Дүниетанымның мәні және оның құрамды бөліктері.

Дүниетанымның қалыптасуы - күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.

Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіңдегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықган, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.

Дүниетанымның қалыптасу процесі көп қырлы, сондықтан педагогикалық ғылымда бұл ұғымға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Дүниетаным - бүл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына жөне өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға дүниетанымның субъектісі болып есептелінеді. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйытқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Дүниетаным - дүниенің, адамның, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсіну және олармен адамның әлеуметтік-саяси, философиялық, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылық. Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады.

Дүниетаным дегеніміз — дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.

Ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мөні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, өр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.

Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нөтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықгары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақгылай түседі, өзгертеді.

Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным - күрделі де көпаспкетілі құрылым. Оның ұйытқысы - теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар - адамның идеясы, білімдер, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдауы. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.

Әрбір адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани

мәдениетінің негізін құрап. оның "Мен" деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім - көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір "білетін" немесе "түсінетін" емес, ол - жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары керек. Сенімге айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп. материалдық күшке айналады.

Регулятивті қызмет атқара отырып сенім жеке тұлғаның тұтас рухани, құндылық бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілек-қажеттілігін, сезім мен қылықтарын анықтайды. Олар қоғамдық мақсат-мүдделердің объективті талаптарынан, адамның танып білген қажеттілігіне сәйкес әрекет туындайды. Сенім жеке тұлғаның қазіргі уақытта іс-әрекеттінде басшылыққа алып, оның болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім — жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі — оның дүниетаным көрінісі. Сезім - сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимиз мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезімдермен байланысты.

Қажымас ерік-жігер - дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды іс-әрекетке итермелейді. ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз -адамның білімдерді, болмыстың құбылыстарын шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілетті.

Арман-мұрат өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.

Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. Әлеуметтік орта — адамды әлеуметтік өміріндегі қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі. Әлеуметтік орта қоғамдық-экономикалық формация түрінде, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.

Қоғамдық-экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық нақтылығында, өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация — әлеуметтік орта — өмір салты - жеке тұлға - дүниетаным ұйытқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.

Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі, дүниетанымдық сана, сезім мен ерік-жігердің түтас қалыптасу идеясынан бастау алады.

Дүниетанымның философиялық негіздері. "Дүниетаным

- философия, философия сияқты ол да бүтінге, жан-
жақтыға, соңғыға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек космос
туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан,
субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір
формаларынан тұрады (Г. Мейер). Философияның өзі де

- дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге
қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.

Философия сияқты дүниетанымның баскд да формалары бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы - оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралистік формадан өзгешелігі, ерекше категориалық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді. Философияның мәні "дүние-адам" мәселелері туралы ойлар.

Философия екі құбылысқа негізделеді:

1)Философия — бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы туралы ақпарат;

2)Философия — таным принциптерінің комплексі, таным іс-әрекетінің жалпы әдісі.

Осыдан барып философияның көптеген қызметі екі топқа бөлінеді: дүниетанымдық, әдіснамалық.

Философияның адам мәселесінің маңыздылығына орай бірінші орында гуманистік қызметі тұр. Гумандылық (лат. humanus - адамгершілігі бар) - адамгершілік деген мағынаны білдіреді, ол - гуманизмнің түрлі бағыттарының арман-мұраты. Оның басты мақсаты: адамға тән құндылық қабілеттілігінің, сезім мен парасаттың үйлесімді дамуы, адами мәдениеттің, өнегелілік пен оған лайық адамдар мен тұтастай жаратылысқа қатысты мінез-құлықтың жоғары деңгейде дамуы. Адамгершілік - адамдармен қарым-қатынас жасағаннан пайда болатын игілік сезімі; бір жағынан, жалпы тілектесік-ниеттестіктің сезімі; ал екінші жағынан — адамдармен іштей және жалпы тұрде қатынас жасау мүмкіндігі, адамзатты жануарлардан ерекшелендіретін, тек адамға ғана қасиеттер жиынтығы (Конт).

В. С. Соловьевтің пайымдауынша: "адам өміріне ақыл-ойдың маңызды мәселелерін, ақиқат шындығы, құбылыстардың мәні мен парасаты туралы мәселелерді шеше алатын, сонымен қатар, қалауға шартсыз мақсат қоя отырып, қызмет-әрекеттің жоғарғы қалпын анықтай отырып, бүтін өмірдің ішкі мазмұнын аша отырып, ерік-жігердің жоғары талап-тілектерін қанағаттандыра алатын жоғары деңгейдегі наным-сенім мен орныққан көзқарастар сөзсіз қажет...". "Қоғам үшін де, жеке индивид үшін де дүниетанымсыз өмір дегеніміз бағыт-бағдардың жоғары сезімінің патологиялық бұзылуын білдіреді" (А. Швейцер). Философияның гуманистік қызметінің мәні, міне, осы.

Философияның келесі бір дүниетанымдық қызметі -әлеуметтік-аксиология. Оның өзі де бірнешеге бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары: құрылымдық-құндылықтық, интерпретаторлық және сыншылдық қызметтері. Біріншісінің мазмұны Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқгы құндылықдар туралы түсініктерді талдау болып табылады; бұған, сондай-ақ, әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады.

Қоғамдық арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат негізгі адамгершілікке байланысты белгіленеді, ал оған шартсыз мағынасындағы, шексіз қабілеттілігіндегі жеке тұлға ұғымы жатады. қоғамда жеке тұлғаның өмірлік міңдеттері қайталанып қана қоймайды, оның арман-мұратқа ұмтылысындағы күш-жігері де толығады. қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өмірі индивидуалдық өзін-өзі танытуға талпыну мен шартсыздық пен жоғары даралыкқа ұмтылу сияқты тербелісте болады. "Жеке тұлғаны" шартсыздық принципі қажет болған сайын бүкіл адамзаттық, ғаламдық ынтымақтастық арман-мұратына әкеледі... қоғамдық арман-мұратқа еркін универсализм принципі деп анықтама беруге болады" (П. И. Новгородцев).

Жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді және оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына және оларды қызмет-әрекеттің құралы ретінде пайдаланудың нәтижелілігіне деген сенімдерден тұрады.

Жеке тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен түрады. қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық категория емес, ол, сондай-ақ, психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды-жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Сенім мен арман-мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол — қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі — дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.

Философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды

Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. Жеке тұлғаның дүниетанымы - ақиқаттың жалпылама көрінісінің жоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды-жігерлік сипаттарын топтастырған феномен. Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білімдер мен оларды пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелілігіне деген сенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекеттке деген әзірлік сияқты компоненттер өзара байланысты болып келеді.

Л. И. Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы біршама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелілік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.

Б. Г. Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өз өзіне деген қатынасының қалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып келеді. Рефлектілі қасиеттер "мінез-құлықтың біртұтастығын анықтайды. Бұл орайда олар өзін өзі реттеу мен дамуды бақылау қызметтерін атқара отырып, өмір мен іс-әрекетінің мақсатымен, құндылық бағыттарымен, нұсқауларымен тығыз байланысты".

Құндылық бағыттары - жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы ара қатынасының түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ, өзіндік "Мен" деген сезімінің мәнісін ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлғаның дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелілік саласының бірлігі мен ара қатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет. құндылық бағыттары — адамгершілік сананың өте тиянақгы және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.

Психологтар "құндылық" ұғымымен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, коллективтің) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал екіншіден, құндылық санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.

Кейбір зерттеушілер құндылық деп адамның мінез-құлқында көрінетін жалпы әлеуметтік бағыттылық деп түсінеді. Ал тағы бір зерттеушілер оны жеке тұлғаның қандай да бір әлеуметтік құндылықтарға субъективті қатынасы ретінде қарастырады. Ал енді біреулері "құндылық бағыттары" ұғымын психологиялық тұрғыдан ұғынады.

Д. Н. Узнадзе құндылық бағыттарды, бір жағынан, құбылыстардың белгілі бір семантикалық сипаттамасының, объектінің субъект үшін маңыздылығының санада көрініс тауып, санада бекемделу формалары ретінде қарастырса, екінші жағынан, іс-әрекетке әзірлік формасы ретінде, тиісті жағдайларда жүзеге асатын сана мен іс-әрекет процестерінің бірлігі ретінде қарастырады.

Құндылық бағыттар адамның мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны "заттандыруға", яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, қажеттілік қанағаттандырылмайынша өзінің объектісін танымайды, ал ол объекті табылуы тиіс. Тек осындайда ғана қажеттілік заттық мағынаға ие болады, ал қабылданған зат қозғаушы және бағыттау іс-әрекетіне ие болып, мотивке айналады. Сонымен, адам үшін "жеке тұлғалық мәні" бар, яғни өз алдына құндылық болып келген зат қана оның іс-әрекетінің мотиві бола алады.

Құндылық бағыттары субъектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықган, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адам, оның қажеттіліктері мен

қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағыттарының әлеуметтік-этикалық мазмұнын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің алуан түрлерінің интеграциясы, факторы болып табылады.

Теориялық-таным ретінде құндылық дегеніміз, біріншіден, объектіге деген когнитивті қатынасқа, яғни көңіл-күйі басымырақ, субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан, тұратын қатынас. Екіншіден, ол - сананың ішіндегі құндылық "бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады. үшіншіден, санадағы құндылық - объективті шынайы заттық білім, ол дәл осы шынайылық, дұрыстық, ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады (А. А. Микешина).

Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол, сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар - өмірдегі мінез-құлықтың бағытын тандауды, оның қоғам мен өз өзіне деген жауапкеріііілікті қатынасын анықтауы.

Жеке тұлғаның дуниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдері. Дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс -материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс - болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың толассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс — мәнділіктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика — таным негізі, ақиқат критериі.

Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты - оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.

Аналитикалық-жүйелік іс-әрекеттің нәтижесінде (түсінікте, арман-мұраттарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл сананың әртүрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді. ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.

Білім беру - оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. "Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегімен қалыптастыруы қажет. Түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну — оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі" (М. Н. Скаткин).

Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны- іс-

әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.

Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне жене оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.

Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады.

Наши рекомендации