№1.Психологиялық -педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыру жұмысы

Жоспар:

1. Психологиялық -педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыру жұмысы

Тірек сөздер: психологиялық – медициналық-педагогикалық кешенді көмек, педагогикалық түзету, оңалту, толықтыру.

Психологиялық -педагогикалық түзету кабинеттері 18 жасқа дейінгі мүмкіндігінде шектеуі бар тұлғаларға кешенді медициналық-педагогикалық және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету негізінде облыс, аудан, қала орталықтарында құрылатын білім берудің арнайы мекемесі.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің міндеттері.

1)Сөйлеу тілі бұзылысы, көруінде және естуінде кемістігі бар,қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылысы,ерік-жігер сферасының бұзылысы мен оқуы мен тәртібінде қиыншылықтары бар балаларға психологиялық педагогикалық түзету мен оңалту негізінде психолого-медико-педагогикалық кешенді көмек көрсету;

2)пәнаралық топ мамандарының (топ бағасы) бала проблемасын кешенді түрде талдау және балаға қажетті медициналық, психологиялық, түзету-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету мүмкіндіктерін анықтау;

3) бала дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып , жеке дамытушылық бағдарламасын дайындау және құру;

4)түзете-дамыта оқыту жұмысын жеке және топтық жұмыс арқылы жүргізу;

5)мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасы жағдайында дамыту үшін олардың ата-анасына (оларды алмастыратын тұлға) кеңес беру;

6)жалпы білім беретін мекемелердегі педагогтарға мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизиологиялық қалпы мен даму мүмкіндіктері бойынша көмек көрсету; ППТК өзінің жұмысын ООН бала құқығы туралы конвенциямен,ҚР Білім беру Заңымен,ҚР бала құқықтарымен,Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуді қолдауымен және тағы да басқа нормативті құқықтық актілермен және ережелер арқылы іске асырылады. ППТК-ң жұмыс жасау құқығына лицензия оқыту облыстық департаменті (қалалық,аудандық)жергілікті мекемесімен,республикалық мағынасы бар қала мен астана арқылы беріледі.Ата-анасының қалауына қарай ППТК ақылы түрде медициналық және білім беру бойынша қосымша қызмет көрсете алады.

ППТК-ң өзара қатынасы ақылы түрде көмек көрсету кезінде келісімшарт жасалады, оған білім беру деңгейін анықтау,оқу мерзімі төлем көлемі және басқа да шарттар кіреді.ППТК-ң құрылуы реорганизациясы мен ликвидациясы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жасалады.ППТК заңды тұлға, мемлекеттік тілде өзінің атымен белгіленген мөрі мен штампы,өзіндік меншігі сонымен қатар ҚР заңнамасымен белгіленген банктік счеты болады.Баланың ППТК тіркелуі психологиялық медициналық педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша болады.Мүмкіндігі шектеулі балаларды ППТК қабылдау орын болған жағдайда бір жыл бойы және күнделікті және уақытша келуіне байланысты жүргізіледі.ППТК да бала үшін орын ППТК мен ата –ана арасында келісімшарт жасалған жағдайда сақталады. ППТК баланы шығару ППТК мен ата-ана арасындағы келісімшарт немесе бала денсаулығы туралы медициналық қорытындыдан кейін баланың ППТК келетін себеп болмаған жағдайда меңгеруші арқылы жасалады.

Дәріс№2 Түзету көмегінің мазмұны

Жоспар

1.ППТК түзету көмегі

2.ППТК келетін балалардың категориясы

ППТК 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға мынандай категориялары бойынша көмек көрсетіледі:

1) Дамуында проблемалары бар 3 жасқа дейінгі;

2) Психикалық дамуы тежелген;

3) Әртүрлі дәрежедегі ақыл-ойы кем балалардың

4) Балалардың церебральды сал ауруы және қимыл-қозғалыс аппартының бұзылуы;

5) Сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы;

6) Арнайы оқытуды талап ететін есту қабілетінің бұзылысы;

7) Ерте балалық шақ аутизмі және ерік-жігер сферасының бұзылысы;

8) Көру қабілетінің ауыр бұзылысы;

9) Психикалық аурудың нәтижесінде оқуда қиындықтары бар;

10) Мектеп біліктерін меңгерудегі(оқу,жазу)қиындықтары бар балалар.

Ауданда арнайы білім беретін мекеме болмаған жағдайда ППТК әр түрлі категориядағы мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету жұмыстарын жасай алады.ППТК ең алдымен басқа арнайы мекемелерде беріле бермейтін өте ауыр деңгейдегі ақыл-ойы кем және психикалық дамуы артта қалған балаларға түзету жұмыстарын жүргізеді.Түзету көмегінің мазмұны жеке-даму бағдарламасымен анықталады.Түзету көмегінің мазмұны баланың жеке мүмкіндіктері мен психофизиологиялық даму ерекшеліктері бойынша жасалатын жеке дамытушылық бағдарлама арқылы анықталады.Жеке дамытушылық бағдарламаны құру үшін алдымен баланың психофизиологиялық жағдайын тексереді.Бұл кешенді тексерудің ең негізгі мақсаты балаға дұрыс диагноз қойып алдағы жарты жыл ішінде дұрыс жұмыс жүргізуге ықпал жасау.Түзету жұмысының міндеттерінің өзгеруі жылына екі рет өтетін алдынғы кезеңнің нәтижесі мен бағасына байланысты. ППТК әдіскері баланың оқуына арналған жеке дамытушылық бағдарламаны бекітеді. ППТК-ғы түзете –дамыта үрдісін ұйымдастыруы жұмысын әдіскер, бекітеді. Сабақ жоспары, жылдық күнтізбелік жоспар бойынша сабақ кестесімен жүргізіледі. Оқыта-тәрбиелеу үрдісі баланың психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық талданған мәліметтері бойынша дифференциалды түрде және жекелей қағида арқылы әр балаға жекелей іске асырылады.Сөйлеу ерекшелігінің оқытудағы жүйесі,назары, баланың жұмысқа қабілеттілігі, білім деңгейі, оқу материалдарын меңгеру ерекшелігі мен мүмкіндіктері түзету жұмысының дұрыс жүргізілуіне және баланың дұрыс дамуы әсер етеді. Апталық оқудың ұзақтығы (5 немесе 6 күн) білім беру мекемесінің арнайы орган басшылығымен және әдістемелік кеңеспен шешім қабылданады және ППТК менгерушілер бекітіледі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыта оқыту жұмысы ППТК жұмысы белгілі уақыт мөлшерімен келетін жеке немесе кеңес арқылы көмек көрсету бойынша жүргізіледі. Балалар топ бірдей жастағы және әр түрлі жастағы балаларға қарай бөлінеді.Топтағы балалар саны білім беру үрдісі негізінде ППТК басқармасымен санитарлық шартқа байланысты бекітіледі.

Топтаға балалар көлемі:

1)сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы-10 және 12 балаға дейін;

2)естімейтін балалар-8 балаға дейін;

3)нашар еститін балалар-10 және 12 балаға дейін;

4)көрмейтін балалар-10 балаға дейін;

5)нашар көретін-10 және 15 балаға дейін;

6)интелектінің интелектуалды бұзылысы-6 және 10 балаға дейін;

7)3 жастан жоғары ақыл-ойы кемдіктің ауыр формасы-8 балаға дейін;

8)қимыл-қозғалыс аппартының бұзылысы-10 және 12 балаға дейін;

9)психикалық дамудың тежелуі-6 және 10 балаға дейін;

10)күрделі кемістігі бар-6 жасқа дейін.

Баланы ППТК-дан басқа мекемеге ауыстыру үшін ата-анасының келісімі және ПМПК қорытындысы керек. ППТК-да әдіскер, педагог-логопед, педагог-дефектолог (олигофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика), педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ЛФК маманы,врач нерропатолог мамандары қызмет көрсетеді.

Лекция №3. Психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңестің іс – әрекетін ұйымдастыру

Жоспар

Наши рекомендации