Жаратылыстану» білім саласы. Пәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен

Дүниетану

Пәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

- туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

- оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;

- күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;

- «адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;

- танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;

- картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;

- тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;

- танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;

- бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;

- адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;

- жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Пәнді оқыту ерекшелігі: 2013-14 оқу жылында «Шетел тілі» пәнінің
1-сыныпқа ендірілуіне байланысты «Дүниетану» пәні 1 сағаттан оқытылады. Ал 2-4-сынып оқушылары «Дүниетану» пәнін оқу жылы көлемінде аптасына
2 сағатпен оқуды жалғастырады. 2-сынып «Дүниетану» оқулығының жаңадан жазылып, пән мазмұнның өзгеріске ұшырауына байланысты, 1-4 сыныптар үшін тақырыптық жоспарлау үлгісі ұсынылды

Бастауыш сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсының тақырыптары «Дүниетану» пәні сабақтарына төменгідей кіріктіріледі:

Тақырыптар Сағат саны
1- сынып
1. Қоршаған әлем. Табиғат құбылыстары.
2. Адам.
3. Табиғат. Ауа райы.
4. Қыс.
5. Көктем.
6. Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні.
  Барлығы:
2- сынып
1. Адамныңайналадағыдүниеменқарым-қатынасы. Адам және табиғат.
2. Табиғат.Ауа.
3. Табиғат. Су.
4. Табиғат. Топырақ.
5. Өсімдіктердіңтіршілігі.Өсімдік – тіріағза.
6. Табиғатты қорғау ережесі.
  Барлығы:
3- сынып
1. Адам – табиғат перзенті.
2. Табиғат және адам.
3. Ауа. Су. Ауа райы
4. Тау жыныстары және оны қорғау. Мұнай және табиғи газ.
5. Адамдардыңөсімдіктіөзпайдасынажаратуы.
6. Бунақыденелілер.
  Барлығы:
4-сынып
1. Табиғат. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі.
2. Пайдалы қазбалар, олардың топтары.
3. Су. Су айналымы.
4. Ауаны ластаушы заттар.
5. Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс.
6. Қауіпсіздік ережелері.
7. Жер –ғарыш денесі.
  Барлығы:
Барлығы1-4 - сыныптарда 28 сағат

Адам және қоғам» білім саласы

Зін-өзі тану

Пән әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Пәннің мақсаты: оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу; өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту; өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу; қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Пәннің міндеттері:

- оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

- өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

- өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;

- адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;

- әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;

- белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;

- күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Пәннің оқыту ерекшелігі: оқушының өзіндік бейімін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде ретінде дамыту. «Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:

1) Өзін-өзі тану бақыты;

2) Адами қарым-қатынасқа үйренейік;

3) Адам болам десеңіз...;

4) Әсемдік әлемінде.

Оқыту үдерісі оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыруға, өз- өзіне, қоғамға қызмет етуге бағытталған.

Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағаттан: 1-сынып 33 сағатты, 2 – 4-сыныптар 34 сағатты құрайды.

Нер» білім саласы

Музыка

Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді.

«Музыка» оқу пәнінің мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана білуіне негізделген.

«Музыка» оқу пәнінің басты міндеті:

– оқушылардың музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып,

музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;

– музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын іске асыру: музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасау, суырып салу;

– оқушылардың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері және республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасы болып табылады. Бағдарлама музыкалық өнер дамуының заңдылықтарына негізделіп, оның өмірмен байланысына бағытталған.

Музыка пәнінің мазмұны тақырыптық топтардан құралып, бастауыш сыныптардың бірізді және жүйелі түрде дамуын көрсетеді. Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық құбылыстардың ауқымы кеңейеді.

Қазіргі заман технологиялары оқыту жүйесінің әдістемесіне негізделген. Бірінші–екінші сыныптардағы сахналық ойындар оқушылардың білімін толықтыра түсіп, коммуникативтик қызмет атқарады. «Ұстаз-шәкірт» технологиясы шынайы шығармашылық қарым қатынас қалыптастырады. «Жетістік» технологиясы окушылардың шағармашылық биігіне көтерілуне көмектеседі. Бастауш мектебінде саяхат-сабақ, концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы, репортаж-сабақ сыңды түрлі сабақ түрлері пайдаланылады.

«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны: 1-ші сынып аптасына 1 сағат, жылына барлығы 33 сағат; 2-4 сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат.

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері курсы өскелең жеке тұлғаның рухани қызметінің қалыптасу шарты болып табылатын эмоциялық-бейнелі, көркем ойлау түрін қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту мақсаттары:

- эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;

- қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;

- халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.

Оқыту міндеттері:

- өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;

- сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;

- жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;

- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;

- көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);

- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);

- балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;

- оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.

Пәннің негізгі ерекшеліктері:

- ықпалдастырылған модельде пластикалық өнердің алуан түрлері (кескіндеме, графика, мүсін өнері, көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер) қолданылған;

- Қазақстан және әлем халықтары өнерінің ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау өзектілендірілген;

- қазіргі заман өнерінің және өткен заман туындыларының бейнелі ерекшелігіндегі сабақтастық байланыстар айқындалады, мәдениетаралық қарым-қатынасқа және төзімділікке дайындық қалыптасады;

- аймақтық компонентті қосу, бейнелеу өнерін оқытудың шығармашылық тәсіл мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылған.

Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-шығармашылық қызмет мазмұны».

Осылайша блоктарға бөлу ерекшелігі мынада, бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады, екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.

Типтік оқу жоспарына сай бастауыш мектеп сыныптарында «Бейнелеу өнері» пәнін оқытуға аптасына 1 сағаттан, барлығы 135 сағат қамтылған.

Технология» білім саласы

Еңбекке баулу

Пәннің мақсаты: бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу.

Пәннің міндеттері:

- алғашқы жалпы еңбек және арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық мәдени негізін қалыптастыру;

- ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану;

- жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;

- өздігінен қажетті материалдардан түрлі бұйымдар құрастыру;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін, көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту;

- ұжымдық жұмыс істеуді ұйымдастыру.

Пәннің негізгі ерекшелігі – адам және қоршаған әлем арасындағы өзара байланысы, қоғам дамуындағы адам қызметінің рөлі туралы түсініктерін, алғашқы технологиялық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Еңбек оқушы дамуының (адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық) ең бір басты факторы болып табылады. Осы сатыда қалыптасатын дағды оқушының одан әрі дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім және білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады.

2013 жылы оқу бағдарламасының ауысуымен 4-сынып оқулығында «Сым темірмен жұмыс», «Фольгамен әшекей бұйымдар жасау», «Қошқар мүйіз оюының орындалу реті» тақырыптары қарастырмауына орай мұғалім пәнді оқытуды жоспарлауда өзге тақырыптармен алмастыра алады.

Еңбекке баулу пәніне аптасына 2 сағат, бағдарламалық материалды меңгеру үшін жылына: 1-сыныпқа – 66 сағат, 2–4-сыныптарға 68 сағат қарастырылған.

Наши рекомендации