Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына (СӨЖ) тапсырмалар

1. Қосымша әдебиеттерді зерделеп, «тәрбиелік жүйе», «тәрбиелік үдеріс» және «тәрбие жұмысы» ұғымдарына берілген барлық анықтамаларды көшіріп жазу, өз анықтамаңызды беруге талаптаныңыз.

2. Тәрбиелік жүйенің құрылымы мен қағидаларына сипаттама беріңіз.

3. И.П.Иванов, Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Ю.П.Сокольников және Н.Е.Щуркованың тәрбиелік жүйелерін салыстыру және талдау.

4. Мектептің тәрбиелік жүйесін мысалға келтіріп, олар үшін не ортақ екендігін анықтау.

5. Басылым беттерін оқып, мына сұраққа жауап беріңіз: Технология және тұлға, олардың қандай мәселелері бар және оны қалай шешуге болады?

6. Жеке сыныптың қоғамдық ауқымының картасын жасап, мұндағы доминанттық элементтерді ерекшелеңіз.

7. Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасының психологиялық жағдайын байқау және талдау негізінде өзіңіздің пікіріңізді білдіріңіз.

8. Жеке сыныптың психологиялық жағдайын байқау негізінде балалар қарым-қатынасының құндылықтарын нақтылаңыз.

9. Оқушылардың әр түрлі категорияларымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында педагогикалық қолдаудың өзіндік өзгешелігі бар екендігін дәлелдеңіз.

10. «Қиын балаларға» қатысты педагогикалық қолдаудың ерекшеліктерін айқындаңыз.

11. «Қиын балалармен» тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін құрастырыңыз.

12. Дарынды балалармен тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін құрастырыңыз.

13. ҚР-дағы білім беруді ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы негізінде белгілі бір кезеңге жас ерекшелігіне сәйкес сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын құрастыру.

14. Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша тәрбиелік іс-шаралар үлгісінен педагогикалық картотека жасау.

15. Тәрбиелік іс-шаралардың әдістемелік жобасын мақсатты жоспарлау және дайындау, практикалық сабақта оны өткізу, талдау және өзіндік талдау жасау.

16. Педагогтың тәрбие жұмысында пайдаланатын диагностика әдістеріне сипаттама беру.

17. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден оқушының тәрбиелілігінің әр түрлі жақтарын зерттеу әдістемесін таңдау (өз қалауыңыз бойынша), оның көмегімен адам тұлғасының (курстастың, ағаның, әпкенің, достың, т.б.) сол тәрбиелік жағынан қалыптасуының диагностикасын келтіріңіз.

18. Тұлға тәрбиесінің табиғи және әлеуметтік негіздері мен даму механизмдерінің өзара байланысын тәрбие жұмысында ескеру туралы сынып оқушысының ата-анасына «таңдау бойынша» ұсынатын баяндама жасау.

19. Өзіңізге таныс педагогикалық жағдаятты оның нәтижелілігі тұрғысынан талқылаңыз (тәрбиенің нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер мен өлшемдерге назар аудару).

20. Базалық мектепке барып, тәрбиелік іс-шараларға қатысыңыз және оған тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мен реттеу тұрғысынан талдау жасаңыз.

21. Байқау негізінде сынып жетекшісі өзінің тәрбие жұмысындағы қоданатын әдіс-тәсілдерін талдаңыз.

22. «Педагогикалық технология педагогтың кәсіби шеберлігінің құрамы ретінде» тақырыбында баяндама дайындау.

23. Сынып жетекшінің тәрбиелік іс-әрекетінің технологиялық картасын құрастырыңыз.

24. Бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданып (байқау, әңгімелесу, т.б.) оқушы отбасындағы қоғамдық ауқымның динамикасын көрсетіңіз, мұндағы ерекше элементтерді атаңыз.

25. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, уақыт өлшемін белгілеп тәрбие жұмысының жоспарын жасаңыз. Мұндай жоспарлауда қандай ұстанымдарға сүйену қажет екендігін нақтылаңыз.

Сынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2004 ж.

2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологии /Под редакции Щурковой Н.Е. -Москва, 1998 г.

3. Воспитательная работа с «проблемными» учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями. –Москва: Издательство «Учитель», 2007 г.

4. Иванов И.П. Энциклопедия коллективных творческих дел. -Москва, 1989 г.

5. Классному руководителю о воспитательной системе класса. /Под редакции Е.А.Степанова. -Москва, 2000 г.

6. Калюжный А.А., Тажбаева С.Г., Алимбаева А.А. Классный руководитель. - Алматы, АГУ им. Абая, 2000 г.

7. Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе. -Москва, 2000 г. - стр. 89-110.

8. Сергеева В.П. Технология деятельности классного руководителя в воспитательной системе школы. – Москва: Издательство «Перспектива», 2008 г.

Осымша әдебиеттер

1. Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. – Алматы, 2004 ж.

2. Воронов В.В. Технология воспитания. – Москва: «Школьная Пресса», 2000 г.

3. Гуткина А.Д. Планирование и организация воспитательной работы в школе. – Москва: Центр «Педагогический поиск», 2001 г.

4. Кукушин В.И. Теория и методика воспитания. – Москва: Издательский центр «Академия», 2002 г.

5. Методика воспитательной работы: Учебное пособие для студентов педагогических училищ. /Коротов В.М., Л.Ю.Гордин и др. – Москва: Просвещение, 1990 г.

6. Сергеева В.П. Классный руководитель: планирование и организация работы от А до Я. – Москва, 2001 г.

7. Жирова Т.М. Развитие ценностей здорового образа жизни школьников. – Москва: Панорама, 2005 г.

8. Газман О.С. Воспитание и педагогическая поддержка детей в образовании. – М., 1996 г.

9. Кусаинов А.К., Кожахметова К.Ж., Демеуова М.Е. Знаем ли мы своих детей? – Алматы, 2004 г.

10. Дик Н.Ф., Дик Т.И. Настольная книга классного руководителя 8-11 классов. Воспитание в условиях профильного обучения. -Москва, 2005 г.

11. Педагогическое мастерство и педагогические технологии. /Под редакции Л.К.Гребенкиной, Л.А.Байковой. -Москва, 2000 г.

12. Тажбаева С.Г. Подготовка будущего учителя к технологии воспитательного процесса в школе. - Алматы: АУ им. Абая, 2004 г.

Нормативті құжаттар:

1. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2010 ж.

2. Комплексная программа воспитания в организациях образования Республики Казахстан 2006-2011 гг.

3. Рекомендации Парламента и Совета Европы от 18 декабря 2006 г. о ключевых компетенциях обучения в течение жизни (2006/962/ЕС)

Құрастырғандар:

Көшербаева А.Н. – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры

Шолпанқұлова Г.К. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры

Колумбаева Ш.Ж. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры

Пікір жазғандар:

Бекмағамбетова Р.К. – п.ғ.д., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

Рысбаева А.К. - п.ғ.д., профессор, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті.

Наши рекомендации