Тақырып:Халық педагогикасындағы рухани мінез- құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие

Мақсаты:Халық педагогикасындағы рухани мінез- құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие жөнінде білімдерін қалыптастыру

Дәріс мазмұны:

1. Салт дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі, мақал- мәтелдердегі руханилық жөніндегі халықтық түсініктер

2. Қазақ халқындағы рухани мінез- құлық тәрбиесінің ерекшеліктері

Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс,ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, ал қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол беруді және олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған.Жастардың жадына «сіз» деген сыпайылықты бойларына дарыта білген.«Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің» деген қағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың өздерінің өнегелі болуын қадағалаған. Отбасының, қоғамның тәрбиесі ата-аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-құлқының сай болуын қадағалаған. Мысалы, «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, қылығы түзде» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді.

Еліне қайырымды,бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды «Ел қамын жеген – ер»,- деп дәріптеген.«Жақсының жаттығы жоқ», «Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей», «Жақсы туса – елдің ырысы», «Жақсы келді дегенше жарық келді десеңші, жақсылықтың лебін алып келді десеңші»,- деген нақылдар жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін дәлелдейді.Отанын шын сүйетін батыр етіп тәрбиелеуді көздеген халық өзінің өлең-жырларын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін осы тақырыпқа арнаған.Сондықтан лиро-эпостық, батырлар жырларының басты кейіпкерлері ата-анасы, сүйген жары, туған жері, өскен елі үшін жаумен кескілесе күресіп, ерлікпен даңқын шығарған халықтың сүйікті ұл-қыздары болып келеді. «Отан үшін отқа түс, күймейсің, арың үшін алыс, өлмейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі»,-деп халық өз ұрпағын отанын сүюге шақырады.«Сөздіңкөркі – мақал» деген аталы сөзбар.Мақалдардың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.Мақалдар- ауыз әдебиетінің бір түрі.Олар көбінесе нақыл, өсиет түрінде айтылады.Мақал, негізінен екі бөлімнен (көбінесе екі тармақтан )құралады.Бірінші бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі ), екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады.Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде, сыңар тармақты қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады. «Өлең- сөздің патшасы», т.б.Қазақ халқы-сөз қадірін біліп, қасиеттісөздіқастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен, терең мағыналы сөздерімен зерлеп келе жатқан халық.Сөз зергерлерінің аузынаншыққан мақал-мәтелдерді үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану дәстүрге айналған.Сондықтан да, әсіресе қариялар мақалдап, маңыз-ды сөйлеуді борышым деп санайды.Мақалсыз, мәтел-сіз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі болмайды.Қазақтың мақал – мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптар: елдік, ынтымақ, бірлік туралы мақал – мәтелдер.

Отбасында ата – аналар бала тәрбиесіне лайықтап іс - әрекет, пікірлесу, пікірсайыс кезінде өнеге көрсетіп, өсиет айтып: «ана тілін алмасаң, арың кетеді», «әке – тірегің, ана – жүрегің»,т.б. мақалдарды жиі айтады.

Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын нақыл – насихат, өнеге - өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек. Сол мәнді сөздер мақалдар мен мәтелдерді орынды пайдаланған ата – ана ой қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және санасын арттырады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей бала ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре алу қабілетін дамыту үшін, ата-ананың мақалдап сөйлеуінің мәні зор.

Дәріс

Наши рекомендации