Шапағат» ортаңғы тобының дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы
Шапағат» ортаңғы тобының дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы:Денсаулық
Бөлімі:Дене шынықтыру.
Тақырыбы:Жүру
Мақсаты: 1.Жаттығуларды орындау барысында бір-бірден тізбекпен және жан-жаққа шашырап жүгіруге жаттықтыру.
2. Шыдамдылыққа, ептілікке баулу.
3. Еденге қолымен таяна шығыршықтың ішінен өту, тақтай бойымен жүру барысында тепе-теңдікті сақтап жүгіруге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: 4 шығыршық (диаметрі 50 см), екі тақтай (ені 20 см ), баланың санына қарай жалаушалар.
Билингвальдық компоненттер:жүгіру-бегать, жалауша-фложок
Іс-әрекет кезеңдері | Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Бір-бірден сапқа тұрып, жүру.Нұсқаушының белгі беруіне қарай жаттығуларды орындай отырып, жан-жаққа шашырап жүгіру. | Балалар бір қатар тізбекпен жүріп келеді, «қояндар» деген белгіден кейін секіреді, «құрбақалар» дегенде отыра қалады. Сонан соң жан-жаққа жүгіріп, бір қатар тізбекпен жүреді, одан кейін қайтадан жүгіреді. Балалар залдың әр жерлерінде тоқтап тұра қалады. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік | 1.ЖДЖ (затсыз орындалатын жалпы дамытатын жаттығулары): Б.қ. аяқтары иық деңгейінде қолдары кеуде тұсында, шынтақтары бүгілген, саусақтары жұдырыққа тиілген.Қолдарын кезек-кезек айналдырады. Б.қ. аяқтары сәл алшақ қойылған қолдарын артқа ұстау.Отырып, қолдарымен тізесін құшақтап тұру, қолдарын артқа жіберу және т.с.с. Б.қ.: аяқтарын ашып отыру, қолдарымен артқа таяну. Еңкейіп аяқтарынын ұшына қолдарын тигізу, денені тік ұстау, қайтадан алғашқы қалыпқа келу. Б.қ.: аяқтарын тік түзеп отыру, қолдарын артқа тіреу. Оң аяқты көтеру, түсіру. Сол аяқты көтеру түсіру. Б.қ.: аяқтарды қосу, қолдарды белге қою. Өзінің айналасында 2 аяқпен секіру. Еденге қолымен таянып шығыршықтын ішімен өту, тақтай бойымен жүру барысында тепе-теңдікті сақтау. «Өз түсінді тап!» қимыл-қозғалыс ойыны | Жаттығулар көрсетілуден кейін орындалады. 3-4 рет қайталанады. Балалар залдың екі жағынан өз орындарына отырады. Өткізушы 2 жолға 2 шығыршық қояды және олардан әрі қарай 2 метр қашықтыққа 2 тақтайды қояды. Жаттығуларды 2 бала көрсетеді ал өткізуші түсіндіреді. Бір шығыршыққа жақындайды, еденге қолын тіреп отырады, шығыршықтан өтеді. Қолдарын белге қояды. Балалар 2 сапқа тұрып жаттығуларды 3-4 рет орындайды. Балаларға 2 түсті жалаушалар беріледі. Нұсқаушының белгісі бойынша олар белгілі бір түсте жалаушалармен жүргізушіге қарай жүгіреді. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Жалауша ұстап, бір-бірден бір сапқа тізіліп жүру. | Жалаушыларды болғайды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:қолын еденге тигізбей шығыршық ішімен өтуді;
Түсінеді:ойынның шарттарын;
Қолданады: жаттығуларды орындау барысында бір-бірден тізбекпен және шашырап жүгіруді;
Келісілді:
Шапағат» ортаңғы тобының дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші:Сахыпкереева Ж.Б.
Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Екі аяқпен секіріп тұру
Мақсаты: 1.Кішірейтілген тірек алаңы бойынша тепе-теңдікті сақтауға үйрету. Алға жылжу арқылы 2 аяқпен секіруге үйрету.
2. Ойындарға және жаттығуларға оң көзқарасты және оларды қажетсіну дағдысын қалыптастыру.
3.Кішкентай допты еденге ұрып және жоғары лақтыруға, оны қағып алуға үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: Бала санына қарай доп, тақтай (ені 20 см, биіктігі 30 см), орындықтар, төсеніштер, текшелер.
Билингвальдық компоненттер:секіру – прыгать
Іс-әрекет кезеңдері | Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Амандасу рәсімі. Бір қатар сапқа тұру. Екі сапқа тұру. Нұсқаушының баларға әңгімелесуі: а) доптардың түрлі өлшемі туралы; б) доп қолданылатын спорт түрлері. Топтардағы жүгіру жаттығулары. «Ысқыру бойынша қарқынды өзгерту» | Ысқыру бойынша қайта құрылып тұру. Балалар баскетбол, волейбол, футбол ойындарын ойнауға арналған доптармен танысады. 1.Жылдам қарқынымен жүгіру. 2. Баяу қарқынымен жүгіру |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Доппен орындалатын ЖДЖ: Б.қ. : негізгі тұрыс, доп оң қолда.1- қолдарымызды екі жаққа созамыз; 2- қолдарымызды жоғарыға көтереміз, 3- қолдарымызды екі жаққа созамыз доп сол қолда; 4-б.қ. Б.қ.: аяқты иық деңгейіне қойып, допты оң қолға аламыз.1-оң қолға қарай еңкейу; 2,3- допты оң аяқтан сол аяққа домалату және керісінше орындау; 4-алғашқы қалыпқа келу, оң аяқтан сол аяққа домалату. Б.қ.: тізерлеп тұру, екі қолмен допты ұстау. 1-2- отырып, кеудені оңға бұрып допты еденге тигізу; 3-4- б.қ. 2.Секіру. 1- Ені 20 см, биіктігі 30 см болатын тақтай бойымен тепе-теңдік ұстап жүру, секіріп қос аяқпен тұру. 2- Қос аяқпен текшенің үстінен аттап алға секіру. 3-Ойын: «Аюлар және аралар». | Жүру кезінде қолды 2 жаққа созу, алға қарау. Қолдарын беліне қою, аяқтарын біріктіру. Ұзынырақ секіруге тырысу. Бір топ орындарында отыр. Екінші топ гимнастикалық сатыға шығады. Ысқыру белгісімен «аралар» алаң ішінде ұшады. Нұсқаушының белгі беруіне қарай «аюлар» «араларды» орындықтарда қуалайды. Ал аралар тездетіп гимнастикалық баспалдаққа шығу керек. |
Рефлексиялық- түзетушілік | «Үлкен және кіші дөңгелек ойыны» | Балалар екі шеңбер құрып тұрады: сыртқы және ішкі. Музыкалық сүйемелдеумен балалар бір шеңбер бойымен оңға жүреді, екіншісі солға жүреді, ысқырық бойынша бағыттарын өзгертіп отырады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтай отырып жүруді;
Түсінеді:Жаттығуларды дұрыс орындау керектігін;
Қолданады: Кішкентай допты еденде ұрып және жоғары лақтыру, оны қағып алу дағдыларын.
Келісілді:______
«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің