Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары.
арқан, 4 гимнастикалық төсеніш, үлкен доптар, секіруге арналған 2 сырық ағаш.
Іс-әрекет кезеңдері | іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | 1.Жүру. 2.Еденде жатқан арқан үстімен жүру. 3.Бірде жүгіріп, бірде жүру. Төртке дейін санап, төрт қатар сапқа тұру. | Қолдарын екі жаққа созып жүру. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік | 1. Заттарсыз орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: негізгі тұрыс. Оң қолды желкеге қою, сол қолды сол жаққа созу, ақырындап шалқаю, б.қ. оралу. Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарын артқа ұстап тұру. Тізеден бүгілген оң аяқты жоғары көтеріп, денені түзу ұстап тұру. Б.қ. келу, тура осы лай сол аяқпен де орындалады Б.қ.: тізерлеп тұрып, басты төмен түсіріп тұру. Сол аяқты артқа қарай бүгу, басты артқа шалқайту. Б.қ. келу, тура осылай сол аяқпен жасалады. Б.қ.: негізгі тұрыс. Аяқ ұшымен отырып тұру, саусақтарын өкшеге тигізу, б.қ. келу. Қарқын баяу. Б.қ.: шалқадан жатып, екі қолды жоғары көтеру. Аяқтарын бүгіп, екі қолымен құшақтап, сонан соң иіліп, басын тізеге тигізу. Б. қ. келу. Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарын белге қою. Оң жаққа бұрылып, төрт рет секіру, сол жаққа бұрылып, төрт рет секіру. Б.қ.: негізгі тұрыс. Бір орында тұрып жүру. Б.қ.: негізгі тұрыс. Оң қолды белге қою, сол қолды белге қою, оң қолды басқа қою, сол қолды басқа қою, оң қолды белге қою, сол қолды белге қою, оң қолды төмен түсіру, сол қолды төмен түсіру. Акробатикалық жаттығулар: еденде отырып, бастапқы қалпынан алға қарай домалауды түсіндіру және іс жүзінде көрсету. Педагог балаларға домалауға көмектеседі. 1.Үлкен допты лақтырып ойнау. Балаларды арақашықтықтары 3 адымнан шеңбер бойына тұрғызады. Бір-біріне допты қалай лақтырып, қалай қағып алуды түсіндіреді, көрсетеді. 2.Бір орында тұрып биіктікке секіру. .3. «Жапалақ» қимыл- қозғалыс ойыны. Шарты: алаңның бір шетіне «жапалақтың ұясы» белгіленеді. Балалардың бірі сол кезде «жапалақ» ұясынан ұшып шығып, қозғалып қойған «шегірткені» немесе «көбелекті» ұясына алып кетеді. Балалардың бірі шегіртке, бірі кішкентай қүс болып залда еркін жүгіріп, секіріп жүреді. «Түн» деген белгі бойынша ойыншылар бір орындарында қатып қалады | Алдымен 2-3 бала алға домалауды педагогтің көмегімен орындап көрсетеді. Сонан соң қалған балалар алға домалауды қезектесіп, бір- бірден орындайды. Балалар оң аяқты алға, сол аяқты артқа қойып, кезек- кезек бір-біріне доп лақтырады, допты қағып алады. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Дабылдың соғылуына қарай 4 адым аяқтың ұшымен, 4 адым өкшемен, 4 адым табанның сырты және 4 адым табанның ішімен жүру. |
. |
орындайды: алға домалауды;
түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: допты лақтыруды, оны қағып алу және бір орында тұрып биіктікке секіруді.
Келісілді:
«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:12.02.16
Тәрбиеші:Сахыпкереева Ж.Б
Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.
Бөлімі:Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Жүгіріп өту.
Мақсаты: 1. Алға домалауды үйренуді қайталау.
2. Шапшаңдық пен ептіліктерін дамыту.
3. Жүгіріп өту мен ұзын секіртпемен секіруді жаттықтыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: 4 гимнастикалық төсеніш, ұзын секіртпе қапшық.
Билингвальдық компоненттер:
Іс-әрекет кезеңдері | Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | 1.Жамбасты биікке көтеріп, аяқты артқа қарай сілкіп жүру. 2. Төрт қатарлы қимыл- қозғалыс, сапқа тұру. 3. Шапшаңдықпен 15-20 метр қашықтықты жүріп өту және баяу 1-1,5 минут жүру. | Қолдарды белге қою |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік | Қапшықпен орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарын белге қою, қапшықты басқа қою. Ақырындап сол аяқты артқа қарай бүгу. Б.қ. оралу, тура солай оң аяқпен де жасалады. Қарқын баяу. Б.қ.: тіземен тұру, аяқтардың арасын аз ғана ашып қою, қолдарды екі жаққа созу, қапшықты сол қолда ұстау. Артқа қарай шалқайып, денені оңға бұру, қапшықты еденнің үстіне аяқтар арасына қою. Артқа шалқайып, жамбасты оңға бұру, қапшықты аяқтың арасына қою. Б.қ. оралу, сол жаққа бұрылу, қапшықты сол қолға алу. Б.қ. оралу. Б.қ.: аяқтың арасын кең ашу, қолды артқа қою, қапшықты басқа қою. Сол аяқты тізеден бүгу. Б.қ. оралу, тура солай екінші аяқпен жасау. Б.қ.: отыру, оң тізенің жанында еденде қапшық жатады. Аяқты көтеру, оларды қапшықтың оң жағына түсіру. Б.қ. оралу. Б.қ.: негізгі тұрыс. Қолдарды б елге қою, қапшықты басқа қою. Бүгілген сол аяқты алға көтеру. Б.қ. оралу, тура солай екінші аяқпен жасау. Б.қ.: аяқтарды ашып тұру, қапшықты қолмен баста ұстап тұру. Алға және артқа шалқаю, қапшықты сол аяқтың басына тигізу. Б.қ. оралып, тура солай екінші аяқпен де жасау. Б.қ.: негізгі тұрыс, аяқтың алдына қапшықты еденге қою. Қапшық арқылы секіріп өту, дөңгелене бұрылып қарғу, қайтадан қапшық арқылы секіру, дөңгелене бұрылып қарғу және т.с.с. Бір орында тұрып жүру. Акробатикалық жаттығулар. Алға қарай баспен домалауға үйретуді жалғастыру. Алға қарай баспен домалап барып, жинақталып отыру, одан кейін қолға сүйенбей, артқа қарай қайта домалау, алға қарай домалау, отыру қалпына келу. Тепе-теңдікті жоғалтпай, жеңіл түзу тұру. 2. Ұзын секіртпемен орындалатын жаттығулар: 1-жаттығу. Жоғарыда айналып тұрған секіртпенің астымен жүгіріп өту, екінші бала екінші жағынан қарама-қарсы жүгіріп өтеді. Алға домалау кезінде педагогтің нұсқауын мұқият орындайды 2-жаттығу. Төменде айналып тұрған секіртпенің үстімен жүгіріп өту, екінші бала екінші жағынан қарама-қарсы жүгіріп өтеді. 5. «Өз жалаушама қарай» ойыны. Шарты: балалар 3 топқа бөлінеді де, әр топ балаларына үш түрлі жалауша таратылады. Балалар алаңда шашырап жүріп, педагогтің белгісі бойынша тоқтайды. Қайтадан шашырап жүреді. Педагогтің екінші берген белгісімен топ бойынша үш қатар сапқа тұрады. | Бүл жаттығулар кешенін орындау біліктері тексерілетіндігін балаларға ескерту. Жаттығулар педагог айналып тұрған секіртпенің астынан секіртпеге денелерін тигізбей өтуге тырысады. Қатарға бірінші тұрған топ жеңіске жетеді. Қатарларын ауыстырып алған балалар қолдарындағы жалаушалары арқылы анықталады. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Баяу, екпіндерін үдете жүру. | Музыка әуенімен жүреді |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: айналып тұрған секіртпенің астынан жүгіріп өте алуды және ұзын секіртпемен секіруді;
түсінеді: акробатикалық жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: алға қарай баспен домалай алу дағдыларын.
Келісілді:
«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:15.02.16
Тәрбиеші:Имангалиева Г.Н
Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.
Бөлімі:Дене шынықтыру
Тақырыбы: Акробатика.
Мақсаты:
1. Балаларға дүрыс тыныс алу туралы әңгімелеу.
2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.
3.Таңертеңгі гимнастика кешенін орындау білігін тексеру; алға және артқа домалауды қайталау.
Құрал-жабдықтары: 4 гимнастикалық мат.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Сапқа тұру. Сәлемдесу. Жүру: -әдеттегі жүріс; -тізені жоғары көтеріп жүру; -аяқтарын артқа қарай лақтырып жүру; -табанның ішкі қырымен жүру; -сыртқы қырымен жүру; -аяқтың ұшымен; аяқтың өкшесімен; -жартылай отырып жүру. Жүру мен жүгіру ауысып тұрады. | Қолдарын түрлі қалыпта ұстап жүреді. Педагогтің нұсқауын мұқият тыңдап, айтқанын орындайды |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік | 1. Жалаушалармен орындалатын ЖДЖ: - бір сапқа тізіліп, жалаушаларды қолға ұстап жүру; педагогтің белгісі бойынша балалар қолға арналған жаттығуларды орындайды. Б.қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. 1 - жалаушаларды алға созу; 2 - жалаушаларды жоғары көтеру; 3 - жалаушаларды екі жаққа созу; 4 - бастапқы қалып. Б.қ.: иықтың деңгейіндегі аяқтың тұрысы, кеуде тұсында жалаушаларды ұстау. 1 - оңға бұрылу, оң қолды бір жаққа созу; 2 - бастапқы қалып. Б.қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. 1-2 - отыру, жалаушаларды алға қарай созу; 3 - бастапқы қалып. Б.қ.: иықтың деңгейінде аяқтың тұрысы, жалаушалар төменде. 1 - жалаушаларды екі жаққа созу; - сол аяққа алға қарай иілу; - екі қолды екі жаққа созу, тік тұру; - бастапқы қалып. Б.қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. 1-8 дегенде екі аяқпен секіру, шағын кідіріс, одан кейін қайтадан секіру. Б.қ.: негізгі тұрыс, жалаушалар төменде. 1-2 - оң яқты артқа созып, еденге ұшымен қою, жалаушалар жоғарыға көтеріледі 3-4 - бастапқы қалыпқа оралу. Дәл солай сол аяқпен жасау. Негізгі акробатикалық жаттығулар: 1.Қолды тіреп отыру, қолды тіреп жату, аяқты бүгіп иілу. 2.Жетекшінің көмегімен «көпірше» жасау. 3.Бір орында тұрып секіру. 4.«Фигура жаса» ойыны. | 6-8 рет қайталау. Жаттығулар жетекшінің (бала) соңынан орындалады. Жаттығулар педагогтің нұсқауымен орындалады. Залда шашырап жүреді.Педагогтің белгісі бойынша орындарында «қатып» қалады. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Зеректілікке арналған жаттығу. | Балалар көздерін жұмып тұрады. Белгі бойынша балалар бір қадам алға басады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: жүрудің түрлерін;
түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын; қолданады: акробатикалық жаттығуларды.
Келісілді:
«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:19.02.16
Тәрбиеші:Сахыпкереева Ж.Б
Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.
Бөлімі:Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Қысқа секіртпемен секіру.
Мақсаты: 1. Өз жүрісін қадағалау тәсілдерін қайталау.
2.Алға қарай домалауды қайталау.
3.Қысқа секіртпе арқылы секірулерді қайталау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: гимнастикалық маттар (төсеніштер), қысқа секіртпелер (балалардың санына қарай), доптар.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | 1. Сызықтар арасымен тар жолмен жүгіру. 2. Жүріс: сырғымалы қадаммен. 3. Жүріп келіп шеңбер құру | Сол аяқтан бастап екі қадам жасау және оң аяқтан – екі қадам, екі қадам оңға, екі қадам солға |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік | 1. ЖДЖ: жүріс-тұрысқа арналған арнайы жаттығулар: Б.қ.: негізгі тұрыс. Қолдарын алға қарай, жоғары, екі жаққа созу және төмен түсіру. Б.қ.: екі аяқтың арасын ашып тұру қолдарын жоғары созу. Сол жаққа иіліп, қолдарын бастан асырып, шапалақ соғу және б.қ. оралу, дәл солай оң жаққа қарай. Б.қ.: қолдарын екі жаққа созу.Тізе бүгіп отыру, б.қ. оралу. Б.қ.: қолдарын алға созу. Алға қарай еңкею, қолдарын артта ұстау, б.қ. оралу. Залда шашырап кету. Б.қ.: теріс тұру, қолдарын белге қою. Қабырғаға сүйеніп, сол және оң жаққа қарай иілу. 2. Шеңбердің бойымен алға қарай жылжып секіру. Алға қарай иіліп жүру. Акробатикалық жаттығулар. Алға қарай домалауды қайталау. Жаттығулар. 1.Б.қ.: маттар арасында отыру. Алға қарай домалау, одан кейін сүйеніп, қолды жоғары созу, жоғары, алға қарай секіру, тепе-теңдікті сақтап қалып, жерге жұмсақ түсу. 2.Б.қ.: дәл солай. Артқа қарай домалау, алға қарай домалау, отырып сүйену, алға қарай домалау, қолдарын басынан жоғары асырып шапалақ соғу, алға қарай секіру. 3.Б.қ.: дәл солай. Артқа қарай домалау, алға қарай домалау, отырып сүйену, алға қарай домалау, артқа қарай домалау, алға қарай домалау, артқы жағынан қол соғып, алға қарай секіру. 4.Қысқа секіртпе арқылы секіру. 5.«Доптарды қуу» ойыны. Шарты: ойыншылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарап екі сап түзеп тұрады. Бірінші ойыншылардың бір волейбол добы бар. Педагогтің белгісі бойынша бірінші ойыншылар көршілеріне допты береді. Ал олар өз кезегінде келесілерге береді, осылайша қатардағы соңғы ойыншыға дейін жалғасады. Соңғылары допты алып, өздерінің қатарларының артқы жағында жүгіреді де, бірінші болып тұрады және доптарды сол ретпен, қатарлар бойымен бередіОйыншылар қатарлардың соңғы ойыншысы болып тұрса, ойын аяқталады. Көршісінен допты алып, өз орындарына қайтып оралады. | Жаттығулар өз бетінше орындалады. Жаттығуды 6-8 рет қайталау. Оң аяқпен төрт рет секіру, сол аяқпен төрт рет, екі аяқпен төрт рет секіру. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Бағыттаушыны ауыстырып жүру. | Ысқырық бойынша. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: қысқа секіртпе арқылы секіруді; түсінеді: акробатикалық жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;
қолданады: көзбен мөлшерлей алу дағдыларын.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің