Сұрақ Синтаксисті оқыту әдістемесінде қолданылатын Әдістер жүйесі

Сөз тіркесін оқытудың лингвистикалық негізіне келсек, сөз тіркесінің құрылысы, өзіне тән ерекшеліктері, байланысу тәсілдері мен формалары орыс ғалымдары И.П.Мелиоранский, В.В.Виноградов, Н.Н.Прокопович, тюркологтар М.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Е.И.Убрятова, қазақ тіл білімінің мамандары Н.Сауранбаев, Қ.Жұбанов, М.Балақаев, Қ.Аханов, С.Исаев, Ә.Аблақов, Г.Жаркешова, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев секілді ғалымдардың еңбек-терін нысанаға алып, тірек ету барысында айқындалды.

Қазақ тілі сабағында орындалатын жүйелі жұмыстардың негізінде оқушылар грамматиканы, оның ішінде синтаксистік тұлғаларды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланды.Жаттығулар жүйесі. Сөз тіркесін меңгертуде жаттығу жұмыстарының алатын орны ерекше. Жаттығулар орындау сипатына қарай ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Оның өзі жұмыста аналитикалық, синтетикалық, шығармашылық жаттығулар болып үш түрге сараланады. Аналиткалық жаттығулар-талдау сипаты басым жаттығулар. Шығармашылық жаттығулар-оқушылардың сөз тіркесі туралы білімін бекітіп, оны ізденіспен ілгері дамытуды көздейді. Рөлдік ойындар (стимулияция, сахналық шығармаларды драмалау)сабақта сөз тіркесін оқыту барысында қолданылады. Келесі жұмыс түрі- тест жүйесі арқылы оқушы білімін тексеру.

Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың сөз тіркесі синтаксисі туралы алған білім деңгейін анықтау, тексеру мақсатында тестілерді үш түрлі нұсқада жүргізуге болады:

1. Жалпы сөз тіркесі туралы алған білімдерін қай деңгейде игергендерін білу;

2. Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білуін анықтау;

3. Сөйлемдерді сөз тіркесіне талдау мүмкіндіктерін тексеру

Сөз тіркесін терең меңгерту үшін ұсынылған жұмыстардың барлығы оқушыға сөз тіркесі синтаксисінен жан-жақты білім беруге септігін тигізді.Оқушылардың сөз тіркесі, сөйлем құрау дағдыларын жетілдірді, дұрыс сөйлеуге баулыды.Жаттығулар, көрнекіліктер, рөлдік ойындар, тест үлгілері сөз тіркесіне тән қасиетерді меңгертіп, оқушылардың ойлау жүйесін дамытты. Әрбір тілдік тұлғалардың тілдік қатынастағы орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуге қажетті іскерлік дағдыларын қалыптастырды.

Жай сөйлем синтаксисі лингвистикалық тұрғыдан біраз зерттелініп, ғылыми жүйеге түскен. Ал әдістемелік тұрғыдан баяндалуы 1940 жылдардан шығатын мақалалар көлемінде басталса да, методиканың тұрақты зерттеу обьектсінеайналуы 1960 жылдардан басталды.

Тілімізде ең жиі қолданылатын сөйлемнің бірі- хабарлы сөйлем. Баланың тілі шыққан кезден бастап, ол өзінің ойын екінші бір адамға көбіне хабарлы сөйлеммен жеткізеді.Сұраулы сөйлемді оқытқанда, негізіне, екі мақсат көзделінеді: а) оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру;ә) сұраулық мағына қандай формалар арқылы білдірілетінін саналы ұғындыру» ). Қазақ тілі синтаксисіндегі оқушылардың меңгеруіне қиындау тиетін синтаксистік категорияның бірі − лепті сөйлем.

Сөйлем мүшесі жайында оқушылар бастауыш кластан жеңіл-желпі дерек алып келеді. Ол үшін оқушыларға сөйлем мүшесінің анықтамасын, өзіндік белгілерін танытқан жөн. Бастауыштыоқыту.Төменгі сыныптың бағдарламасына сай білім алған балалар бастауышты кез келген сөйлемнен ала алады және оның қандай сұрауға жауап балып, қандай тұлғада келгенін айта алады. Баяндауышты оқыту.Баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметі зор. Баяндауышты өтер алдында оқушыларға оның сөйлемдегі қызметі жайында түсінік берілу керек. Толықтауышты оқыту.Толықтауышты жеңіл де саналы білдіру үшін,барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктегі есім сөздердің негізгі сұраулары, сонымен бірге сол септіктердің мағынасын және ол сөздердің қандай тұрлаулы мүшемен қалай байланысатынын қайталап келуі алдын ала оқушыларғ атапсыру керек. Анықтауышты оқыту. Анықтауышты оқушыларға түсіндірер алдында үйден сын есімді және қандай сөздердің қабыса байланысатынын қайталап келу талап етіледі.Пысықтауышты оқыту. Пысықтауышты өтер алдында дайындық жұмыстарын жүргізу қажет.Сондай дайындық жұмысының бір түрі― үстеуді, мекен мен бағытты және мезгілді білдіретін зат есімдерді, көсемшенің сөйлемдегі қызметін, сөйлемдегі сөздердің байланысынан жанасуды қайталап келуді тапсыру.

Біздің зерттеуіміз жай сөйлемнің түрлерін өтпей тұрып, алдымен жай сөйлем дегеннің не екені жайында оқушыларға арнайы білім берудің, оың қандай өзіндік белгілері барын түсіндірудің пайдасы мол екенін дәлелдейді.

Қай пәнді оқытса да, өмірмен байланыстыра отырып оқыту – оқушыларды өмірге дайындауға мүмкіндік туғызады.

Синтаксис курсындағы күрделі тақырыптың бірі - құрмалас сөйлем туралы түсінік. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға құрмалас сөйлем танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімнің аясы кең..Құрмалас сөйлем туралы түсінікті оқушылар санасына екі түрлі жолмен жеткізуге болады: біріншісі - әңгіме, байқау әдістері арқылы, екіншісі – мұғалмінің түсіндіруі, байқау әдістері арқылы.

Мұғалім жалпы құрмаластан, соның ішінде салаластан, әр түрлі дағдылар меңгертерде, оқушыларға солардың әрқайсысының мәнін, не үшін білу керектігін түсіндірсе, оқушылардың ұсынылған жаттығуды орындауға ынтасы мен ықыласы артады. Әрбір орындалған жаттығу, дағдыландыру жұмыстарынан қандай із қалғанын өздері байқайтын болады. Өздігінен көбірек жұмыс істеуге, құрмаластан берілетін дағдыны өз бойына қалыптастыруға тырысады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер – қазақ тілінде ең жиі қолданылатын және ең күрделі синтаксистік категория. Бұлардан нақты да, саналы білім беру үшін, алдымен оқушыларға сабақтас құрмалас дегеніміз не, оның қандай өзіндік белгілері бар екенін, оны не үшін оқу керектігін танытып алу міндет.Сабақтас құрмаластың өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушыларға жаттығу орындату әдісімен де, мұғалімнің түсіндіру әдісімен де меңгертуге болады.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем – аралас құрмалас, сондықтан да оны саналы меңгеру салалас пен сабақтастан білімі жақсы оқушының өзіне де оңайға соқпайды. Аралас құрмаласты оқушыларға жете меңгерту үшін, алдымен бір сабақта ол жайында жалпы түсінік беріледі. Аралас қаұрмалас туралы жалпы түсінік берілетін сабақта мұғалім оқушыларға араластың мағынасын, қанша компоненттен жасалатын, компонеттерінің байланысу тәсілдерін салалас пен сабақтасты салыстыра отырап меңгертеді.

Түйіндей келгенде, құрмалас сөйлемнің әр түрінен терең білім, берік дағдыны жоғарыда баяндағанымыздай етіп беру тиімді. Дей тұрғанмен, оны әр мұғалім заман талабына сәйкес өз қажетінше, шеберлігі мен іскерлігіне байланысты түрлендіріп, толықтырып отыруы заңды.

28 сұрақ. пунктуация - жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория. Сол себепті де бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі сабағын жүргізу барысында тыныс белгілерін оқытуға кеңірек көңіл бөлген дұрыс. Мұнда, ең алдымен, тыныс белгілерінің қолданылу орнына оқушылар назарын баса аударған дұрыс деп есептейміз. Өйткені, қолдану орны жағынан алғанда,тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунктуация да сөйлеуге, сөйлемге, яғни синтаксиске, байланысты қолданылатын категория болып табылады.

Пунктуация бастауыш сынып оқушыларына жазылған мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп оқуға мүмкіндік жасайды. «Пунктуацияның негізгі қызметі – сөйлемді жазуда ойды беруге қатысты бөліктерге бөлуді нұсқау», - деген белгілі орыс ғалымы С.И.Абакумовтың пікірін орынды деп санаймыз. Яғни пунктуация тілдің басқа элементтері сияқты жазуда ойды дұрыс беруге қызмет етеді. Пунктуацияны игеру – адамның сауаттылық мәдениетін арттырады. Бастауыш сынып оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту оқыту әдістемесі қарастырады.

Пунктуация – адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқаратын жазу тілінің маңызды бір саласы. Сондықтан жалпы тіл, қала берді жазу тілі сияқты, пунктуация да жалпы халықтық болып табылады. Оны қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы халық таныған заң, ережелер басшылыққа алынуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, пунктуацияның әрбір белгісінің мәнін, атқаратын қызметтері мен қолданылатын орындарын тануда, білуде жазушылар мен оқушылар арасында бірлік болмаған жағдайда, тыныс белгілері өзінің қатынас құралы қызметін атқара алмайды. Егер ол жазу практикасында орныққан, көпшілікке танылған заң, ережелерге сай болмай, теріс қолданылса, оқуды, түсінуді жеңілдету былай тұрсын, қайта оны қиындатады, теріс ұғымның, теріс түсініктің тууына себепші болады. Мұнда бастауыш сынып оқушыларының жазғанды, айтқан ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн. Өйткені, сөздерді дұрыс орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасақ, айтайын деген ойың теріс беріледі.

Сөз соңында белгілі түрколог, қазақ тілінің қайнар көздерін зерттеуші В.Радловтың мына пікірін келтіре кеткенді жөн көрдік: «Тілді үйренудің маңызы зор. Барлық ғылымды тіл арқылы, әсіресе ... ана тілі арқылы үйренеді. Тіл жағынан білімі неғұрлым терең болса, басқа пәндерді меңгеру сондайлық жеңілденеді».

Сонымен, қорыта айтқанда, пунктуация – сөйлемді және мәтінді коммуникативтік единицаларды жазуда мағыналық бөліктерге бөлудің графикалық тәсілі. Осыған орай пунктуациялық норманы теориялық тұрғыдан меңгерудің маңызы зор. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу – сауаттылықты арттырады, әрі синтаксисті жете меңгеруге көмектеседі.

29 сұрақ. Қазақ тілі сабағында көрнекі құралдарды тиімді пайдалану жолдары.

Тілдің адам өміріндегі қызметін қайталап айтып жатудың қажеті бола қоймас. Өйткені, тіл-адамның мақсат тіршілігінде бір-бірімен пікір алысып, өткені мен бүгінгісін,болашақтағы әрекетінің түрлі моделін білдіретін құрал. Мектеп қабырғасын алғаш аттаған жас оқушы қазақ тілі сабағында ана тілінде таза, әдеби сөйлеуге үйренеді. Ал, оны үйрететін, әрине, қазақ тілінің мұғалімі.Оқушыларға сабақ беру үшін мұғалім сабақ берудің түрлі әдіс-тәсілдерін жетік меңгере білуі керек.

Сабақ - оқытудағы ең негізгі процесс.Ендеше,оны есте қалдыру, жан-жақты оқушы бойына сіңірте білу әрбір мұғалімнің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Олай болса, қазақ тілін оқытуға арналған сағаттарды әрбір мұғалім өзіндік танымы мен шеберлігіне сай дәрежеде өткізуді жүзеге асырып жүр.

Оқушыларға қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенетін жалпы дидактикалық принциптер болады. Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір-бірімен ұштастырып отырады.Осы дидактикалық принциптерді іске асыру тұсында, негізінен екі түрлі принцип орындалатынын аңғарамыз. Біріншіден, оқушылардың қазақ тілі материалдарын саналы түсінуі, оған оқушының белсенді қатысуы арқылы анықтауға болады. Екіншіден, оқу материалын үйрету процесі. Мұнда сабақты көрнекі, жүйелі түсінуге оңай етіп құру – ең қасиетті міндет. Сондықтан да, қазақ тілі материалдарының теория мен практикаға сай болуы – мұғалімге тікелей байланысты. Осындай дидактикалық принциптердің бірі – сабақты көрнекіліктер арқылы оқыту. Ол оқушыларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылады. Бұл принцип тілді оқытуда, оқушылардың дыбыс жүйесіндегі білімі мен дағдыларын әрі қарай нығайту және оны жете меңгеру үшін ерекше қызмет атқарады. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті өте ұтымды пайдалануы қажет. Көрнекі құралдар оқушыны қызықтыру қызметін де атқарады. Ол оқушы зейінін ұйымдастыруда да маңызды. Сонымен бірге, әрі көру,әрі есту, әрі ойлау сияқты бірнеше сезіну түрлерінің қатысты тілдік мәліметтің ұзақ сақталуына әсер етеді, әр сабақ сайын көрнекі құралдар қолданылады.

Жалпы көрнекілік:

1. Дауыссыз және дауысты дыбыстардан берілетін білімнің дәл, анық болуын қамтамасыз етеді.

2. Орфографиялық объектілердің және меңгерілуіне, буын, екпін және үндестік заңын оқушылар бойында тұрақты қалдыру үшін пайдасын тигізеді.

3. Морфологиялық тақырыпты жете меңгеруде аса тиімді.

4. Оқушылардың тілге деген құмарлығын арттырады.

5. Олардың бақылағаштық және сенімдік қабілеттерін арттырады.

Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып, пайдалану қажет.

Қазақ тілінде жиі қолданылатын көрнекілік – кесте. Ол не сызба, бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылымын меңгеруге өте қолайлы.

Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық, синтаксистік және пунктуациялық болып бөлінеді. Ал, қолдануы жағынан –салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан жылжымалы болып келеді.

Кесте-сызба қазақ тілі сабақтарында жиі пайдаланады, әсіресе, ол жаңа материалдарды бекіту кезінде көбірек қолданылады. Оның оқулықты өздігінен байқауға, салыстыруға, белгілі тілдік материалдың көлемімен таныстыруға, абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға әсері бар.

Қазақ тілі сабақтарында графикалық көрнекілік белгілі орфораммаларды дұрыс жазып үйрену үшін қолданылады. Кесте,альбом, фото сияқты көрнекіліктер де қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа немесе бір сыныптың тақырыбын түгел қамтитындай мақсатта жұмсалады.

Қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісінде мыңдаған мұғалімдеріміз техникалық құралдарды өте орынды пайдалануда. Алайда, техникалық құралдардың ешуақытта да мұғалімнің рөлін атқара алмайтыны түсінікті. Ол мұғалімге тек көмекші құрал болып табылады. Техникалық құралдарды оқу-тәрбие ісінде пайдаланудағы осындай негізгі проблемалық мәселелерді басшылыққа ала отырып,әр мұғалімнің практикалық жұмысында қазіргі кездегі сабақтың негізгі компоненттерін сұрыптап, оқытудың жаңа талаптарына жауап бере алатындай тиімді т әсілдерді енгізу басты мәселелердің бірі болып отыр.

Техникалық құралдарды оқу жүйесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісі мен оқушылар өздігінен орындайтын жұмысына да әсерін тигізеді.Оқушылар теледидардан, оқу фильмдерінен көптеген мағлұматтар алады. Сондықтан, мұғалімнің үйге берілетін материалдары, өзбетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты.Сондықтан, оқу-тәрбие процесі нәтижелі болу үшіноқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетін де ұғындырып, шығармашылық қабілетінің дамуына, коммуникативтік кәсіби біліктілігін, іс-қағаздарды сауатты толтырып, жүргізу дағдысын қалыптастыруымыз қажет.

Заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысында да біршама өзгерістер мен толықтырулар байқалуда. Көптеген жаңашыл ұстаздар өздерінің оқу-құралдарын, әдістемелік көмекші құралдарын, бағдарламаларын жазып ұсынуда. Қорыта келгенде, қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың таным процесі мен шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай туғызуға болады.

Наши рекомендации