Y –кезең. Экспозия (жарылу) – бұл дегеніміз эмоционалды қатты күйзелу, көбінесе адамдардың жақындарынан айырылғанда да пайда болады
Гештальт терапиялық процестердегі негізгі әдістің бірі - Монодрама немесе бос орындық. Бұл терапия процестерінің жалпы концепциясы – монодрама (немесе «бос орындық») деп аталады. Бұл эксперимент қандай да бір уақытты белгілемейді. Гештальт терапевт клиентті толық бақылауда ұстайды. Бұл кезде оның феномендерді қадағалап отыруын сұрайды. Феномен ретінде: эмоция, дауыс өзгеруі (дауыс ырғағының жуандауы, дірілдеуі, тұтығуы), мимика, жест, отырған отырысы, реакция беруі, денедегі түрлі сезімдер (терлеу, тоңу, тітіркену, қысылу) т.б. Бұл феномендер тек эксперимент барысында қарастырылады. Сондықтан бұл гештальт терапияның негізігі принципі «осында және қазір» деп аталады.
Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.
13.Нейроленгвистикалық бағдарламалар (НЛП). НЛБ қолданылу техникасын сипаттаңыз
Нейро-лингвистикалық бағдарламалау психология, лингвистика және неврологияның түйіскен жерінде пайда болған бағыт ретінде:
· НЛБ – бұл кемелдену жайлы өнер және ғылым, атақты адамдардың іс-әрекеттің әр аймағында өздерінің атақты нәтижелеріне қалай жеткендігінің зерттеу нәтижесі. Бұл коммуникативті шеберлікті өзінің жеке бастық және кәсіби тиімділігін жоғарлатқысы келетін әрбір адам меңгере алады.
· НЛБ – бұл жекелеген адамдардың өздерінің ерекше өмірлік тәжірибесін құрудан пайда болатын модель. Бұл өте күрделі, бірақ тамаша адам ойлары мен коммуникациясы жүйесін түсіну мен құрудың көптеген тәсілдерінің бірі ғана. НЛБ дүниетанымның белгілі позициясын және сол әлемде өмір сүру тәсілін бейнелейді.
· НЛБ – практикалық зат. Бұл өмір сүріп отырған әлемде тиімді ойлап және әрекет ету модельдері, шеберліктері және технологиялары. НЛБ мақсаты – пайдалы болу, таңдауды кеңейту және өмірді жақсарту.
НЛБ – да 3 негізгі элемент бар:
«Нейро» бөлігі неврологияға қатысы бар – жүйке жүйесі біздің ақылымыз бен тәніміздің арасын байланыстырушы.
«Лингвистикалық» тілге қатысты – бір – бірімізге және өзімізге тілі арқылы әсер етуіміз.
«Бағдарлау»
біздің ойларымыз бен әрекеттеріміздің қайталанатын бірізділігінің көмегімен өз мақсаттарымызға қол жеткізуіміз және біздің мінез – құлқымыз әкелетін нәтижелер.
НЛБ-дың қалыптасу тарихына келетін болсақ- НЛБ 1970 жылдардың басында пайда болды. Колифорниядағы Санта–Круз университетіннде лингвистика профессорының ассистенті Джон Гриндер мен сол университтеттің психология мамандығының студенті Ричард Бэндлердің бірлескен еңбектерінің жемісі болды. Ричард Бэндлер сонымен бірге психотерапияға қызығушылық танытты. Олар бірлесіп атақты үш психотерапевт еңбектерін зерттеді: психотерапия жаңашылы және гештальт-терапия мектебінің негізін қалаушы Фринц Перлз, көптеген психотерапевттер шешімін таппаған отбасылық мәселелердің шешімін тапқан, отбасылық терапевт Вирджиния Сатир және әлемге әйгілі гипнотерапевт Милтон Эриксон.
Бэндлер және Гриндер өздерінің жаңа мектептерін ашудан аулақ болды, олар тек атақты терапевтер қолданған паттерндерді анықтап, басқаларға жеткізумен айналысты. Оларды теориялар қызықтырған жоқ, олар практикады жұмыс істейтін және үйренуге болатын табысты терапия модельдерін құрды. Бэндлер және Гриндер осы паттерндерді ашып, іріктеп, тиімді коммуникацияда, тұлғалық өзгеруде, жылдамдатып оқытуда және өмірден ләззат алуда қолдануға болатын мықты модель құрды. Олар өз жаңалықтарын 1975-1977 жылдары жарық көрген төрт кітапта жариялады. НЛБ бойынша жарияланған әдебиеттер саны содан бері қарқынды жылдамдықпен өсуде.
Осы алғашқы модельдерден бастап, НЛБ 2 бағыт бойынша дамыды.
· Біріншіден, адам іс-әрекетінің кез-келген аймағындағы шеберлік паттерндерін табу процесі ретінде.
· Екіншіден, атақты адамдар тәжірибеден өткізген ойлау мен коммуникацияның тиімді тәсілі ретінде.
Бұл паттерндер мен тәсілдер өз бетінше қолданылуы мүмкін, бірақ сонымен бірге моделдеу процесінде кері байланыс ретінде де қолданылады. 1977 жылы Бэндлер және Гриндер Америкада бірнеше табысты семинарлар өткізді.
1976 жылы Бэндлер және Гриндер өз жұмыстарына атау берді – нейролингвистикалық бағдарлау – 3 қарапайым идеядан тұрады.
«Нейро» бөлігі неврологиялық процестерден бастау алатын көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу және түйсінуден тұратын фундаменталды идеяны бейнелейді. Біз дүниені өзіміздің бес сезіну мүшелері арқылы қабылдаймыз, ақпараттардың «мәнділігін» алып, онымен басшылық жасаймыз. Біздің жүйке жүйеміз тек қана көрінбейтін ойлау процестерінен ғана емес, сонымен бірге идеялар мен оқиғаларға деген көрінетін физиологиялық реакциялардан тұрады. Бірі екіншісінің қарапайым физикалық деңгейдегі бейнесі болып табылады. Тән мен ақыл адам мәнділігін көрсететін бірлікті құрайды.
«Лингвистикалық» бөлігі біздің тілді өз ойларымыз бен іс-әрекеттерімізді тәртіпке келтіру үшін және басқа адамдармен коммуникацияға түсу үшін қажет екенін көрсетеді.
«Бағдарлау» өз идеяларымыз бен әрекеттерімізде нәтижеге жетуге қажет ұйымдастыру тәсілдерін көрсетеді.