Иын балаларды тәрбиелеудің мәні, себептері, проблемалары.

1. Ауытқулар мен нормалар түсінігі

2. Ауытқудың түрлері

1. Ауытулар мен нормалар түсінігі. Қандай қоғамда болмасын өзіне көбірек көңіл бөлінгенді қалайтын адамдар болады. Бұндай адамдарға – физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан қандай да бір ауытқуы бар адамдар жатады. Олар ерекше топты құрағандықтан, мемлекет пен қоғам тарапынан да оларға деген ерекше көзқарас қалыптасқан. Мәселен, Ерте Спартада оларға өте қатал шаралар қолданып, өлтіруге дейін барса, басқа қоғамдық дәуірлерде мейірімділікпен қараған.

Қазіргі АҚШ мен батыс Европа елдерінде бұндай адамдарды белгілі проблемасы бар немесе шектеулі мүмкіндігі бар толық құқылы қоғам мүшесі ретінде қарайды. «Проблемасы бар адам» түсінігі АҚШ-та кеңінен қолданылады, ал европалық елдерде «мүмкіндігі шектеулі адам» түсінігі жиі қолданылады.

Бүгінгі күні денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі адам мәселесі бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да көкейкесті мәселеге айналып отыр. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі адамдардың, соның ішінде балалардың санының өсуін жоспарлы әлеуметтік шешімді қажет ететін, үнемі болып отырған фактор ретінде қарастыру керек.

Норма түсінігі медицинада, психологияда, педагогикада, әлеуметтану мен басқа да ғылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл түсінік нақты анықтама беру мүмкін емес, себебі, ғалымдар медицина саласының өзінде ғана осы түсінікке орай 200- ге жуық анықтамасы бар.

«Норма» түсінігінің анықтамасы терминологиялық тұрғыдан ғана емес мазмұндық жағынан да өте күрделі. Мәселен, адамгершілік нормалар барлық қоғамдық ортада бірдей қалыптасып кетуі мүмкін емес, себебі, біріншіден, олардың ұлттық ерекшелігі болса, екіншіден, уақыт өтуіне байланысты ол өзгеріп отырады. Демократиялық қоғамда жеке адамның өміріндегі кейбір ауытқуларға шыдамдылықпен қараса, тоталитарлық режим адам бойындағы өзгерістерге қатал қарап, жазалауға дайын болады. Медицинада, психологияда, педагогикада норманың өзіндік сипаттамасы мен көрсеткіштері бар. Бұл нормаға сай келмесе оны «ауытқу» деп атайды. Әлеуметтік педагогика үшін «норма» мен «нормадан ауытқу» ұғымдары өте маңызды. Олар даму үрдісі мен баланың әлеуметтік өзін-өзі ұстауын сипаттау үшін пайдаланылады.

Ауытқу негативтік және позитивтік сипатта болады. Мысалы, бала дамуындағы ауытқуға ақыл-ойының дамуынан артта қалу немесе таланттылық жатады. Нашақорлық, араққа әуестік, бұзақылық сияқты адамдарда кездесетін жаман қасиеттер, оның тәртібіндегі ауытқулар адамның әлеуметтік қалыптасу үрдісіне, сондай-ақ, жалпы қоғамның дамуына кері әсер етеді. Ал, керісінше, адам бойындағы экономикалық, кәсіпкершілік, ғылыми және өнер саласындағы шығармашылық сияқты позитивтік ауытқулар әлеуметтік жүйенің дамуына, ескі нормаларды жаңа нормамен ауыстыруға көмектеседі. Әлеуметтік педагогикада «норма» мен «ауытқу» ұғымдары ауытқудың себептері мен оның баланы әлеуметтендіру үрдісіне әсерін анықтауға және соның негізінде практикалық әлеуметтік-педагогикалық әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

2. Ауытқудың түрлері. Ауытқуды шартты түрде төрт түрге бөледі. Олар: физиологиялық, психикалық, педагогикалық және әлеуметтік. Физиологиялық ауытқу деп дәрігерлік көрсеткіштер негізінде анықталған адамның денсаулығындағы өзгерістерді айтуға болады. Медицина баланың денсаулығын сипаттайтын әр жас кезеңіне лайық (бойы, салмағы, кеуде көлемі) өз көрсеткіштері бар. Бұл идеал көрсеткіштер, бірақ, қазіргі кезде сол көрсеткіштерге сай келетін баланы табу оңайға түспейді. 90-шы жылдардағы статистиканы қарастырсақ, әрбір бесінші бала ауру болып туылады, соның ішінде, 5-8 % -ы тұқым қуалайтын паталогияға, 1-2% -ы іштен туа пайда болған анамалияға жатады. Денсаулықтағы ауытқуларға тұқым қуалаушылық факторына немесе сыртқы экологиялық жағдайлар, ауыз су сапаның нашар болуы, отбасы тұрмысы деңгейінің төмендеуіне байланысты болады.

Денсаулығы мен дамуында ауытқуы бар адамдар саны көп болғандықтан, 1980 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы шектеулі мүмкіндіктің үшзвенолық шкаласының британдық вариантын қабылдады. Оған:

1. сырқат - әрекетпен айналысуға қиындық туғызатын кез-келген психологиялық немесе физиологиялық функцияның болмауы;

2. шектеулі мүмкіндік – адам үшін норма болып есептелетін кез-келген әрекетті орындауға қажет қабілеттің шектеулі болуы немесе болмауы;

3. қабілетсіздік (инвалид) – жас, жыныс және әлеуметтік факторларға сай өзінің нормативтік ролін орындауға кедергі келтіретін немесе шектейтін адам бойындағы кемшіліктер.

Қазіргі таңда баланың физиологиялық ауытқулары оның оқу мүмкіндіктеріне қарай анықталады. Батыс елдерінде «денсаулығы шектеулі адамдар» деген ұғым бар. Оған білім алу үшін арнаулы жағдай жасалмаған жағдайда білім беру стандартын меңгере алмайтын физикалық және психикалық кемшіліктері бар балалар жатады. Кемшіліктің: физикалық, психикалық, күрделі және ауыр деп бөлінген үш түрі анықталған.

Физикалық кемшілікке - ауыр аурулардың салдарынан адам ағзасының дамуы мен қызметінде пайда болған кемшіліктер жатады. Психикалық кемшілікке – тілінің, эмоциялық-еріктік аумақтарының, соның ішінде оқуға кедергі келтіретін мидың зақымдануы, психикалық дамудың артта қалуы сияқты адам психикасында уақытша немесе ұдайы болатын кемшіліктер

жатады. Күрделі немесе ауыр кемшіліктерге – мемелекеттік стандартқа сай білім алуы мүмкін емес физикалық және психикалық кемшілігі бар адамдар жатады. Баланың физиологиялық дамуындағы ауытқуларға: баланың қатты ауруы салдарынан болған соқырлық, кереңдік, сал болуы жатады. Психикалық ауытқулар баланың ақыл-ойының дамуы мен оның бойындағы психикалық кемшіліктерге байланысты болады. Бұл топқа психикалық дамуында артта қалған балалар жатады, оны олигофрения деп атайды. Ақыл-ойының артта қалуы нерв жүйесіндегі туа біткен кемшіліктерге немесе туғаннан кейін алған жарақаттарға байланысты, сондай-ақ қатты аурудың нәтижесінде болуы мүмкін. Балалардың ақыл-ойының артта қалуы аурудың жеңіл түрінен (қумалық), ауыр түріне дейін (жындылық) болуы мүмкін. Ауытқудың бұл түріне әр түрлі деңгейдегі тілдегі кемшіліктер де жатады. Сондай-ақ, психикалық ауытқуға баланың эмоционалдық-еріктік күйлері аутизм және суицид жатады. Аутизм дегеніміз баланың ешкіммен сөйлескісі келмейтін тұйықтық мінезі болса, суицид - өзін-өзі өлтіруге талпыну.

Психикалық ауытқудың ерекше түрін балалардың белгілі бір әрекетте жетістікке жетуін қамтамасыз ететін таланттығы құрайды. Баланың таланттығы әрекет нәтижесінің жаңалығы мен ерекшелігінен және басқа да көрсеткіштерінен, сонымен қатар бір әрекетке деген қабілеттілігінен көрінеді. Мәселен бір баланың шет тілін меңгеруге, екіншісінің музыкаға, үшіншісінің математикаға қабілеттілігін байқауға болады. Бірақ сол қабілеттілік сыртқы ортада жағымды жағдай жасалғанда ғана талантқа айналады. Осы мәселені зерттеген психолог Н.Лейтес өз еңбегінде көптеген мысалдар келтіреді.

Мысалы, кибернетиканың негізін қалаған Н.Винер 12 жасында университетке түсіп, 14 жасында бірінші ғылыми дәрежесін алса, А.С.Грибоедов 11 жасында Москва университетіне түсіп, 15 жасында философия факультетінің сөздік және заңгерлік екі бөлімін бітірген. Педагогикалық ауытқу – мұндай ұғым әзірше педагогика мен әлеуметтік педагогикада сирек қолданылғанымен, педагогикалық әрекетте педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда негізге алатын түрлі нормалар бар. Бірінше кезекте білім деңгейін анықтайтын білім беру стандарттары, сонан кейін білім алуда және басқа да әрекеттерде жоғары деңгейлерге жетуді қамтамасыз ететін баланың жеке дамуы.

Елімізде қабылданған білім стандарттарына сәйкес әр бала 9 немесе 11 сыныпты аяқтауға міндетті. Бірақ, өкінішке орай, түрлі себептерге байланысты көптеген балалар білім ала алмай қалып жатыр. Бұны педагогикалық ауытқу деп атайды. Сабаққа бармағандықтан үлгермеушілер қатарына түскен балалар мектепке барғысы келмесе, үйіндегі әлеуметтік нашар жағдайға байланысты кейбір бала сабаққа барғанның орнына көшеге ақша табу үшін жұмысқа шығып кетеді, ал, тағы біреулері экологиялық және әлеуметтік катаклизмаға байланысты ата-аналарын жоғалтуы салдарынан сабаққа бара алмайды. Қазіргі таңда мектепке барғанның орнына қайыр сұраумен айналысатын балалардың саны көбеюде. Білім алудағы көптеген қиындықтар баланыңфизиологиялық және психикалық саулығына байланысты. Мұндай балалар үшін арнаулы мектептер болғанымен, оның білім алуы келесі факторларға байланысты:

- баланың тұрған жерінің ауыл немесе қала болуы;

- баланың отбасындағы ата-анасының оның білім алуын құптауы немесе құптамауына байланысты. Мәселен, дұрыс отбасы болса баласының білім алуын құптайды, оған жағдай жасайды, мамандарға көрсетеді т.б., ал жағымсыз отбасында (алқаштар, БОМЖ- тұрғылықты тұратын жері жоқ отбасылары) баласының мәселесімен айналыспайды;

- босқындар мен оралмандар отбасының сол елге келгенде орналасуына байланысты (құжаттың болмауы, тұратын үйдің болмауы, тіл білмеуі, қаражаттың болмауы т.б.).

Денсаулығы нашар кейбір балаларды үйлерінде оқытады, бірақ бұндай жағдайда негізгі деген сабақтар өткізіліп, мемлекеттік стандартта бар музыка, еңбек, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі сияқты сабақтар өткізілмейді. Мектепте ұжымда оқымағандықтан, мұндай балалар қоғамдық ортада өзін қалай ұстау керек екенін білмейді, сондықтан оның өмірінде сыртқы ортаға бейімделуге байланысты қиындықтар туады. Түрмеде отырған немесе инвалид балаларға кәсіптік бағдар беру жұмысының маңызы зор. Көптеген балалар отбасындағы жағдайлар мен әлеуметтік тәжірибенің жоқтығына байланысты кәсіптік бағдар берудің маңызын түсіне алмайды. Сондықтан бұларға мамандардың әлеуметтік-педагогикалық көмегі қажет. Әлеуметтік ауытқу «әлеуметтік норма» ұғымымен тығыз байланысты. Әлеуметтік норма - қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде қалыптасқан ережені адамдардың немесе әлеуметтік топтардың орындауы. Қоғам қабылдаған жалпыға бірдей ережеден ауытқу тенденциясының тарихи даму жолы бар. Ол өте ерте заманда белгілі болған. Өзін-өзі сақтауға талпынған қоғам адамдар арасындағы қарым-қатынасқа түрлі әлеуметтік шектеулер қойып отырды. Қоғам дамуына байланысты адамдардың құқықтық, адамгершілік қарым-қатынастары да күрделеніп, өзгеріп, қалыптасып тұрды. Әлеуметтік ауытқудың пайда болуы адамдардың қоғамдағы әлеуметтік орнына, әрекеттегі әлеуметтік роліне, құндылық критерийлері мен басқа факторларға байланысты болуы мүмкін.

Әлеуметтік нормалар әмбебап және жеке болып үлкен екі топқа бөлінеді. Әмбебап – қоғамдағы әрбір адамға тиісті, жеке – нақты адамдардың кәсіптік әрекеттері мен өміріне тиісті нормалар. Мысалы, дәрігер, әлеуметтік педагог, дос, бауыр т.б. Әлеуметтік нормалар тұрақты қоғамдық өмірді қамтамасыз ететін нормативтік реттеу жүйесінің элементтері (мораль, құқық, дәстүр).

Әлеуметтік нормаларды басқа да белгілеріне қарай құқықтық, моральдық, саяси, діни деп те бөлуге болады. Әлеуметтік нормаларды орындау сыртқы талапты адамды әлеуметтендіру негізінде оның әдетіне айналдыру арқылы немесе қабылданған әлеуметтік нормалардан ауытқыған адамдарға құқықтық санкция қолдану арқылы орындалады. Әлеуметтік норма тәрбие факторы ретінде балалар үшін өте маңызды, себебі, тәрбие үрдісі барысынды балалар әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды, әлеуметтік рольдер мен әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, әлеуметтік ортаға енеді. Мұнда тәрбиенің басқару функциясына зор мән беріледі. Өйткені, ол басқару мен қатар әрекеттерді ұйымдастыра отырып, балалардың санасына және олардың тәртібінің қалыптасуына әсер етеді. Әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде тәртібінде ауытқуы бар балалар жөнінде айтылған. Оның түрлеріне балалар алкоголизмі, токсикомандар, нашақорлық, жезөкшелік, қайыршылық, құқық бұзушылық, жауыздық, өз бетінше қаңғырушылық жатады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді бұндай балаларды «қиын», «қиын тәрбиеленуші», «девиантты емес, әлеуметті тәртіпті бала» т.б. деген ұғым қолданылады. Бұл ұғымдардың өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан көптеген ғалымдар бұндай балалардың тәртібінің қоғамда қабылданған нормалар мен ережелерге сай келмейтіні жөнінде бірауыздан айтып отыр. Балалар өміріндегі ауытқулар жасөспірім шақтағы өтпелі кезеңге, қоғамдағы әлеуметтік орнының белгісіздігіне, аяқ астынан пайда болған қиын жағдайлардан өз бетінше шығудың жолдарын таба алмағандықтан болады. Бұндай балаларға көмектесу үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер ұйымдасытырылады. Қоғамға қауіпті заң бұзған 11 толмаған балалар психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық комиссияның шешімімен арнаулы мектептер мен арнаулы кәсіптік оқу орындарына жіберіледі. Әлеуметтік дамуында ауытқуы бар балалардың ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды бөліп қарастыру керек. Бұған «әлеуметтік жетім» балалар деген, биологиялық ата-анасы бар, бірақ белгілі себептерге байланысты олармен бірге тұрмайтын балалар жатады. Қазіргі кезде жетім балаларға арналған арнаулы әлеуметтік оқу орындары мен мекемелер: балалар үйі, мектеп-интернаттар, балаларға көмек көрсететін әлеуметтік-реабилитациялық орталықтар, әлеуметтік қамқорлық үйлері бар.

Сонымен, қорыта келе ауытқулардың түрлеріне қайта тоқтала кетейік. Олар:

физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ауытқулар болып бөлінеді.

Физиологиялық: ауру, көру, есту органдары мен аяқ-қолдарының ауруға ұшырауы.

Психологиялық: психикалық дамудың артта қалуы, ақыл-ойы дамуының артта қалуы, тіліндегі мүкістік, эмоциялық-еріктік аумақтың бұзылуы, талаттық.

Педагогикалық: жалпы білім алу мен кәсіптік білім алудан ауытқу.

Әлеуметтік: жетімдік, балалар алкоголизмі, токсикомандар, нашақорлық,

жезөкшелік, қайыршылық, құқық бұзушылық, жауыздық, өз бетінше

қаңғырушылық.

Наши рекомендации