Гімелеуге үйрету әдістері 5 страница
Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар қалыптасады.
• «Жақсы- жаман» ойыны.
• «Зерттеу» әдістемесі.
2.Екінші сәбилер тобында бояумен сурет салу
Баланың жан - жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді. Бейнелеу өнері сабақтары басқа сабақтармен тығыз қарым - қатынаста болуы керек. Мысалы сурет сабағында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде математика сабақтарында шеңбермен таныстыру, тіл дамыту сабақтарында доп туралы тақпақ жаттатқызу, мүсіндеу сабақтарында доптарды мүсіндеу ұсынылса дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет.
Бейнелеу өнері сабақтарының негізгі мақсаты балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан сабақта баланың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Сабақтарда үлгіні көп жағдайда қолданбау керек. Тек балаларға таныс емес әдіс - тәсілдерді қолдану кезінде қолданған жөн. Сабақ соңында тәрбиеші балалардың жұмыстарын түгелдей тақтаға іліп, талқылайды. Талқылау міндетті түрде әр сабақ соңында жүргізіліп отыруы тиіс. Сонда бала өз ойын сурет арқылы бере білуге, әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана білу жолдарын игереді. Нәтиже тапсырмамен байланысты болуы қажет. Талқылау балалардың белсенді араласуымен өткені дұрыс.
Талқылауға тәрбиеші бағыт беріп отырады. Кіші топтарда сәбилер суреттердің ашық түсті бояуларына қуанса, үлкен топтарда талап күшейе түседі. Олар гүлдің сабақтары мен жапырақтары салынды деп айтып қоймай, гүлдер алқызыл, жапырақтары ұзыншақ жасыл, сабақтары сәл иіліп тұрғандай деп сипаттама береді. Екінші кішкентайлар тобында саусақпен салу әдісін қолданбаған жөн. Өйткені балалар бояуға қызығып оны ауыздарына салуы мүмкін. Тәрбиешінің дауысы жайлы, құлаққа жағымды естілуі керек.
Сурет салу барысында әртүрлі саусақ жаттығуларын қолданып отырса, баланың ұсақ қол моторикасы дамып, есте сақтау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Баланы қазақ халқының керемет қол өнері туралы түсініктерін терең дамыту мақсатында екінші кішкентайлар тобынан бастап ұлттық ою - өрнектерді қолданып әртүрлі суреттерді салуды ұсыну. Келесі топтарда ою - өрнектермен таныстыру жалғаса береді.
Балалардың жұмыс нәтижелерін ата - аналармен бірге қарап, талқыласа, бала өзіне назар аударғанын сезіп, өз бетімен жұмыс істеуге деген талпынысы күшейе түседі. Балалардың сурет көрмесін балабақшада жиірек ұйымдастыру керек. Әр балаға жеке жұмыс папкасын ашып, баланың еңбектерін түгелдей жинақтап отыру қажет. Бұл баланың жұмысының нәтижесі мен жеткен жетістіктері, алда қандай бағытта жұмыс істеу керектігінің көрсеткіші болып табылады. Оны баланың ата - анасымен талқылаған жөн. Сабақ үлгілерін жазған кезде әртүрлі методикалық нұсқаулар мен балалар журналдарынан үзінділер қолдандым. Қазақ тілінде әдістемелік нұсқаулықтар өте аз. Сондықтан да тәрбиешілер орыс тілінен аударады немесе әртүрлі журналдардан жинақтайды.
Бұл сабақтар сіздерге ұнаса ересектер тобына арналған сабақтарды да ұсына аламын. Тәрбиешілер сабақтарға әртүрлі жұмбақтар мен өлеңдерді, жаңылтпаштарды қосуларына болады.
3.Балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің маңызы мен міндеттер
Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру. Музыка мен театр өнеріндегі шығармалармен таныстыру, олардың мазмұны мен әсемдігін қабылдауға үйрету. Музыка-театр өнерінің шығармаларына деген қызығушылығын арттырып, қандай шығармалардың бала назарын аударғанын, не ұнағанын анықтау.
Ересектер мен балалардың бірлескен қызметі маңызды орын алатын жағдайлар құрып, тапсырмалар орындату.
Балаларды әртүрлі музыкалық әрекеттерге (ән салу, ән тыңдау, би билеу, музыкалық аспаптарда ойнау, қуыршақтар қойылымы) қатыстыру.
Түрлі музыкалық аспаптар мен музыкалық ойыншықтарда шығармашылық көрсету ұмтылысын қолдау.
Ересектермен және балалармен бірлескен әрекет үлгісін құру: ән салу, би билеу, сахнада және спектакльде ойнау.
Шулы оркестрде, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауға қатыстыру.
Ересектердің домбырада, аккордеонда, металлофонда, ксилофонда, т.б. түрлі музыкалық және шулы аспаптарда ойнауын тыңдауға талаптандыру.
Румбада, тарелкеде, үшбұрыштарда қарапайым ырғақты өз бетінше орындау ниеттерін мадақтау.
Өз бетінше шығармашылық музыкалық іс-әрекеттер жасау үшін концерттерге, театрдағы қойылымға қатысуға және балаларға таныс ертегілер мен өлеңдердің мазмұны бойынша сахналауға, сахнада микрофон қолдануға жағдай жасау.
Құрбы-құрдастарының музыкалық іс-әрекеттерін, билерін бақылауы, олардың қимылдарына еліктеп, байқап көру шығармашылық әрекеттеріне талпындыру.
Түрлі жанрдағы және халықтардың музыкасын тыңдау және оларға тән сипаттаманы талқылау.
Балалар композиторларын, халық музыкасын, бағдарламалық шығармалардың аттары мен олардың авторларын білу және атауға үйрету.
Балалармен бірге әр халықтың мәдениеті мен өнері, өмір сүрген дәуірі жайлы айтылған бейнефильмдер мен фильмдер қарау.
Ата-аналар мен балабақша қызметкерлерін балалармен бірге музыкалық шығармашылық әрекеттерге қатысуға жұмылдыру.
Дербес музыкалық әрекетті ынталандыратын заттық орта құру. Оны балалардың музыкалық және шулы, соқпалы аспаптарымен, музыкалық ойыншықтармен, суреттермен, түрлі атрибуттармен (ленталар, орамалдар, халық ертегілері кейіпкерлерінің бас киімдері) жабдықтау. Сонымен қатар, бұл ортаны костюмдердің элементтері мен түрлі театр қуыршақтарымен (көлеңке, саусақ, үстел үсті және т.б.) толықтыру.
Әдеп сақтап, көмек көрсетіп, ойын тәсілдерін естеріне түсіріп, көрсетіп, бидегі, әндегі кейбір олқылықтарды жөндеп, музыкалық іс-әрекетке қатыстыру.
Енжар, селқос балаларды белсенді іс-әрекетке тарту.
Әдемі киімді, түрлі театр қуыршақтарын, декорация элементтерін қолдану кезінде еркін шығармашылық танытуға мүмкіндік беру.
Билет №20
1.Дидактикалық ойынның бала тілін дамытудағы рөлі.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Өз іс тәжіребиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
2.Ойын әдісін мекткепке дейінгі мекемелерде табиғатпен таныстыруда қолдану
Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді
3.Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің мақсат, міндеттері
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.
Білім берудің ең төменгі сатысы – мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады.
Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.
Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;
- Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды.
- Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану.
Отбасында ата - аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата - ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды.
Ата - аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет.
Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, сондай - ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата - ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық дамуының көрсеткішін білуі маңызды
Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сәбилік шақтан бастап музыкалық қызығушылықтарын дамыту – тәрбиешінің міндеті.
1 - 2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды.
2 жаста бала қарама - қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын «әй - әй», «топ - топ» буындарын қайталайды.
3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады.
5 жас – баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?», деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады.
6 жас – балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.
Билет №21
1.Тәрбиешінің сөйлеу тіліне қойылатын талаптар.
Жас шамасына қарай әр сыныптағы балалар өз педагогтарымен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Педагог балалардың ойындарын ұйымдастырады, программада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциялының мүмкіндігі түгелімен педагогтың сөзінің сапасына байланысты.
Педагог үшін үлгі сөйлеу тілін меңгеру – бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру – болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен:
Адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер қалай жазылса, солай айтуынан;
Сөз үйлесімін дұрыс құрмауынан;
Сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;
Сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе деректі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т.б.
Сөйлеу мәдениетіне ие болу – бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны қалай қолданатынын есте сақтау деген сөз. Педагог өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолында жұмыс істей отырып, ең алдымен оның компоненттері – лексикасы, грамматикасы, фонетикасы синонимдік жағынан бай болуына назар аударуы керек. Ол – тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатындығын, олардың қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшеленетіндігін, өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға тиіс. Ол өз бойында сөздікті үнемі пайдалану қажеттілігін дамыту керек. Сөйлеу мәдениетін көтеруге талпынған педагог морфологияның аффико-синонимдердің мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн, сондай-ақ өзінің сөзінде синоним-флекстердің, синоним жалғаулардың, синоним-союздердің жай және күрделі сөйлемдер құрылысына синонимдерінің барлық байлығын қолдануы керек.
Болашақ педагогтың сөйлеу мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы мынада: балалар тікелей араласу барысында сөздің дыбыстың мәдениетін тура жолмен қабылдайды, өйткені балалар сөзді дұрыс айтуға ересек адамдардың, ең алдымен тәрбиешінің, сөзіне еліктеу арқылы үйренеді.
Әр педагог ана тілінің жоғары сөйлеу мәдениетін игеруге тиіс, яғни көркем әдебиетті мәнерлеп оқу және әңгімелеп беру дағдысы болуы керек.
2.Балалардың «ұзын - қысқа», «кең - тар» ұғымдарын бекітуге бағытталған ойындар.
«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.
«Зейінді бол»
Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
«Ұзын-қысқа»
Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.
3.Ән салуға үйретудің тәрбиелік маңызы. Кіші, орта, ересек топтардағы балалар дауысы ерекшеліктері
Ән бөлімінде балаларды ырғағына келтіре, әдемі ән салуға тәрбиелейміз. Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береміз. Балаларды хормен ән айтқызып жаттықтыру арқылы, оларды ортақ сезімге бөлендіріп, өздерінің әрекеттерін бір әуенге үйлестіруге төселдіреміз, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа баулимыз. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Жеке дауыста ән айта білуге, әндерді есте сақтай білуге, музыкалық шығармалардың құрылысын түсіне білуге тәрбиелейміз. Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге баулитын кезең – мектепалды даярлық тобы. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыка тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру. Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) – музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері. Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен фразалардың соңын жұмсартып айту, музыкаға сәйкес түрлі қимылдарды орындау. Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айтуға үйрену.
Қазақ халқының музыкасын әндерде қабылдау.
Билет №22
1.Саусақ ойындарының бала тілін дамытуға қосар үлесі.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан
активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және
мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.