Педагогикалық қарым - қатынас үлгісі (моделі).
Өткен ғасырда философ және психолог ғалымдар болашақ ХХІ ғ. қарым –қатынас және психология ғасыры деген екен. Отанымыздың әлем елдерімен қарым – қатынас ауқымы кеңеіп, саяси, жалпы мәдени, экономикалық, ғылыми, іскерлік т.б. қарым-қатынас түрлері іске асуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі қоғамның белгілі бір қызметін атқаратын мүшесінің қарым –қатынас сырларын меңгеруі аса маңызды. Бұл мектеп қабырғасынан мұғалімнің үлгі -өнегесінен басату алады.
Басқа елдермен болған қарым –қатынастар қоғамның басқалармен қатар дамуын, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатын көздейді. Айталық ресми қарым – қатынастар саяси - әлеуметтік мазмұнды болса, экономикалық қарым - қатынастар шикі зат алмастыру, сауда – саттық, ақша түріндегі байланыстардан тұрады. Кәсіптік іскерліктің бастысы қарым – қатныас орната білу, осы салада құғы құзіреттелік маңызды болуда. Қарым – қатынастағы білгілрлік (компетенция) барлық ксәіп, мамандық иелері үшін маңызды. Адамдармен қарым –қатынас орнтата білу – педагог, дәрігер, менджер, кәсіпкер, психолог т.б. адамдармен байланыс орнату қажеттігі бар барлық мамандарға керекті.
Іскерлік қарым – қатнастар көбінесе жекелеген субъектілер арасында әр түрлі пайда табу көздеріне байланысты. Бұндай қарым қатынастар электронды технологияның дамуына байланысты (виртуалді – көзге көріне бермейтін байланыс мүмкіндігі), «виртуалді келісім», «виртуалді ұйымдастыру», «виртуалді мәміле», «виртуалді жұмыс орыны», «тележұмыс», «телехабар алмасу», «Е- іскерлік» - интернет арқылы жүзеге асырылатын іскерлік байланыстар т.б. Бұлар адамдар арасындағы тікелей байланысты ығыстыра бастады. Сондықтан адамдарды өзара қарым – қатнас орната білуге үйрету осы күні білім берудің маңызды мәселесіне айналуда. Психолог ғалымдар қарым –қатынасты сол себепті адам іс-әрекет түрлері –оқу, еңбек, ойын түрлерімен қатар қойып, іс-әрекеттің төртінші түрі ретінде ендіріп отыр.
Осылардың ішінде педагогикалық қарым – қатынас ерекше мәнге ие. Өйткені бүгінгі оқушы, ертеңгі белгілі бір сала қызметкері қарым –қатынас орната білудің бастамасын ұстаздан көреді. Демек мұғалім олар үшін үлгі боларлықтай қарым - қатнас бейнесін көрсетуі бір жағынан тәрбиелік мәнге ие болса, тағы бір жағынан оның өзінің оқушыларға болағын білімдік, тәрбиелік әсерін күшейтеді, педагогикалық сауаттылығын көрсетеді.
Сонымен педагогикалық қарым – қатынас дегеніміз не? Бұл оқытушы, ұстаз, тәрбиешінің әріптестері мен және оқушыларымен болған әр түрлі сипаттағы қарым – қатынасы. Осы қарым – қатынас барысында ол білім беру, оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық және өзіндік ізденісін ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады және бір жақтан тәрбиелік ықпал етеді.
Педагогикалық қарым – қатынас дегеніміз - жалпы психологиялық заңдылықтарға тәуелді, адамның басқалармен арнайы формадағы байланысы. Бұл байланыстың мәні мен өзіндік ерекшеліктері бар, олар - коммуникативті, интерактивті байланыстар мен қоса ықпал ету және танымдық мәндегі байланыстар.
Педагогикалық қарым – қатынас – педагог пен оқушылар арасындағы әрекеттесудің сипатын анықтайтын, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың құралдары және әдістерінің жиынтығы.
Педагогикалық қарым – қатаныстағы маңызды сапалар:
- адамдармен жұмыс істеуге мүдделі болу, оған қажеттеніумен оны жүзеге асыра алуы – үйірсекітігі, байланыс орната білуі, байланысының сапалығы; Осы байланыстар нәтижесінде адамның мәмілесі(отношение) қалыптасады;
- адамдарды түсіну қабілеті мен жылы шырай таныта алуы (эмоционалдығы);
- икемділігі, қарым – қатынас шарттары мен ахуалына байланысты жылдам және дұрыс бағыт ұстану, қарым қатынас жағдайлдарына байланысты сөйлеу барысын, студенттердің ерекшеліктерін табан астында ескере алатын шығармашылық қабілеті;
- қарым қатынастағы кері байланысты түйсінетін және қуаттай білуі;
- өзін басқара білуі: психикасын, сезімін, дауыс, дене қимылдары, ым, ишаратын, жаңсауларын, көңіл күйін, ойлауын басқаруы мен денесіндегі шымырқануын жоюы;
- дайындықсыз, табан астынан пайда болған қарым – қатынасқа қабілеттілігі;
- педагогикалық ахуалдарды, өз ықпалының салдарын болжауы;
- тікелей қарым – қатынасқа қабілеттелігі: мәдениеттілігі, сөйлеу қабілетінің дамығандығы, сөз байлығы, тіл құралдарын дұрыс пайдалануы;
- педагогикалық бастан кешу өнері: студенттерге қажетті бағытта ықпал ету үшін ұстаздың өмірлік тәжірибесін және табиғи түрдегі бастан кешуі;
- педагогикалық суырып салма қабілеті: ықпал етуді әр түрлі құралдарын пайдалана білуі - сендіру, иландыру, нандыру, басқа да амалдар мен тәсілдерді пайдалануы;
Педагогикалық ықпал етудің тимділігін қамтамасыз ететін жағдайлар:
- «ыңғайлану- (ыңғайға көну)» немесе ырқына көну- ым, ишара, сөз, психологиялық түрдегі амалдар жүйесі: қуаттау, кеңес беру, риза болмау, сездіру, тілек, т.б. өте көп түрлері бар.
- «жақындау» немесе «жабысу» өз денесін, сөз ырғағын, қарым - қатынас нұғын басқа адамға жақындату арқылы оның мінез – құлқын педагогикалық мақсатқа бұру, ыңғайластыру, ырқына көндіру;
- ықпал етуді күшейту: дауысты нығайту, күшейту; сөз түріндегі ықпал ету тәсілдерін алмастыру; оңай, жеңілден, қарапайымнан күрделіге не болмаса күрделіден қарапайымға ауысу; сөйлеудегі дауыс ырғағын не сөздерді алмастыру арқылы түрлендіру; қарым – қатынас нұғын дереу алмастыру;
Табан астында туындаған жағдайда қарым қатынас сипаты әр түрлі болуы мүмкін:
- табиғи жағдайда табан астында туындаған қарым – қатынас педагогтарда психологиялық, эмоционалды қиындықтар туындатпайды;
- қысылтаяң жағдайдағы қарым – қатынас: туындаған қысылтаяң жағдай одан шығу үшін барлық тұлғалық ресурстарды жұмылдыруда талап етеді; біле тұрып тайқып шыға келу:күтілмеген педагогикалық ахуалды «көрмегенсіп» оны түзету не жеңуден әдейілеп бас тартуы;
- абыржып, шығар жол таппай қалу: педагог іс- қимылының тежелуі, абыржып, өзін жоғалтуы, жол таппай қалуы;
- ашуға жеңдіру: педагогтың өз іс- қимылын бақылай алмай, басқара алмай қалуы, жүйесіз әрекетінің қақтығысты одан ары ұшындырып жіберуі, өз сезімін жасыра алмай қалуы;
- сәйкессіздік (неадекватный): педагог өз сезімін жасырып, іс- қимылын педагогикалық ықпал етуге бағыттай алмауы;
Педагогикалық қарым – қатынас моделі.Педагогикалық қарым –қатынас, ұстаздың ықпал етудегі ниетімен арманы, мақсаты мен мұратын жүзеге асырудағы басты құралым мен тәсілдерінің жүйесі. Қраым –қатынас орнатудың бірқатар моделдері бар: ақпараттандыру, нандыру, шұғыл(экспрессив), иландыру, дәсүрлі. Төменде олардың әр қайсысы жекелеп қарастырылады.
Педагогикалық қарым – қатынастың ақпараттандыру моделі. Бұндай модель көбінесе ақпарат беру және алу үшін қолданылады. Демек оқу үрдісіндегі оқушы мен оқытушының қарым –қатынасы осы модельге негізделеді. Бұнда жаңа мәлімет беру, ахуалды түсіндіру, онгың жаңа тосын тұстарымен түсіндіру іске асырылып, дәлелдер, айғақтар, статистикалық мағлуматтар т.б. келтіріліп жаңа білім қалыптастыру не болмаса тосын жағда»йдың ұтымды шешімін табуға шарт түзеді.
Ал адаимдар тобы не ұжымына мағлумат беруде(дәріс, семинар, сыныптағы сабақ) жалпы ұстанатын ереже бар, мысалы, сабақты толқтатып кетіп қалуға болмайды;іскерлік қарым – қатывнса кезінде жұмысты жарты жолда тастап кетуге, ахуалды аяқастынан өзгертуге, мыцсалы, қаыталауды, басынан бастауды, тоқтатуды талап етуге болмайды. Басты лектор не пікір айтушының сөзін бөлуге болмайды. Сондықтан мәлімет беруден бұрын оны жақсылап білдіп алу,жеткізу тәсілдерін, тыңдаушыларды қызықтыратын тұстарын баса көрсету әбзал.
Педагогикалық қарым – қатынастың ақпараттандыру моделі – баяндама, мәлімет беру, айтып беру, әңгімелеу, дәріс, сабақ, семитнар, консультация, реферат т.б. оқу, теле- радио, компьютер, интернет, белсенді тақта т.б. пайдалану ұтімді.
Жұмыс барысфында тыңдаушылардың м.үмкіндіктерін ескеру, жеке әріптесінің мүмкіндігін білу,тұрпақтануы(установка), зерделігі, қабілдау, өңдеу, түсіну мүмкіндіктері ескеріледі.
Педагогикалық қарым –қатынастың нандыру моделі.Нандыру- тұлғаның санасын қалыптастыру тәсілі. Бұл арқылы педагог оқушы санасындағы жаңсақ пікірді жойып, оның орынына жаңа, дұрысын сіңіру көзделеді. Нандыру белгілі бір пікірді орнықтыру мақсатнда, білім негіздерін меңгертуде қолданылады. Нандыру оқу үрдісінде ғылыми негізделген теориялар, ереже, қағида, ұстаным, ұғымдар, түсініктер, айғақтар, дәлелдер т.б. негізді және тексерілгендігіне оқушылардың сенімін нығайтады. Нандыру кезінде әріптесінің таңдауына мүмкіндік беріледі.
Тәрбиелік мақсаттағы қарым – ақтынас арқылы ықпал етуде теріс мінез –құлық, іс-әрекет пен қате пікірлерді түзетіп, дұрысына нандыру жүзеге асады. Бұның өзіндік тәсілдері бар. Нандырудың бәірқатар ұстанымдары бар:
- жағымды, жылы шырай таныту нандыруда маңызды;
- сөз түрінде нандыру ұтымды алайджа, баспа сөз және жазу түріндегі
- мәліметтерді сөзбен астарластыру оның нанымдылығын күшейтеді;
- талқылап отырған мәлімет көпке тиесілі болғанда ғана эмоционалды жеткізу қызықтырады;
- мағлуматтарды сандар, сызбалар, кестелер, үлгілермен жабдықтау қабылдау ұтымдылығын арттырады;
- ақпаратты басқаларға жеткізу шеберлігі де маңызды,
- коммуникативті техника ұғымы –проблеманы қоя білу және оны шешу жолдарын іздестіруде оның нұсқалары, амалдарын, маңызды тұстарын жақсы және нашар жақтарын көрсету маңызды;
- ұсыныстың ұтымды тұстарын көрсету- әріптесіне пікір білдіру, ойлануға мүмкіндік беру;
- ұсыныстың маңыздылығына иландыру;
- әріптестерінің ой- санасын бірітндеп қамту;
- олардың тыңдауы мен ұғынуын программалау тәсілін қолдану;
Педагогикалық қарым – қатынастың шұғыл моделі.Қарым –қатынастың бұл моделі, педагогикалық үрдісте туындап тұратын әр түрлі қарама-қайшылықтар қақтығыстар, талас - тартысты ахуалдар секілді табан астында және әріптестердің әр қайсысына тиімді әрі шұғыл шешуді ұйымдастыру.
Оқушы мен оқытушы арасындағы келіспеушілік педагогикалық қызметте кездесіп тұрады. Сондықтан педагог ғалымдар оны шешудің бірсыпыра жолдарын анықтап көрсеткен:
1.Алдымен қақтығыс ахуалын меңгеру керек. Ол үшін екі жақтың да қызуқандылығын тоқтатуы, педагог өзін жөнге салшуы тиіс, мысалы дене шымырқануын басуы, дөрекі және мақсатсыз қимылдарын тоқтатуы. Сырт көзгетоқтау, салмақты көрінуі, ұстамдылық танытуы керек.
2.Өз смінез – құлқымен әріптесіне ықпал ету, өзін тоқтатып, әріптесінің бетіне тура қарап оның көңіл күйін пайымдау.
3.Әріптесінің бұндай мінез көрсетуінің мотивін анықтауға ұмтылу.Ойша талдау ашу-ызаны басады.
Оқу үрдісінде пайда болатын пікірталас, пікірсайыстар, сөз қақғыстыру, ұрыс-керіске айналып кетпеуін педагог білгірлікпен бақылап отыруытиіс.
Педагогикалық қарым –қатынастың иландыру моделі.Қарым –қатынас арқылы иландыру немесе жай ғана сөйлеу емес, сөз арқылы иландыру, педагогикалық практикада кең таралған. Бұл ретте И.Е.Шварцтың еңбеген ескеруге тұрарлық. Осы тәсілді оқу үрдісінде және тәрбиелелуде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырған. Иландыру тәсілі педагогикалық кеңесте, жекелеген тұлғалардың мотивтеріне ықпал етуде маңызды. Оқу үрдісінде көрсете отырып түсіндіру(иллюстративно -объяснительный), алған білімінің практикалық мүмкіндігіне, өмірлік мәнділігіне иландыруда білімнің маңызыдылығын оқушының санасында тұрақтандыруда ықпалы зор.
Иландыру(суггестия) - бір адамның не адамдар тобының басқаларының сеніміне, нанымына, шешімдеріне әсер ету арқылы өзгертуді көздейтін психологиялық тәсіл. Мұнда ықпалға түскен адам өзінің өз мотивацияларынан айрылып, не оны өзгертіп өзін бақылай алмай қалады.Психологтар адам қатты ашуланған не болмаса күйзелген жағдайда имландыру арқылы ықпал ету ұтымды деп көрсетеді.
Иландыру тәсіліне жылдам берілетын ахуалдар:
- өзіне сенімі жоқтығынан;
- абыржу, мазасыздануда;
- жасқаншақ, тартыншақ, өзін төмен бағалаған жағдайда;
- өзін әлсіз сезінген жағдайда;
- жоғары эмоционалды, әсерленгіштік ахуалында;
- логикалы талдауының нашарлығынан;
- беделділерге қатты сенген жағдайда.
Иландырудың аса ұрымтал тетігі – алдымен сезімге сол арқылы санаға ықпал ету. Ол сөз түрінде, қимыл- әрекет түрінде, дауыс немесе дыбыстар, заттардың қозғалысы түрінлде болады. Ашық және құпия түрде ісуке асырылуы мүмкін. Сөзге иландыру үшін дәлелдерді пайдалану да тиімді.
Педагогикалық қарым – қатынастың жоралғылық моделі.
Қарым – қатынастың бұл моделі педагогикалық ахуалдарда, өзара бір шешіміге келу, тоқтамға келу, келісімге келуде, ірі, шағын топтардағы әлеуметтік – психологиялық жағдайларды реттеуде, ұйымдар, корпорацияларда дәстүрді сақтау, мейрамдарды, салт – дәстүрлерді ұйымдастыруда қолданылады. Оқу орындарында ерекшеліктеріне байланысты өзінің дәстүрі болады. Соларды жүзеге асыруда, ұйымдастыруда салтқа байланысты белгілі бір нормаларға сай қарым –қатынас орнайды. Мысалы, А.С.Макаренконың колониясында туған күн өткізу, жиым- терім мерамын өткізу секілді дәстүрлі мейрамдар, жалмы –жыл белгіленген ереже бойынша ұ йымдастырылып отырған. Оның мынадай шарттары бар: қарым –қатынастың салтанаттылығы, қоршаған ортаны көркем не мақсатқа сай безендіру, келсім шарттарын сақтау, көңіл күйдің салтқа сәйкестігі; ұлттық, территориялық, кәсіптік т.б. нормалар мен дәстүрді орындау.