Жасөспірімдердің дзюдо күрес түріне бейімділігін медициналық бақылау арқылы анықтау жолдары

Жасөспірімдер спорты көп жылдық дайындық жұмысының шешуші сатысы. Суда жүзу,коньки, гимнастика, жеңіл атлетика, спорт ойындары балалар спорты деп те атайды. Бұл спорт түрлерінде бұғанасы қатпаған жастар алғашқы жаттығу, дәрістерін ала бастайды.

Көпжылдық спорттық жетілдіру жұмысының бірнеше кезеңімен атқарылатыны мәлім. Алғашқы дайындау кезеңі 7-10 жас аралығын қамтыса, бастапқы спорттық мамандандыру 10-13 жаста, мақсатты спорттық мамандандыру 13-15 жаста жүргізіледі; 15-17 жас спорттық шеберлікті шыңдау кезеңі негізгі жаттығулар жыныстық жетілукезінде орындалады. Балалармен жасөспірімдердің спорттық мамандығын ойдағыдай шыңдап, денсаулықтарына зиян келтірмеудің бірден-бір жолы-жүйелі кешенді бақылау, соның ішінде медициналық бақылау болып табылады.

Медициналық бақылау барысында шешілетін мәселелер көп. Олардың ішінде спорттық медицинаның мақсатымен мазмұнына сәйкес барша дене шынықтырушылар мен спортшылар арасында жүргізілетін жұмыстармен қатар арнайы да мәселелер бар. Соның бірі- спорттық сұрыптау мен бейімдеу.

Спорттық сұрыптау, спорт түріне бейімдеу жан-жақты қаралатын күрделі проблема. Оның медициналық көрсеткіштеріде аз емес. Олар:

- денсаулық;

- тұқым қуалай берілетін құрылымдық және қызметтік көрсеткіштердің бастапқыд еңгейімен даму қарқыны;

- спорт түрінде негізгі ауыртпалық түсетін физилогиялық ағзалар мен жүйелердің қызметтік мүмкіншіліктері және олардың жаттығу барысында жетілу сатысы;

- қызу жаттығуға төзімділік;

- жыныстық жетілу дәрежесі мен дененің дамуерекшеліктері.

Спортқа іріктегенде басты назарды баланың денсаулығына бөлу керек спортпен тексау балалар ғана шұғылдануға болады. Бұл спорттық медицинаның мызғымайтын талаптарынының бірі.

Спорттық сұрыптауда жасөспірімнің спорт түріне жарамдығын анықтайтын көрсеткіштер жинағы бар. Бұл тұқым қуалай беріліп,онтогенез барысында оншалықты өзгере қоймайтын құрылымдық және физилогиялық сипаттамалар, қимыл ептілігі, талдамалардың сезімталдығы, жоғары жүйке қызметімен мінез –құлық ерекшіліктері.

Дене-құрылымдық көрсеткіштер: бойдың ұзындығы, дененің салмағы, тұлғаның , аяқ-қолдардың ұзындықтары, дене салмағындағы бұлшық еттің үлесі, бұлшық еттердің құрамы болып келеді.

Физилогиялық көрсеткіштер: өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), әсіресе оның салыстырмалы мөлшері,өкпенің 1 минөтте алмастыратын ауа көлемі, әсіресе оның дене салмағының әр килограммына келетін мөлшері, организмнің оттегінің тапшылығына шыдамдылығы (гипоксия) және көмір қышқылына сезімталдығы (гиперкапния), тыныштық кездегі жүректің соғу жиілігі (оның сиреуі - брадикардия), PWC Жасөспірімдердің дзюдо күрес түріне бейімділігін медициналық бақылау арқылы анықтау жолдары - student2.ru мөлшері және басқа субмаксимал қарқынды жүктемелерде ТСЖ-ның өзгеруі, оттегін тұтыну шегі (ОТШ)

Қимыл ептілігінің көрсеткіштері: қимыл жылдамдығы (теппенг-тест), дененің иілгіштігі, кіре беріс талдамасының сезімталдығы (денен ібилей білу,теңдік сақтау, қимыл-қозғалыс үйлесімдігі), бұлшық еттердің салыстырмалы күші (дененің әр килограммына келетін).

Психофизиологилық көрсеткіштер: орталық жүйке - жүйесіндегі қозумен тежеу процестерінің күші, тепе-теңдігі, жылжымалылығы, мінезділігі(сангвиник, флекматик, холерик, меланхолик) және басқа өзіндік ерекшеліктері назарға алынады.

Спорттық тәжірбие үшін мақсаты бар мәселелердің бірі-әр спорт түрімен шұғылдануды бастауға тиімді жас мөлшерімен жоғары спорттық нәтижеге жету уақытының ұзақтығы. Бұл мерзімдер адам организмінің биологиялыќ даму заңдылығын нығайтуға ғана емес, жоғарғы спорттық нәтижелерге жетіп, ұзақ жылдар спорттың шеберліктерін сақтауға да себепкер болады.

Жалпы С.Б. Тихвинский мен С.В. Хрущевтің ұсыныстары бойынша, әр спорт

тобында алғашқы дайындықты шамамен мына жастарда бастаған дұрыс 10 кесте.

I. Күрделі қимыл-қозғалыс түрлерінде –7 жаста.

II. Жылдамдықпен күшке негізделген түрлерінде-9 жаста.

III. Төзімділікті талапететінтүрлерінде –10 жаста.

IV. Ауыр атлетика, күрес,бокс т.б.-14жаста.

V. Спорттық ойындарда –8-12 жаста

10 кесте - Спорт түрлерімен шұғылдануды бастау және мамандандыру мерзімдері (С.Б.Тихвинский, С.В.Хрущев әдісі бойынша)

Спорт түрі Жасы
Алғашқы дайындық Мамандандыру
Акорбатика 8-9 10-11
Бадминтон 10-12 12-14
Баскетбол 10-12 12-14
Батут 9-11 11-13
Бокс 12-14 14-15
Күрестің (барша түрі) 10-12 12-14
Су добы 10-12 12-14
Волейбол 10-12 12-14
Велоспорт(трек,шоссе) 12-13 14-15
Спорттыќ гимнастика: ұлдар 8-9 10-11
Қыздар 7-8 9-10
Көркемдікгимнастикасы 7-8 9-10
Ескек есу (акедемиялық) 10-11 13-13
Ескек есу (байдарка, каноэ) 10-13 13-15
Ат спорт 11-12 13-14
Конькитебу 10-12 12-13
Жеңіл атлетика 10-12 13-14
Шаңғы жарысы 9-11 12-13
Шаңғы спорты (қос сайыс) 9-11 11-12
Тау шаңғысы 8-10 10-12
Трамплиннен секіру 9-10 12-13
Парустық спорт 9-11 11-13
Суда жүзу 7-8 8-10
Суға секіру 8-10 10-12
Қол добы 10-12 12-14
Шана спорты 11-13 13-15
Оқпен ату 11-13 13-15

10 кестенің жалғасы

Қазіргі бессайыс 10-12 12-14
Садақпен ату 11-12 13-14
Теннис 7-9 9-11
Стол үстіндегі теннис 7-9 9-11
Ауыр атлетика 14-15
Сайысу (фехтование) 10-12 12-14
Конькиді мәнерлеп тебу 7-9 9-11
Футбол, шайбалы хоккей 10-11 12-13
Допты хоккей 10-11 11-12
Шахмат, дойбы 9-12 11-14
Теннис 7-9 9-11
Стол үстіндегі теннис 7-9 9-11
Ауыр атлетика 14-15
Сайысу (фехтование) 10-12 12-14
Конькиді мәнерлеп тебу 7-9 9-11
Футбол, шайбалы хоккей 10-11 12-13
Допты хоккей 10-11 11-12
Шахмат, дойбы 9-12 11-14
Стол үстіндегі теннис 7-9 9-11
Ауыр атлетика 14-15
Сайысу (фехтование) 10-12 12-14
Конькиді мәнерлеп тебу 7-9 9-11

Осы зерттеулердің спорт түрлеріне алғашқы дайындықты қай жастан бастау керектігін көрсеткеніменқазіргі кезде осы талаптар іс-жүзінде ескеріле

бермейтіндігін көруге болады.

Әр спорт түріне қажет қимыл етпілігін дамытудың тиімді мерзімдерін, яғни сыртқыә серлерге сезімтал жас кезеңдерінде (сенситивтік кезеңдер) білу керек. Онымен қатар баланың биологиялық жасын да ескеру қажет, өйткені биологиялық жасы құжаттық жасынан ілгері жасөспірімдердің бастапқы кезде көрсеткіштері жоғары болғанымен, кейіннен саябырлап, тіпті өспеуіде ықтимал. Ал реторданттардың, керсінше, акселеранттарды қуып жетіп,басып озуы мүмкін. Сондықтан алғашқы спорттық нәтижелерге мақсаттанып, асығыс тұжырым жасауға болмайды. Әр жағдайда мұқият дәрігерлік-ұстаздық бақылаулар жүргізіп, негізгі медициналық қағидаларға сүйене отырып жүйелі жаттықтыра білу керек.

Жасөспірімдердің дене бітімін, морфологиялық, физилогиялық сипаттамаларын, қимыл ептіліктерін жоғары маманды спортшыларын, қимыл ептіліктерін жоғары маманды спортшылардың спорт түрінде үлгі ретінде қабылданған бейнелеріне сүйене отырып жаттықтыру қателікке ұрынбаудың бірден-бір жолы.

Әрине, көп жылдық жаттығу барысында жасөспірім спортшылардың денсаулығын сақтай білу-бапкер мен дәрігердің басты борышы. Ауыру, зорығу ќауіпін тудыратын созылмалы ќабыну ошақтарын толық емдеу, организмнің ауруға қарсы тұру қабілетін ұдайы қадағалап, спорттық иммундық тапшылықтың лдын-алу, жаттығулардың организмге әсерін қадағалап, жаттығу жүйесін медициналық, дәрігерлік-ұстаздық бақылаулардың нәтижелеріне сүйеніп басқару – спорттың сауықтыру, машықтандыру әсерлерін арттырудың кепілі.Жасөспірімдер арасындажиі кездесетн жүректіңжиырылу реттілігінің бұзылуы, жүректіңқызметтік шулары, жүрек көлемінің өсу қарқынының дененіңжетілуін қалып қоюы (“кішкентай жүрек”), артериалық қан қысымының көтерлуі т.б. сол сияқты вегатативтік ауытқулардыңдаму бағытын мұқият қадағалап,жаттығужүйесін деркезіндереттемесе,олардың тұрақты сырқаттарға айналып кетуі мүмкін. Қандай тесттердің көмегімен жас балуанның мүмкіншілігін анықтауға болады деген сұрақтың маңызы өте зор болып тұр. Бапкерлердің қолданған тестері мен әдістемелік тәжірибелеріне сүйенсек, мына фактіні анықтауға болады: бапкерлердің 67% алғашқы іріктеуде балалардыңқара күшіне баса назар аударып, спорттық күресте басты сапа деп қарайды. Спорттық күресте (жекпе-жек түрлерінде) іріктеудің тапсырмасын қиындататын нәрсе, жеңіс балуандардың мықты және әлсіз жақтарын ескере оытрып келеді. Оның үстіне осы екі қасиет бір біріне өзара байланысты.

Жоғарыда келтірілген мәселелер біздің жұмыстың тапсырмасын анықтады.

1. Бір жыл ішінде 10-11 жастағы балалардың антропометиялық жағдайын, басты физикалық сапаларын (күш, жылдамдық, шыдамдылық және иілгіштік) қасиеттерін білу, тану.

2. Жас балуандардың дайындықтың бастапқы сатысындағы ақпараттық және жетістікпен қолданатын физикалық сапасын анықтау.

3. Бірінші және бастауыш іріктеу кезеңдеріндегі бақылаудағы топтарды оқу-жаттығу топтарына бөлу және жүзеге асыру.

Оқу-жаттықтыру топтарына іріктеуді БЖСМ жаттықтырушылар мен дәрігерлері бағдарлама бойынша жүргізеді:

-денсаулық жағдайын бағалау;

-әрбір спорт түріне жасалған арнайы даярлықтың бақылау-ауысу нормативтерін орындау;

-дене дамуының көрсеткіштерін байқау: спорттық нәтижелері мен дене қасиеттері өсімі ырғағын зерттеу (спортшының жеке қартасына сәйкес).

Тестілеу мен диспансеризацияның жылдық мағлұматтары спортшы картасына енгізілуі тиіс.

БЖСМ спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарының спорттық жетілу топтарына қабылдау үшін іріктеу оқу-жаттықтыру топтарында оқытудың соңғы жылы бойында жүргізіледі.

Іріктеуде БЖСМ, жаттықтырушылары мен дәрігерлері, ал спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарында Спорт және туризм комитетімен құрылған арнайы комиссия жүргізеді. Іріктеу әдістемесі алдыңғы кезеңдегідей болып қала береді, алайда көрсеткіштер көлемен оларды зерттеу тәсілдері кеңейте түседі.

Күрделі жарыс жағдайында спортшының жоғары және тұрақты нәтижелер көрсету қабілеттерін сипаттайтын, рухтық-жігерлік (жауынгерлік) қасиеттердің бар болуы, сонымен қатар мотивация деңгейі, тәртіп және еңбекқорлықтың және спортшы дайындығының бар болуы маңызды. Алдыңғы кезеңдеріндегі келесі факторлар көрініс тапқан педагогикалық сипаттамасы ерекше маңызға ие болмақ:

- жоғары жаттығу және жарыс жүктемелерін өтей алумүмкіндігі;

- күшін жылдам қалпына келтіру қабілеттілігі;

- спорттық нәтижелер мен негізгі қасиеттерінің өсу ырғағы.

Спорттық жетілу топтарына іріктеу бағдарламасының 5 бөлімі бар.

1) денсаулық жағдайы; 2) спорттық анамнез және арнайы дайындық; 3) жүректің морфофункционалдық жағдайы мен қызметтік мүмкіндіктері; 4) психдиагностикалық; 5) антропометрия.

Спорт түрінің ерекшелігіне қарай тексеру бағдарламалары едәуір өзгеруі мүмкін. Осылай циклдік спорт түрінің өкілдері үшін аэробты мүкіндіктерді және дененің еңбекке қабілеттілігін бағалауға қатысты мәліметтер маңызды болса, күрделі координациялық спорт түрлері мен жекпе-жек үшін координацияылық қабілеттердің жылдамдық-күштік даярлығының көрсеткіштері аса құнды.

Тексеру бағдарламасының әр бөлімінде спорттық жарамдылық жайында жалпы қорытынды шығаратын көрсеткіштер құрамасы енеді. Тексеру мәліметтерінің жалпы бағасы 3 градацияға түйіседі. 1 – «жарамды» (қарсы көрсетілімдері жоқ), 2 – «шартты түрде жарамды» (жүйе немесе жеке тізбектер компенсация механизмдеріне жоғары талаптар ұсынады), 3 – «жарамсыз» (жүйелердің жағдайы мен дайындық деңгейі спорттық дайындықтың келесі кезеңнің талаптарына теңдей икемделуіне мүмкіндік бермейді).

Барлық көрсеткіштер комплексінің жалпы бағасы спортшының дайындық деңгейін организмнің жеке жүйелер жағдайын оның резервті мүмкіндіктерінің деңгейін қуатты және әлсіз тізбестерінің барын сенімді түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Спортта талантты балаларға арналған мектеп-интернаттарға талантты спортшыларды іздестіру және тарту кіші жасөспірімдік топтардың жарыстарына қатысушыларды тестілеу мен жарыстық әрекетін тексеру тәсілімен жүргізіледі (яғни спорттық жетілу тобына жинақталатын жасында). Жарыстық әрекетті тексеру жаттықтырушылардан, дәрігерлерден және сәйкесінше федерациялардың белсенділерінен құралған арнайы комиссия мүшелдерінің, қатысушы картасының мазмұнына сәйкес, экспертті бағалау түрімен анықталады. Баға да болашақтың келесі градациячлары бар: 1 – «жоғары», 2- «орташа», 3 – «төмен».

Дене дайындығының арнайы және жалпы тестіленуі арнайы белгіленген күндері жүргізіліп, таңдалған спорт түрінде үлкен болжамдық маңызы бар құрамасына ЖДД бойынша 2-3 тест, АДД бой ынша 3-4 тест енеді.

Болашағы бар спортшыларды іріктеуде балаларды жаппай байқау кезінде тестілеу әдістемесі

Балалар мен жасөспірімдерді жаппай байқау, сонымен қатар спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары мен БЖСМ, оқу-жаттықтыру топтарына жас спортшыларды іріктеу бағдарламасына белгілер тізімі енгізілген. Қимылдың күрделі үйлесімділігі бар спор түрлерінде қосымша оралымдылық пен үйлесімділіктестерін қосады.

Денсаулық көрсеткіштерін бағалу әдістемесі

Денсаулықтың жағдайын диспансерлік тексеру немесе қарау мәліметтері бойынша дәрігер анықтайды. Денсаулық жағдайын бағалаудың жалпылама қорытындылаудың келесі түрлері бар:

1. дені сау; іс жүзінде сау (спорт дәрістерін шектемейтін және орнын алмастыра алатын денсаулық жағдайындағы ауытқулар);

2. спортпен шұғылдануға тиым салынған (тыныс алу мен қан айналымы,ас қорыту мен зәр шығару жүйесінің кеселдерінде, психикалық және

эндокринді бұзылыстарда, т.б.)

Денсаулық жағдайының қорытындысын берерде спортпен шұғылдану үшін дәрігерлік-медициналық көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдерінің тізімін ескереді.

Дене дамуын бағалау әдістемесі. Дене дамуының көрсеткіштерін, оларды өлшеудің жалпы қабылданған әдістемесі бойынша анықтайды. Іріктеудің алғашқы кезеңінде арнайы құрал-жабдықтармен өлшеудің үлкен тәжірибесін қажет ететін белгілердің шектеулі санын қолданады. Мәліметтік белгілердің жинағы спорт түрінің ерекшелігімен анықталады. Дене дамуының негізгі көрсеткіштерін өлшеу келесі амалмен жасалады:

Дененің ұзындығы, см. Жоғарғы нүктеден еденге дейінгі қашықтықты өлшейді.

Сыналушы тәжірибешіге оң қырымен тегіс, тік жерге тұрып, табандарын

қосып, қолдарын дене бойына бойлай созып ұстайды. Атропометрия көлденең сызықтан ауытқымауы тиіс.

Дене салмағы, кг. Дене салмағын рычагты тұтқалық жүйесі бар тексерілген медициналық таразының көмегімен кг ондық өлшеміне дейінгі дәлдікпен анықтайды. Тексерілуші сыртқы киімсіз және аяқ киімсіз болуға тиіс.

Дене дайындығы көрсеткішетірін жетілдірудің әдістемесі. Дене дайындығын тестілеудің бағдарламасы спорт түріне байланысты көрсетіңген тізімде өз еркімен таңдалған жәнге дене дайындығының көрсеткіштерінің түріне міндетті тобы енгізілген. Нормативтері 12-кестеде көрсетілген. 30 м, с жүгіру. Стадионда немесе залда спорттық киіммен орындалады.

11 кесте - әркелкі спорт түріндегі тестілеуге арналған көрсеткіштер тізім

Көрсетілген белгілері:

++– тестілеу міндетті

+– тестілеу міндетті емес

Спорт түрі 30м жүгіру 5мин үзіліссіз жүгіру, м 10 с бір орында жүгіру 3х10, с қайықтық жүгіру Ұзындыққа секіру, см Биіктікке секіру, см Ілініп тартылу, рет Допты лақтыру, см
Бокс ++ ++ ++ ++ + ++ ++ +
Грек-рим күресі, еркін дзю-до + ++ + ++ ++ ++ ++ ++
Ауыр атлетика ++ ++ + ++ ++ ++ + ++
Фехтование ++ + ++ ++ ++ ++ ++ +
Қазіргі бескүрес (пятиборье) + ++ ++ ++ ++ ++ ++ +
Велоспорт: шоссе, трек ++ ++ ++ + ++ ++ ++ +
Баскетбол ++ ++ ++ ++ ++ ++ + +
Волейбол ++ ++ ++ ++ ++ ++ + ++
Гандбол ++ ++ + ++ ++ ++ ++ ++
Теннис ++ ++ ++ ++ ++ ++ + +
Шөп үстіндегі хоккей ++ ++ + ++ ++ ++ + ++
Су полосы + ++ ++ ++ ++ ++ + ++

11 кестенің жалғасы

Жүзу ++ ++ + ++ ++ + ++ ++
Синхронды жүзу + ++ + ++ ++ ++ ++ ++
Суға секіру ++ + ++ + ++ ++ ++ ++
Спорттық гимнастика ++ + + ++ ++ ++ ++ ++
Көркем гимнастика ++ ++ ++ ++ + ++ ++ +
Жеңіл атлетика, орта және ұзақ қашықтықтар ++ ++ ++ + ++ ++ ++ +
Жеңіл атлетика, спринт және кедергілер ++ ++ ++ = ++ ++ ++ +
Жеңіл атлетика, лақтыру ++ + + ++ ++ ++ ++ ++
Жеңіл атлетика, секірулер ++ ++ ++ + ++ ++ ++ +
Жеңіл атлетика, бірнеше күрес ++ ++ ++ ++ ++ ++ ++ ++
Футбол ++ ++ ++ ++ ++ ++ + +
Хоккей ++ ++ + ++ ++ + ++ ++
Биатлон ++ ++ ++ ++ ++ + ++ +

11 кестенің жалғасы

Шаңғы спорты ++ ++ + ++ ++ ++ + ++
Көркем сырғанау ++ + ++ ++ ++ ++ + +
Коньки ++ ++ + ++ ++ ++ + ++
Шаңғы қоскүресі ++ ++ + ++ ++ ++ ++ +
Академиялық ескекпен есу ++ ++ + + ++ ++ ++ ++
Байдаркалар мен каноэде есу ++ ++ + ++ ++ + ++ ++

«Марш» бұйрығын естісімен спортшылар қимылдың максималды жиілігімен бір орында жүгіре бастайды. Әрбір кезінде байланған резинаға санымен тиіп отырады. Қимылдың есебін бір аяқтың көтерілу санымен есептейді. Алынған нәтижені екіге көбейтеді.

1 3х10 м қайтармалы (челночный) бег. Тестті ұзындығы 10 м тегіс жолда жүргізеді. Ара қашықтығының старт пен финиш сызышаларымен шектелген. Әрбір сызықтан соң ортаңғы сызықта тұратын 52 см радиуста екі жарты шеңбер белгілеп қояды. Жоғарғы старт қалпынан «марш» бұйрығын ести сала сыналушы 10 м жүгіріп, финиш сызығындағы жарты шеңберден (5х5х5см) кубигін алып, қайта айналып, 10 м старт сызығына жүгіріп келеді де, кубикті осындағы жарты шеңберге қайтып финиш сызығына қарай орала сызықтан асып өтеді.

2 5 мин үзіліссіз жүгіру, м. 5 мин ішінде жүгіріп өткен ара-қашықтықтың ұзындығын анықтау үшін, 10м кесінді белгіленген жолы бар стадионда өткізіледі. Әрбір қатысушы 5 мин өткен кезде дабылды естіген жерінен белгі жасайды. 5 мин ішінде жүгіріп өткен жалпы қашықтықыта тіркейді.

3 Бір орыннан ұзындыққа секіру, см. Секіруді қос аяқтап орындайды. Екі аяқпен жерге түсу қажет.Секіруді белгіленген резиналық (тартар) жолда орындалады. Үш әрекеттің ең тәуірі тіркеледі.

4 Екі кг салмағы бар тығыздалған доппен бастан асырып алға лақтыру. Лақтырар бұрын спортшы старт сызығында алғашқы мына қалыпта болады: аяқтары екі жаққа қарата отырады, доп бастың төбесінде созылған қолдарда және ашылған аяқтардың бұрышы старт сызығына қараған болуы тиіс. Лақтыру ұзақтығы рулеткамен өлшенеді, үш әрекет жасалып, ең жоғарғысы есептеледі.

5 Көлденең ағашқа ілініп тартылу, реттік саны. Алғашқы қалып – жоғарыдан ұстап ілінеді, қолдары иықтардың деңгейінде, жаттығуды орындау ырғағы ерікті. Қолды жиырған кезде көлденең ағаштан асса, тартылу орындалған болып есептеледі. Аяқ пен дененің көмегімен жасалған әрекеттер есепке жатпайды.

6 Алға еңкею, см. (иілгіштікке тест). Бой жаздырудан кейін орындалады. Алғашқы қалпы гимнасикалық тақтайда тұрып, аяқтары бірге, бүгілмей тұрады. Еңкеюдің тереңдігін қол саусақтарының ұшы мен тақтайдың жоғарғы бетінің ара-қашықтығын өлшейді. Ол үшін екі сызғышты нольдік белгісі тақтайшаның жоғарғы қырына теңестіріліп, тақтайға тік орналасуы қажет. Нәтиже сыналушы саусақтары тақтайшаның жоғарғы бетінен төмен түссе плюс (+) белгісімен тіркеледі, егер саусақтарының ұшы тақтайдың беткі қырына жетпесе, минус (–) белгісімен тіркеледі. Тестілеуде тізені бүгуге және дененің оқыс қимылдарын жасауға болмайды.

7 Гимнастикалық таяқша арқылы буындар қозғалысын бағалау. Ағашқа сантиметрлік лента жапсырылған немесе 0,1 см дейін бқлінулер белгіленген. Алғашқы қалып:ағаш төменде, үстінен қос қолдап ұстайды, екі қол иықтар деңгейінде. Қолды жоғары қарай көтере отырып, ағашты арқасына қарвй төмен түсіреді (бұралу). Бұралғанк езде ұстап қалған жер мен иықтың ара- қашықтығы салыстырылады. Сыналу алдында алдын ала бой жаздырып алу қажет. Тестің орындау бағасы: 5 ұпай – иық пен ұстаған жердің айырмашылығы 10 см, және одан да аз; 4 ұпай – 11-20 см; 3 ұпай – 21-30 см; 2 ұпай – 30-40 см; 1 ұпай – 41 см және одан да жоғары.

Наши рекомендации