Бір жастан бастап 3 жасҚа дейінгі балалардыҢ тіршілік Әрекетін Ұйымдастыру
Баланың танымдық әлемінің белсенділігін арттыруға бағыттау үшін оған ересек адам заттардың міндет-мақсаттарымен таныстыруға кіріседі. Сондықтан да, әр балаға күннің кез-келген уақытында өзі емін-еркін қимылдап, жүріп тұруы үшін даму ортасын жасап, қамтамасыз етуі керек. Белсенді іс-әрекетті талап ететін ойыншықтар мен құралдарға көбірек көңіл аударып, олардың орындарын жиі ауыстырып және санитарлық тазалау тәртібін сақтау қажет. Балалар ойын ортасын құру үшін мектепке дейінгі ұйым мен үйге бірдей талаптар қойылады. Балалар болмаған кезде бөлмені жиі желдетіп тұру мүмкіндігінің болуы. Температуралық режимді сақтау (18-20 градус). Топ бөлмесіндегі жиһаздардың дұрыс орналасуы мен жарықтық режим талаптарын сақтау.
Жеңіл әсер ететін ойын материалдарының балаға қол жетімді жерлерде орналасуы. Топтық және жатын бөлмелерде психологиялық жайбарақаттықты қамтамасыз ету үшін «өнер», «сенсорлы-құрылыс», «көңілді доп», «табиғат бұрышы», «су мен құм», «ертегі аралы», «үй асханасы» деген ауыстырып, жиналатын тақырыптық дамытушы орталықтар жасау. Әрбір орталықтың мазмұны мен ойындық құралдары балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып таңдалады. Әр ай сайын орталықтар бір-бірімен ауыстырылып, бір мезгілде екі орталықтың жұмыс істеуіне жағдайлар жасалады. Әрбір орталық балалардың жас ерекшелігі мен санына қарай ойыншықтармен жабдықталады. «Киімсіз ұлдар мен қыздар» мен қуыршақтар отбасы (ана қуыршақ, әке қуыршақ) орта өлшемді ойыншықтар. Балалардың отырып, ойнауына ыңғайлы үлкен көлемді ойыншықтар (тербелме, жұмсақ жиһаздар). Баланың шад-шадыман күлкісін шақыратын — секіретін көжектер, шиқылдайтын, ермек ойыншықтар.
Үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекеттері білім беру салаларының шеңберінде ұйымдастыралады. Осыған орай, педагогикалық үдеріс келесі компоненттерді өзіне кірістіреді:
- базистік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері;
- сабақтан тыс ұйымдастырылған іс-әрекеттер: балалардың өзіндік емін-еркін қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері — ойын, көркем-сөздік іс-әрекет.
Күн тәртібінде шынықтыру шараларына, психологиялық тренингтерге, релаксациялық және музыкалық үзілістерге уақыт бөлінуі керек. Баланың бір орында қимыл-қозғалыссыз ұзақ уақыт отырып қалуына жол бермеген абзал.
Балалардың ішінде біреулерінің бойы ұзын, кейбіреулерінікі қысқа, арсында толықшалары мен орта денелілері де болады, сондай-ақ, бастарының немесе кеуде клеткасының көлемі де әртүрлі болып келуі — әр баланың жеке даралық айырмашылықтарын білдіреді. Бірақ, тәрбиеші ай сайын баланың физиологиялық даму көрсеткіштерін үйлесімді ара қатынасын анықтап отыруы қажет: бойын, салмағын, кеуде шеңберін.
Жазира»Бөбекжай балабақшасы
Жас маманмен жұмыс
«Жас маманды тәлімгер тәрбиешілердің оқу іс-әрекеттеріне қатыстыру»
Діскер : Л.Капшакбаева
Жазира» бөбекжай балабақшасы
Жас маманмен жұмыс
«Балалардың білім сапасын анықтаудың мониторингін жасау бойынша кеңестер беру»
Діскер : Л.Капшакбаева
Жазира» бөбекжай балабақшасы
Жас маманмен жұмыс
«Әдістемелік жинақтармен жұмыс жасауға бағыт беру»
Діскер : Л.Капшакбаева
Жазира» бөбекжай балабақшасы
Жас маманмен жұмыс
«Жас маманға қорытынды оқу іс-әрекетін көрсетуге әдістемелік көмек көрсету»
Діскер : Л.Капшакбаева
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшілігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан тарихи – әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Міне, осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі- инновациямен байланысты.
«Біз, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жеткен бағыттарды жаңырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден, жаңғырта жаңғыртуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек» деп ҚР Президенті Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан»[2] Жолдауында көрсетілгендей қоғамдағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді.
Осы орайда қазіргі таңда балабақшалардың алдына қойған міндеті де жоғары. Себебі, ұрпақ бойындағы алғашқы білім мен тәрбие дағдылары дәл осы мектепке дейінгі мекеме табалдырығында қаланатыны ақиқат. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Еркіндік бере отырып, баланың жан-жақты дамуына жоғары деңгейде әсер ететін технологияны таңдау міндеті жүктелді. Ал ол міндетті шешетін де, жүзеге асырушы да шебер тәрбиеші екені баршамызға белгілі. Осы ретте тәрбиешілердің жаңа бағдарламаны тиімді пайдалану үшін олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуіне бағыт беріп, қазіргі заман талаптарына сай инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білу- әдіскер ретіндегі үлкен ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді. Балабақша әдіскерінің негізгі міндеттері білімділік, зерттелушілік, ендірушілік, ақпараттық, кеңес берушілік, сараптамалық, бағалаушылық бағытта анықталады.
Инноватор тәрбиешілер дайындау үшін әдіскер жұмысы үнемі жаңарып, инновациялық бағытта дамып отыруды талап етеді. Ол мынадай бағыттарда қамтылуы тиіс.
1. Тәжірибеде бұрыннан қолданып келген жүйені өзгертіп, педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстарға жаңалықтар енгізу;
2. Жинақталған іс-тәжірибені шығармашылық іс әрекетпен жаңарту;
3. Әдістемелік көмек бетшілерін дайындап, тәрбиешілерге ұсыну;
4. Тәрбиешілердің тәжірибелік іс- әрекеттеріндегі кейбір мәселелерді шешу жолында әдістемелік көмек беру.
Тәрбиешілерге диагностикалық және жекелеу негізінде әдістемелік тұрғыдан нақты бір көмек көрсету, шеберлігін шындау мақсатында білім беру үрдісінің сапасын жоғарлату үшін балабақшада мынадай жоспарлы жұмыс түрінің моделі құрылды. Модель төрт сатыдан тұрады:
1 саты – аналитикалық талдау;
2 саты – жоспарлау – прогностикалық;
3 саты – ұйымдастыру және үйлестіру;
4 саты – бақылау диагностикалық.
Аналитикалық талдау сатысы- тәрбиешілерге мониторниг, диагностика жүргізу нәтижелері арқылы белгілі бір проблеманы анықтау, яғни, тәрбиешілердің білім деңгейін, тәрбиеші қызметіндегі қиыншылықтарды анықтау және зерттеу, мәселеге бағытталған талдау жүргізу .
Осындай мониторниг, диагностика нәтижелері арқылы проблема анықталғаннан кейін жұмыс түрлері жоспарланады. Жұмыс жоспары жасалған кезде, оның:
• Ғылымилығы ( жоспардың нақтылығы мен шынайлығы)
• Оптималды (нақты есепке алу мүмкіндігі)
• Белгілі бір мақсатқа бағытталуы
• Перспективалық (болашақтағы мақсат пен міндеттердің қойылысы)
• Мектепке дейінгі ұйым мен педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшілігін есепке алу ескеріліп отырылады.
Бұдан кейін жоспарланған жұмыс ұйымдастыру және үйлестіру саты бойынша жүргізіледі. Ұйымдастыру және үйлестіру сатысы- тәрбиешілердің мамандық деңгейін жоғарлатуына бағытталған әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлерін дайындау арқылы жүзеге асады. 4саты- бақылау диагностикалық. Жасалған жұмысты оқып түсіну,өткізілген шараларға талдау жасап, әрекеттерді түзету. Яғни, жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру арқылы білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Тәрбиешілердің қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.
Балабақшада жүргізілетін сан – салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарлатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес, әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді.
Білім мен оның нәтижелілігі – педагогиканың өзекті мәселесі. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін педагог және оның кәсіби шеберлігі. Сондықтан, әдістемелік жұмыстың басты бағытының бірі – педагог-тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру. Әдістемелік жұмыс мазмұны мен педагогтің жұмыс нәтижесінің үнемі байланысы әр тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жүйелі жетілдіру үрдісін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әдістемелік жұмыс педагогика мен психология ғылымдарының жаңа жетістікреіне сәйкес баланы дамыту мен жетілдіруге бағытталған барлық жұмыс түрлерін қамтиды. Әдістемелік жұмыс тек тәрбиеші әрекетіндегі қателіктерді түзету деген түсінікпен келіспесек те, жұмыс барысында осы мәселелерді де шешуге тура келетінін жасыруға болмас. Ең бастысы, педагогтерге нақты, уақтылы және пәрменді көмек көрсету. Бірақ, бұрынғыша, мектепке дейінгі мекемеде әр педагогтің кәсіби шеберлігін көтеру күрделі мәселе болып қала береді. Жасыратын жоқ, кейбір шараларды ұйымдастыруға көп күш жіберілгенімен, қайтарымы өте аз. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады? Бүгінде педагог әрекетін еліктіретін және диалог арқылы өз ойларымен еркін бөөлісетін жаңа белсенді жұмыс формаларын қолдануымыз қажет. Педагогтің шеберлігін көтеру, теориялық және практикалық білімдерін толықтыру түрлі әдістемелік жұмыс формаларының көмегімен, атап айтатын болсақ, интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қатынастың бұл түрінің артықшылығы кері байланыспен қамтамасыз етеді, ашық пікір алмасу болып, 8 қызметкерлер арасында жағымды қарым-қатынас қалыптасады. Мамандармен жұмыс түрінің бұл формасының негізі ұжыымда пікірлесу, өз ойларын ортаға салу, қорытындыны дәлелдеу, яғни ақылды ойлар мен дарындылар сайысы. Интерактивті тәсілдердің мәні мынадай негізігі мақсаттардың орындалуында:
• Өз бетімен білім алуға қызығушылық пен себептер тудыра отырып, жағдай жасау.
• Өз бетінше әрекет ету мен белсенділік деңгейін көтеру.
• Өз әрекетіне талдау жасай білу және кері байланыс(рефлексия) дағдыларын дамыту.
• Бірлесіп жұмыс істеуге және эмпатияға талпынуды дамыту. Бұл жұмыстың артықшылығы неде?
• Педагогтердің кәсіби әрекетінің түрткісі, әлеуметтік және танымдық белсенділігі едәуір артады.
• Адамның күнделікті бірқалыпты өмірде көрсете бермейтін қолданылмаған, дамымаған жақтары жүзеге асырылады.
• Еңбексіз өмір сүру мүмкін емес адамдар қоғамында ұжымда әрекет ету, бір-біріне сыйластық қатынас, қолдау көрсету, бірлесе атқару тәжірибесі пайда болады.
Әр педагогтың әдістемелік деңгейін анықтап, кәсіби шеберлігін жетілдіру тестілеу және сұрақ – жауап әдісі арқылы өткізіледіү тәрбиешілер жаңа бағдарламаны меңгеріп, оны жұмыс барысында қолдануда қиындықтарға кездеседі, көп жағдайда сюжетті-рольді ойын түрлерін ұйымдастыруда, жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынас орнатуда кездескен проблемаларды шеше алмайды. Тестілеу және сұрақ-жауап әдіс арқылы жұмыс барысында кездесетін 9 әдістемелік проблемалар мен қиындықтарды анықтауға болады. Мектепке дейінгі мекемедегі пелагогтармен жұмысқа енгізілген ең бірінші нәтижелі интерактивті әдіс- тренинг (тез назар аудар, жылдаи оқыту). Қазіргі жағдайда педагогтің қандай күйде жұмыс істейтінін білмейміз. Себебі, тұрақты уақыттың өзінде олардың еңбегі күнделікті жоғары көңіл-күй және стресспен ерекшеленеді. Педагогтің көңіл-күйінің жоқтығы және басқа да жағымсыз психологиялық жағдайлар балаларды тәрбиелееу мен оқыту нәтижелілігін төмендетеді, әріптестерімен, әкімшіліпен, ата-аналармен қарым-қатынаста келеңсіз жағдайлар мен түсінбеушіліктердің орын алуын әкеліп соқтыратынын естен шығармауымыз керек. Педагогикалық ринг-педагогтердің педагогика мен психология саласында жаңа зерттеулерді оқып, үйренуіне бағытталған, педагогика мәселелерін шешудің түрлі тәсілдерін табуда, өз көзқарасын дәлелдеу мен логикалық ойлау дағдыларын жетілдіруде қысқа, тұжырымды жауап беруге, өз пікірін нақты, дәл айтуға, тапқырлығын, әзілдесу сезімін дамытады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін әр тәрбиешіні өзіне керемет идеялардың, кенеттен нұрландыратын ойлардың келетінін, бірақ олардың уақтылы қажет болмағандықтан, ұмытылып, жоғалатындығын біледі. Осы жағдай орын алмас үшін, пікір алмасу (дискуссия) – пікірталас жүргізіліп тұру орынды. Пікір алмасуды (яғни мақсатқа жету, көңіл күй, қалыптасқан ұстанымды дәлелдеуді) пікірталапен шатастыруға болмайды. Педагогика тәжірибесінде пікіралмасу әдісінің жинақтау түрі кеңінен тараған, оған «аквариум» техникасы бойынша дөңгелк үстел өткізу 10 енгізілген. Дөңгелек үстелді түрлі тақырыптарда жүргізуге болады: «Қоғамдық және отбасылық тәрбие қатынасының қазіргі замандағы өзекті мәселелері», «Мектепке дейінгі білім беретін мекеме қандай болу керек?», « Тәрбиешінің жеке күші. Ол не?», « Шығармашылық-тұлғаның он қағидасы. Сіз онымен келісесіз бе?» Дебат-пікір алмасу, алдын ала берілген тақырып бойынша қарсылас екі топтың баяндамасы. Педагогикалық жағдай, тосын жағдай (экспромт)-балалармен, ата-аналармен, әріптестермен күнделікті қарым-қатынаста педагогикалық таным белсенділігін арттыру әдісі. Іскер ойын мектепке дейінгі мекемедегі өзекті мәселе төңірегіндегі теориялық семинардың нәтиже есебі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа мәселелердің шешімін әзірлеуге де қолданылады. Мысалы: «Мектеп жасына дейінгі бала болу оңай ма?» «Идеялар банкі» - мектепке дейінгі мекемеде дәстүрлі әдістермен шешілмейтін ұжымдық мәселелерді ұтымды шешудің жолы. Мәселен, « Ойын экологиясы: балабақша өміріне ойынды қалай қайтаруға болады?» Нәтижелі әдістердің бірі: педагогикалық идеялар мен аукциондардан жәрмеңке-көрмелер. Ол сауатты әзірленіп өткізілсе, педагогтерге шығармашылығын және өз білімдерін көтеруге стимул береді. Сондықтан, жәрмеңке –көрменің негізгі нәтижесінің көрінісі-тәрбиешінің кәсіби жеке өсуінің байқалуы. Жұмыс әдісінің бұл түрі педагогтердің кәсіби озық үлгілерін көпшілік алдында жариялауға, жаңа идеялардың 11 пайда болуына, әріптестермен іскер және шығармашылық қарым-қатынасын орнатуға және кеңейтуге мүмкіндік береді. Педагогикалық шеберхана. Мақсаты: педагогикалық ұжым мүшелерін өзі шебер меңгерген, тәрбиелеу мен оқытуды негізгі идеялармен және оны жүзеге асыруды ұсыныстармен таныстырады. Сонымен қатар, алдағы уақытта балалармен жұмыста қолдану үшін жеке практикалық тапсырмаларды орындау жүзеге асырылады. Мәселен, «мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қиялын көркем әдебиет, бейнелеу өнері арқылы, эксперимент арқылы дамыту». Коучинг –сессия-кеңесті дамытатын, дискуссия (сұрақ-жауап) арқылы интерактивті қарым-қатынас. «Мен үшін істей сал» қағидасы бұл жерде жүрмейді, педагогке нақты кеңестер мен ұсыныстар айтылмайды, тек кеңесшінің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, проблеманы шешудің жолдарын педагог өзі табады. Тағы бір жиі қолданылатын әдіс кез келген ашық іс-шараларды өткізерде педагогтердің табысқа жетелейтін «Көтеріңкі көңіл-күй әдісін» қолдану: 1. Адамдарға ұнағың келсе, күлімде! Күлімсіреу –қайғырғандар үшін күн сәулесі, келеңсіз жағдайларда табиғат берген уға қарсы ем. 2. Сіздер ең көрікті және әдемісіздер, сіздерге дүние жүзінің манекендері қызғанышпен қарасын.
3. Алтын монетамен тең адамдар бар: адам неғұрлым көп жұмыс жасаса, еңбегі соғұрлым қымбат бағаланады. 4. Сүйікті жұмыстан артық дос қажет емес: себебі жұмыс қартаймайды және сізге де қартаюға жол бермейді. 5. Қиындықтан ешқашан қорықпау керек: қиындықтар бақытқа апаратын жолда шынықтырады. Қорытындылай келе, педагог мамандармен сауатты ұйымдастырылған интерактивті әдістердің жұмыс жүйесі-мектепке дейінгі мекемеде тәрбиелеу мен оқыту деңгейінің сапасын көтеруге әсерін тигізіп қана қоймай, педагогикалық ұжымда ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, оқыту-тәрбиелеу үрдісі барысында проблемаларды бірлесе шешуге ықпалын тигізеді. «Әлемдегі әр адамның тағдыры әртүрлі, планета тарихы тәрізді, әрқайсысында өзіне тән ерекшелік бар және олардың өмірі бір-біріне мүлде ұқсамайды». Бұл жұмыста ең бастысы-әр педагогтің алтын кілтін табу және оны сол кілтпен аша білу...