Гімелеуге үйрету әдістері 2 страница
Билет№12
1.Балабақшадағы тіл дамыту сабақтардың мазмұны, маңызы.
Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Баланың сөздік қорын молайту;
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді.
Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан - теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынының сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең - әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер - білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай – ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ.
Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.
2.Балаларға қосу амалдарын үйрету ерекшеліктері
Балаларды есептермен, арифметикалық амалдармен және шешу тәсілдерімен таныстыру үшін ең алдымен есептер қандай сан мағұлұматтарға негізделуі тиіс екенін анықтап алу қажет.Балалар бақшасында арифметикалық қосу амалы үлкен санға кіші санды қосу. азайту амалы – азайтқыш қалдықтан аз болатын жағдайлармен шектелетіндігі «Тәрбие программасында» ескертіліп көрсетілген. Сол ескертуді түсіну үшін 10 көлеміндегі қосу таңбасын талдап осы жағдайларды атап көрсетуде не себеп болғанын анықтау қажет. Балалар бақшасында негізінен есептеудің бір ғана әдісі бар-бір-бірлеп қосу және шегеру әдісі берілетіндіктен, екі немесе үш санымен және тек кейбір жағдайларда ғана төрт санымен берілетін екінші қосылғыш немесе азайтқыш бірліктерге оңай ажыратылып бөлінеді және бір-бірден қосылып, бір бірден азайтылады. Есеп шығаруға ретімен екі кезең белгіленеді: 1 кезең: Балаларға есеп дегеннің не екені айтылады, оның қалай құрастырылатыны көрсетіледі, оның қандай компоненттерден тұратындығы түсіндіріледі, яғни оның құрылымымен таныстырады. 2 кезеңде: есептерге екінші қосылғыш пен азайтқыш ең алдымен екі саны, сонан соң үш саны болып келетін неғұрлым күрделі сан мағұлыматтары негізделеді. Бұл кезеңдегі басты міндет: бір бірден қосу және азайту жолымен есептеу әдістеріне балаларды үйрету.
3.«Үй жануарлары» тақырыбына ойын түрін құрастырыңыз.
Д/ойын:(Төлін тап)
Ережесі.Екі суреттің бір сыңарын көрсетіп немесе тақтаға іліп, екінші сыңарын шақырған бала тауып қатарына қояды.Содан соң ілген бала төлдің атын айтып отырады.
Билет №13
1.Сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету жолдары
Тіл дыбыстарын тіл мәдениеті талабына сай етіп айтуға үйрету жұмысы –қазақ тілі сабақтарының арнайы түрде ұйымдастырылатын бір бөлігі. Сабақмақсатына қарай балаға қабылдатылатын тілдік материалдар мен ондағы дұрысартикуляциялауға бағдарланған тіл дыбыстарына қарата қолданылатын әдістерәр түрлі болады. Олар, атап айтқанда, мыналар:1. Дыбыстарды өзара салыстыра талдау әдісі;2. Артикуляциялық әдіс;3. Еліктеу әдісі;4. Сөздік әдіс.Салыстыра талдау әдісіне дыбыстардың өзара немесе орыс тіліндегіұқсас дыбыстарға салыстыра түсіндіруді айтамыз. Оның үлгісі төмендегідей:Мұғалім алдымен айтылуы бұрыннан бар дыбыстың естілу барысын түсіндіріп,ол дыбысқа ұқсас дыбыспен салыстыра отырып, қиын дыбыстың айтылуын –естілу барысын жекелей және буын, сөз арасына салып анық еститіндейтыңдатады, олардың естілудегі ұқсастық жақтарын, жасалу орындарындағы(сөз басында, ортасында, соңындағы) айтылу ерекшеліктерін салыстырады.Мысалы, А дыбысын біз әрдайым естіп жүрміз. Асан, Алик, Ажар – бұлесімдерде А дыбысы анық естіліп тұр. Ал, қанеки, мына есімдерде қандай жаңадыбыс естіледі. Тыңдап көріңдер. Әсет, Кәмшат, Әсем, Жәмила. «Әсет» сөзінайтқанда Ә дыбысы созылыңқы естілетіні, «Кәмшат» сөзін айтқанда Ә қысқаайтылатыны, «Жәмила» сөзінде екі Ә дыбысы бар екендігі, бірақ біріншіӘ дыбысы созылыңқы, екіншісі болар-болмас естілетіні, яғни дыбысталудағыбарлық өзгешеліктер салыстырыла түсіндіріледі. Осылайша О дыбысынаҰ, У дыбыстарын, Ө дыбысына Ү, У дыбыстарын, Қ, Ғ дыбыстарынаК, Г дыбыстарын, ал Н дыбысына ң және тағы да Ғ, һ дыбыстарын салыстырутиімді екендігін тәжірибе көрсетіп келеді.Артикуляциялық әдіс деп жекелеген дыбыстың жасалу орнын көрсетумен түсіндіруді айтамыз. Орыс тілінде айтылуындағыдай қазақ тілінің әрбірдауысты дыбысы дыбыстау мүшелерінің дұрыс қызметіне байланысты екендігібалаларға алдымен өз тілдерінде түсіндіріледі. Барлық дыбыстардың жасалуорындарын көрсету мүмкін емес, қазақ тіліндегі көмей дыбыстарының жасалуорындары тілік картиналардан көрсетуге де болады. Төменде тәрбиешілер орыстіліне аударып қолдануа болатын дыбыстың жасалу орнына берілетінтүсініктеме беріліп отыр: «А дыбысы – ашық, тілдің алдының кең ашылуыменжасалады. Тіл ауыз қуысында еркін орналасқан, ал ұшы тістің қызыл етінетиер-тимес қалыпта. Бұл дыбысты біз күнделікті айтып жүрміз. Ал Ә дыбысыА дыбысына қарағанда ауызды азырақ ашу арқылы жасалады, бұл дыбысайтылған кезде тіл бұрынғы орнынан алға қарай жылыстайды. Қараңдар,тіліміздің ұшы алдыңғы тістердің төменгі жағына жақындай түсіп, ал тілдіңартқы шені сәл жоғары көтеріледі, ал еріннің шеткі жақтары артқа қарайжиырыла түседі». Осылайша түсіндіру балаларға әр дыбыстың айтылуы жасалуорнына байланысты екені туралы түсінік береді, үйреніп отырған жаңадыбыстың дұрыс айтылуына назарларын аудартады. Сол сияқты Ө дыбысыныңО дыбысына ұқсастығын түсіндіруде екеуінің де алдыңғы еріндік дыбыстар 45екендігі, тек қана Ө дыбысын айтқанда, ерін О дыбысына қарағанда сәл алғасозылатындығы ескертіледі. Ұ, Ү дыбыстары жасалу орындары жағынан Удыбысымен салыстыруда еріннің алға дөңгелене жиырылуын көрсетіп, әрдыбысты айтқанда дөңгеленген еріннің ұшындағы саңылау тесіктің қандайаумақта болатындығына назар аударту, баланың тілін оларды салыстыраотырып жаттықтыру бұл дыбыстардың анық және тез артикуляциялануынаәкеледі. Орыс тілінде мұндай түсініктемені былай беруге болады: «Когда мыпроизносим звук Ұ – язык принимает положение при произношении буквыЫ. Спинку языка оттягиваем назад, рот приоткроем. Но когда произносим звукҮ губы надо округлять и вытягивать вперед. Попробуем все вместе правильнопроизнести схожие по звучанию звуки: Ұ-Ы; Ү-У (3 рет қайталау), а так жеодинаковые по месту образования, разные друг с другом по произношению:Ұ-Ү; Ү-У (3 рет қайталау).Еліктеу әдісі дегеніміз – үйретілетін жаңа дыбыстың айтылуын еріксізтуғызатын жағдаят (ситуация) туғызып, балалардың айтылуы қиын дыбыстыеріксіз айтуына ықпал жасау. Мысалы, Ү дыбысын айтқызу үшін «үф, үф!» депшайды суыту, шарға жел үрлеу; Ұ дыбысына қасқырдың ұлығанын салу,Ә дыбысын айтқызу үшін әже болып құндақтағы баланы әлдилету, Қ дыбысынажерден жем іздеген тауықтың, айқайлаған әтештің дауыстарын келтіртубалалардың ойнап отырып, дұрыс дыбыстауына жол ашады.Сол сияқты Ң дыбысын түйенің керуенде келе жатқандағы дыбысынаеліктету, Ғ дыбысын баланың тамағына су толтырып, шайғызуға еліктетуарқылы бекітуге болады.Еліктеу әдісінің сөздік әдіспен ұштастырыла қолданылуы жағдаяттыәңгіме түрінде анық көрінеді. «Балалар,– деп бастайды әңгімесін қазақ тілімұғалімі, – сендер білесіңдер, маймақ аю балды өте жақсы көреді. Бірде олбалды сылқита жепті. Жегені сонша, тіпті тістері ауырып қалыпты. Ауруыжанына батқан аю «-Ы, Ы, Ы» деп ыңқылдапты. Қане, қалай ыңқылдапты?(Балалар Ы дыбысын қысқа айтып үйренеді). Аюдың үңгірінің жанынан өтіпбара жатқан қоян оны мазақтамақ болады. Ол өзінің тісін ұстай алып «-І, І, І»деп ыңқылдай жөнеледі (Балалар қоянның нәзік даусымен І дыбысын жұмсақ,нәзік етіп айтады).Сөздік әдісінің негізі барлық әдістерде бар. Оның барлық жердекездесуіне орай сөздік тәсілдер туындайды. Олардың түрлері мынандай:1. Бекітілетін дыбыстары бар сөздерді айтқызу: Ескертілетін жағдай: бұлсөздер балалардың бұрын танысқан сөздері немесе қазақ балаларының аты-жөні болуы мүмкін. Мысалы: Гүлсім, Гүлжан, Гүлнәр, Ұлтай, Ұлан, Ұлықбек…2. Орысша-қазақша ұқсас сөз сыңарларын және қазақша ұқсас сөздердіайтқызу. Мысалы: утюг-үтік, урюк-өрік, стол-үстел. Қол-көл, сан-сән, т.б.3. Қазақ тілінің ерекше дыбыстарына арналған жаңылтпаштар айтқызу.«Тау дәу, дәу тау»деп, – Ә дыбысына; «Піскен пісте, піс те, жергетүспе»,– деп І дыбысына; «Алашаға отырды бала-шаға», – деп, Ғ дыбысына;«Ұш, ұш, ұш… Ұшсаң құсша ұш.», – деп Ұ дыбысына;4. Көркем шығарма оқу. Бұл екі тәсіл – қазақ тіліне үйрене бастағанбалаларға қолдануда қиындық тигізетін тәсілдер. Әдістемелік еңбектерде 46балаларға мағынасы таныс емес сөздерді қамтитын көркем шығарма үлгілерітіл жаттықтыру үшін берілмейді. Оларды қазақ балаларына айтқызыпжаттатқызу кезінде мәнерлі сөйлеуге үйрету үшін қолдану тиімді екенінескерген жөн. Сонымен қатар кейбір тақырыптарға сәйкес өлең-тақпақтардыхормен айтуға лайықтап алу керек. Ондай шығармаларда қайталанып келетінқайырма жолдар тілді жаңа да меңгеріп келе жатқан балаларға тезқабылданады.Жинақтап айтқанда, тілдің дыбыстық мәдениетін қалыптастыратын әдіс-тәсілдер көп, дегенмен солардың ішінде балаларды еліктете отырып тілжаттықтыратын әдіс ең тиімді және басқа әдіс-тәсілдердің жиынтығы болыптабылады. Енді тәжірибеде тиімділігі әбден орнығып келе жатқан–фонетикалық ойын – жаттығу тәсіліне тоқталайық.
2.Балаларға азайту амалдарын үйрету ерекшеліктері
Балаларды есептермен, арифметикалық амалдармен және шешу тәсілдерімен таныстыру үшін ең алдымен есептер қандай сан мағұлұматтарға негізделуі тиіс екенін анықтап алу қажет. Азайту амалы – азайтқыш қалдықтан аз болатын жағдайлармен шектелетіндігі «Тәрбие программасында» ескертіліп көрсетілген. Сол ескертуді түсіну үшін 10 көлеміндегі қосу таңбасын талдап осы жағдайларды атап көрсетуде не себеп болғанын анықтау қажет. Балалар бақшасында негізінен есептеудің бір ғана әдісі бар-бір-бірлеп қосу және шегеру әдісі берілетіндіктен, екі немесе үш санымен және тек кейбір жағдайларда ғана төрт санымен берілетін екінші қосылғыш немесе азайтқыш бірліктерге оңай ажыратылып бөлінеді және бір-бірден қосылып, бір бірден азайтылады. Есеп шығаруға ретімен екі кезең белгіленеді: 1 кезең: Балаларға есеп дегеннің не екені айтылады, оның қалай құрастырылатыны көрсетіледі, оның қандай компоненттерден тұратындығы түсіндіріледі, яғни оның құрылымымен таныстырады. 2 кезеңде: есептерге екінші қосылғыш пен азайтқыш ең алдымен екі саны, сонан соң үш саны болып келетін неғұрлым күрделі сан мағұлыматтары негізделеді. Бұл кезеңдегі басты міндет: бір бірден қосу және азайту жолымен есептеу әдістеріне балаларды үйрету.
3.Балаларға қимыл -қозғалыс ойындарын үйрету әдістері, оның түрлері.
Балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл – қозғалыс ойындарына жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие-білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан-жақты ықпал етеді. Ойын кезінде балалардың ширақ қимылы бүкіл ағзада жігерлілік жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді.
Қимыл – қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткізген сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті кезінде пайда болған және баланың мінез-құлқына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты.
Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдардың жақсы үйлесімінен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу көтеріңкі көңіл күй балалардың осындай әуестенуі кезінде әртүрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін ынта - жігердің ролі артады.
Қимыл – қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдылырын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.
Ойын процесінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп және сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсаттылықпен әрекет етеді.
Қозғағыш іс – әрекет ретінде қимыл – қозғалыс ойындары белгілі бір ерекшелікке ие : ол баладан берілген белгіні қабылдауды және күтпеген жерден ойын жағдайын өзгертуді талап етеді.
Ойын кезінде пайда болатын әр түрлі жағдайлар қимыл мен әрекеттің сипатын, қимыл бағытының тез өзгеруімен бұлшық ет ширығуының дәрежесін өзгерту қажеттілігін туғызады. Мысалы, «Ұстап алу» ойынында әрбір бала қарсыласының әрекетін назар аудара бақылауы керек. Ол жақындаған кезде бала қарама-қарсы жаққа тез қашып кетеді. Өзінің қауіпсіз жағдайда екенін сезген соң қимыл қарқынын бәсеңдетеді, тежейді, тоқтайды. Қарсыласы тағы жақындаған кезде ол қимылын тағы да тездетеді.
Әрбір қимыл – қозғалыс ойынында балалардың ойын әрекеттері мен қимылдарын өзгертуге берілетін сигналдар болады. Мысалы, « Ынтымақты, бағыт пен қимыл сипатын өзгертуді білдіретін балалардың тез сезінуін, қабылдауын туғызады : бытырыңқы жеңіл жүгіріс бұрын белгіленген орындарға бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді.
Мұндай ширақ қимыл әрекеті еліктеу және тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып баланың жүйке жүйесін шынықтырады.
Қимыл – қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді : ойынның қалыптасқан жағдайға байланысты ол қимылды тынығумен алмастыра алады. Бұл қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадаға жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.
Билет №14
1.Жаңылтпаштың бала тілін дамытудағы рөлі
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.
Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы. Мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарда, экология негізі сабағында және сабақтан тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мағынасында пайдаланылады, тіпті математика сабағында сандар жайлы түсініктерін толықтыруда сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаш өте тиімді.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.
Айналамен таныстыру сабағында, үй жануарлары олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында
Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді,
дегендей жаңылтпаштар баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Ал, тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді, және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан тыс, серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол. Мысалы:
Күрішші егуге кірісті күрішті,
Күрішші себуге кірісті күрішті.
2.Балалардың уақыт жайлы түсінігін қалыптастыру,ерте – кеш ұғымын түсіндіру әдісі.
Детям уже в дошкольном возрасте жизненно необходимо научиться самим ориентироваться во времени: определять, измерять время (правильно обозначая в речи), чувствовать его длительность (чтобы регулировать и планировать деятельность во времени), менять темп и ритм своих действий в зависимости от наличия времени. Умение регулировать и планировать деятельность во времени создает основу для развития таких качеств личности как организованность, собранность, целенаправленность, точность, необходимых ребенку при обучении в школе и в повседневной жизни.
Вместе с тем специфические особенности времени как объективной реальности затрудняют его восприятие детьми. Время всегда в движении, течение времени всегда совершается в одном направлении - от прошлого к будущему, оно необратимо, его нельзя задержать, вернуть и “показать”. Поэтому даже старшие дошкольники иногда сомневаются в существовании времени и просят: “Если время есть, покажи мне его”.
Всевозможные модели закрепляют и углубляют представление о таких временных отрезках, как утро, день, вечер и ночь. Названия частей суток связывают не только с конкретным содержанием деятельности детей и окружающих их взрослых, но и с более объективными показателями времени - явлениями природы (утро - встает солнце, становится все светлее и светлее и т. п.). Беседую с детьми о том, что, когда и в какой последовательности они и окружающие их взрослые делают в течение дня, о впечатлениях раннего утра, полудня, вечера. Читаю детям стихотворения и рассказы соответствующего содержания.