Ата-ана мен педагогтардың өзара әрекетінің формалары
Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің формалары бұл –олардың бірлесіп әрекет жасауы мен қарым-қатынасын көпжақты ұйымдастыру.
Ата-аналар жиналысы – ата-аналар мен жұмысының ең негізгі формасының бірі онда сынып және ата-аналар ұжымының мәселелері талқыланады. Сынып жетекші ата-аналардың әрекетін, оны дайындау процесін бағыттайды. Ол өзара пікір, идеяларымен таласу, бірлесіп іздену. Жиналыстың тақырыбы әралуан болуы мүмкін «біз бір отбасымыз», «қарым-қатынасқа үйренеміз», «ұжымдағы психологиялық климат» және т.б.
Педагогтардың ерекше қамқорлығы бала мен әкенің өзара әрекет жасауына бағытталуы. Әкелерді сыныптағы тәрбиелеу әрекетіне қалай тарту керек, баланы тәрбиелеуде олардың ролін жоғарлату. Осы мақсатта сынып жетекшісі балалардың әкелерімен арнайы кездесулер ұйымдастырады, конференция өткізеді. Көптеген білім беретін мекемелер мектептің талаптарын ескере отырып, ата-аналар жиналысын өткізудің түрін әртүрлендіреді. Ол «дөңгелек үстел», арнайы мамандарды шақырып ата-аналармен тақырыптық дискусия жүргізу, консультациялар беру. Ата-аналарға дәріс оқу «педагогикалық университет» - ата-аналардың педагогикалық мәдениеттерін отбасы тәрбиесіменде олардың психолого-педагогикалық жетістіліктерін жоғарлатуға, балаларды тәрбиелеуге отбасы мен мектептің бірге келуін өндіруге сәйкес келеді. Шаралардың тақырыптарын анықтауда ата-аналар да қатысады.
Балаларды тәрбиелеуде тәжірибелер алмасу бойынша тақырыптық конференциялар. Бұндай конференция қызығушылық танытады, ата-аналармен педагогтар ұжымының, ғылым және мәдениет қайраткерлерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің назарларын аударады.
Жалпы ақпарат құралдарында отбасы тәрбиесінің тәжірибелік тұсау кесер (презентация) рәсімі .
Сұрақ-жауап кештері психологтардың, юристердің, дәрігерлердің және басқа да мамандардың қатысуымен өткізіледі, оған ата-аналарды баланың жасаралық ерешеліктерін (мысалы, бірінші сынып оқушыларының ата-аналары, жасөспірім ұл балалардың әкелері, 8-9 сынып оқушыларының аналары) ескере отырып шақырады.
Диспут, дискуссия – тәрбиелеу мәселесі бойынша пікір таласу – ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жоғарлатуының қызықты бір түрі. Ол оларды маңызды мәселелерді таллқылауға қосуға мүмкіндік береді, фактілер мен құбылыстарды жан-жақты талдау іскерліктерін қалыптастыруға сәйкес келеді, белсендік педагогикалық ойлауды стимулдайды.
Ата-аналар қоғамының мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кездесуі әр жыл сайын өтеді. Педагогтар ата-аналарды пән бойынша жұмысты ұйымдастырудың талаптарымен таныстырады, ата-аналардың тілектерімен танысады. Бірге талқылау процесінде жұмыс жасаудың болашақ жоспары мен бағдарламаларын құруға болады.
Ата-аналар мен педагогтардың өзара әрекетінің топтық формалары - жеке жұмыстар. Ең маңызды формасы ата-аналар комитетінің әрекеті болып табылады.
Белсенді ата-аналар – ол педагогтардың сүйеніштері, олар жалпы міндеттерді бірге шешеді. Ата-аналар комитеті ата-аналар мен балаларды мектептегі, сыныптағы істерді ұйымдастыруға, ұжым өмірінің мәселелерін шешуге тартуға тырысады.
Ата-аналар тобы кездесу түрін жүргізеді және оны ұйымдастырушылардан арнайы дайындықты талап етеді. Клубтың мақсаты – ата-аналарды тәрбиелеу сұрақтарын талқылауға тарту. Бұндай кездесулердің, дискуссиялардың жетістіктерінің басты шарты - өзара қызығушылықтары .
Білім мекемесінің және педагогтардың басты міндеттерінің бірі отбасында позитивті қарым-қатынас аймағын кеңейту және ынтымақтастыру, ата-аналар мен балалардың бірлесіп әрекет жасауын ұйымдастыру бойынша жоспарды іске асыру. Жалпы білім беретін мектептерде – барлық балалар өтетін отбасымен өзара әрекеттің әралуан формалары құрылған әулеметтік институт бар. Танымдық әрекеттің формалары қоғамдық форумдар, пән бойынша шығармашылық есеп беру, ашық сабақтар күні, білім және шығармашылық мерекелер, олимпиадалар, пәндік газеттер шығару, отырыстар, оқушылардың ғылыми қоғамының есеп берулері. Ата-аналар безендіруде ынталандыру сыйлықтарын дайындауға, нәтижелерді бағалауға, шараларға қатысуға көмектеседі. Олар әртүрлі конкрустар болуы мүмкін «эрудит - отбасы», «отбасы әуестігі», «оқырман конференциялары» және т.б.