Арнайы тәрбие әдістері, формасы , мазмұны, түрлері
Жалпы педагогикадағы сияқты сурдопедагогикада да келесі бағыттар бөлініп шығады: адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық, дене және ақыл-ой тәрбиесі.
Есту қабілетін жоғалтқан балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту және оны өмір тәжірибиесінде қолдану, ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша педагогтың мақсатты әрекетін ұысынады. Педагогтың міндеті – балалардың ақыл-ойын нәтижелі көтеретін тұлғалық сапаларын тәрбиелеу.
Баланың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған оқудың арнайы әдістерін, формаларын пайдалану, оқушылардың жалпы және сөйлеу тілін жоғары деңгейге жеткізеді.
Зерттеулер арқылы ақыл-ойды тәрбиелеу жетістіктері, жағдайы анықталады.
· Ғылыми білім жүйесін меңгеру, олардың біртіндеп дамуы және тереңдеуі;
· Сөйлеу тілін білімді меңгерумен қатар меңгеру;
· Сөйлеу тілін оның барлық түрінде интенсивті дамыту (жазбаша, ауызша, диалогтық);
· Оқушының өмірлік тәжірибиесіне сүйену;
· Заттық тәжірибиелік әрекетті оқу – тәрбие процесіне қосу;
· Оқушының ой - өрісін кеңейту, оның танымдық қабілеттері мен қызыушылықтарын дамыту.
· Білім қорын қалыптастыру және оның сапасын арттыру;
· Ақыл-ойының қабілетін дамыту және коррекциялау;
· Тұлғаның интеллектуалдық ақыл-ой сапасын тәрбиелеу;
· Еңбек мәдениетін қалыптастыру.
Адамгершілікке тәрбиелеу – оқушылардың адамгершілік мінез-құлқын, сезімін, санасын қалыптастыру процесі. Ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің әрдайымғы сөйлесуі негізінде жүзеге асады. Адамның адамгершілігінің даму деңгейін оның өмірлік мақсаттары, рухани құндылықтары, тұлғалық талаптары анықталады.
Педагогтар оқыту мен тәрбиелеудің бастапқы кезеңінде балалардың жеңіл адамгершілік әдеттерін қалыптастырып дамытады. Оған гигиеналық дағдылар жатады (денені күнделікті күту; жаттығу жасау; кеңістікте гигиеналық жағдайды сақтау; гигиеналық көмек көрсететін заттарды пайдалану; киім, аяқ киімді күту); өзін қоршаған адамдарменен өзара қарым-қатынас жасау (басқа балалардың сезімін, ойын, сезімін, құрметтеу, қайырымды болу т.б.); еңбек етуге дағдыландыру (өз жұмысын орнын күту, оқу бөлмесін тазалау, сол сияқты мектеп ауласын тазалау, ересектер еңбегіне көмектесу).
Адамгершілік сананы тәрбиелеу баланың сөйлеу тілін дамыту мен оның ойларымен тығыз байланысты. Бала сөйлеу тілін меңгеру деңгейі бойынша адамгершілік түсініктерімен танысады. Түсініктер қатары әдеби шығармалар мазмұнын оқу процесінде, түрлі әрекет жолында қалыптастырады.
Оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастырудың бірнеше кезеңін бөліп көрсетуге болады:
· мінез-құлық нормасы мен тәжірибиелік меңгеру (талапты орындау, еліктеу негізінде);
· адамгершілік түсініктерін зерттеу;
· әрекет жасауда білімді қолдану.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын табиғатқа адамға, қоғамға, еңбекке қарым-қатынасты тәрбиелеу түрінде көрсетуге болад
Табиғатқа қатынас – адам құндылықтарының көрсеткіші, сондықтан экологиялық тәрбие адамгершілікке тәрбиелеудің бөлінбес бөлігі болып табылады. Мектептің алдына оқушының экологиялық білімін, экологиялық мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылады
Балалар сабақта, сабақтан тыс уақытта табиғатпен танысады. Табиғат туралы білімді меңгерту әдісі бақылау, табиғи материалмен жұмыс, кітаппен жұмыс болып табылады.
Алдымен табиғат туралы білімді жинақтауға тура келеді. Жоғарғы сыныптарда түрлі оқу пәндерінде «адам-қоғам-табиғат» қатынас жүйесінің аспектілері ашылады, басты экологиялық мәселелерді шешу, меңгерген білімдерін қолдануға тырысады.
Еңбекке тәрбиелеу – түрлі еңбек әрекетін қатыстыруды ұсынатын күрделі процесс. Оның міндеті еңбекке психологиялық, тәжірбиелік құндылықты дайындау болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің маңызды компоненті – еңбекке жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.
Адамгершілікке тәрбиелеу өзіне еңбектің мәнін түсінуді қосады, яғни адамгершілік сапаларды қалыптастыруға тырысады.
Психологиялық дайындау басқаға пайдалы кез-келген жұмысты сапалы орындауға, бастаған жұмысты аяғына дейін толық күшпен жасауға тырысуға тәрбиелеуді қарастырады.
Практикалық дайындау балаланы ғылым негізінде білім мен біліктілік, дағдымен қаруландыруға бағытталған.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке тәрбиелеуде ерекше назар коррекциялық міндеттерді шешуге бөлінеді (сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын дамыту, дене даму кемістіктерін түзету).
Отбасында еңбек етуге үйрету тәрбиесін де өткізуі керек. Мектепке дейінгі уақыттың әр түрлі кезеңінде, еңбек ету тәрбиесі тұрмысындағы гигиеналық дағдыларға және тәртіпке тәрбиелейді. Сондай-ақ, тұрмыстық шаруашылық еңбекке, отбасындағы кейбір міндеттерді орындауға ересектің еңбектері туралы ойын кеңейтуге балаға берілген жерде жұмыс істеу арқылы, еңбек ету, үй өсімдіктерін күтуге, қағаздан, картоннан, табиғи материалдан жасанды заттар жасау процесінде қол еңбекке тәрбиелеу жатады.
Еңбекке тәрбиелеу мазмұны еңбектің алуан түрінде – оқуда, арнайы сабақтарда, қоғамдық пайдалы істерде анықталады.
Оқудағы еңбек мектеп бағдарламасы көлеміндегі ғылыми негіздегі білімдерді игеруге бағытталған. Есту қабілеті зақымдалған балалардың оқудағы еңбегін ұйымдастыру кезінде мына жағдайларды ескеру өте маңызды: ауызша сөйлеу тілін дамыту және қалыптастыру бойынша жұмыспен білімді меңгеру процесінің байланысы, оқу қызметінің сипатын өзгерту қажеттілігі, ақыл-ой, еңбек тәртібі.
Еңбекке оқыту міндеті – баланың техникалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытатын еңбек дағдысы мен біліктілігін, политехникалық білімін қалыптастыратын арнайы пән.
Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қызығушылықтығы оқушылардың түрлі әрекеті (сыныпта, мектепте, ауданда, қалада). Тұрмыстық еңбек есту қабілеті зақымдалған балаларға қолайлы. Адамгершілікке тәрбиелеудің тағы бір маңызды бір бөлігі патриоттыққа тәрбиелеу. Патриотизм сезімі өз Отанына деген махаббат, оны жаулардан қорғауға дайын сезімді көрсететін әлеуметтік-саяси және адамгершілік принципі.
Патриоттық тәрбие процесі өз жанұяңа деген сүйіспеншіліктен басталады. Есту қабілеті зақымдалған балалар әлеуметттік байланысының шектеулі күшінде өзін жақын қоршағандарға өте құштар. Педагогтың міндеті – балалардың ыстық сезімдерін дамыту.
Мектеп «балалар үшін екінші үй». Сондықтан өмірде өз орнын табуға көмектесетін мектепке деген махаббат – тәрбиешінің тағы бір басты міндеттерінің бірі. Патриоттық тәрбиелеу түрлі оқу пәндеріндегі материалдарда оқу әрекеттері процесінде жүзеге асады (тарих, әдебиет, география, физика және т.б.).
Құқықтық тәрбие жас азаматтың мінез-құлқы және құқықтық санасын қалыптастыру. Мектептің алдында келесі міндеттер тұр (заң және моральдық норма, мінез-құлық ережесін анықтау, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда) құқықты қорғау әрекетінің кейбір дағдыларын қалыптастыру.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқыту, ойын түсіндіру педагогикалық талаптар әдісі жиі қолданылады.
Құқықтық мәдениетке тәрбиелеу мектеп тәртібіне үйретуден, мектеп, өмір нормасын сақтаудан басталады. Бастауыш сыныптарда ойын формалары, экскурсиялар, драматизациялар қолданылады. Білімнің бір бөлігін балалар қоршаған ортамен таныса отырып әдебиет сабағында алады. Жасөспірім жаста ауызша сөйлеу тілін талап ететін әдістер қолданылады: әңгіме, баяндама.
Құқықтық тәрбиенің түрлі формасы бар: сабақтар, үйірмелер, конференциялар, әдебиеттерді оқу т.б.
Жыныстық тәрбие қоғамдық және тұлғалық өмірдегі жыныстар арасындағы өзара қарым-қатынасқа бағытталған.
Мектептегі біріккен әрекет ұл балалар мен қыздар арасындағы достық қарым-қатынастар үшін негіз болады. Тек сонда мінез-құлық ерекшеліктері пайда болады, ұл балалар мен қыз балалардың қызығушылығы ерекшеленеді. Балалардың өз-өздерін қоршаған жақындарын қоғамдағы әйелдер мен ер адамдардың жүріс–тұрыстарын бақылайды (өмірде, кинода). Сондықтан педагогтың міндеті – ұл балалар мен қыздарды болашақ әйел мен ер адамдарың мінез-құлық ережелерімен таныстыру болып табылады.
Жасөспірімдерде өтетін өзгерістер кезінде тәрбиешінің алдына жаңа міндеттер қойылады: адам ағзасы, оның қызметі туралы ғылыми білімді қалыптастыру, жаман әдеттерден аулақ болу, денсаулықты сақтау, оның алдын алу білімдерін кеңейту, жыныстар арасындағы өзара құрметтеу қасиетін қалыптастыру. Мектепте міндетті түрде «Денсаулық бұрышы» болуы керек. Жасөспірімдік кездегі тәрбие әдістері – ұжымдық, жеке әңгімелер, денсаулық сақтау туралы лекциялар, дәрігер кеңестері.
Жасөспірімдік кезең – бұл өзінділік өмірді құру үлгісі. Ол мектептен келесі міндеттерді шешуді талап етеді. Әйелдер және ер адамдар мен орындалатын қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық функциялар туралы білімін тереңдету (психикалық, экономикалық, әлеуметтік).Осы тәрбие кезеңнінің жұмыс әдістері жанұя өмірінің психикасы және этика сабағы, жыныстық тәрбие туралы дәрістер және әңгімелер, мамандар кеңесі, маселеге байланысты фильмді талқылау.
Эстетикалық тәрбие – тұлоғаның эстетикалық, эмоционалдық, сезімдік және бағалы құндылықтарын қалыптастыру процесі.
Оның мақсаты – тұлғаның өнерде және шындықтың эстетикалық объектілерін бағалау, меңгеру, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Эстетикалық қабылдаудың ерекшелігі адамның белсенді әрекеті, эмоционалдығы, мағыналығы болып табылады.
Психологтардың пікірі бойынша (Т.В. Розанов, Ж.И. Шиф) есту қабілеті зақымдалған балалар объектінің сыртқы жағына қатты назар аударады екен. Осы бағыттағы жұмыс міндетті түрде сөйлеу тілінің дамуымен байланысуы қажет.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Мастюкова Е.М., Московкина А.Г. Семейное воспитание детей с отклонениями в развитии. М., 2003.
2. Не говори ребенку - ты плохой. О воспитании ребенка для педагогов и родителей / Авт. –сост. Э.А. Корсунская. М., 2003.
3. Янн. П.А. Воспитание и обучение глухого ребенка: Сурдопедагогика как наука / Пер. С нем. М., 2003.
4. Дошкольное воспитание аномальных детей / Под ред. Л.П. Носковой. М., 1993.