Дәріс № 12 Бос уақытты ұйымдастыру іс-әрекетінің отбасылық негізгі теориялары
1.Отбасылық бос уақытты ұйымдастыру.
2. Б.Ү.Ұ формалары.
3. Отбасы мейрамдарының классификациясы
4. Ата-ана мен педагогтардың өзара әрекетінің формалары.
Отбасындағы бос уақытты ұйымдастыру болып табылады, Т.А. Куликованың (1999) айтуынша бос уақыт отбасын қалпына келтіру қызметін атқарады. Өзінің мақсатын қалпына келтіру және денсаулықты қуаттау, әр түрлі рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Бос уақытты ұйымдастыру мәнділігін сапалы бағалауда 2 негізгі критерийлер пайдаланылады. Бірінші – бос уақыт көлемі, екінші бос уақытты ұйымдастыру мазмұны. Екі көрсеткіш те ата – аналардың рухани даму деңгейімен, отбасының қаржы мүмкіндігімен, сол сияқты барлық өмірлік қалаумен анықталады. Егер шешесі өзінің уақытының көп бөлігін балаларын күтумен өткізетін болса, онда отбасының бос уақытты ұйымдастыру және өзінің демалысына уақыты болмайды. Сондықтан әр отбасы мүшесінде үй міндетінің шеңбері болғаны өте қажетті, бірлесе атқарған мазмұнды іс балаларды жастайынан бос уақытын тиімді пайдалануға ұмтылдырады.
Отбасы бос уақытын ұйымдастыру мазмұны жанұяның әр мүшесінің ықыласымен анықталады. Бос уақытты ұйымдастыру саяхатпен әуестенетін отбасында ұйымдастырған жеңіл, ал бос уақытын әкесі – аң, балық аулаумен, шешесі – тоқымамен, ұлы – доңғалақшалармен, қызы бимен және бейнелеу өнерімен өткізетін отбасында қиындау. Алайда сырттай әртүрлі ынталарды бір идеямен бірлестіруге болады. Мысалы: балалардың және ересектердің әр түрлі қажеттіліктерін қала сыртында бірлескен демалыста, саяжайда, демалыс үйінде, турбазада т.б. жерлерде іске асыруға болады. Әрине, бірлескен демалыстың басты көрсеткіші – қарым – қатынас болғандықтан, бұл уақыт өткізудің идеалды амалы емес. Бірақ әр кім өз дегенінде тұрып және басқалардың қызығушылығымен санаспағандығынан гөрі бұл нұсқа жақсырақ.
Балалары мүлде кішкене кезінен отбасында және отбасылық демалу дәстүрінің үрдісі енді қалыптаса бастап келе жатқанда жас ата – ана өз балаларын кішкене кезінен бастап бос уақытты ұйымдастыру қызметіне қызықтырса, онда жоғары сыныпқа барғанда бос уақытын тиімді өткізуге белсене қатысады..
Отбасы бос уақытын ұйымдастыру әр отбасы мүшесіне мағыналы да, игі ниетте өз қажеттіліктеріне қарай қозғалған жөн. Сонда ол балалар мен ересектерге дамушы ықпал етеді, олардың мәдениеттілік деңгейін көтереді. Бос уақытты өткізудегі отбасының дәстүрінің қалыптасуы, бақытты да тату отбасының кепілі болып табылады. Ондай отбасында зиянды әдеттерге және түсініспеушілікке, жаттыққа, жауыздыққа, зерігушілікке жол жоқ. Мейірімді, дәстүрде өскен жасөспірімде, келе – келе «отбасы бейнесі» қалыптасады. Ол оны өз өмірінен өткереді және ересек адам болып, махаббатқа негізделген бір – біріне деген сыйласымдылықпен және ортақ іске бірлескен өз отбасын құрады.
А.В.Даринский бос уақыт әрекетінің әртүрлі түрлерін бес топқа классификациялайды: демалыс, көңіл көтеру, мейрам, өзін-өзі біліммен қамтамасыз ету, шығармашылық.Көңіл көтеруге театрға бару, дискотекаларға бару және т.б. жатады.Өзін өзі біліммен қамтамасыз етуге мұражайларға , галереяларға бару, кітап оқу жатады.Демалыс белсенді және белсенді емес болып екіге бөлінеді.Белсенді демалыс кезінде адам дене мүшесіне ауырлақ келтірмейтін жұмыспен айналысады (спортпен шұғылдану).Белсенді емес демалыс кезінде адам жатып тынығады.Бұл да адамға жағымды энергия береді.
В.И.Дальдің анықтамасы бойынша мейрамбұл демалуға арналған күн.Бұл күнді бүкіл халық болып немесе бүкіл отбсаы болып ерекше болған оқиғаға байланысты тойлатады.Ал, отбасы мейрамы дегеніміз барлық отбасы мүшесіне қатысты ерекше болған оқиғаға байланысты ұйымдастырылған демалыс.Әдетте бұндай мейрамдарға туған күн, үйлену тойын, шілдехана, тұсаукесер және т.б. жатқызамыз.Әр отбасында өзінің мейрамы болады.Мысалы, туысқандардың алыс сапардан қайтып келуі, спорттағы жетістіктерін атап өту, мектепке барушы балаға тілашар өткізу және т.б.
Отбасы мейрамдарының классификациясының негізіне жасаралық, әлеуметтік және тематикалық принциптер кіруі мүмкін.
Отбасылық мейрамдар классификациясы
Әр жас аралығында отбасы мүшелеріне арналған мейрамдар | Әр түрлі әлеуметтік рөлі бар отбасы мүшелеріне арналған мейрамдар | Әртүрлі тематикалық мейрамдар |
Балаларға және үлкендерге | Ұл балаға, қыз балаға, анаға, әкеге, әжеге, атаға | Туған күн, шілдехана, үйлену тойы, тұсау кесер, және т.б. |
Әдеттегі отбасы мейрамдарының бірі отбасы мүшелерінің туған күні. Балалар оны қаттты күтеді.Алайда, ол түрлі сыйлықтар алумен есте сақталмайды.Егер ата-ана бұл күнді жақсы ұйымдастырса, сонда ғана бұл баланың есінде қалып, сәтті өтеді.
Бос уақыт формалары: бірге мерекелеу, концерттер, спектакльдер дайындау, фильмдер мен спектакль көру және талқылау, жарыстар, конкрустар, КВН, туристік саяхаттар, экскурсия. Демалыс күндері ата-аналар оқушылар тобының іс-әрекетін ұйымдастырады. Отбасы мерекелері және фестивальдар кең тараған.Отбасындағы ойынды конкурстар: «Спорттық жанұя», «Музыкалық жанұя», «отбасы альбомы» конкурсы т.б.
Білім мекемелерінің тәрбиелеу жүйесінің тиімділігі басқа да факторлармен қатар білім беру процесі ретінде ата-аналарды сендірумен сипатталады. Сонымен баланың бос уақытты өткізуі оның шеберлігіне байланысты (қоршаған ортаға әсері), яғни бос уақытында орындайтын тапсырманы дұрыс таңдауына байланысты болады.
Бос уақытты ұйымдастыруға терең анықтама беруге болады. Б.У.Ұ – жұмыстан тыс уақытының бір бөлігі, яғни негізгі жұмысты аяқтағаннан кейінгі міндеті. Б.У.Ұ білмеу ж\е оның өзіне пайдалы мазмұнын білмеу адамның мәдениетінің төменгі көрсеткіші. Екінші жағынан, қызықты Б.У.Ұ –адамның жан-жақты даму тәсілі. Б.У.Ұ қызметін бір-бірімен байл. шартты топтарға бөлуге болады. Олардың біріншісіне кең мағынадағы оқу ж\е өзіндік білім алу жатады. Ол әр-түрлі мәдениетті ұжымда ж\е жеке жерде меңгеру музейлерге, көрмелерге, театрларға, көрнестілі, мерекелік кештер, кітап оқылымы , телехабарларды көру т.б.Б.У.Ұ. басқа тобы болып әр-түрлі жанкүйерлік және қоғамдық қызмет көрсетіледі: дербестік және ұйымдасқан(мәдени мекемелер және спорттық ұйымдар ) оқу және әуестік (хобби). Олардың тізімі өте кең және ғылымның, техниканың, мәдениеттің, толық даму деңгейіне тәуелді. Ол дәстүрлі (коллекциялау6 хореграфиямен, поэзиямен, бейнелеу өнерімен, суретпен, дене шынықтыруымен, саяхатпен айналысу), сол сияқты осы замандық бағдар, мысалы: компьютерлік клубтар роллерлік бірлестік т.б.қатынас алады. (отбасындағы БУҰ, үй жағдайындағы, табиғаттағы достық кездесулер,сол сияқты демалу орындарындағы :ойын залы,клубта,кафеде т.б.) Ғалымдар барлығы БУҰ 300-ге дейін түрі бар деп есептейді.
Социологиялық зерттеулер бойынша,қалалық жерде тәуліктік форма БУҰ уақыты 1 адамға 4-5 сағатқа жуық бір күнде (бір аптада 28-35 сағат ) ауылда төмен .