Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары
Образдар жүйесіне талдау талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. V-VIII сыныптар оқушылары көркем ту-ындыдағы бас кейіпкерлерге толық, талдаУ жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды. Мысалы, „Бак,тығұл Жарасбайдың тілін алмауы керек еді", „Үрлыққа барғаны дұрыс емес" немесе „Хамит бандыны байқау керек еді, аңғалданьш жүріп, қолға түсе жаздады" дегендей, кейіпкердің үнаған, ұнамаған іс-әрекеттеріне назар аударады. Образды талдау олардың осындай эмоциялық қабылдауларын бір арнаға, жүйеге бүрады. Автордың идеялық проблематикасы, көркем шығарма негізіндегі терең ойы көбіне осы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы берілетінін тусіндіреді. Дегенмен, образдық талдауда тәжірибеде кемшіліктер де орын алып отыр. Кейіпкерді унамсыз, унамды (жағымды, жағымсыз деп те жүрміз) топтарға бөліп талдау оншалықты тиімді емес. Мысалы (жоғарыда сөз еттік), „Абай жолындагы" Қүнанбайды алайықшы. Ол — унамсыз тип. Бірақ талдау кезінде Қүнанбайдың жағымсыз іс-әрекетін үнемі тере беру дурыс па? Оның устамдылығы, ақылы, керек десеңіз, қайсарлығы туралы неге дұрыс пікір айтпасқа? Эпопеяда Қүнанбай жан-жақты суреттелінеді, оны ұмытуға бола ма? Немесе, Бөжейді алаиық, балалар оны көбіне үнамдылар қатарына қосады, дәлел ретінде Қунанбайлардан көрген зәбірін, Абайдың оны іш тартатьшын, Улжанның „жақсының көзі" деп есеіггейтінін мысалға келтіреді. Ал шынында сол Бөжей күллі халық үшін, не өнер-білім үшін атқа мініп жүр ме?.. Қунанбай айтқандай, „аяқтағы суға ағып өлетін" іс-кылықтың да адамы емес пе? Сәби Кәмшатты күтімсіздікпен өлтіртуде оның кінәсы жок, па?" Сондай-ақ Ділдә, Айғыздарды да оқушылар бірден ұнамсыздарға қосады. Ал тереңірек қарастырсақ, осы екі әйелде заман трагедиясы, заман әділетсіздігі, әйел халқьша деген сахараның қатал заңының қарғыс таңбасы жатыр емес пе? Екеуі де қандай өр, қандай кеуделі, текті" жерден шықса да, көп әйелдің, көп күндестің бірі емес пе?! Бүдан шығатын қорытынды: кейіпкерлерді „үнамды", „унамсыз" деп, бөліп тастап, талдамай, кейіпкерлердің букіл бітім-болмысын тутастай қарастырып, әділ баға бере білу керек.Ең басшсы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема — образдык, талдауда ерекше назарға алатын мәселелер болып табылады. Мысалы, Қунанбай бейнесі арқылы автор XIX ғасырдың II жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды жасаудағы автор мақсаты да сол. Қунанбай іс-әре-кеттері, оның әр түрлі қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда осы мә-селелер еске алынуы керек. Образдық талдау жуйесіндеде муғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық-эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады. Бірақ соның барлығы образдар жүйесін талдау арқылы жүзеге асады. Мысалы, XI сыныпта М.Әуезовтің „Абай жолы" эпопеясын образдық талдау жүйесі төмендегідей болып келеді:сабақ. „Абай жолы" эпопеясының жазылу тарихы, „Абай жолы" деп аталу себебі. Эпопея туралы әдеби-теориялық тусінік.сабақ.„Шыңға шыққан жас шынар". І-ІІ кітаптар бойынша Абай бейнесі. Абай және феодалдық қоғам. Феодалдық қоғаммен бетпе-бет. Сахарада, оның қатал заңымен күресе отырып, көктеп келе жатқан прогрестің көрінуі.
21.Прозалық шығармаларды оқыту
Проза (лат. prōsa) — әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан – коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.