Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:Сахыпкереева Ж.Б.

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Оң және сол қолмен лақтыру.

Мақсаты:

Білімділік: Көлденең қойылған нысанаға затты лақтыруды үйрету.

Дамытушылық: Балаларды зерек болуға және бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету.

Тәрбиелілік: Бір орында тұрып, ұзындыққа секіруге үйрету; көзбен мөлшерлей білу дағдысын және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға ықпал ету.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: бала санына қарай құм салынған қапшықтар, ұзын жіп, 3-4 үлкен шығыршық.

Билингвальды компонент:

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивация-лық-қозғаушылық 1. Бір қатарлы сапта келе жатып , кезектестіре жүру және жүгіру. 2. Бір орында тұрып биікке секіру, аяқтарды бірге қою, бір аяқты алға, екіншісін артқа қою. Балалар бірін-бірі итермелемей, қолдарын еркін қозғап, аяқтарын сүйретпей жүреді.
Ұйымдастыру- шылық ізденістік 1.Қаппен орындалатын ЖДЖ; Б.қ.:тұру, аяқтың арасын аз- кем ашу, екі қолмен қапты баста ұстап тұру. 1-2-қапты бастан жоғары асырып ұстау. 3-4-б.қ . Б.қ.: етпетімен жатып, қапты екі қолмен алға ұстау.1-2-тік қолмен қапты жоғары көтеріп, 3-4-б.қ. Б.қ.: аяқты сәл алшақ ұстап, қапты төс алдында ұстап тұру. 1-2-жүрелеп отыру, қапты алға ұстау. 3-4-б.қ. Б.қ.: негізгі қалып, қапты екі қолмен төменде ұстау. Екі аяқпен бір орында секіру. 2.Бір қатар тізбекпен жүру. 3. Құм салынған қаптыоң, солқолмен көлденең лақтыру. Педадагогтің ңұсқауы бойынша лақтыру алаңына барып тұру. Жаттығуды бір уақытта 3-4 бала орындайды. Педагог қапты шығыршыққа оң қолмен де, сол қолмен де лақтыру қажет екендігін ескертеді. 4. «Қоңыздар» қозғалысты ойыны. Шарты: «Қоңыздар ұшты!» деген белгі бойынша балалар зал ішіне шашырай қашады.Ал «Қоңыздар құлап қалды» деген белгіде балалар шалқалап жатып алады да, аяқтары мен қолдарын көтереді, яғни бұл « қоңыздар тырбаңдап жатыр» дегенді білдіреді. «Қоңыздар ұшты!» деген белгі берілгенде балалар орнынан тұрады, ойын бірнеше рет қайталанады.         Әрбір бала қапты өзінің шығыршығына лақтырады.     Ойынды қызығушылықпен ойнайды.  
Рефлексиялы түзетушілік Шеңбер бойымен жүру  

Күтілетін нәтиже:

орындайды: оң және сол қолмен көлденелақтыруды; түсінеді; бір орында тұрып ұзындыққа секіру шарттарын;

қолданады: көлбеу қойылған нысанаға лақтыру туралы түсінікті.

Келісілді:

Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы:Иманғалиева Г.Н.

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Бастаушыны (жүргізушіні) ауыстырып жүру және секіру.

Мақсаты:

Білімділік: Бір орында тұрып секіруге жаттықтыру.

Дамытушылық: Нұсқаушының берген белгісіне қарай жылдам әрекет етуге үйрету.

Тәрбиелілік:Гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуді қайталау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: : бала санына қарай түсті орамалды (20х20 см), 1-2 гимнастикалық орындық, 2 ұзын (8-10 м) жіп, қолшатыр.

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық 1. Ысқырық бойынша бастаушыны өзгертіп жүру. 2. Бір орамалдан ұстап алып, бір қатар саппен жүру. 3. Жан-жаққа, алға, артқа жалғамалы қадаммен жүру Ысқырық бойынша қолдың қалпын өзгерту.
Ұйымдастыру- шылық ізденістік . Орамалмен орындалатын ЖДЖ: Б.қ.: отыру, жерде жатқан орамалдың бір бұрышынан ұстау, оны тізеге дейін көтеру. Дәл солай екінші қолмен орындау. Б.қ.: тұру, жерде жатқан орамалдың бір ұшынан екі қолмен ұстау. Отыру, орамалды беттің алдына дейін көтеру: «Балалар жасырынып қалды. Ешкім жоқ». Орамал түсіріледі: «Міне, балалар табылды!». Б.қ.: отыру, аяқтарды аздап алшақтау қою, орамалмен бір аяқтың басын жауып, қолмен артқа таяну. Жаттығуларды балалар өз бетінше орындайды. Жаттығуларды 4-5 рет қайталау. Аяқты орамалмен бірге көтеру және түсіру. Осылайша 3-4 рет қозғалыс жасағаннан кейін орамалды екінші аяққа қою және жаттығуды 3-4 рет қайталау.
Рефлексиялық- түзетушілік     Педагогтің белгі беруі бойынша тоқтап-тоқтап, топпен жүру.     Үй тапсырмасы: орында тұрып, ұзындыққа секіруді бірнеше рет қайталау.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: бастаушыны ауыстырып жүру және секіруді;

түсінеді: нұсқаушының берген белгісіне жылдам әрекет ету керектігін;

қолданады: гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуді.

Келісілді:

Наши рекомендации