Батырлар жырын оқыту әдістемесі

Батырлар жырын оқытудың қиындығы оның ұзақтығына, тілінің бүгінгі балалар үшін поэтикалық ерекшелігіне байланысты. Батырлар жырын оқытуда көңіл бөлінетін басты мәселелер мәтінмен жүргізілетін жұмыс кезеңдерінде қарастырылады.Ол кезеңдер кіріспе жұмыстар, жыр мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар, қорытынды жұмыстар болып табылады. Кіріспе кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып батырлар жыры туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беріледі, батырлар жырында халық арманы, халық тарихы жататыны түсіндіріледі. Жыр мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыс жоспар жасаудан басталады.Жырдың сюжеттік-композициялық жоспары жасалады да, оқушылардың көз алдына қойылады. 6 сынып оқу бағдарламасында «Қобыланды батыр» жырына 3 сағат берілген. Жырдың төмендегідей сюжеттік-композициялық жоспары ұсынылады: 1)Қобыландының дүниеге келуі. 2)Қобыландының алғашқы күресі. 3)Қобыландының тұлпары - Тайбурыл. 4)Тайбурылдың шабысы. 5) Қобыландыжәне қазақ хандығы. 6) Қобыландының тұтқынға алынуы. 7) Көбіктінің ащы сөзімен жеңілісі. 8) Алшағыр ханның сарайында. 9)Қобыландының Құртқа сұлуға үйленуі. 10) Қобыланды батырдың ұлы – Бөгенбай. Ары қарай жырдың оқылу мәнері таныстырылады. Жырды интерактивті тақта арқылы аудиожазбадан тыңдатуға болады.

Одан кейінгі жұмыс - оқушылардың жырды мәнерлеп оқуы. Басты-басты эпизодтарға бөлгізіп оқытып, арасында өз сөздерімен мазмұндатып отыру қажет. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу тиімді саналады. Сюжеттік-композициялық жоспар бойынша басты оқиғаларын айтқызу - келесі кезең тапсырмасы. Жыр оқылып болған соң, мазмұны толық айтқызылады. Мазмұндау жүйелі болу үшін, жауап тезисіне, жоспарына қарап айтқыздыртқан жөн. Келесі кезең - жырға әдеби талдау жасау. Әдеби талдау жырдың идеясын, тақырыбын ашу, жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау, тіл көркемдегі, өлең құрылысына талдау жасау негізінде жүргізіледі. Жырдың идеясын, тақырыбын ашу мұғалім әңгімесі мен сұрақ-жауап арқылы жүзеге асырылады. «Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай проблемалар қоюға болады?», «Жырдың негізгі ойы қай бейнеден көбірек көрінеді?» деген сұрақтар жырдың идеясы мен тақырыбын ашуға мүмкіндік береді.

Жыр кейіпкерлері туралы пікір «Қобыландының қандай қасиеттерін ерекше бөле-жара айтар едің?»Жырдағы әсірелей суреттелінген жерлерін табу, теңеулерді, эпитеттерді , диалогтерді табу, олардың жырдағы орнын, маңызын ашу, оқушылардың өздеріңе ұнаған айшықты сөздер мен сөз тіркестерін тапқызу, сөздік жұмыстарын жүргізу тіл көркемдегі, өлең құрылысына талдау жасау жолдары мен тәсілдері болып табылады.

Жырды талдау кезінде дайын суретті пайдалана отырып, оқушыларды сөйлетуге болады. да жырды мақаммен айтқызуға талаптандыруға болады.

Батырлар жыры 9 сыныпта да оқытылады. Бұл сыныптарда оны оқытудың өзіндік өзгешеліктері бар. Жыр мазмұнын меңгерту алдын-ала үйден оқып келу арқылы жүзеге асырылады. Жыр толық беріледі, оны талдау да күрделене түседі. Жыр мазмұнын тез, әрі өз мәнінде толық меңгерту үшін мұғалім бұл жолы да басты-басты эпизодтарын қамтыған сюжеттік жоспар ұсына алады.

Тақырып бойынша пікірталас туғызу да тиімді. Бұл жағдайда іздендіретін, ойландыратын танымдық сұрақтар алдын-ала беріледі. Батырлар жырын талдауда, әсіресе образдарды талдауда салыстыру жұмыстарының маңызы зор. Салыстыру жұмыстары үшін мынандай сұрақтар мен тарсырмалар ұсынылады:

Төменгі сыныптардағы ұғымды тереңдету мақсатында әдеби-теориялық ұғым беріледі. Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын анықтау, архаизм, историзм сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндіру, батырлар жырының ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен басты-басты айырмашылық, ерекшеліктерін саралау, аллитерация, ассонас, гипербола, литото, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау және , олардың қолдану орны мен маңызын дәлелдеу тәрізді практикалық тапсырмалар орындатуға болады
17.М.Мақатаев шығармаларын мектепте оқыту.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Мұқағали Мақатаев.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге үйрету.
Дамытушылығы: Шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; өлеңмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, ой – өрісін дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелілігі: Отанына, еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың пән аралық байланысы: қазақ тілі, дүниетану, өзін - өзі тану, музыка
Сабақта пайдаланған әдебиеттер:
1. Ана тілін оқыту әдістемесі
2. Ана тілі оқулығы 4 сынып
3. М. Мақатаевтың шығармалар жинағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
1. Психологиялық дайындық
2. Сыныпты 4 топқа бөлу
1 - топ Қырандар
2 - топ Бұлбұлдар
3 – топ Сұңқарлар
4 – топ Қарлығаштар
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен қысқаша таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін жатқа сұрау. Өлең бойынша ақын нені сүйеді екен?
1. Топтастыру:
Тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға байланысты сұрақ жауап жүргізу.
2. Сұрақ - жауап жүргізу
1. М. Мақатаевтың өмірге келген жері қалай аталады?
2. М. Мақатаев қай кезде туылған?
ІІІ. Жаңа сабақ:
3. Жаңа сабаққа даярлық.
Кіріспе: Үнтаспа арқылы алдын ала жазылған М. Мақатаев «Қазақстан» өлеңін тыңдату. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Шумақтар бойынша оқып, түсінгенін баяндау.
Мұқағали кім? Біз ол жайында не білеміз? Қандай шығармаларымен таныспыз? Бүгін сендермен осы ақынның тағы бір шығармасы Қазақстан деп аталатын өлеңімен танысамыз. Барлық ақын жазушылар өз елдеріне, отанына шығармаларын арнайды. Барлығы өз бетінше туған еліне деген махабатын көрсетеді. Міне Мұқағали Мақатаев «Қазақстан» атты өлеңінде, ақын өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Қане, осы өлеңді үн таспадан тыңдап көрейік. (аудио жазба тыңдалады)
4. Өлеңді оқыту, талдату
Ақынның Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін білдіретін сөздерді теріп жаз. (табынатын тәңірім, ием, арқа сүйенерім, сүйегім, қаным, Шолпаным (жарық жұлдыз), махабатым, арманым).
Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі
Жақсы атанды демессің сүйем десем,(ұйқастарын тапқызу)
5. Венн диаграммасы
Сүйемін, өскен Отаным. Қазақстан
6. Топпен жұмыс:
1. топ. Қырандар
Қазақстан қандай?
Критерий Балл Дескриптор «В»
Топпен жұмыс «Қырандар»
Қазақстан қандай? сызбасын толтыру
(Қорытынды:
Ой қорыту. Бүгін не үйрендік? Өлеңнің қай тұсы немесе қай шумағы саған ерекше әсер етті? «Шолпаным» деген сөзді қалай түсінесің?
Балалар біз бүгін сабақта не үйрендік?
ББҰ кестесін толтырайық. (INSERT) картасы
Білемін Нені білдім? Білгім келеді
Бағалау парағы
Тапсырмалар
Топтардың аты Сұрақ - жауап жүргізу
Өлеңді оқыту, талдату Венн диограммасы Топпен жұмыс Болмасаң да ұқсап бақ Жалпы балы Қорытынды
Мәуе ағашы (Жапырағы жоқ ағашқа жапырақтар іліп, жайқалту. Әрбір жапыраққа Қазақстанға тілейтін жақсы тілектерін жазып, әрбір жапырақты ілгізу)
Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жаттау. 2. Бағалау.


18.Интеграциялық оқыту әдісі
Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Интеграция дегеніміз: (латынша қалпына келтіру, толықтыру, бүтін) – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындары мен орта буын оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен деңгейін жан–жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Интеграцияланған таным нәтижелері – жалпы ғылыми идеялардың, әдістемелік принциптердің, жүйелік талдау әдісінің мәнділігі қазіргі қоғамда артқандығы сондай ғылыми интеграция өнімдерін үйрету оның негізгі міндеттерінің біріне айналды. Осы тұрғыдан алғанда пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру көкейкесті проблема болып табылады. Өйткені ол оқу үрдісінің барлық құрылымдық элементтерін – білім берудің мазмұнын, формаларын, технологиясын біртұтастыққа біріктіре отырып оның тиімділігінің артуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграция білімнің игерілуін, іскерліктер мен дағдылардың белгілі бір жүйеде қалыптасуын қамтамасыз етеді, ойлау іс-әрекетінің белсенді болуына, теориялық білімдердің студенттерге оқу-өндірістік іс-әрекеттеріне тасымалдануының жүзеге асуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграцияның жүзеге асуы білікті мамандардың кәсіби даярлығын кеңейтуді және олардың өзара байланысты кәсіптердің тобына даярлауға мүмкіндік береді.
19.Әдебиет сабағын оқытуда «Сыни тұрғысынан ойлау» тәсілдерін енгізудің жолдары
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Оқушылардың сыни ойлауы:
1. Өзінің және оқушылардың айтқан жауаптарына салыстыра отырып ойлана білу қабілеті
2. Өзінің және басқа оқушылардың идеяларына, берген жауаптарына күмәнмен қарау қабілеті
3.Негізі ойын жинақтау қабілеті
4. Белгілі бір шешім қабылдауға, сыни тұрғысынан ойлану арқылы жүзеге асыру қабілеті деп түсінемін.
Сыни тұрғыдан ойлау ең маңыздысы болғандықтан, ойлай отырып мәселелерді талқылайды. Оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып , үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт , бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді.
Мұғалім оқушыны сыни тұрғыдан ойландырғысы келсе:
1. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды беру
2. Тапсырма берілгеннен соң, белгілі бір уақыт мөлшерін белгілеу
3. Проблемалық мәселелердің дұрыс шешімін табу керектігін түсіндіру
Сыни тұрғысынан ойлаудың тиімділігі:
1. Оқушының сөздік қоры артады ;
2. Өз бетінше,жұппен ,топпен жұмыс жасайды ;
3. Білім алуға өзі жауапты екенін сезінеді ;
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – қазіргі таңда Қазақстандағы білім алушы жастар үшін ең тиімді тәсіл. Өйткені, оқушы мен мұғалімді сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. Оқушылар өздерінің ақпараттарының шынайылығына және басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой елегінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Ал мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерінде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни тұрғыдан бағалау болып табылады.

Наши рекомендации