Дәріс № 1 Бос уақытты ұйымдастыру пәні

1) Балалардың бос уақытында ұйымдастыру ұғымы

2) Бос уақыт ұғымының мәдени-психологиялық негізі

3) Бос уақытты зерттеудің педагогикалық негізі

 
Баланың бос уақыты-бұл баланың жеке тұлғасының үйлесімді,жан-жақты дамуы үшін арналған.Өзінің мазмұны және өзінің мүмкіндіктерінің елеулі үлкен резерв болып табылады.

Бос уақыт- бұл жеке тұлғаның кеңітілген рухани өндірісінің міндетті түрдегі шарты болып қарастырылады.Адам еңбек ете алады,дем алады.Бірақ ғылымды меңгеру,білімін жан-жақты дамыту үшін,уақытын тиімді өткізбесе дұрыс уақатын бөлмесе,ол ешқашан дем алмайды.Сонымен қатар ешқандай кеметілген өндірісінің рухани күштері болмайды. “Бос уақытты ұйымдастыру ” пәні-баланың бос уақытын ұйымдастыра білетін баланың болашақ өмірін ұтымды пайдалана алады.Бос уақыт кез-келген адамға өте қажет.Өкінішке орай кейбіреулер оны дұрыс қолдана алмайды.Сондықтан қоғам өз алдына,мынандай әлеуметтік маңызды мақсат қойып отыр.Бос уақыт-ды мәдени түрде қолдануға тәрбиелеу,оны рационалды түрде ұйымдастыра білу.

Бос уақыт - бұл «демалыс» сөзінің синонимі. Бос уақыт – негізгі жұмыстан, тіршілік қарекетінен босап, өзге бір нәрсемен айналысуға кететін уақыт.Бос уақыт – бұл жұмыс уақытынан тыс уақыт.Ол адамда белгілі бір жұмыстарды орындап болған кезде пайда болады (ұйқы, тағам қабылдау, үй шаруасымен айналысу және т.б.). Бос уақыт мәселесі (Ф.С.Махов, А.Т.Куракин, В.В.Фантьянов және т.б.) мектептен және сыныптан тыс жұмыстар (Б.Э.Вульфов, Л.Н.Николаева, М.М.Потошник және т.б. )және сабақтан тыс уақыттар (Л.К.Болясная, Т.В.Сорокина және т.б.) зерттеулерінде көрініс тапқан. Бірақ бос уақыт сөзін бос болумен салыстыруға бола ма? Жоқ, бос уақыт барлығында бар, бірақ ол барлық адамға тән емес. Бос уақыт деп іскерлік, қарым-қатынас, ойлау қабілетін айтады. Көптеген талқылаулар бос уақыт сөзінің не екенін түсінуді қиындатады.

Ағылшын тілінен аударғанда бос уақыт сөзі латын сөзіне ұқсас келеді (Ligere), ол: «бос болу» деген мағынаны білдіреді. Латын тілінен француз тіліне аударсақ (Lousir), «рұқсат етілген» деген мағына береді. Бұл сөздер бір-біріне ұқсас келеді. Ежелгі Грек елдерінде бос уақыт сөзі «қажеттіліктің ықпалынсыз дамыған іскерлік» деген мағынаны білдіреді.

Макс Каплан бос уақыт – бұл қандай да бір түзеуге арналған іскерлік түрі деп санайды. Бос уақыт сөзін мәдениет элементінің негізгісі деп түсіну керек.

Бос уақыт анықтамасы төрт негізгі топтан тұрады:

- Бос уақыт іскерлік сияқты – жұмысқа қатысы жоқ іскерлік ретінде сипатталады;

- Бос уақыт, таңдау уақыты сияқты.Бұл уақыт әр түрлі қолданылуы мүмкін, сонымен қатар жұмыспен байланысты немесе байланысы жоқ іскерлік ретінде қолданылады.Адам бос уақытында өз міндетіне кірмейтін тапсырманы орындайды.

- Бос уақыт сөзі уақыт сөзін және оған деген көзқарасты қарастырады.

Жоғары сыныпоқушыларының, ересектердің бос уақытын тиімді өткізуіне келесі негізгі мінездемелерді жатқызуға болады:

- Бос уақыт физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік аспектілерден тұрады.

- Бос уақытта жеке тұлға қалыптасып, дамиды.

- Жастар бос уақытында тәуелсіз және бостандықта болуды қалайды.

- Бос уақытта жоғары сынып оқушыларының іскерліктері қалыптасады.

- Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырады.

- Жоғары сынып оқушыларының өз-өзіне баға беруіне ықпалын тигізеді.

- Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне әсер етеді.

- Бос уақыт-белсенділік, жақсы демалу.

- Жасөспірімнің бос уақыты кең мағынада беріледі.

А.В.Даринский бойынша, бос уақыт әрекеті – адамға жоғарғы дәрежедегі шығармашылыққа жетіп, мамандығынан сырттай өзінің әрекетін кеңейтуге көмегін көрсетеді..

Сонымен, бос уақытты күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру қажет.Ол адамның өзіндік әрекетінің түрі, көңіл көтеруі, шығармашылықпен айналысуы.

Атап өтсек, ғылым үшін «бос уақыт» ұғымының мазмұны көп мәнді келеді, осы ұғым «мәдени-ағартушылық жұмыс», «мектептен тыс білім беру», «мәдени бос уақыт әрекеті», «әлеуметтік мәдени әрекет» деген терминдермен сипатталуы мүмкін.Бұл біздің мемлекеттегі тарихи процестің қарқынды жүріп, білім беру саласындағы терминологиялық өзгеруіне заңды ықпалына байланысты.

ХХ ғасырдың ІІ жартысында үлкендер мен жұмысшы жастардың бос уақытының теориялық аспектілері белсенді түрде қарастырылған (М.А.Ариарский, И.М.Болотников, Д.М.Генкин, Е.Я.Зоазерский, Г.А.Евтеева, В.Н.Орлов, В.Е.Триодин және т.б.).

Бос уақытты ұйымдастырудың негізі өзіндік реализациясы заңдылықтарын Л.Г.Брылеева, В.П.Лаврентьев, А.А.Стукало және т.б. қарастырған.Атап айтсақ, сол кезде-ақ Е.И.Добринская, Э.В.Соколов бос уақыт потенциалын дамытатын проблеманы ашып зерттеген. Олар былай жазған, «бос уақыт белсенді емес демалыстан және көңіл көтеруден жоғары болған жоқ, алайда белсенді емес уақыт өткізу, күш жинауға арнайы жағдай жасамайды, гармониялық даму жайында айтпай тұрғанның өзінде».

90-шы жылдары әлеуметтік мәдени сферасында тапсырмалардың, мақсаттардың және мазмұндардың мәнін қысқарту (сужение) жалғасты. «Мәдени – бос уақыт әрекеті» түсінігі көп жағдайда демалысты және көңіл көтеруді ұйымдастыру жұмысы болып табылды.Көптеген зерттеушілер (Т.Г.Киселева, Ю.Д.Красильников, Ю.А.Стрельцов) бос уақыт феномені оқушылар мен балалардың дамытушы әрекеті ретінде нашар қарастырылғанын атап өткен.

Біз жеке тұлғаның дамуы тур көз қозғағанда оның өмірлік бейнесі,оның тәрбиеленіп отырған,қоғамның жағдайына көз жүгіретініміз сөзсіз.Жеке тұлғаның қалыптасуы үрдісі және бір-бірін қамтамасыз етіп отырады.Егер адам өзі белсенді болмаса,жеке тұлғасының дамуына арналған.Жағымды жағд-р сол қалпында жүзеге аспай қалуы мүмкін.Бос уақақыттың әр түрлі болуы оны пайдалы істермен айыра білуі,яғни бір уақытта материалды және рухани деңгейінің жоғарыда болуын қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаның рухани сапалары тәрбиелеудегі бастапқы роль.Отандық және әлеуметтік мәдени құндылықтарды ,қолдану іскерлігі әрине мектеп аясына тән.Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра отырып,ьос уақ-ң мәдени ұйымдастыру дағдыларымен іскерліктерін меңгерте отырып,біз тек қана, білім беру кезеңіндегі тәрбиелеу үрдісінің эфектілігін көтерумен қатар болашақтағы жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үрдісіне қажетті алғы шарттарды құрамыз.Мектептегі тыс жұмыстар қоғамдық белсенділікті дамытатын,балаларды қоғамдық пайдалы әрекетке деген қабілетін шығаратын бос уақытын қоғамға,адамға пайдалы әрекет жасауға болатындай жоғары дәрежеде болуы қажет.

Осы келе жатқан ұрпақтың қызығушылықтары енді ғана қалыптасып келді және олардың үйлесімді дамуы мақсатқа бағытталған тәрбиелік әсерге тәуелді болды.Бос уақытты ұйымдастыру барлығына,әсіресе ата-анаға,мұғалімге,қоғамға қатысты.Мектепте бала жаңа білімд,дағдыны,іскерлікті иемдену үшін көп күш жұмсайды.Қоғамның рухани және материалды мәдениетін құруда,олардың белсенді болуы сирек кездеседі.Бұндай белсенді ролді иемдену оның жеке тұлғасының дамуы мен қалыптасуына,оның азаматтық сана-сезімінің қалыптасуына өте қажет болып табылады.Осыны ескере отырып,біз балаға бос уақытын ұйымдас-ы тек ойын-сауықпен,демалыспен,танымдық әрекетпен байланыстырмай,сонымен қатар еңбек әрекетімен байланыстырған жөн.

Наши рекомендации