Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына (СӨЖ) тапсырмалар
1. Тәрбиелік жүйенің құрылымы мен қағидаларына сипаттама беріңіз
2. Мектептің тәрбиелік жүйесін мысалға келтіріп, олар үшін не ортақ екендігін анықтау
3. Ақпараттық және білімдік ашық кеңістік құрылымындағы тәрбие
4. Тәрбиені технологиялық, құзыреттілік тұрғыдан қарастыру
5. Тәрбие процесі – өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара әрекеттестігі
6. Қазіргі заман жағдайында тәрбие жұмысының стратегиялық басымдылықтарын анықтау
7. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы
8. Басылым беттерін оқып, мына сұраққа жауап беріңіз: технология және тұлға, олардың қандай мәселелері бар және оны қалай шешуге болады?
9. Жеке сыныптың қоғамдық ауқымының картасын жасап, мұндағы доминанттық элементтерді ерекшелеңіз
10. Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасының психологиялық жағдайын байқау және талдау негізінде өзіңіздің пікіріңізді білдіріңіз
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты | Ф 15-38/2-097 | ||
Оқытушының оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы 20 беттің 16 беті | СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07 - 2011 Баспа 1.Дана №1 |
11. Оқушылардың әртүрлі категорияларымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында педагогикалық қолдаудың өзіндік өзгешелігі бар екендігін дәлелдеңіз
12. Тәрбиешінің кәсіби ұстанымын педагогикалық қолдау нормасында бейнелеп көрсету
13. Тәрбие технологияларының өзіндік белгілері
14. Мектеп пен сыныптағы тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру технологиясы және оның технологиялық алгоритмі
15. Тәрбие жұмыстарының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі
16. ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауына негізделген институционалдық бағдарлама "100 нақты қадам" Ұлт жоспары туралы түсінік
17. Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы
18. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын құру әдістемесі
19. «Қиын балалармен» тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін құрастырыңыз
20. Контактілі өзара әрекет әдістемесі
21. Табысқа жетуді құру әдістемесі
22. «Дарынды» балалармен тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін құрастырыңыз
23. Ішімдікке қарсы үгіт жүргізу және нашақорлықтың алдын алу әдістемесі
24. Ата-аналарды мектептегі тәрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын жүзеге асыруда оны қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын дамытудың тиімді жүйесі
25. Балалар мен жастардың формальді емес бірлестіктері
26. Оқушы мен сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын құрастыру
27. ҚР-дағы білім беруді ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы негізінде белгілі бір кезеңге жас ерекшелігіне сәйкес сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын құрастыру
28. Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша тәрбиелік іс-шаралар үлгісінен педагогикалық картотека жасау
29. Тәрбиелік іс-шаралардың әдістемелік жобасын мақсатты жоспарлау және дайындау, практикалық сабақта оны өткізу, талдау және өзіндік талдау жасау
30. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден оқушының тәрбиелілігінің әртүрлі жақтарын зерттеу әдістемесін таңдау «өз қалауыңыз бойынша), оның көмегімен адам тұлғасының (курстастың, ағаның, әкпенің, достың, т.б.) сол тәрбиелік жағынан қалыптасуының диагностикасын келтіріңіз
31. Тұлға тәрбиесінің табиғи және әлеуметтік негіздері мен даму тетіктерінің өзара байланысын тәрбие жұмысында ескеру туралы сынып оқушысының ата-анасына «таңдау бойынша» ұсынатын баяндама жасау
32. Өзіңізге таныс педагогикалық жағдаятты оның нәтижелігі тұрғысынан талқылаңыз (тәрбиенің нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер мен өлшемдерге назар аудару)
33. Байқау негізінде сынып жетекшісі өзінің тәрбие жұмысындағы қолданатын әдіс-тәсілдерін талдаңыз
34. Сынып жетекшінің тәрбиелік іс-әрекетінің технологиялық картасын құрастырыңыз
35. Бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданып (байқау, әңгімелесу, т.б.) оқушы отбасындағы қоғамдық ауқымның динамикасын көрсетіңіз, мұндағы ерекше элементтерді атаңыз
Білім алушылардың оқытушының қатысуымен өздігінен орындайтын жұмыстарының (СОӨЖ)
Лгі тақырыптары
1. Балалармен тәрбие жұмыстарындағы субъекттілік және құндылық бағдар ұстанымдары
2. Сыныптан тыс жұмыстардың әдістері мен құралдары
3. Құзыреттілік тұрғыдан тәрбие технологиясын таңдау
4. Оқушылар ұжымын қалыптастыру және зерттеудің әдістемесі
5. Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін құрудың әдістемесі
6. Оқушылардың тәрбиелілігін диагностикалаудың әдістері мен әдістемелері
7. Тәрбие процесін оңтайландыру үшін психологиялық диагностиканың әдістерін қолдану
8. Тәрбие процесінде оқушыларға жекелік тұрғыдан келудің әдістемесі
9. Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі
10. Мектеп пен сыныптағы тәрбие жұмыстары және олардың нәтижелерін талдау, өзіндік талдау
11. ҚР қосымша білім беру жүйесі. Балалардың қосымша білім алуын ұйымдастырудағы қосымша білім беру жүйесі
12. «Ашық» білім беру кеңістігінде оқушылардың бейімделу бағытындағы тәрбиелік жұмыстар
13. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысы
14. Әлеуметтік тәрбие технологиясы
15. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты | Ф 15-38/2-097 | ||
Оқытушының оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы 20 беттің 17 беті | СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07 - 2011 Баспа 1.Дана №1 |
Баға қою саясаты
Бақылаудың 3 түрі қолданылады:
- ағымдық (семинар сабақ және ОБӨЖ (СРОП) негізінде апта сайын өтіледі);
- рубеждік (деканат кестесі бойынша өтіледі);
- аралық (промежуточный, академиялық кезеңнің соңында бір рет өтіледі);
Балл төмендегідей бөлінеді:
-ағымдық бақылауға – 1500 балл;
- рубеждік бақылауға – 200 балл;
- аралық бақылауға - 100 балл.
Барлығы - 1800 балл.
Білімгерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Білімгер әр сабаққа өз конспектісін, және де сол тақырып аясында орындалуға тиіс барлық тапсырмаларды орындауы тиіс.
Барлық жеке, рейтингтік, реферативті және т.б. тапсырмалар бекітілген бір уақытта өткізілуі тиіс.
Білімгер семинар сабақтарда өз білім деңгейін әр түрде көрсете алуы тиіс: баяндау, толықтыру, басқа білімгерлер орындаған тапсырмаларды рецензиялау және т.б. жұмыстар.
Білімгерлерді мадақтау:
Сіздерге өз бетінентабылған материал, қызықты ғылыми жаңалық үшін, практикалық сабақтағы ең жақсы проблемалық сұрақ, дискуссияда ең белсенді білімгер болсаңыз 100 балл қосылады.
Практикалық сабақтардағы белсенді жұмыс үшін 100 қосылады. Рефераттың сапалы орындалуы үшін, оның уақытында тапсырылуы және қорғалуы үшін 100 балл қосылады.
БӨЖ-ді орындауға қойылатын талаптар:
Бір семестр ішінде сіздер бірнеше БӨЖ тапсырмасын орындауларыңыз тиіс. Олардың әрқайсысы үшін 100 балл беріледі
Рубеждік бақылаудың талаптары:
Әр рубеждік бақылау 100 баллмен бағаланады. Қорытынды баға 200 баллды құрайды.
Аралық бақылауға қойылатын талаптар:
Аралық бақылау емтихан жазбаша түрде өткізіледі.
Білімгерлерге емтихан сұрақтары алдын бұрын беріледі. Емтихан өтілген материалды құрайды. Емтиханда білімгер курс жоспарын қолдана алады, бірақ ол глоссарий, анықтамалықтарды, т.б. қолданбауы тиіс. Егер де ол рұқсат берілмеген көмекші құралдарды қолданса, онда емтиханнан шығарылып жіберіледі.
Рубеждік бақылау
Рубеждік бақылау ОСӨЖ кезінде мынадай формада өткізіледі:
- ауызша жұмыс – 1 сағат.
- ауызша жұмыс – 2 сағат.
Барлық жұмыстарды бағалау ережесі:
- Баллдар білімді бағалау графигіне сәйкес қойылады.
- Егер білімгер семестр барысында бірде-бір семинар сабағына келмей қалмаса, онда ол жағдайда мадақтау баллы қосылады.
- Егер білімгер себепсіз сабақтардан қалып, оларды қайта өтпесе 1 сабақтан қалғаны үшін баллы кемиді.