Тақырыбы: Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер
1. Қазіргі әлемдегі көшбасшылықтың өзектілігінің себептері
2. Ұлы рухани ұстаздардың көшбасшылық туралы ойлары
3. Ұлы және шынай көшбасшылар
4. Көшбасшылық – жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының қосымша нәтижесі
5. Шынайы көшбасшының сапасы
6. Риясыз қызмет ету – көшбасшылықтың іргетасы
7. Көшбасшығы қажетті білім
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.
2. Абай Құнанбаев. Қара сөздері. - Алматы: Жазушы, 1970.
3. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары/Құрастырған М.Жармұхаметов, С.Дәутов. - Алматы, 1988, - 560 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.
2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.
3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003
4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985
Көшбасшылық– кең, ауқымды ұғым. Бұл сөзді естігенде ойымызға елбас-шысы болу деген ұғым оралады. Қоғамда елбасылар санаулы ғана адамдар болады. Сондықтан көшбасшы(лидер) дегенде түрлі саяси партиялардың, қоғам дық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың басшылығында жүретін озық ойлы, іскер, білімді азаматтарды айтуымыз керек. Ондай көшбасшылар қоғам да көп болуы керек, сонда оларға қоғамдық сұраныс болады. Сұраныс болған соң оларды мемлекеттік мекемелер оқытып жəне тəрбиелеп шығаруы тиіс.
Н.Ә.Назарбаев: «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет», – деп айтқан болатын. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі. Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білім, моральдық құндылықтар беруші, қоғамдық өмірде, топта белсенді, авторитет мүшесі. Жастардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын жеке тұлғаның кіріктірілген қасиеті.
Көшбасшылық жасау әркімнің қолынан келе бермейтін үлкен іс. Бұл жайында өз уақытында Еділ патша: «Біздің ұлт өмірлік дағдымен машық болып қалыптасатын көшбасшылық шеберлікті меңгеру үшін адалдық пен батылдықты қастерлеуге тиіс» – деп жазып қалдырған екен. Расында, адалдық пен батылдық ең ұлы қасиеттердің қатарында тұратынын және көптеген жетістіктерге жеткізетіні анық. Сонымен қатар, тарих қойнауында ең ұлы тұлғалар адалдық пен батылдықтары арқылы тарихта қалды. «Адамды танығың келсе таққа отырғыз», – деген халықымыз. Менің ойымша, адам қанша биіктесе де, соншалықты қарапайым болуы керек. Ахмет Йүгнеки айтқан екен: «Қарапайымдылық – жасыл алқап, адамгершілік онда өскен гүл сияқты», – дейді. Көшбасшының жақсы мінезі басқа адамдарды өзіне тарта алады. Мәселен, босаң мінезді көшбасшының артынан ешқашан басқалар ермейтіні белгілі, сол секілді көшбасшы жұмыс барысында ешқашан босаңсымауы қажет. Кейбір мерекелік іс-шараларда, жұмыстан бос уақыттарда болмаса, жұмыс барысында өте қатаң, уақыттың әрбір минутын шебер пайдаланып, жүйелі түрде жұмыс жасайды. «Егер өз жұмысыңды жақсы көрсең, егер өз еңбегіңнің нәтижесін көрсең – осының өзі рухтандырады. Бұл іске көшбасшылар үшін шабыттандырушы күш болып табылады. Ол әркез «жер жырта жұмыс істеуі тиіс», – дейді президентіміз Н.Ә.Назарбаев.Көшбасшының жер жырта жұмыс істеуіне қарап, ол өзінің жұмысын өте жақсы көретіні, оған үлкен жауапкершілікпен қарайтындығы айқындалады.
Көшбасшы ретінде кездесетін әрбір сынақ, өзіңізбен күресу арқылы жүреді. Ерлік үрейдің жоқ болуын білдірмейді. Негізінде ол қорқыныш тудыратын нәрсемен күресу болып табылады. Ерлік жай ептілікті ғана емес, дұрыс әрекет етуді де білдіреді. Ерлік бір сәттегі қабылдаумен және тамаша ойдың келе қалуымен емес, қағидалармен жұмыс істейді. Егерде сіз өзіңіздің мықтылығыңызды және оған себепші болатын сенімділігіңізді қашан көрсету керектігін білетін қасиетке ие болмасаңыз, ешқашан тиімді көшбасшы бола алмайсыз! Көшбасшыға тән ерлік артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем береді. «Ерлік жұқпалы, - дейді уағыздаушы Билли Грэм. Батыр адам өзінің мықтылығын көрсеткен кезде, қасындағылардың да омыртқасына салмақ түсіп, қатаяды». Кез-келген адам ерлік көрсеткен сайын, басқалары да мықты бола бастайды. Ал көшбасшының ерлік көрсетуі, қоршағандарға дем беріп, рухын көтереді.
Американдық психолог Дейл Карнеги: «Сіз көшбасшы ретінде әріптес- терініңді көшбасшы болуға дайындағаныңыз жөн. Бұны ізбасарыңызды дайындап жүрмін деп ойлаңыз. Егерде сіз өз жұмысыңызды дұрыс жасасаңыз, нәтижесінде сіз жоғарлайсыз. Сіз өз командаңызды дайындағаныңыз жөн. Сіз кеткенде олар өздеріне көшбасшы болуы керек».