Гімелеуге үйрету әдістері 1 страница

Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл).Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).

Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік).Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.

Шығармашылықпен әңгімелеу.Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.

Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.

Өмірден («Менің анам», «Наурыз – көктем мерекесі», бақылау бойынша («Көңілді тамшылар»), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің «Дала») әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.

2.Ою-өрнек түрлері, балабақшада ою –өрнекті қолдану жолдары

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.

Ою-өрнектердің түрлері

«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

«ҚОСМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.

«АРҚАРМҮЙІЗ» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

«ҚЫРЫҚМҮЙІЗ» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).

«СЫНЫҚМҮЙІЗ» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.

«ӨРКЕШ» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

«ШЫНЫГҮЛ» ою-өрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл өрнек «төртайшық», «итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою-өрнегі айға, мүйізге, жапыраққа ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздің қайырылған екі ұшына жапырақ қондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып қайталанылып отырады.

«ГҮЛ» ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.

«ШЫТЫРМАН» ою-өрнегі көп жапырақты есімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі өрнек. Мұндай өрнектер заттардың бетіне көп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық дала, кең сахара) мегзеп жасалады.

3.Үй және жабайы жануарлармен таныстыру әдістемесі

1 жасқа толғанға дейін ҰОІӘ әр баламен жеке өткізіледі. Таныстырудың негізгі әдісі –жануардың өзін көрсету. Объектіні көрсеткен кезде атын атайды – «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объектіге жақынырыақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды. Ал кеелсі сабақатарда «мысықты көрсетші дейді»10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады. 2 жасқа қарағанда балаларға жануарлар туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға болады. Сыртқы көрінісі, жүрісі, дауысы. 1,5 жасқа дейін балалар жануарларды түріне қарай және суреттерден танып білуге талап етеді. Ал 1,5 жастан бастап ойыншық бойынша жануардың мүшелерін , аяғын, құйрығын, көзін, құлағын көрсету тиіс. Сабақты жеке-жеке және 4-6 баладан шағын топ жасап өткізеді.

Ортаңғы топта жануарларға бақылау және сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Балаларға үй жануарларына тән белгілерді: сыртқы түрі, міне-қылығы, сондай-ақ олардың адамға тигізетін пайдасы және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек. Мысалы, келесі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге болады: «Үй жануарлары», «тауықтар», «ит және күшіктер» және т.б.

Мысал, «Тауықтарға бақылау» «Қандай тауық?» «Балапандар қандай?» «тауық балапандарын қалай шақырады?» «балапандар қалай шиқылдайдщы?» Әңгіме барысында жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар қолдануға болады».

Ересек топтың балалрына өздері тұрғанжерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен (түйе, бұғы, есек-олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы) таныстырып, жабайы аңдар (қасқыр,, кірпі,, қоян, түлкі, аю – олардың мекендейтін жері, қорегі, аулау әдісі) туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талаптар қойылады. Жануарларды қарағанда оның дене мүшелерін (бас, арқа, құрсақ аяқ, табан, қанат, көз, құлақ, және т.б.) ажыратып, дұрыс айтуға және жүргендерін сипаттап (қасқыр жүреді, қоян секіреді) айта білу керек. Зообаққа экскурсия жасауға болады, картиналармен әңгіме, бақылау және т.б.

Билет №11

1.Бала тілін дамытуда дидиактикалық ойынның маңызы

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.

3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.

Өз іс тәжіребиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.

2.Технология пәнінің мазмұны

Технология пәнін оқытуда –еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз –Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде .
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу»бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену –Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс –қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған . Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.

Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу».

Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.
Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы . Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.

Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн .
Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.

3.Бір жыл мезгілімен таныстыру әңгімесін құраңыз

Білім беру саласы:Қатынас
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Жайдары жаз»
Сабақтың мақсаты: . Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту
.Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Жаз мезгілі,жазғы ойындар,жазғы табиғат,жазғы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгаритм жасауға үйрету.
Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ашық сабақ.
Типі:Дамыта оқыту «Тәй-тәй» технологиясы..
Қолданылғанәдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен,Триз,тірек-сызба,алгаритм, тәжірибелік,көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау.
Көрнекіліктері:«Таңғажайып алаңы» ойыны,схемалар,суреттер,мұз,зертхана приборлары,май шам, бояу,стек,сүлгі.
карточкалар,зерттеу құралдары,май шам,бояу,қатты қағаз.
Сабақтың барысы:
Амандасу (Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңіздер,төрлетіңіздер,Good morning!)
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман –есен болайық!
Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап)
Ұйымдастыру кезеңі.
- -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
Дала қандай?
-Ал ағаштар ше?
-Ауа қандай?
-Терезеге не түсіп тұр бар?
Жаз қандай болады? (ыстық, Демалады .Шомылады ,Күнге күйеді)
көңілді,т.б
Жазда бау-бақшада не өседі?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады? (балалардың жауабы
Жылдың төрт мезгілібар: …, …, …, … .
Бір жылда … ай бар.
Жаз айлары: …, …, … .
Ең ыстық жыл мезгілі: … .
Қазір жаздың алғашқы айы
Иә білемін айнала гүлденіп,жап-жасыл күйге енеді.
Ал біз болсақ, суға түсіп көңілді ойнаймыз.Саябаққа ,орманға саяхаттаймыз.
- Балалар, суретте не бейнеленген?
- Бұл жылдың қай мезгілі?
Жазда қандай өзгерістер болады?
Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды?
Жазда ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жаз айлары жайлы біз не білеміз?.
Ойын тапсырмалар
Балалар оталықтарға фишка бойынша бөлінеді
Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар!
1.Тіл дамыту опталығы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы:
Ойын «Таңғажайып алаңы»
Тіл дамыту сабағы
Мәтінмен жұмыс
Жаз
Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. күйеді.Орман тоғайларға барып,жидек, саңыраулқұлақ тереді. Балалар жазды өте жақсы көреді..
Жаз- мезгілі өте тамаша жыл мезгілі. Біздің сулу табиғатымызды көруге, жеріміздің түпкір-түпкірінен демалуға келеді. Жазда балалар суға шомылады.
Жазда (жайқалады)
Шыбық:
– Таңы-нәрлі, күні-жайлы, кеші-жылы.
– Гүл жарып таңда да, күнде де, түнде де «күледі».
– Күзден күдік алмай, қыста өлім құшарын «білмейді».
– Бойы «бір қарысқа» өседі…
Жазда не ексең-күзде соны орасың

Маусым мағыналы болсын,
Шілденің шырайы кірсін,
Тамыз тамылжып тұрсын

Күн де ысып,шөп пісіп,
Ел пішенін орады.
Бұл қай кезде болады?(жаз)
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты.
Жаз – ең ыстық жыл мезгілі. Жазда балалар демалады. Олар демалуға ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда олар шомылып, күнге қыздырынады. Сондықтан олар жыл мезгілін жақсы көреді.

Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңіске.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Ойын шартын түсіндіру.
. Төрт ойыншыға сегіз тапсырма
Схема бойынша әңгінің жоспарын құру.
1схема «Жыл мезгілі мен ауа-райы»
Суретте қандай жыл мезгілі берілген?
Сен оны қайдан білдің?
2схема «Жазға табиғат көрінісі»
Ағаштарда не байқадың .Жерден не көрдің.
3схема «Жаз айлары»

4схема «Жазғы еңбек,, демалыс»
Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл күйлері қандай?
«Жаздың шуақты күні.
.1. «Қызықты тапсырма.»
2 «Ойланып көр.»
3 «Жұмбақ шеш»
Тірек сызба бойынша жұмбақ жасырады.

4 «Тақпақ айт»
Тірек –сызбаны пайдаланып жаз туралы тақпақ оқу.
.
.
Бұл қай мезгіл?
2 Ғылым орталығы
Білім беру саласы:қоршаған орта
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Айналамен таныстыру
Сабақтың мақсаты: мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру.Ағаштарды зерттеу.
Алгаритм бойынша белгілеу.
Өнер орталығы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Бейнелеу өнері
Сабақтың мақсаты:Дәстүрден тыс тырмалау әдісі бойынша жаз мезгілін суреттейді.
Орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы балалар әңгімелейді.
Сергіту сәті
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады.
Қорытынды. Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
Біз не үйрендік?
Сендерге ұнады ма?
Кімге не ұнады?
Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.
Көңіл-кі-күйіміз қандай? Тамаша!
Жаз мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Жазғы демалыс қандай? Тамаша.!
Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)
Келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар!

Наши рекомендации