Көру мүмкіндігі шектелген балалардың қабылдау ерекшеліктері

КІРІСПЕ

Жұмыстың ғылымыйлығы:Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуы және оқу-тәрбие жұмысына қазіргі заманның өркениетті бағыттарына сай жаңа өзгерістерді енгізу кезінде ағарту саласының бастауыш мектеп жасы кезеңіндегі тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Яғни, балалардың жеке басын дамыту, ішкі потенциалын ашу, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау, психикалық және тұлғалық қалыпты дамуын, денсаулығын қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр. Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулық - комплексті түсінік. Ол аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын білдіреді, сонымен катар, тұрғылықты жердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысына байланысты. Өмір бойы адам 80 пайыз ақпаратты көз арқылы қабылдайды. Адамның көру функциясы нашарлауының нәтижесінде даму мүмкіндігі шектеледі. Осы көру қабілеті төмендеген кезінде және нашар көретін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы заңдылықтарды зерттейтін ғылымдардың саласы тифлопсихология деп аталды. Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі – осы бастауыш мектеп жасындағы көру мүмкіндегі нашар(бұзылған) балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтап, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, құқығын өзімен қатарлы қалыпты балалармен тең қылып, қалыпты және дені сау азамат етіп тәрбиелеу [52,62]. Ең бірінші көру мүмкіндігі бұзылған жағдайға психикалық әркетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көру мүмкіндігі нашарлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан алдындағы әйгілі «энциклопедиясында» (көру мүмкіндігі бұзылған жайлы) қарастырған. Д. Дидроның еңбектері қоғамның көру мүмкіндігі шектеулі адамдарған деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу қажеттігін дәлелдеді. Көру мүмкіндігі шектеулі адам қараңғылықты сезбейді және түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көру м.мкіндігі шектеулі адамдар шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Өз еңбегінде А.В. Бирилев мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: «көзін байлаған адамның жарық көруі мен көру мүмкіндігі шектеулі адамның жарықты сезуінде айырмашылық бар» - деген. Көру мүмкіндігі төмен бала өзінің көру мүмкіндігі нашар екенін ауырсынбайды және көруі нашарлаған деп те сезінбейді, оны тек әлеуметтік ортасы ғана сезеді деп санайды. Шындығында соқыр адамдардың икемділік қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді. Белгілі мылқау, соқыр, саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көру мүмкіндігі нашардардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көру мүмкіндігі жоғары адамдар сияқты дамымаған [12,13]. Туа біткен көру мүмкіндігі нашар адамдардың қайғысы жүре біткен көру мүмкіндігі нашар адамдар қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші кетпейді,- дейді Щербина. Ол өз басынан өткен мынадай бір жағдайға баяндады. Көру мүмкіндігі нашар балалар мектебінде тәрбиені 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретпегендіктен қолына қасық ұстауды да жат. Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес көру мүмкіндігі нашар баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастық шағынан, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көру мүмкіндігі нашар екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көру мүмкіндігі нашар бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды. Көзі көрмейтіндер ғылым әлемінде, өнер, әдебиеттен орын алады. Ғылымға үлкен үлес қосқан греция философы Демокрит ( б.з.б. ғ) және Диодит ( б.з.б. I ғ) көздері көрмеген Атақты математиктер есімі- Дидима ( Александрия, б.з.б.IV ғ) Н. Саундерсен ( Шотландия, XVIII Ғ), тифлолог Л.Брайл Франция (XIXғ), орыс кеңестік профессор А.М. Щербина ( 1874- 1934) [29,52]. Орыс және кеңестік оқымыстылар арасында көзі көрмейтіндер баршылық, олардың арасында 40 ғылым докторы, 200 ғылым кандидаттары отандық ғылымның абыройын асқақтатқандар. Кең шеңберде аты әйгілі отандық математиктер; академик Л.С. Понтрелгим, физика-математика ғылымында А.С. Витушкин, В.И Зубова және басқалар [16,102]. Кәсіптік педагогика, тифлопедагогикаға өз үлестерін қосқан көзі көрмейтін оқымыстылар; п.ғ.д, профессор Б.И. Коваленко, п.ғ.д.. профессор В.С. Сверлов. Көзі көрмейтін адамдар программист, экономист, тарихшы. филолог, математик болып озат еңбек етеді. Көптеген көру мүмкіндігі нашар адамдар өнер және әдебиетте елеулі орын алған. Көру мүмкіндігі нашардар арасында керемет композиторлар мен музыканттар бар. Париждегі К. Монтель атты көру мүмкіндігі нашар балаларға арналған Ұлттық институттың оқушысы алты жасар кезінде соқырланып қалса да, пианино мен рояльдың құлағында ойнайтын. 1784 жылы Парижде, 1791 жылы Ливерпульде, 1801 жылы Лондонда, 1804 жылы Берлинде, 1881 жылы Москвада көру мүмкіндігі нашардарға арналған білім беру мекемелері ашыла бастады. Көру мүмкіндігі нашардардың психикасын алғаш зерттеу XIX ғасырдың 70 жылдарына таман жүзеге асырыла бастады. Бұл өз кезегінде тифлопсихологиялық зерттеулерге өзіне тән сипат берді яғни, көру мүмкіндігі нашардардың психикалық өмірлерін зерттеу интроспекция (өзіндік бақылау) жолымен іске асты. Ғалымдардың еңбектерінің ішіндегі ерекше және маңызды монография М. Сизераның «көру мүмкіндігі нашардардың көру мүмкіндігі нашардар жайлы айтқаны» еңбегі осыдағы және басқа да еңбектерде көру мүмкіндігі нашардардың ішкі өмірі мен мінез-құлқын сипаттайтын мәлімет берілген [16,25]. Балалардың қабылдау процесін дамыту мәселесін жан-жақты зерттеу, көру мүмкіндігі нашар баланың әлеуметтік ортада тұлға ретінде қалыптасуына ықпалын тигізетіні анық.

Жұмыстың өзектілгі: Көру мүмкіндігі шектелген балалардың қабылдау ерекшеліктері. Зерттеу мақсаты – көруі нашар балалардың қабылдау процесінің ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу нысанасы - кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың қабылдау процесі. Зерттеу пәні – көру мүмкіндігі шектелген балалардың қабылдау процесінің қалыптасу ерекшеліктері. Болжамы - егер көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдау мүмкіндігін анықтап дамытсақ, онда олардың дамуында екінші кемістіктің пайда болуының алдын алып, баланың келешекте нәтижелі дамып, әлеуметтік ортаға бейімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз.

Жұмыстың міндеттері: көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдауының теориялық негіздерін қарастыру; басқа танымдық процестерден ерекшеліктерін белгілеп алу; психолог ғалымдардың көруі нашарлардың қабылдауын дамыту әдістемелерін іс жүзінде жүзеге асыру; зерттеу барысында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.

Зерттеу әдістері: тифлопедагогика мен тифлопсихологиядағы әдеби деректерді талдау; картиналарды жинап құрастыр ойынын өткізу; ойындар, жаттығулар, сабақтар; қабылдауды дамытуға арналған кешенді әдістер; мәліметтерді өңдеу әдістері. Зертеудің теориялық әдіснамалық негізі: Ғылыми жұмыс В.П. Ермаковтың, Л. Брайлдың, Б.И. Коваленконың, А.М. Щербинаның, О.И. Скороходованың жазған еңбектеріне сүйенеді.

Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Көру мүмкіндігі шектелген балалардың қабылдау ерекшеліктері

Адамның өміріндегі 80 пайыз ақпаратты адам көз арқылы қабылдап алады. Ал осы көру функциясы бұрмалануының нәтижесінде адамның даму мүмкіндігі шектеледі. Осы көру бұзылысы кезінде көруі бұзылған және нашар көретін балалардың психикалық дамуындағы заңдылықтарды қарастыратын ғылымдардың саласы тифлопсихология деп аталды.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі – осы кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең қылып, қалыпты азамат етіп тәрбиелеу. Алғашқы көру бұзылысы кезінде психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көруі бұзылғанлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан кешірегі әйгілі « энциклопедиясында» (көруі бұзылған бөлімі) қарастыры. Дидроның еңбектері қоғамның көруі бұзылғанларға деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу керектігіне қол жеткізді. Көруі бұзылған адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көруі бұзылғанлық шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А.В. Бирилев өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: көруі бұзылған адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылық бар,- дейді.

Көруі бұзылған бала өзінің көруі бұзылған екенін ауырсынбайды және көруі бұзылғанмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүруге әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды.Шынында айтсақ соқырлардың икемделу қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді. Белгілі мылқау, соқыр- саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көруі бұзылғандардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көруі бұзылғанлардыкіндей жетіле қоймаған. Туа біткен көруі бұзылғандардың қайғысы жүре біткен көруі бұзылғандардың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші кетпейді,- дейді Щербина. Ол өзінің басынан өткен мынадай бір жағдайға тоқталады. Көруі бұзылғандар мектебінде тәрбиені 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген.

Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды.

Көруі бұзылғандар арасында керемет композиторлар мен музыканттар бар. Париждегі К. Монтель атты көруі бұзылған балаларға арналған Ұлттық институттың оқушысы алты жасар кезінде соқырланып қалса да, пианино мен рояльдың құлағында ойнайтын.

Нашар көретіндер көздің өткірлігі едәуір төмендеген, оптикалық түзету көмегімен, көру қабілеті 0,05 - 0,2 дейін көру өткірлігі бар балалар.Нашар көргіштік организмнің жалпы аурларынан кейін және көз ауруларының салдарынан туындайды. Нашар көретіндерде қалдықты көрудің болуы- баланың білім алуына: еңбектік - әлеуметтік бейімделушілігінің дамуы үшін пайдасы мол. Сол үшін оны үнемі сақтау керек. Офтольмологтың, тифлопсихологтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет. Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшеленеді. Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себепті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға соғады. мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлауына алып келеді [33-35].

Көздің талуы ой және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.Бірақ та нашар көретін баладағы әлсіз көру қалыпты баладағыдай жетекші анализатор болып қалады.Нашар көретін балалар көру қабілетін қабылдаудың негізгі құралы ретінде қолданады. Нашар көретін балаларда көруі бұзылғанларда болатындай сезім түйсігі көру функциясының орнын ауыстырмайды. Балаларда кездесетін көру кемістігі күшейе түсетін және бір қалыпты болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру бұзылысына глаукоманың бастапқы және қосалқы жағдайлары, көру жүйкесінің атрофиясы, жақыннан көргіштіктің қатерлі түрлері және т.б. жатады. Бір қалыптыға – даму кемістігі: микрофтальм, катаракта, операциядан кейінгі афакия жатады. Нашар көретіндерде көру анализаторы қалыпты балалар тәрізді оқыту процесінде қолданылады. Нашар көретіндер құбылыстармен, заттармен танысуда, сонымен қатар кеңістікте бағдарлануда өздерінде сақталған көру қабілетін қолданады. Бірақ та олардың көру арқылы қабылдауы бөлшектеп толық емес күйде сақталған. Қоршаған ортаны көруі баяуланған және анық емес. Сондықтан олардың айналаны қабылдауы шектеулі.Нашар көретіндердің арасында түсті ажырату қызметі бұзылған адамдар да бар. Нашар көрушілік кеңістікте бағдарлануды қиындатады. Көруі бұзылған балалардың нашар көретіндерден айырмашылығы, нашар көретіндерде көрудің белгілі деңгейде бұзылуына қарамастан, көру қабілеті қабылдаудың негізгі құралы болып есептеледі [45-50].

Нашар көретіндердің елестетуі тұрақсыздықпен, анық еместілікпен ерекшеленеді. Нашар көрушілік баланың психикалық және физикалық дамуына әсер етеді: белгілі бір деңгейде есте сақтау процесі тежелген, ойлау операциялары қиындатылған. Мұндай балалардың физикалық дамуының артта қалушылық себебі, шектелген қимыл-қозғалыстың әсері болуы мүмкін.

Нашар көретін балалар қалыпты көретін балалар меңгеретін барлық ойын түрлеріне қатыса алады. Бірақ та жақыннан көргіштіктің жоғары деңгейімен сонымен қатар көз ауруларымен зардап шегетін балаға жылдам, әрі тез қимылды қажет ететін ойындарға қатысуға және физикалық ауыртпашылық түсіруге болмайды. Егер де дәрігер-офтальмолог балаға көзілдірік киюді нұсқаса, онда баланың ата-анасы көзілдірікті дұрыс тағуды, үнемі оны қолдануды сонымен қатар дәрігердің нұсқауымен бұлжытпай орындауды қадағалап отыруы керек. Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл жөтіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі. Сондықтан нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді.Егер де нашар көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта қала бастайды.

Тәбие жеке тұлғаның санасына, мiнез - құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал. Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк - жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді. Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiндi, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi. Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі [103-115].

Ағзаньң психологиялық қасиетiнiң талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетiлетiн оқу, еңбек, ойын әрекетi жүйке жүйесiнiң ауруына әкеледi. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезiнде ескеру керек. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезiнде баланьң дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалык әcep етудiң мақсаты таным мүмкiндiктерiнiң дамуына қабiлеттi өмip талабымен тығыз байланысты. Ic-әрекеттiң әp түрлi түpiмeн қамтамасыз ету, бiлiмдi меңгерумен қамтамасыз ету, дағдымен бiлiктiлiктi қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағынасын түciну деңгейiне дейiн көтеру. Бұлардың бәрi көруі бұзылған және нашар көpeтiн балалардьң мүгедектiк жағдайын тольқтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершiлiк, эстетикалық физикалық, еңбектiк тәрбиелеуге болады.

Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді.Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнын меңгеруге басты көңіл бөлінетін [85-90].

Бұл тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс - әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік – эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер үшін эстетикалық қабылдаудың көрнекі құралы жөнінде меңгерілмеген. Біздің байқауымыз және зерттеуіміз баланың ақпаратты жеткізудің әртүрлі тәсілдеріне, түсіне қарым – қатынасы іс - әрекеттің мағыналық жағына үлкен әсер етеді деп көрсетті. Көруі бұзылғандар мен нашар көретіндер қоршаған ортаның әртүрлі тәсілмен қабылдағанына қарай ойын, еңбек, оқу әрекетінде эстетикалық баға беруге қабілетті. Көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерде таным әрекетінің ерекшелігімен байланысты спецификаның эстетикалық қабылдауы және оның қызметі туралы сұрақ пайда болады.

Нашар көретіндер мен көруі бұзылғандарда таным процесінің бұзылғаны қоршаған ортаны спецификалық, эстетикалық тұрғыда меңгеруге әкеледі. Оқуда, ойында, еңбекте сезімсіз қабылдау деген болмайды. Себебі көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндер көзбен көре алмағандықтан, оны ұстап, көру арқылы оны көз алдында, ойына елестете отырып, оған өзінше баға береді [56-60].

Эмоционалды – эстетикалық тәрбиенің қатарына эстетикалық қажеттіліктің дамуы үлкен орынды алады. Олар екі түрде болады: жеке қажеттілік және көркемдік ғылыми жасағыш. Бірінші жағдай сияқты, екінші жағдайда да эстетикалық қажеттілік эмоционалдық қажеттілік үшін қызметі дайын. Бірінші жағдайдағы қажеттілік қоршаған ортадағы эстетикалық қарым – қатынастың жоғарлауында. Екінші жағдайдағы қажеттілік - өнердегі бағыт мақсатқа жетелейді. Балада көркем суретке, мүсінге, өнерге қызығушылығы эстетикалық қажеттіліктің көтерлуі. Бұл процесс неғұрлым ерте басталса, сол ғұрлым оқу процесінде эстетикалық қажеттілігінің дамуының үлкен нәтижесіне жетуге болады. Жанары бұзылған баланың үйдегі тәрбиесі мен білімі алуы оның көзі құртылған жағдайына және оның басталу себептеріне орай ерекшеліктері болады. Көзі бұзылған баланың ата-анасы; тифлопедагог, психолог, офтальмолг, мамандарынан кеңес алып тұруы қажет. Балалармен жұмыс істеу барысында үлкендеесту көмегімен көру сынды көмекші талдамалар мен, айналадағы оқиғалармен хабардар етіп, қажетті түсінік беріп отырған жөн.

Компенсаторлы қайта құру талдамаларының жетістігі көп жағдайда жанұядағы тәрбие мен білім беруге байланысты. Көруі бұзылған және нашар көретін балалардың мүмкіндігіне сәйкес жағдай жасаған маңызды. Артық аяушылық тәртібі немесе қисынсыз бағып-қағу көз ақаулығының жеке қалыптасуында қайшы пікір білдіреді. Сондықтанда тәрбиелеу кезінде балада жігерлік, сондай ақ жігерсіздік., менменшіл, кекшілдік, қорқақтық, немесе өз күшіне сенушілік, керенаулық немесе жауапкершілік, ашықтық пен араласқыштықнемесе тұйықтық пен үндеместік болуы мүмкін. Көруі бұзылғандық пен нашар көрушілік бала үшін әлеуметтік зардап болып есептелді. Көзі нашар бала өсіруші жанұяда айнала мен қарым – қатынасы және баланың өзімен араласу басқаша сипат алады. Үлкендер, жанұя мүшелері, таныстар өздерінің аяушылықтарын естірте айтып аяйды, бала аяушылық назарында, қамқорлық орталығында болады. Бұл баланың тәрбиесінде, оның қалыптасқан өз бағасы, адамдармен өзара қатынасы негізсіз айтылады [66-72].

Қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін өмір құбылысы мен заттардың жеке қасиеттері мен сапасының адам санасында тұтас бейнеленетін психикалық процес. Көру функциясының бұзылуы көруі бұзылғанлардағы көріп сезінуінің әлсіреуіне алып келеді. Сезіну сферасындағы өзгерістер сезімдік бейнеленудің бірінші этапы, оның келесі этапы қабылдауға әсер етеді. Қабылдау процесінде әдетте бірнеше анализаторлар қатысады. Әртүрлі іс-әрекеттерді орындау кезінде осы немесе басқа анализаторлар жетекші орынды алады. Өмір жағдайы мен іс-әрекеттің мінездемесіне байланысты анализаторлардың біреусі үстем болады. Осыған байланысты әрбір адамның өзіне тән қабылдау ерекшеліктері анықталды.

Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті.
Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, йәмүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге ықпал ететін фактор – оқытушылар. Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым және түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, әрі тиімді болар еді.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім процесінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді [19-25].
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім процесіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат болып табылады.
Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйрету үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау үшін психологқа, логопедке, арнаулы педагогқа, әлеуметтік педагогқа арналған кабинеттерді арнайы жабдықтау қажет. Сондай-ақ, кітапхана қорын арнаулы оқулықтармен, арнаулы электронды жабдықтармен жабдықтауға, оқу-әдістемелік кешендермен, әдістемелік әдебиеттермен толықтыру керек.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қолжеткізілген деңгей туралы оқушылармен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімінің арнаулы

(коррекциялық) сынып мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, тифлопедагогтармен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Осымен қатар арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың бақылануын және орындалуын мектеп психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумы арқылы жүзеге асыруы тиіс.
Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді. Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді [25-30].


Олар:

1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
2-топ көру деңгейі төмен балалар;
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)


1 - топтағы балаларға брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады.
Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады.
1-топтағы балаларға брайл жүйесін үйретпес бұрын ет сезім қабілеттерін дамытумен жұмыстану керек. Баланың ет сезім мүшелері дамыса, қалыптасса бедерлі нүктелерді сезуіне, әріптер мен сандарды тез үйренуіне көп көмегін тигізеді.
Ет сезім мүшелерін дамытуға түрлі әдістерді пайдалануға болады. Үлкен заттан бастап, ұсақ затқа дейін ауысу. Мысалы: жіпке тізілген үлкен моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін төмендеу және оған ілгекті де алуға болады. Сабаққа қатысты үлестірмелі материалды грифелмен бастыру, құрастырмалы, бұрандалы заттармен, жіптің түрлерімен, өсімдік дәндері мен дақылдарын пайдаланға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыстануға болады.
Әр 15 минут сайын көз бұлшықеттері шаршамауға, көру деңгейі төмендемеуі үшін көзге арналған жаттығулар жасап тұру керек. Мысалы мынадай жаттығуларды қолдануға болады. Брайль жүйесінде оқитын балаларға әуеннің сүйемелдеуімен орнында отырып, басты оңға, солға, алға, артқа айналдыру. Қолды алға созып алақандарымызды ашып-жұму. (15-20 рет). Орнынан тұрып, басын жүректен төмен қойып, дем алып, дем шығару. Қолдарын жаңға созып, жұдырығын түйіп білегін, шынтағын, айналдырады, қолдарын жоғары көтеріп жұдырықтарын ашу. (15-20) рет, басында 5-10 рет, т.с.с. Сонымен қатар саусақ ұштарына, алақанға бүдірлі заттармен жеңіл массаж жасау.
Көру деңгейі төмен балалар мен көру деңгейі функционалдық бұзылған балаларға мынадай үлгідегі көзге арналған жаттығулар жасатуға болады. Әуеннің сүйемелдеуімен көзді ашып, жұму, ауаға көзбен көлденеңнен сегіз салу (15-20 рет), көзге сұқ және ортаңғы саусақпен жеңіл массаж жасау, т.с.с. Көзге арналған жаттығулармен қатар денеге де жаттығулар жасап отырылады. Сонымен қатар көзге арналған электронды жаттығулар мен тренажорлар бар [81-90].
Көру деңгейі функционалдық бұзылған балалардың ауру диагнозына байланысты әр қайсысымен ұсынылым бойынша жұмыстанылады.
Егер балада миопия ауруы болса, жақында тұрған нәрселерді жақсы көреді де, алыстағыны көрмейді. Бұл баламен жеке жұмыстану қажет және көзге арналған арнайы жаттығуларды жасап отыру керек. Жұмыс орны жарық болуына ықпал жасау және баланың денесін тіке ұстап отыруына бақылау жасап отыру керек. Көрнекілік түстері үйлесімді реңмен берілуі тиіс (қара реңге- қызғылт сары, жасыл түсті). Көру жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс, ауызша жұмыстану 10 мин.
Алыстан көру (гиперметропия Н) – алыстан да, жақыннан да көру қашықтығы бұзылған, алайда жақыннан көру қашықтығы балада анық байқалып тұрады. Мұндай баламен тақтамен жұмыстануға, ұсақ заттармен, үлестірме материалдарды бөліктермен беріледі.
Астигматизм (ast)- бала заттарды бұлдыр көреді, яғни алыс болса да жақын болса да көре алмайды. Астигматизмнің болу себебі көздің айналасындағы бұлшықеттерінің бірқалыпты болмауы. Мұндай баланың көру жүктемесі төмен деңгейде. Жазу жұмысы аз болуы шарт. Партаға дәптерді дұрыс орналастаруға тіке сызықты желімдеп қою керек. Егер гиперметропиялық астигматизм болса ұсақ заттарды, ұсақ суреттерді қолдану керек. Ал, егер миопиялық астигматизм болса жарық жақсы түсу шарт, контрастық реңде қызғыл сары және жасыл түсті көреді. Көру жүктемесі 10 минуттан аспауы тиіс.
Амблиопия – көру мүшесінің төмендеуі. Егер амблиопия туа пайда болса, бала басқаша көре алатынын білмейді. Сондықтан бала қалай көріп тұрса солай қабылдайды. Сол себептен көзіне байланысты шағым айтпай жүре береді. Көрнекілік нақты, артық сызба, сурет болмауы керек. Тақтадағы суретке жақсы көретін көзімен қарауы қажет. Сурет, графикалық үлгілер үлкен болуы шарт[58-65].
Нистагм көз ауруында – баланың көзі төмен-жоғары, көлденең ойнақшып тұрады. Мұндай баламен жеке картамен жұмыстану керек. Жүргізіп оқыған кезде коррекциялық сызғышты пайдалануды қажет етеді. Балаға оқуға ыңғайлы уақытты таңдау қажет.
Қыли көзді ауруы (косоглазия) – көз қимылының бұзылуы. Қыли көзінің көру қалдығының төмендеуі. Егерде балада көзінің ауытқушылығы 15-20 градус болса көз әйнекті тағуға міндетті. Көздің қарашығы екі жаққа қарап тұрса, кітап қоюға арналған кітапқойғыш керек емес. Ал, егер көз мұрынға қарап тұрса кітапқойғыш міндетті түрде қажет. Баланы асықтыруға мүлдем болмайды.
Бір мемлекетте, бір қоғамда өмір сүргендіктен сол елдегі халықтың дініне, нәсіліне, ұлтына қарамастан болашақ өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі мейірімге толы ұстаздар қауымына тиісілі. Елімізде жылдан жылға мүгедек балалар саны артып келе жатыр. Алайда, ол балаларды мемлекет қамқорлыққа алып, денсаулықтары мен білім алуларына жағдай туғызуда.
Жоғарыда жазылған көру қабілеті бұзылған балалардың оқытудағы жұмыстардың түрлері мен ауру диагноздары. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ [91-95].

Наши рекомендации