Тақырып бойынша тапсырмалар. 1. Кохлеарлы имплантация мен есту аппараттарының жұмыс істеу қағидаларын салыстырыңдар
1. Кохлеарлы имплантация мен есту аппараттарының жұмыс істеу қағидаларын салыстырыңдар.
2. Кохлеарлы имплантацияға үміткерлерді сурдопедагогикалық тексеру туралы байндама дайындау.
3. Үміткерлердің ауызша сөйлеу тілін естіп қабылдауын бағалау үшін жүргізілетін жұмысты сипаттау.
7 Дәріс. Кохлеарлы имплантталған балалардың сөйлеу тілін естіп қабылдауын оңалту
1. Кохлеарлы имплантталған балаларды оңалтудың негізгі кезеңдері
2. Кохлеарлы имплантталған балалардың естіп сөйлеу тілін дамыту
1. Кохлеарлы имплантталған балаларды оңалтудың негізгі кезеңдері
Кохеларлы имплантациядан кейінгі түзету – педагогикалық жұмысқа ғалымдардың айтуы бойынша мыналар жатады: сөйлеу процессорын дұрыс түзету, қоршаған дыбыстар мен сөйлеу тілін қабылдауын дамыту, ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту. И.В.Королева, О.С.Жукова, Koch.M.E, Moog.J.S, J.K.Niparko айтуларынша, кохлеарлы имплантациядан кейін естіп қабылдауы неғұрлым тез дамыса, ауызша сөйлеу тілін меңгеруі де соғұрлым тез және оңай жүреді. Кішкентай баланың КИ көмег
імен қоршаған орта дыбыстарын қабылдау, ажырату, тану және түсініп, оны сөйлеу тілін дамыту үшін қолдану түзету – педагогикалық жұмыстың ең басты мақсаты болып табылады. Ол үшін мектеп жасына дейінгі балаларды операциядан кейінгі реабилитация келесі компоненттерден тұрады:
1. КИ сөйлеу аппаратын түзету.
2. Естіп қабылдауы мен сөйлеу тілін дамыту.
3. Баланың жалпы дамуы (вербальды емес зиятын, моторикасын, есте сақтауын, зейінін және т.б. дамыту).
4. Баланың отбасымен жақындарына психологиялық көмек көрсету.
Естімейтін балалардың естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамытуға арналған коррекциялық – педагогикалық шараларды өткізуге арналған зерттеулер жүргізілген. Зерттеулер нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың жасерекшелігі бір топта болғанына қарамастан, операциядан кейінгі коррекциялық жұмыстың нәтижесі келесі факторларға байланысты:
1.КИ жасағанға дейінгі есту тәжірибесінің болуы және естіп қабылдаудың даму деңгейі.
2.Баланың сөйлеу іс – әрекеті мен тілдік қабілетінің даму деңгейі.
3.Жеке психологиялық ерекшелігі.
4.Қосымша бұзылулардың болуы (көру қабілеті, зияты және т.б.).
5.Түзетуге ата – анасының белсенді қатысуы.
6.Хирургиялық операцияның сәтті өтуі.
7.Сөйлеу процессорын адекватты түзету.
8.Ки тұрақты тағып жүру.
9.Есту және сөйлеу дағдыларын дамытуда жағымды жақтың пайда болуы.
Кішкентай балалардың сөйлеу процесорын іске қосып, оны түзету өте қиын. Өйткені олар өздерінің сезімдерін білдіре, жеткізе алмайды. Сол үшін де дыбысқа шартты қозғалыс рефлексін (ШҚР) дамыту үшін арнайы педагогикалық сабақтар өткізілуі керек (мысалы, барабанды ұрғанда немесе «па–па–па» буынын айтқанда пирамидкаға шеңберлерді кіргізу, қорапшаға шарларды лақтыру және т.б).
Барлық естімейтін балаларға КИ жасалғаннан кейін олар ең тыныш дыбыстарды да естіп ажырата алады. Имплантация жасалғаннан кейінгі олармен жүргізілетін түзету жұмысының басты бағыты ол естіп қабылдауын дамыту. Королева.И.В ерте жастағы естімей қалған балаларға имплантация жасалғаннан кейін естіп қабылдауын оңалту жұмысының 4- кезеңін қарастырған:
1. Кохлеарлы имплантпен естіп қабылдауын және сөйлеу тілін естіп қабылдауын дамытудың бастапқы кезеңі. Ұзақтығы – 3 – 12 апта.
2. Кохлеарлы имплантпен естіп қабылдауын және сөйлеу тілін естіп қабылдауын дамытудың негізгі кезеңі. Ұзақтығы – 6 – 18 ай.
3. Сөйлеу тілін және өз сөзін қабылдауын дамытудың тілдік кезеңі. Ұзақтығы – 5 жыл одан да көп.
4. Байланыстырып сөйлеу тілі және күрделі мәтіндерді түсінуін дамыту кезеңі.
Сөйлеу тілін естіп қабылдауының және ауызша сөйлеу тілінің дамуының кезеңдеріне сәйкес естімейтін балаларға кохлеарлы имплантация жасалғаннан кейінгі оңалту жұмыстары жүргізіледі.
2. Кохлеарлы имплантталған балалардың естіп сөйлеу тілін дамыту
КИ процессорын іске қасып түзеткен соң, баланың есту табалдырығы 25-40 Дб, демек, І деңгейдегі нашар естушілікке сай келеді. Мектепке дейінгі І деңгейдегі нашар еститін баланың қандай екенін кез келген маман біледі. Егер қосымша ауытқулары жоқ болса, қалыпты дамып келе жатқан бала. Ол айтқан сөздерді жақсы түсінеді, сәл кешеуілдеп болса да, фразалық сөйлеуі дамиды. Дауысы анық, жарқын және мәнері қалыпты болып келеді. Бұндай балалардың есту қабілеті зақымдалғанын кейде байқамай, көбіне логопедиялық бақшаларға барады. Логопедиялық түзету жұмысының арқасында бұл балалардың сөйлеуі қалыпқа келіп, кейін жалпы білім беретін мектепте оқып, оны да жақсы бітіріп шығуы мүмкін. Тек аз ғана ана тілінің грамматикасынан қиналуы мүмкін.
КИ алғашқы айларда қолданан бала біз жоғары да айтқан балаға мүлде ұқсамайды. Дегенмен, екеуінің де есту табалдырығы бірдей. Сөйлеуді түсінуі мен өзбетімен сөйлеу тілінің жағдайы естімейтін балаға ұқсас болады. Біз зерттеу жұмысымыз кезінде, имплантация жасатқан мектепке дейінгі балаларды бақылағанда, олардың өздеріне айтылған сөзді түсінбейтінін, мүлде сөйлемейтінін және сөйлесе де аз ғана сөздерді өте дөрекі бұзып айтатынын байқадық. Имплантацияға дейін сөйлетіп үйреткен балаларда, естімейтін балаларға тән мыңқылдап сөйлеу, күшеніп сөйлеу байқалды. Кейбір балалар ересектердің артикуляциясына еліктейді, бірақ бұл дыбыссыз еліктеулер. Дауыстары айқайлағанда ғана шығады. Бірақ прогрессивті есту қабілетін жоғалтқан балалар(2-3 жасында есту қабілетін жоғалтқан балалар) мен 6 айдан бастап есту аппаратын тағып жұмыс істеген балаларда бұндай кемшіліктер байқалмайды /57/.
КИ процессорын іске қосып түзеткеннен кейін, балаларды тыныш/салдырмен шығатын және сыбырлап айтылған дыбыстарға(4-6 метрден [с], [ш], [ц] дыбыстарын) шартты реакциясын қалыптастырамыз. Бірақ, өте тыныш жерде өзінің атын да ажырата алмайды және қоршаған орта дыбыстарын танымайды. 1-3 ай өткен соң, қоршаған орта дыбыстарына назар аудара бастайды және естіген сөзін қайталауы мүмкін. Бұл дегеніміз мамандарды таң қалаларлық жағдайда қалдырады /37/. Олар көбіне: «Қалай сонда, бала естиді, сыбырлап айтқанды қайталайды, ал менің қалыпты дауыспен айтқан сөзімді түсінбейді?».
Бұны түсіну үшін мынадай қарапайым аналогияны келтірейік. Нашар көретін оқи алмайтын, испан тілін білмейтін адамға испанша кітап және көзілдірік беріп, кітапты оқуын сұрайық. Ол көзілдірікті киіп, әріптерді көреді, бірақ оны түсінбейді. Ол әріптер ол адам үшін жай ғана қара сызықтар.ол қалай оны оқып береді? Ол әріптерді білмейді, оларды қосып сөз бен сөйле де құрай алмайды. Ол әріптерді тез үйреніп алуы мүмкін. Бірақ, оқығанын түсіну үшін, өте көп уақыт керек. Немесе жапон тілін білмейтін адамды жапондардың арасына апарып тастаса, ол бәрін естиді, бірақ түсінбейді. Ал жапонша түсініп, өз бетімен сөйлеуі үшін оған біршама уақыт керек.
Міне КИ бала осындай жағдайда. Ол әртүрлі дыбыстарды ести бастайды, бірақ бастапқы кезде олардың мағынасын түсінбейді. Мектепке дейінгі бала кейбір сөздерді заттық мағынасымен сәйкестендіруді тез үйреніп алуы мүмкін, бірақ сөйлеуді түсінбейді. Себебі, оның жадында сөздердің мағынасы, олардың өзгеруі мен сөйлемдерде байланысуы жайлы ақпараттар жоқ немесе өте аз.
Көптеген сурдопедагогтардың КИ балалармен кішкене жұмыс істегеннен кейін, ата – аналарына: «Неменеге КИ жасаттыңдар, ол сол естімейтін қалпынан түк өзгерген жоқ» деп айтқандарын талай рет тәжірибеде көрдік. Бұндай жағдай көбінесе, операцияға дейін қалдық естуін дамытпаған балаларда кезедеседі. Өкінішке орай, бала есту аппаратын бақшада түске дейін ғана тағып, ал үйде «бәрібір естімейді» деп мүлде тақпайтын жағдайлармен жиі кезедесеміз. Осындай жағдайда, бала өзінде бар қалдық естуін қолданбай, нәтижесінде есту орталықтары дамымайды. Ол тек сабақта ғана естиді! КИ процессорын қосқаннан кейін, баланың назарын, қызығушылығын қоршаған дыбыстарға аудару жұмысы 2-3 ай бойы мақсатты бағытталған түрде жүруі керек. Бала өз бетімен қоршаған дыбыстарға назарын аударып, таныс дыбыстарды білгенше жалғасады.
Міне, осы кезде кез келген сурдопедагог КИ баламен есту аппаратын таққан естімейтін баланың сөйлеуін дамытудың айырмашылығын түсінеді. Есту аппараттын таққан естімейтін балаға қарағанда, кохлеарлы имплантталған баланың есту дағдылары спонтанды тез дамып, сосын айтқан сөзді түсінуі және өзінінің сөйлеуі тез дамиды /20/. Спонтанды дамуы деп, біз балаға сөздер мен грамматикалық ережелерді мақсатты бағыттап оқытпай – ақ, қоршаған адамдардың сөздерін ести жүре, өз бетімен үйреніп алуын айтамыз. Естімейтін бала сабақта үйреткен сөзді немесе бір дыбысты есінде сақтап, кейін сол сөзді күнделікті тұрмыс жағдайында естіп тануы қандай қиын екенін және оған қанша көп уақыт керек екенін кез келген маман біледі. Баланың грамматикалық ережелерді меңгеруі одан да қиынға соғады, мысалы, септелуі немесе жіктелуіне байланысты сөздердің өзгеруі. Естімейтін бала естіп көру арқылы ғана меңгере алады, оның өзінде бұл материалды әр сабақта кіргізіп, сөздерді дұрыс қолдануын әр уақытта бақылап отыру керек. Олай болмаған жағдайда, бала бәрін ұмытып қалады. Ал енді үш жасар есту аппаратын таққан естімейтін бала анасына келіп, теледидардан естіп «Комедия деген не?» деп сұрайды деп, немесе аулада ойнап жүріп, балалардан естіген сөзін келіп, анасынан сұрайды деп ойлайсыз ба?
Ерте жастан, екі жасқа дейін кохлеарлы имплантация жасалған балаларда, ешқандай қосымша ауытқулары болмаса, дыбыстық сигналдарды талдау және сөйлеуді қабылдауын дамытудың негізгі үрдістерін қалыптастырғаннан кейін, өз сөйлеу тілі мен қоршаған дыбыстарды қабылдауы спонтанды жүзеге асады.
Кохлеарлы имплантация екі жастан асып кеткенде жасалса, онда сөйлеуді түсінуі мен өз сөйлеу тілінің спонтанды даму үрдісі кеш жүреді. Бұл үрдістің дамуы, баланың имплантацияға дейін қалдық естуінің, ауызша сөйлеу дағдыларының дамуына және қосымша ауытқуларының бар болуын байланысты /21/. Егер бала 6-8 айында есту аппаратын тағып, қалдық естуін дамытса және былдырдың даму кезеңдерін өтіп, алғашқы сөздері мен қарапайым фразаларды қолданса, онда сөйлеу процессорын қосқаннан кейін 1-2 айдан соң, сөйлеуді түсінуі мен өзінің сөйлеуі спонтанды дами бастайды.
Ешқандай нашар еститін немесе естімейтін бала өздерінің есту сезімталдығы бойынша, бастапқы кезеңдегі кохлеарлы имплантталған балаға ұқсамайды. Сол себептен де, көптеген сурдопедагогтарға КИ балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі мен мәселелерін бастапқы кезде түсіну өте қиын. Туғаннан естімейтін кішкентай бала, дәл сенсорлы алалияның (дәлірек айтсақ, сенсомоторлы) үлгісі болып көрінеді. Бастапқы кезде бала бәрін естиді, бірақ көбіне назар аудармайды. Ол сабақ кезінде сыбырлап айтқанды естігенде шарикті қорпшаға сал деген тапсырманы оңай орындап шығады, ал сабақтан тыс уақытта артынан атын атап айқайлағанда назар аудармайды. Сосын ол, барлық дыбыстар мен сөздерді естиді, бірақ олардың қай затқа қатысты екенін білмейді, сөзді түсінбейді, бірақ қайталайды. Сондай – ақ, екі жастан аысп кеткен балаға имплантация жасалғанда олардың ұзақ уақыт есте сақтаулары нашар екені анықталған /20/. Бала сабақ кезінде жаңа сөзді тез ұғып алады, кейін ол сол сөзді тек қайталайды, сәйкес келетін суретті немесе затты көрсете алмайды және өзінің сөйлеуінде қолданбайды. Бұдан мынадай қортынды жасауға болады: КИ бала дыбыстар мен сөздерді дыбыстық сигнал ретінде есту арқылы тез талдайды, ал сөздерді лингвистикалық сигнал ретінде талдау үрдісі баяу қалыптасады. Сонымен қатар, сөздердің есту бейнесі мен оның мағынасы арасындағы байланыстың қалыптасуы да осыған жатады. Яғни бас ми қабығының есту орталықтарының дамуының және осы орталықтардың көру және қозғалыс орталықтарымен байланысы қалыптасуының бұзылғанын көрсетеді./37/.
Бұл дегеніміз бала алғашқы 12-18 ай бойы естімеген, нәтижесінде есту орталықтары дамымаған. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, дәл осы кезеңде ми қабығының түрлі орталықтары арасында анатомиялық (нйрондық деңгейде) және функционалдық байланыстар қалыптасады. Көру және есту бейнелері арасындағы байланыстар да қалыптасады. Есту орталықтарына дыбыстық сигналдардың, көру орталықтарына көру сигналдарының бір уақытта келуі арқылы жүзеге асады. Бала сылдырмақтың дыбысын естиді, оны көреді және қолымен ұстайды дауысын шығарып өзі сылдырлатады. Бала сылдырмақтың дауысын көру арқылы алған бейнелерімен және тактильді сезімдерімен байланыстырады. Ал кейін, бала сылдырмақты көрмей – ақ, оның даусын естігенде, сылдырмақ екенін біліп іздейді. Тапқан соң қолына алып, өзі сылдырлатады. Міне, осылай балада заттың күрделі полимодальды (есту–көру-тактильді) бейнесі қалыптасып, өмір бойына есінде сақталады /31/.
Ал енді, біз сылдырмақтың сылдырын естідік делік. Бірден жадымызда сылдырмақтың бейнесі келеді, тіпті оның жұмыр пластмассасын да сеземіз, оның сылдырлағандағы қозғалысын, вибрациясын сеземіз. Сондай –ақ, ойымызға «сылдырмақ» сөзі келеді. Осының бәрі, мидың әртүрлі орталықтары арасындағы байланыстың арқасында болады, есту, көру және сенсомоторлы ақпараттар өңделеді.
Сөзбен де дәл осылай жүреді. Анасы баласына ойыншық күшікті бере отырып, «аф-аф» деп атайды. Ойыншықтың көру –тактильді бейнесіне, оның белгісі – сөз қосылады, оны бала есту арқылы есту арқылы есте сақтап қалады, кейін анасының артикуляциясына қарап, еліктеп өзі сол сөзді айтады. Басында баланың айтқаны ересектің сөзіне мүлде ұқсамайды. Бірақ, кейін көп қайталағанның арқасында артикуляциясы нақтыланып, естіген сөзіне ұқсатып айтады. Осы кезде баланың миында есту –сөйлеу және сөйлеу –қозғалыс орталықтары арасында байланыс қалыптасады.
Туғаннан естімейтін балалар есту аппаратын тағып, 10-12 айында түзету жұмысын жүргізсе де, есту-сөйлеу және сөйлеу-қозғалыс орталықтарының дамуы үшін сезімтал кезеңнің көп бөлігін жоғалтып алады. Демек, осы жасқа дейін қалыпты балаларда ана тілінің фонетико-фонематикалық жүйесі қалыптасып, негізгі есту-сөйлеу-қозғалыс бағдарлауы дамиды. Бала ана тіліне тән дыбыстарды айта бастайды. Сырт қарағанда, баланың тілі бір жастан асқанда ғана шығатын сияқты болып көрінеді. Бірақ, осы кезде баланың миы есту арқылы және қоршаған адамдармен қарым – қатынас нәтижесінде сөйлеуінің дамуына қажетті көп ақпарат жинап дами бастайды. Бұл осы жастағы баланың миының даму ерекшелігімен анықталады /52/.
Баланың – ата анасы, тіпті мамандардың өздері кохлеарлы имплантация жасалғаннан кейін бала сөйлеп кетеді деп ойлайды. Бәрі баланың алғашқы сөздерді айтқанын күтеді. Бірақ, бала сөйлеп және сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауы үшін, әртүрлі сөздерді естіп танығаны жеткіліксіз болады. Ол үшін тағы да екі маңызды жағдайды ескеру қажет.
Біріншіден, қалыпты сөйлегенде дыбыстар тез-тез алмасып, сөздер мен сөйлемдер пайда болады. Осыған байланысты бала да дыбыстарды тез-тез айта білуі керек. Бұл икемділік, артикуляция, дауыс шығару мүшелерінің және тыныс жүйесінің жұмысын бағдарлау және басқаруының дамуымен байланысты /26/.
Қалыпты балаларда сөйлеу дағдылары 2-4 айында гуілдеу кезінен басталады. Дауыс қатпарларының тербелісі мен тынысты бағдарлау қалыптаса бастағанда, бала ересектің мәнері мен артикуляциясына еліктей бастайды. 4-6 айында балада былдыр пайда болады (дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркесі), ал жасқа келгенде алғашқы сөздері пайда болады. Ана тілінің дыбыстарын айтуының қалыптасуы 5-6 жасқа келгенде аяқталады /36/. Қалыпты балаларда сөйлеу кезіндегі артикуляция мен дауыс шығару және тыныс жүйесі жұмысының бағдарын қамтамасыз ететін мидың әртүрлі орталықтарының өзара байланысы, бала өмірінің алғышқа екі жылында қалыптасады.
Естімейтін балаларда туа пайда болған қозғалыс реакциясы ретінде гуілдеу мен ерте былдыр пайда болады. Естудің жоқтығынан, былдыр дамымайды, 6-8 айында есту аппаратын тағып, түзету жұмысын жүргізбесе, 1,5 жасында бала мүлде сөйлемейді. Ал егер бала сөйлемесе, мидағы тыныс, дауыс шығару және артикуляция орталықтарының арасындағы байланыстың дамуының сезімтал кезеңі өтіп кетеді, осы мүшелер мен жүйелерді бағдарлап басқару да қалыптаспайды. Сол себептен, имплантацияға дейін естімейтін баланың сөйлеу-қозғалыс және естумоторлы бағдарлауының дамуын көп көңіл бөлу керек. Бала сөйлемей қалмауы керек! Бала сөйлемей қалса, кейін қалыпты сөйлеуін қалыптастыру өте қиын болады.
Екіншіден, бала өзінің дауысын, тіпті анық сөзі жоқ болса да, гуілін, былдырын қарым – қатынас құралы ретінде қолдану икемділігін қалыптастыру керек.
Үшіншіден, бала сөйлеуі үшін, не айту керек екенін білу керек. Бала көптеген сөздердің мағынасын, оларды қалай өзгертетінін және сөйлемде байланыстыра білуі керек. Бұл баланың жадында енжар (импрессивті) сөздігі мен грамматика жайлы білімінің жиналуымен байланысты. Егер біз баланы дыбыстарды дұрыс айтуға және сөздерді қайталауға үйретіп, бірақ айтып отырған сөзі немесе сөйлемі нені білдіретінін түсінбесе, онда ол бала өз бетімен ешқашан сөйлемейді. Егер бала сөздердің мағынасы білсе, оларды қолданып сөйлем құраса, онда қоршаған адамдармен сөйлеу арқылы қарым –қатынас жасайды. Міне, ең маңыздысы осы. Тіпті ол айтқан сөздері немесе сөйлемдері түсініксіздеу болса да. Бұны мынадай жағдаймен салыстыруға болады: бізге тілін білмейтін шетелдікпен сөйлесу керек. Біз оның айтқан сөздерін, асықпай айтса сөйлемдерін де қайталап бере аламыз. Бірақ бірде бір сөзін түсінбейміз және не жауап берерімізді білмейміз. Ал егер біз оның тілін білсек, онда одан сұрап немесе жауап беріп, сөйлесеміз.
1. Ерте естімей қалған (долингвальды) пациенттер– сөйлеу тілі қалыптасқанға дейінгі есту қабілетін жоғалтқан адамдар. Бұл пациенттердің көп бөлігі – ерте жастағы балалар. Бұл топ біркелкі емес, бірнеше топшаларға бөлінеді:
· Есту тәжірибесі бар балалар. Бұл топқа сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін есту қабілетін жоғалтқан балалар (1-5 жас, перилингвальды кезең) жатады., Неғұрлым есту қабілетін кешірек жоғалтса және есту қабілетін жоғалту уақытымен имплант жасалған уақыттың арасы неғұрлым аз болса бұл балаларда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік соғұрлым жоғары береді. Сондай – ақ бұл топқа тұрақты ЕА таққан балалармен прогрессивті құлақ мүкістігі бар балалар жатады /31/.
· Есту тәжірибесі жоқ балалар. Нәтиже имплант жасалған жасқа байланысты:
· 3 – жасқа дейінгі жаста жасалған имплантация, жақсы ұйымдастырылған реабилитация мен балада қосымша бұзылыстар болмаған жағдайда тиімді нәтижелер береді;
· 3 – 7 жаста жасалған имплантация ЕА қолдану тәжірибесіне, имплантация жасалған кездегі сөйлеу тілінің даму деңгейіне, имплант жасалған жасына, эмоционалды – ерік сферасының, зейінінің, есте сақтауының жағдайына, реабилитацияны ұйымдастыру процессіне байланысты нашар нәтижеден жақсы нәтижеге дейін қол жеткізуге мүмкіндік береді.
· 7 – 15 жастағы имплантация көптеген факторларға байланысты нашар нәтиже де, жақсы нәтиже де береді.
· 15 – жастан асқан уақытта жасаған имплантация естіп сөйлеу тілін қабылдау мен сөйлеу тілінің дамуының мүмкіндігі шектеулі, бірақ КИ беретін мүмкіндігін дұрыс түсінген жағдайда және баланың еститін ортаға біріккісі келген жағдайда коммуникативті дағдылары дамып, өмір сүру жағдайы жақсарады. Егер естімейтін бала «еріннен оқу» дағдысын жақсы меңгеріп, ауызша сөйлеу тілін қарым – қатынас құралы ретінде пайдаланса, онда КИ есту – көру арқылы қабылдауын жеңілдетеді.
· Естімейтін ата – аналары бар балалар. Бұл топқа жататын балалардың естіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының нәтижесі имплант жасалған уақытпен көптеген факторларға байланысты. Бұл топтың ерекшелігі отбасында сөйлеу ортасын ұйымдастыру қиындықтарымен байланысты.
Ерте естімей қалған балалардың сөйлеу тілін қабылдау үшін КИ қолданудың тиімділігіне жағымды әсер ететін жалпы факторларға тоқталайық /49/:
1. Ерте жаста жасалған имплантация (имплантация неғұрлым ерте жасалса, соғұрлым тиімді нәтиже болады).
2. Есту тәжірибесінің болуы (есту қабілетін 1,5 – 3 жастан кейін жоғалту, есту қабілетінің прогрессивті төмендеуі, ерте жастан естуді протездеу және тұрақты ЕА тағу).
3. Есте сақтауында, зейінінде, зиятында қосымша бұзылыстардың және спецификалық сөйлеу бұзылыстарының болмауы.
4. Коммуникативті және таным дағдыларының, ауызша сөйлеу тілінің, оқу және өз сөйлеу тілі мен естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамыту үшін маңызды басқа да дағдылардың қалыптасқандығы (жасына байланысты).
5. Ұзақ уақыт бойы естіп сөйлеу тілін қабылдауды дамыту жұмысын жүргізуге қолайлы жағдайдың болуы және ата – анасымен жақындарының белсенді қатысуы.
6. Есту қабілетін қолдану мен оны дамыту үшін жүйелі жұмысқа деген ынтасының болуы.